Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа

Описание

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................

12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................

15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................

20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 947.50 Кб (Скачать документ)

4. Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту:

Жобаны іске асыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:

Каспий теңізі бойынша Ақтау - Астрахань (Ресей) - Махачкала (Дағыстан) - Баку (Әзірбайжан) - Энзели (Иран) - Түркменбаши (Түрікменстан) - Ақтау халықаралық круизін дайындау және оны ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;

жағажай туризмін дамыту және Ақтау қаласында туризм және ойын-сауық индустриясын құру жөніндегі мәселені пысықтау мақсатында Кендірлі демалыс аймағын жайластыру.

5. «Қазақстан - ғаламшардың бірінші ғарыш айлағы» жобасының шеңберінде Байқоңыр қаласында ғарыш туризмін дамыту үшін жағдайлар жасау.

Жобаны іске асыру 2008 жылдың соңына дейін жаңа технологияларды (планетарийлер, мұражайлар, ұшуларды басқарудың шағын орталықтары, кәдесыйлар сататын сауда орталығы және т.б. құру) пайдалана отырып Байқоңыр қаласының маңында ойын-сауық индустриясы бар туристік кешен құрылысын салу жөніндегі мәселелерді пысықтауды көздейді.

Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр.

 Бүгінгі таңда мемлекеттік және жеке меншік секторлардың өзара әрекеттерінің кластерлік моделі өзін өзі ақтаған. Мұның нақты факторы ретінде «Туризм» кластерінің пилоттық жобасын іске асыру болып табылады.  
          Кластерлік инициатива шеңберінде туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады.

          Қонақүйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады.

Инвестжобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11 – і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді.

Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік  деңгейдегі заманауи көпфункционалды  туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы  жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі  мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша  инвестиция жұмылдыруға жоспарланып  отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды.

1. Таушаңғы туризмінің болашағы

Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында таушаңғы базасын салу. Алматы облысында – 5 (Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА); Шығыс-Қазақстанда  – 2 (Изумруд Алтай, Алтай Альпілері). Алматы облысы, Талғар ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік стандартқа сай келетін «Ақбұлақ» таушаңғы базасы салынған.

Туризмнің инфрақұрылымын дамыту көліктік инфрақұрылым желісін  құрумен тікелей байланысты. Ішкі және сыртқы туризмді дамытудың басты  алғышарты барлық санаттағы туристерге арналған авиа, теміржол, автомобиль және су көлігіне қолжетімділік болып табылады.

2. Туристік кадрларды даярлау деңгейін жоғарылату.

Бүгінгі күні кадрларды даярлау деңгейін көтеру жұмыстарына айрықша көңіл бөлінеді. 2006 жылы туристік фирмалардың саны 921 ді құрады және өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға көтерілген. Министрлік туристік кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізіп тұрады. Бұл жылы Астана қаласында бірінші республикалық ақпараттық туристік орталықты ашу, келесі жылы Алматы, Түркістан, Атырау және Ақтау қалаларында ашу жоспарланып отыр. 2005 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде туризм саласына кадрлар даярлануда. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып жоғарыда аталған Бағдарлама аясында білім алушыларға арналған квотаны арттыратын болады.

3. Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау

Әлемдік туристік рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетудің мақсатты Бағдарламасын жасалды. Онда халықаралық туристік форумдарға қатысуды, көрме, жәрмеңке өткізу, әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді орналастыру және беру, сонымен қатар шетелдік БАҚ өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды қарастырылған.

Имиджді жоғарылату үшін Қазақстанның 2007 жылы Дүниежүзілік туристік Ұйымының атқарушы кеңестігіне (ЮНВТО) өтуі мен 2009 жылы Астана қаласында  ЮНВТО-ның Бас Ассамблеясын өткізу маңызды роль атқарады.  
Өткен жылғы туризм саласындағы негізгі көрсеткіштер:

- Сырттан келу туризм 8 пайызға артып, 4 млн. 706 мың адамды құрады;

- Ішкі туризм 7% артты, 3 млн. 495 мың адамнан тұрды;

- Сыртқа шығу 23% және 3 млн. 687 мың адамды құрады.

Қорыта айтқанда туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер ететін болады. Ел экономикасының шикізаттық салалары арасындағы секторлардың маңызды кіріс көзі бола алатын, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құралу жоспарда бар. Республикада Қазақстанның Ортаазиялық аймақ туризмінің орталығы болуына жағдай мен мүмкіндік жасалатын болады.

 

 

3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы

 

 

Туристік салада кластерлерді құру маңыздылығы елдің бәсекеге қабілеттілігі туристер үшін тартымды болуымен қатар, олардың санының  ұлғаюы  көлік, мәдениет, сауда, қонақ  үй бизнесі мен экономиканың басқа  салаларының дамуына ықпал жасау мүмкіндігімен айқындалады. Республикада туристік бизнесті кластерлеу негізінде дамытуға  барлық алғы шарттар қалыптасқан, яғни бұл тарихи және архитектуралық ескерткіштердің, емдеу-сауықтыру орындарының, қорықтар мен қаржы, білім беру,  мәдени орталықтар ретінде дамыған қалалардың шетел туристеріне тартымды болуымен ерекшеленеді. Мұндай келіс ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын экономиканың перспективті саласы ретінде есептелінетін, туризм және спорттың дамуына қатысты.

Туристік салада кластер – белгіленген географиялық бірлікте туристік өнімді жасауда өзара байланыс жасаушы ұйымдар мен фирмалар жиынтығы болып табылады (сурет 8). Оның мақсаты бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру мен қызмет жасауын қамтамасыз ету. Аталған мақсатқа қол жеткізу келесі міндеттердің орындалуын көздейді:

 - нормативті құқықтық базаны жетілдіру;

- инфрақұрылымды дамыту;

- еңбек ресурстарының біліктілігін көтеру;

- қаржы ресурстарын тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- салада қолданушы технологияларды жетілдіру.

Туристік кластердің қалыптасуы қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік кешеннің дамуына  ықпалын тигізеді. Оның қызметі туристік өнімге деген қазақстандық және шетелдік туристердің сұранымын қанағаттандырады, жергілікті тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етуде үлкен мүмкіндіктер туғызады.  Экономиканың дамуына үлесі бюджетке қомақты салық түсімдері есебінен, шетел валютасының құйылуы, жұмыс орындарының ұлғаюы, мәдени және табиғи әлуетті рационалды пайдалану және сақтау шараларын жүргізумен көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет  8- Туристік кластер моделі

 

Кластердің орталық түсінігі туристік қорлар,  туризмді дамытуда шешуші рөлді алады, себебі адамдардың туристік сапарға қатысуына негізгі мотив пен себеп туристік қорлар болып саналады.

Туристік қорлардың  мәніне олардың туристік өнімнің  қалыптасуына негіз болуы, осыған сәйкес туризмді дамыту мен жоспарлау жатады. Қорлар түрлері мен ерекшеліктерін білу туристік өнімге сұранымды анықтайды және барлық туристік инфрақұрылымды қалыптастырады.

Туристік қорларды идентификациялау кластердің қажетті элементтерін анықтауға  мүмкіндік туғызады. Туристік өнімдердің бірегейлігі, жергілікті салт дәстүрлер  мен демалыс мәдениеті туристік кластердің мамандануды таңдауға, негізгі туристік өнімдерді анықтау және қалыптастыру процесіне әсер етеді.

Кластер құрамына туристік фирмалар кіреді, олардың қызметінің негізгі міндеттеріне туристердің  сұранымына сай тартымды туристік өнімді жасау, қызмет көрсетуде  стандартты ұстану жатады.

Көп үлгіде туристік өнімді жасау барлық жігерді шоғырландыру талабы жоғары туристерді қызықтыруға  қабілетті (ішкі немесе шетелдік) болып  саналады .

Саяхат жасау уақытында  турист  түрлі өнімдерді тұтынады: жалпы, арнайы және қосалқы. Алайда оның негізгі қажеттілігі өмір сүру қабілетін ұстап тұрушы қызметтерге туындайды: орналасу, тамақтану, көліктену, бос уақытты өткізу. Сондықтан  кластердің негізгі элементіне: арнайы туристік қызметтердің жабдықтаушылары жатады. Берілген элементті құраушылар туристік тұтыну ерекшелігін бейнелейді және өндіруші  мультипликативті тиімділікті береді:  турист үшін тұтыну объектісінде туристік өнімнің, транспорттық қызметтердің, орналасу, тамақтану, қонақжайлылық жүйесінің болуы, емделу, көңіл көтеру, жаңа әсер алуға қажеттілікті қамтамасыз етуші жағдайлардың қалыптасуы.

Туризмнің салааралық табиғаты  орналасу, тамақтандыру, көңіл көтеру орталықтарымен, туристерге тартымды объектілермен, іскерлік орталықтармен, емдеу сауықтыру мекемелерімен  және басқа қызметтермен жабдықтаушы кәсіпорындар тізбегінің болуын қажетсінеді. Дегенмен көрсетілетін қызметтер сапасы рынок талаптарына сай келуі тиіс. Туристік өнім негізі осы жабдықтаушылардың қызметтері,  мұндай кәсіпорындарсыз кластердің өмір сүруі мүмкін емес.

Туризмді қолдаушы (қызмет көрсетуші) салалар қызметінің мәні туристерге қосалқы қызмет көрсетумен анықталады. Оған қаржылық және медициналық  қызметтер, жергілікті бөлшек сауда (кәдесыйлар және туристік жабдықтар сату), инженерлік (тұрмыстық) инфрақұрылым, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б. жатады.

Берілген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтер  рыногында туризмге тәуелсіз түрде  қызмет жасайды, бірақ олардың кластер  құрамына тарту айналым көлемін  ұлғайту және дамытудың қолайды  жағдайларын арттырады. Негізгі туристік өнім жергілікті ұйымдардың қатысуынсыз сатылуы мүмкін, алайда  бұл жағдайда туристердің шығындары артып,  қанағанттану деңгейі төмендейді.

Қолдаушы салалардың тұрақты дамуы және олардың туристік ұйымдармен өзара байланысының белсенділігі барлық кластердің қызмет жасауының кепілі.

Кластер нақты ортада қызметін жасайды, нақтылай айтқанда, туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуші сыртқы факторлардың жиынтығын беретін қолайлы  жағдайларға  тікелей қатысы (саяси, әлеуметті-мәдени, экономикалық, табиғи).

Қолайлы жағдайлар кешенді  түсінік және келесі элементтерді қамтиды: қорлар (табиғи, адам), ғылым зерттеу  әлуеті, инвестициялық климат,  бәсеке сипаты, өндірілген тауарлар мен қызметтер  бірегейлігі, жергілікті тұтынушылар қажеттілігі, жабдықтаушылардың мамандануы, өзара байланысты салалардың болуы.

Туристік кластерді  қалыптастыруда  оның географиялық шекарасын идентификациялап, табиғи жағдайларға жататын климаттық факторларды ескерілуі тиіс. Географиялық шекара туристерді тартушы негізгі орталықтарды біріктіретін  транспорттық коммуникацияны (автокөлік жолдарының жағдайы, шағын авиацияның, су транспортының дамуы) жасайды. Кластердің географиялық шекарасы туристік қорлардың ерекшелігіне, климаттық жағдайлар мен жергілікті бедері, аймақтың дамуының тарихи ерекшеліктеріне тәуелді.

Экономикалық орта тауарлар мен қызметтерге сұраным мен олардың құнына үлкен ықпалын тигізетін экономиканың дамуы және халықтың өмір сүру деңгейлерімен анықталады. Экономикалық жағдайларға кластердің негізгі элементтерінің дамуын қамтамасыз етуге қабілетті кластер аймағындағы инвестициялық климат жатады. Сонымен бірге еңбек ресурстарының саны мен сапасыда кластердің қызмет жасауында маңызды көрсеткіш болып табылады. Кластерге қатысушы барлық  ұйымдар туристік бизнесте білікті мамандарға мұқтаж.

Қонақжайлылық индустриясына  әсер ететін жергілікті халықтың дәстүрлері мен мәдениетін яғни әлеуметті мәдени жағдайларды ескеру маңызды. Әлеуметтік факторларға туристік кәсіпорындар үшін тек білікті персоналды дамыту әлуеті емес, сонымен бірге білім беру және ғылыми туризм базасы болып келетін білім беру саласын жатқызуға болады,

Білім беру мекемелерімен  қатар, түрлі бағыттағы ғылыми зерттеу  институттары айрықша орынды иеленеді, олардың болуы кластерді құраушыларды жан жақты талдауға ықпал жасайды, ғылыми туризмнің ырғақты дамуына әсерін тигізеді.

Кластер аймағында саяси  жағдайларда үлкен маңызға ие. Туристік қызметті дамыту бағытында мемлекет саясаты, оның қолдауы, ғылыми зерттеулерді жүргізуі, үнемі жүргізілетін мониторинг кластерді қалыптастырудың маңызды шарты болып саналады.

Туристік кластерді  қалыптастыруда олардың элементтерінің өзара байланысына назар аударылуы  тиіс. Бұл байланыс қатысушылардың тек экономикалық тиімділігіне негізделіп қана қоймай, аймақтың, туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын сапалы туристік қызметтерді жасауға және өткізуге бағытталған. Бұл «көлік-орналасу құралдары-тамақтандыру» сияқты кластердің негізгі қызметтері байланысымен, сондай-ақ  «мемлекеттік басқару-коммерциялық ұйымдар-ғылыми білім беру мекемелері»  арасындағы байланыстарымен көрінеді.

Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы