Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа

Описание

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................

12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................

15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................

20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 947.50 Кб (Скачать документ)

2001 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту Концепциясы» [11], республикада туризмді дамыту проблемалары мен жағдайы, оның әлуеті,  туризмді дамытудың негізгі бағыттары мен саясаты көрсетілген. Концепцияда бірінші қатарлы игерілетін негізгі аудандар мен орталықтар анықталған:

  1. .Іле жағалауы (Алматы қ, с.Түрген, Есік қ,Талғар қ, Қаскелең қ, с. Ұзынағаш, Қапшағай қ);
  2. . Солтүстік -Тяньшань (с.Кеген, с.Нарынқол, с.Жалаңаш, с.Шұнжа, с. Құлжа);
  3. . Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ, с.Көктал, с.Басшы, Текелі қ,  Талдықорған қ, курорт Жаркент-Арасан );
  4. . Балхаш (Балхаш көлі, Балхаш с.);
  5. . Солтүстік-Жоңғар (Алакөл көлі, с. Лепсі, курорт Арасан-Қапал,  Сарканд қ, Көктүм с);
  6. . Жамбыл (Тараз қ, с. Мерке,  Мойынқұм ауданы);
  7. . Түркістан (Түркістан қ, с. Тұрбат, с. Отырар, Кентау қ, с. Баба-Ата және басқалары);
  8. . Сайрам-Шымкент (Шымкент қ, Арыс қ, Шардара қ, Сары-Ағаш қ және басқалары);
  9. . Жоғары-Бұхтарма (с. Қатон-Қарағай, курорт Рахман кілттері, Марқакөл көлі, с. Берел).

2006 жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен туризм және спорт Министрлігі құрылды, ол туристік индустрияны қалыптастыру процесін тежейтін кедергілерді жою шараларын және проблемаларын зерттеп,  туристік саланың даму жағдайына талдаулар жүргізді. Министрлікпен 29 желтоқсан 2006 жылы Республиканың Президенті Жарлығымен бекітілген 2007-2011 жылдарға туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы өңделді. 2006 жылы жаңадан құрылған министрлік Алматы қаласында әлемнің 42 мемлекетінен ұлттық туристік ұйымдардың өкілдері қатысқан, Бүкіл әлемдік туристік ұйымның Еуропалық комиссиясының 45- отырысын өткізді. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында республикаға әйгілі халықаралық туристік биржалар мен көрмелерде (оның ішінде Берлинде «ITB», Шанхайда «WTF 2007» және Қазақстанда «KITF») қатысуы мен өзін көрсету жағдайлары қамтамасыз етілді .

Туристік кластерді  құру маңыздылығы ескеріле отырып, 2006 жылы Қазақстан Республикасын Үкіметімен туристік индустрияны ары қарай  стратегиясын анықтау мақсатында Қазақстан аймақтарының туристік әлуетіне маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін 65 млн.  теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған зерттеулерді жүргізу үшін туристік қызметтердің әлемдік рыногына туристік өнімдерді алға жылжыту және стратегияларды өңдеуде лидерлік позицияны иеленген «International consulting group on tourism  «IPK» компаниясы жұмысқа тартылды.

Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарын ескере отырып, елдің туристік индустриясын дамыту стратегиясы бойынша және  ұзақ мерзімдік бірнеше жобаларды жүзеге асыруды, оның ішінде Мемлекеттік бағдарламаны қарастыратын ұсыныстар өңделді [12].

Жоғарыда көрсетілген  Жоспарды жүзеге асыру шегінде келесі жұмыстар жүргізілді:

- 17 қыркүйек 2005 жылы № 925 Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысында туристік сала экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізіміне кіргізілген, соның есебінен инвестиция туралы Қазақстан Республикасының заңдылықтарында қарастырылған жеңілдіктер мен преференцияларды әлуетті инвестор ретінде  қолдану мүмкіндіктеріне ие болды;

-  24 ақпан 2003 жылы № 196 Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысында республикалық нысандағы ерекше қорғаудағы табиғат аймақтарын пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының резиденттері емес азаматтарына минималды есептік көрсеткішпен 0,1 -  0,2 мөлшерде бірыңғай төлем ставкалары тағайындалды.

  - Қазақстан – Ресей отырысында үкіметаралық комиссиямен (18-19 қазан 2005 жыл) «Байқоңыр» космодромында ішкі және кіру туризм түрлерін дамыту бойынша шаралар жүргізу жайлы мәжіліс шешімдері енгізілді;

 - Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігімен 2004 жылдан бастап туризмнің көмекші есебін жасау жұмыстары, сонымен қатар, экономикалық қызмет түрлері бойынша классификаторға және экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдерге өзгерістер енгізу туралы  сауалдар жасалуда.

- 2005 жылдың 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Дакар (Сенегал) қаласында өткен Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас ассамблеясының XVI отырысында Қазақстанды 2007 жылы Бүкіләлемдік сауда ұйымының Орындаушы кеңесі құрамына енгізу мәселесі алға тартылды;

- Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрінің 20 маусым 2005 жылы № 220 бұйрығымен туризм саласында өкілетті органы жанынан туризм бойынша эксперттік кеңес бекітілді.

Осындай шараларды жүргізу  арқылы мемлекет республикада туристік индустрияны қалыптастырудың алғы шарттары болып есептелінетін жалпы жүйелік сұрақтардың негізгі қатарын шешуді қамтамасыз етті. Соңғы жылдары байқалған туристік саланың позитивті даму үрдісі отандық туризмнің Қазақстанның әлемдегі 50 бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру Стратегиясын жүзеге асыруда өз үлесінің барын дәледей алады [62].

Туризм және спорт  министрлігінің негізгі міндеті  кіру және ішкі туризм көлемін ұлғайту  есебінен туризм индустриясының аясында  қызмет көрсететін тұрғын халықты еңбекпен қамту және  кірістің тұрақты  өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру. Яғни бұл өз кезегінде, туризмнің инфрақұрылымын жасау, арнайы экономикалық зоналарды қалыптастыру, көңіл көтеру және сауда орталықтарын салу, қолда бар туризмнің материалды базасын жаңарту бойынша кешенді шараларды өңдеу, жаңа объектілердің құрылысын белсендету, туристік индустрияны субъектілерін несиелендіруге жағдайларды жасауды қарастырады. Бұл егер туризмнің дұрыс жоспары құрылса, барлық басқа салалардың дамуына ықпал жасап, кірістің тұрақты өсімін қамтамасыз ететініне әлемдік экономиканың даму үрдісі айғақ бола алады. Әлемде қазынаға түсетін ақшалай түсімдердің 70-80-ын туристік бизнестен алынан кіріс  құрайтын елдер мен қалалар бар.  Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан  туризмнен түсетін кіріс 30 пайыздан аспайды. Даму бағдарламаларына сәйкес көлік инфрақұрылымын дамыту, туристік индустрия аясына (көңіл көтеру индустриясымен бірге) жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу жоспарын жүзеге асыру көзделіп отыр.

Біздің еліміздің  туристік әлуеті Еуразияның дәл орталығында орналасқан, және туризмнің барлық түрлері дамыту үшін мол түрлігімен айрықшаланады, бірегей мүмкіндіктерге ие: танымдық, көңіл көтеру, этникалық, экологиялық,  сауықтыру,  жасөспірімдік, спорттық, аң аулау, жылқы, шытырман оқиғалы туризм түрлері. Туристерге 700-ден астам маршруттар Қазақстанның барлық территориясы бойынша ұсынылады. Туристер арасында танымал сұранысқа ие болған аң аулаудың ұлттық әдісі, оның ішінде бүркітпен және алғыр сұңқармен, жүйрік тазымен  аңға шығу.  Республиканың әр аймағының  туристерді тартуға өзіндік ерекшелік жағдайлары бар.

 Оңтүстік Қазақстан (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) – орта ғасырлық сәулетшіліктің әйгілі ескерткіштері бар ежелгі тарих пен мәдениет аймағы (Тараз қаласында  Айша Бибі, Қарахан, Баба хатун мавзолейлері, Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кешені  және басқалары), Жетісуда (Алматы облысы) өте ерекше сақ қорғандары. Аймақта Байқоңыр космодромы орналасқан. Бұдан басқа, аймақтың демалыс, емдеу, аң аулау, альпинизм, тауда шаңғы тебу және сырғанақ спорты үшін бірегей климаттық мүмкіндіктері бар.

Батыс Қазақстан (Ақтөбе, Атырау, Маңқыстау облыстары) – Жайық, Орал Каспий теңізі бассейнінде Еуропа және Азия континентінің қиылысында орналасқан. Мұнда ғаламшардың екінші терең нүктесі болып саналатын теңіз деңгейінен 132 м төмен Қарақи ойпаты, әйгілі әк жартастары орналасқан. Балық аулаумен әуестенушілерге балық аулауға бай жерлер, спорттың су түрлерін дамытуға қолайлы жайлар бар.  Ежелгі Маңғышлақ және Үстірттің қорық ескерткіштері, қазақ жырымен байланысты тарихи орындар ғылыми маңыздылыққа ие.

 Солтүстік Қазақстан (Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары) – аймақтың ландшафтысы, климаттық жағдайлары туристік демалыстың әр түрлеріне қолайлы мүмкіндіктер туғызады – автокөліктік, велокөліктік, су. Көкшетау, Баян-ауыл, Мойылды курорттары сауықтыру демалысы болса, Қорғалжын және Наурызым қорықтары ғылыми туризммен әуестенушілер үшін тартымды.

Орталық Қазақстанда (Қарағанды  облысы) әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі – Балқаш көлі, Қарқаралы тау-орманды алқабы орналасқан. Өлке археологиялық және этнографиялық объектілері сақталған естелік орындарына бай.

 Шығыс Қазақстан – бұл Алтай және оның таулы орманды аудандары, Ертіс өзені, Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сауысқан көлдері. Аймақ жасыл және сулы алқаптарға өте бай және көп түрлі. Семей ауданы қазақтың ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевтың, белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың отаны.

Туризм саласының бәсекелік  артықшылықтары дамудың келесі мүмкіндіктеріне  байланысты [63]:

- іскерлік туризм, семинар, конференция, съездерге қатысумен байланысты іс сапарлар және басқалары;

- экологиялық туризм, аймақ ландшафтысы мен жабайы табиғаттың болуымен байланысты;

- мәдени – танымдық туризм, тарихи – археологиялық мұраларды және мәдени мұраларды ашуға бағытталған, экстремалды туризм.

Бұл бағытта келесі мәселелер  өз шешімін табуы тиіс:

 -  туризм саласында кәсіпкерлік қызметтің нормативті – құқықтық базасын жетілдіру;

- туризм саласында шетелдермен және басқа қалалармен ынтымақтастықта болу;

- қызмет көрсету аясында стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдіру жолымен туристік қызмет көрсетулердің сапасын жоғарлату;

- туризм саласында кадрларды дайындау және олардың біліктілігін көтеру жүйесін жақсарту;

- туристік-қонақжай кешені мен инфрақұрылым объектілерін несиелендіру және инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау.

- қауіпсіздікті сақтау, яғни туристік полиция бөлімшелерін жасау,  туристік маршрутты ұйымдастыратын және бақылайтын мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық туристік ұйымдардың бірігуімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

 - қалалық және аудандық станцияларда мектеп туризмін қайта қалпын келтіру жолымен бала-жасөспірімдік туризмді, туристік спорт клубтарын, оның ішінде қалалық, аудандық және аулалық туристік клубтарды дамыту, оларға орындар бөлу.

- әр түрлі көздерден қаржыландырудың басымды бағыттарын анықтау үшін туризм және демалыс аясында инвестициялық жобалардың жәрмеңкесін ұйымдастыру;

- мүдде танытқан мемлекеттік атқарушы және басқа органдармен, сондай-ақ мемлекет пен жеке сектор арасындағы  қызметке түзетулер енгізуді қамтамасыз ету;

Туризмді мемлекететтік қолдау шараларын Қарағанды облысында туризмді дамытуда қолдану үлкен жетістіктерге қол жеткізу ықтимал. Қарағанды облысы географиялық оналасуы бойынша Қазақстанның индустриалды орталығына айналды. Теміржол қатынастары Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Ресейдің, Украйнаның, Қырғызстанның Өзбекстанның қалаларымен байланыстырады. «Сары-Арқа» халықаралық әуежайы БАӘ-не, Түркияға, Германияға, Ресейге тікелей рейстер жасайды. Қарағанды облысы арқылы Қазақстанның астанасы – Астанамен Алматыны байланыстыратын автомобильдік трасса жасалған. Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасқан және Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыстың орталығы – Қарағанды қаласы, 1934 жылы құрылған. Облыс территориясы 4280 мың км.кв. Облыс тұрғындары 1381,8 мың адамды құрайды.

Облыс территориясында 9 аудан, 11 қала, 168 ауыл орналасқан. Облыстың негізгі бөлігін тарихи-географиялық аймақ Сары-Арқа алып жатыр. Мұнда  Қазақстанның маржаны – Қарқаралы таулы орман оазисі, Балқаш көлі, көшпенділер мәдениетінің оралығы – Ұлытау, Алашахан мен Жошыханның мазары, Қоянды жәрмеңкесі және Ұлы Жібек жолы; Кент, Бақты, Қызыларай, Ұлытау таулары; Нұра, Сарысу, т.б. өзендер орналасқан.

Туристік саланың аймақтық міндеті келу және ішкі туризмді дамыту болып табылады. Бұл үшін Қарағанды аймағы үлкен мүмкіндіктерге ие: 44 аса туристік ұйымдар, 20 демалу және сауықтыру мекемелері, 26 қонақ үй, 662 қоғамдық тамақтандыру нүктелері, сондай-ақ мұражайлар, табиғи ресурстар бар. Облыста 2280 тарихи және мәдени ескерткіштер бар, 1608-сы мемлекеттің қорғауында, 25-і республикалық мәртебеге ие. Осы қолда бар ресурстар негізінде Қарғанды облысында туризмді і дамытуға барынша мүмкіншіліктер бар деп тұжырым жасауға болады. Алайда, жоғарыда көрсетілген бәсекелік артықшылықтарға қарамастан, туризмнің дамуына қолайсыз әсерін тигізетін түрлі факторлар бар және оларҚазақстанда  туризмді дамыту үшін ең бірінші ретте шешілетін мәселелер қатарына жатады:

1. Басқа елдерге қатысты Қазақстанға кіру деңгейіне әсер етуші визаларды дайындау процедурасы;

2. Маркетинг (әлемдік рынокқа ел беделін алға жылжыту; Қазақстанның оңтүстігі жайлы ақпараттық материалдардың жеткіліксіздігі);

3. Білікті мамандар (тіл және тарихты білетін экскурсия жетекшілері санының аздығы)

4. Әлемдік рынокта қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлата алатын кейбір рекреациялық объектілер қолдану мүмкіндіктері.

5. Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Макро және микродеңгейде  мемлекет пен туристік фирмалардың мақсаттарында айырмашылықтар бар, егер мемлекет кіру туризмінің дамуын көздесе, ал туристік фирмалар шығу туризмін дамытуға ынта танытады.

Туристік индустрияның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату  үшін табиғи ресурстар базасына негізделген  адекватты мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс. Табиғат территорияларында  туристер саны шектен тыс толмауы, сонымен қатар, түрлі тәуекелділіктерден қорғау мүмкіндіктері қарастырылады, яғни ластану, жыртқыш аңдардың болуы, өсімдіктерден уланып қалмау, жәндіктер [66].

Туризм –  көптеген қызмет түрлері жиынтығынан тұратын индустрия. Индустрияның барлы сегменттері өзара байланысты және бір- біріне тәуелді. Мысалы, таулы-шаңғы курорттың табысы туристерге демалыс уақытында көрсететін келесі қызмет түрлеріне байланысты:  шаңғышыларды тау баурайына жеткізіп салу, орналастыру деңгейі, тамақтандыру және басқалары. Таулы-шаңғы курортпен бірлескен шағын кәсіпорындар, қызметін тәуелсіз жүргізгенмен, негізінде бір-біріне тәуелді болады. Бұл тәуелділік біріккен қызметті қажетсінгенмен, олардың  арасында тұтыну рыногы үшін күресте бәсеке сақталады, сондықтан бұл жағдай өзара қызметті қиындатады.

Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы