Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа
Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4
1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................
12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................
15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................
20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39
3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................
Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылады [25].
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.
Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып айқындалды:
- туризм инфрақұрылымын дамыту;
- туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құру;
- елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;
- туристік әлеуетті арттыру;
рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.
Бағдарламада бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру көзделген:
Қазақстан Республикасының алда тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ескере отырып, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
- сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмді дамыту, көші-қон, визалық және тіркеу рәсімдерін, кеден және шекара бақылауын оңайлату мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіру;
- сырттан келушілер және ішкі туризмді дамыту үшін инвестициялау және салық салу мәселелері жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
- туризм саласындағы статистикалық есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру, Туризмнің қосымша шотын (ТҚШ) ұлттық шоттар жүйесіне енгізу;
- туристік саланың төлем теңгерімін қалыптастыру әдістемесін Дүниежүзілік туризм ұйымның ұсынымдарын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық комиссиясының шешімдерін ескере отырып жетілдіру;
- шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты саланың халықаралық шарттық базасын кеңейту негізінде жандандыру;
- туристік және қонақ үйлік қызмет көрсетулердің сапасын техникалық реттеу жүйесінің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру;
- туризм саласындағы қызметті мүдделі орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік секторлар арасында үйлестірудің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
- туристік менеджменттің тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
- туристік инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттік қолдауды және орталық пен жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ету;
- туристік саладағы жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету.
Туризм инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешу үшін мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:
- электр беру желісін жүргізу;
- сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысын салу;
- телефон желісін төсеу немесе өткізу және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету;
- көлік жолдарын салу және қайта салу.
Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелерді Қапшағай су қоймасындағы, Алматы облысындағы Алакөл көлінде, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауындағы (Кендірлі ауданы), жағажай туризмі және ойын-сауық индустриясы дамыған аудандарда, Жібек жолының қазақстандық учаскесінің орталығы - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында қамтамасыз ету қажет.
Рекреациялық ресурстардың ірі шоғырланған базасында рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аумақтық аймақтар қалыптастыру қажет.
Қазақстан Республикасында санаторийлік-курорттық істі дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды іске асыруды талап етеді:
- санаторийлік-курорттық объектілерге сертификаттау және жіктеу жүргізу;
- санаторийлік-курорттық oбъектілердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
- санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.
Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулілігін ескере отырып, мынадай өңірлерде үш, екі жұлдызды санаттағы қонақ үйлер желісі мен туркластар құрылысына бағытталған өңірлік деңгейдегі "Еурокемпинг" жобасын іске асыру шеңберінде мейманханалар, қонақ үйлер мен мәтелдер, сондай-ақ кемпингтер желісін салудың бірінші кезектегі құрылысының басымдықтарын айқындау қажет:
- Ақмола облысы - Көкшетау қ. Зеренді ауданының Зеренді к. және Щучинск қ.;
- Алматы облысы - Текелі қ., Жаркент қ.;
- Жамбыл облысы - Тараз қ. ("Тектұрмас") архитектуралық кешенінің аумағында), Байзақ ауданы ("Ақыртас") көне қалашығының аумағында), Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында.
Мынадай жерлерде туркласс санатындағы мейманханалар, қонақ үйлер мен кемпингтер желісі құрылысын қамтамасыз еткен жөн:
- Шығыс Қазақстан облысында - Алакөл және Марқакөл көлдерінде, Бұқтырма су қоймасында;
- Қызылорда облысында - Шымкент-Самарқан трассасы бойындағы Ұлы Жібек Жолының учаскесінде;
- Атырау облысында - Сарайшық қалашығында;
- Маңғыстау облысында - Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында;
- Павлодар облысында - Баянауыл МҰТП аумағында.
Болжамдарды ескерсек, 2011 жылдың соңына қарай елде 368300 орынға арналған қонақ үйлер салу қажет.
Бұл ретте туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мынадай мәселелерді шешу қажет:
- халықаралық бизнес-қоғамдастықтың Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру және осы бағытта шетелдік ұйымдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы арқылы ынтымақтастықты дамыту;
- туристік-этнографиялық кешендер түріндегі объектілердің құрылысы, бос уақытты өткізу және ойын-сауық индустриясы желісін құру жөніндегі жобаларды шетелдік және отандық даму институттарының инвестициялауына жәрдемдесу;
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры мен басқа да отандық даму институттарының мүмкіндіктері мен ресурстарын тарту арқылы туристік және жәдігерлік өнім индустриясын құру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
- сырттан келушілер туризмін дамыту үшін неғұрлым тартымды, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін туристік инфрақұрылым объектілері бар аудандар салудың өңірлік бас жоспарларын әзірлеу;
- киіз үйлер дайындайтын кәсіпорындарды қалпына келтіру және жаңаларын салу, ұлттық қолөнерді қайта жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу.
Инвестициялау институтын дамыту тиімділігі бұл бағытта жүйелі мемлекеттік саясат жүргізуге және туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік, жекеше және туристік қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін шоғырландыруға байланысты болады.
2007-2008 жылдары әзірленген шебер-жоспарлар негізінде Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында туристік кластерлер құру және оны дамыту жөнінде іс-шаралар қабылдау қажет. Қазақстанның әлеуеті туристік мақсатта іс жүзінде елдің барлық өңірін пайдалануға мүмкіндік бере алатындықтан, экономикалық орындылығын ескере отырып, сонымен қатар басқа да әлеуетті өңірлерде шебер-жоспарлар жасаудың мүмкіндігін қарау қажет. Бұл ретте оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды қажетті деңгейде қаржыландыруды қамтамасыз етуге айрықша назар аударған жөн.
Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс-қимылдың республикалық шебер-жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процесін жылдамдатуға көмектеседі. Қазақстанда туристік кластерлер құру мен оларды дамыту шеңберінде қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында белсенді де қатаң маркетингтік саясат жүргізу жоспарлануда [26].
Түрлі еуропалық және азиялық нарықтардағы ахуалды зерделеу нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады: тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақстанның әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып қалып отыр;
«Қазақстан» сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі жоқ;
еуропалық та, азиялық та туристік нарықта салыстырмалы түрде Қазақстанға келуге деген үлкен қызығушылық байқалады, мұның өзі нақты болашақта шетелдік туристер ағынының ұлғаю мүмкіндігін көрсетті.
Халықаралық нарық үшін Қазақстанның негізгі туристік өнімдері «Шексіз даладан қар басқан тау шыңдарына дейін» бағдары бойынша саяхатқа шығуды көздейтін құрама турлар мен джипті пайдалана отырып, киіз үйде немесе трейлерде тұратын далалық аңшылық екені айқындалды.
Қазақстанның халықаралық туристік нарықта табысты айқындалуы үшін аталған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2007-2011 жылдары үш басымдықты туристік нарық айқындалды:
1. Ресей, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай.
2. Франция, Жапония.
3. АҚШ, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері.
Сөйтіп, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразиядағы жаңа әрі тартымды туристік объект ретінде алға ілгерілету стратегиясын әзірлеу қажет.
Экономиканың өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру мен туризмді дамытуды мемлекеттік кең ауқымды қолдау жөніндегі міндеттер шеңберінде маңызды мән мынадай "белсенді" жобаларды іске асыруға беріледі:
1. Алматы қаласын және Алматы облысын дамыту:
дамудың бас жоспарлары мен туристік кластер құру мен дамытудың шебер-жоспарлары шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысында туризм мен спорт инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Қапшағай қаласында Диснейленд-парк және Лас-Вегас үлгісі бойынша туризм және ойын-сауық индустриясының құрылысын қамтамасыз ету үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу;
ілеспелі қызмет көрсетулер саласын қалыптастыру мақсатында «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы» АҚ жанындағы инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау.
2. Астана қаласын және Ақмола облысын дамыту:
Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ойын-сауық индустриясын қоса алғанда, ілеспелі қызмет көрсетулер саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
«Бурабай» ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамыту;
Ақмола облысы Аршалы ауданының Мартыновка ауылында (Астана қаласынан 30 км қашықтықта) Перғауындар ауылы (Мысыр), «От-бос» кешені (Квебек, Канада) тақылеттес сақтардың көшпелі тұрмысын, олардың өзіндік мәдениеті мен дәстүрлерін әйгілеуге бағытталған «Шеберлер сарайы» деп аталатын көрме орталығы бар «Шебер ауылы» этнографиялық кешенін салу.
3. Жібек жолы бойында туризмді дамыту:
Тек қана мәдени құндылықтары басымдық танытатын Өзбекстанмен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелік артықшылығы Жібек жолының қазақстандық бөлігінің бірегей табиғат ландшафтарымен, эндемикалық флора және фаунамен және көшпелілердің тарихи-мәдени мұрасымен әрі көне қалалар халықтарының мәдениетімен үйлесім тапқан құрама турлар болып келуінде.
Аталған жобаны іске асыру үшін мыналар жоспарланып отыр:
«Жібек жолы меруерті» халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент - Самарқанд - Үргеніш - Бішкек - Рыбачье - Алматы бағдары бойынша 2007-2008 жылдары жүзеге асыру;
«Жібек жолы меруерті» халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның екінші кезеңін Алматы-Тегеран бағдары бойынша жүзеге асыру жөнінде мемлекетаралық келіссөздер жүргізу және бағдарды Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы 2008 жылдың аяғына қарай Пекин қаласына дейін ұзартуды қамтитын үшінші кезеңін іске асыруға дайындау;
«Қорғас» және «Достық» шекара пункттерінен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына дейін жол бойы инфрақұрылымының объектілерін көрсете отырып жол картасын жасау;
Түркістан қаласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) өңірлік бағдарламасының «Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық және даму мақсатында әлеуетті нығайту» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде қонақ үйлер мен керуен-сарайлар желісін салу және оларды дамыту;
Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы мемлекеттер үшін туристік визаларды өзара тану және одан әрі бірыңғай туристік виза енгізу мәселелерін шешу жөніндегі мемлекетаралық келіссөздер процесін, оның ішінде аталған ұйымдар қызметінің шеңберінде жандандыру.
Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы