Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа

Описание

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................

12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................

15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................

20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 947.50 Кб (Скачать документ)

Жалпы Қазақстанға келетін  туристердің географиясы соңғы  кездері кеңейіп келе жатқанына  қарамастан, туристердің басты мақсаты  демалу емес, іскерлік саяхат екендігі анықталды. Бүгіндері еліміздің  шетелдік туристердің алдында бәсекелік тартымды болмауына келесі объективті факторлар ықпал етуде. Біріншіден, таратылатын ақпараттардың мардымсыздығы. Қазақстанда тамаша және көзтартарлық орындардың көптеп кездесуіне қарамастан, шетелдік туристер олар туралы хабарсыз. Екіншіден, еліміздегі туризм индустриясының нашар дамуы. Әрине туризм индустриясында жүз пайыздық кепілдік беруге болмайды. Тіпті тәжірибесі мол туристік агенттіктердің өздері авикомпаниялармен, қонақүйлермен, тіпті сырқаттанып қалған автобус жүргізушісінің жұмысқа шықпай қалуына байланысты форс-мажорлы жағдайларға ұшырап отырады [20].

Туристік фирма жетекшілерінің басым көпшілігінің пікірінше, қызмет көрсету көлемін арттыруды тежеп  отырған факторлардың қатарына әлемдік  дағдарыс пен бұл рыноктағы бәсекенің  үдеуі. Бұл мәліметтерді республикадағы туристік агенттіктерге экспертті сұрау жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер дәлелдейді (сурет 5). Сұрау алынғандар ықпал ететін сыртқы факторлардың қатарына сатып алу қабілетінің, яғни сұранымның төмендеуімен (26%) түсіндіреді. Бұл жағдай, ең алдымен, авиабилеттер бағасының қымбаттауына байланысты. Сұрау алынған жетекшілердің 18%  пікірінше, қызмет көрсету көлемін арттыруда аса шектеулер байқалмаған.

Сұрау мәліметтері бойынша, туристік агенттіктер жетекшілерінің басым көпшілігі рыноктағы бәсеке деңгейін жоғары деп бағалайды. Туристік фирма жетекшілерінің 68% пікірінше, бәсеке интенсивтілігін арттырушы  негізгі фактор қызмет көрсету рыногына жаңа туристік ұйымдардың кіруі (сурет 6). Ал сұралғандардың 37% саладағы бәсекенің өршуіне бірқатар туристік агенттіктердің агрессивті жарнама кампанияларының артуына байланысты екен [21].

Оған қоса, жетекшілердің  басым көпшілігі туризмнің қысқа  мерзімдік болашақта дамуын оңтайлы бағалайды. Мәселен, кәсіпкерлердің 50% туристік өнімді өткізуден түсетін табыс артатындығын келтірсе, 7% бұған қарсы пікір білдіреді.

Бұдан шығатыны, ішкі туризмді дамыту үшін елімізде туристік агенттіктердің басқармасы тарапынан ғана емес, бұл мәселені шешуге мемлекеттік деңгейдегі назар күшейтілуі тиіс, өйткені ішкі туризм көлемінің ұлғаюы мемлекеттік қазынаға ғана емес, сонымен қатар әлемдік қауымдастық алдында мемлекетіміздің имиджіне оңтайлы түрде әсер ететіндігі сөзсіз.

 

Сурет 5- Туристік қызмет көлемін шектейтін факторлар

 

Туризм аясы эксперттерінің көзқарасы бойынша, бүгіндері Қазақстан  туризмді дамытуда өзінің барлық мүмкіндіктерін қолданбай отыр. Ал осы арада халықаралық  тәжірибе нәтижелерінің көрсетуі бойынша, туризм индустриясы ел экономикасының перспективалы салаларының қатарына жатады. Бірақ туризмнің дамуы мүмкіндігінше жаңа аймақтарды меңгеру арқылы іске асқаны жөн, өйткені әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аймақтары рекреациялық сиымдылығы шегінен артып отыр. Сондықтан Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өз нишасын иеленудің тамаша мүмкіндігі бар.

 

Сурет 6- Бәсекені үдететін факторлар

 

Қазақстанда туризм республиканың сыртқыэкономикалық байланысында басымдықты кластерлердің қатарына жатады. Бұл шараны тиімді түрде іске асыру үшін отандық және шетелдік туроператорлардың үйлесімді жұмысы қажет. Қазақстанда туристік қызығушылық тудыра алатын объектілердің саны жеткілікті. Компаниялар туризмнің келесі түрлерін ұсынуда: мәдени, этникалық, экологиялық, сауықтыру, спорттық және аңшылық [22].

Туристік  кластердің негізін қызмет көрсетудегі  жабдықтаушылар құрайды, басқаша айтқанда, бұлар Қазақстанға шетелдік туристерді баулитын  туристік агенттіктер. Қонақүйлер, демалыс үйлері, транспорттық компаниялар туристік бизнестегі маңызды звеноны құрай отырып, туристік агенттіктер ұсынатын қызметтер пакетінің құрамын анықтайды (7 сурет).


 

Сурет 7- Кластерлік карта сипаттамасы

 

Жалпы туризм мемлекет экономикасына  үш жақты оңтайлы әсер береді: шетелдік валюта ағымын күшейтеді, төлем балансы мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң әсер беріп, жергілікті тұрғындардың еңбек бастылығын арттырады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның ХVІІІ Бас Ассамблеясының кезекті  сессиясының Қазақстанда өтуі елміміздегі туристік саланың дамуына қарқынды түрде артықшылықтар берері сөзсіз. Дәл қазір бүкіл әлем бойынша туризм саласы қаржы дағдарысына, эпидемиялық індеттердің өршуі, лаңкестік пен табиғи катаклизм мен апаттарға байланысты тұрақсыздыққа ұшырап отыр. Бірақ бұл факторлардың алдын алу жолдарын нығайта отырып, туристік агенттік қызметінің тәуекелділігін төмендетуге болады, ал экономикалық дағдарыс циклдік сиптақа тән болғандықтан, фирма басқармасы мен ұлттық деңгейде Үкімет алдында тұрған басты міндет – рыноктағы тұрақсыздық жағдайларды болашақтағы бұл индустрияның оңтайлы даму мүмкіндіктерін барынша күш салу.

Қызықтыру және баулу орындары туристік кластердің маңызды бөлігін құрайды, өйткені  олар туристердің талаптарын ғана емес, сонымен қатар әр елдің ерекше сипаттамаларын анықтайды. Қазақстанның басты бәсекелік артықшылығы ерекше мәдениетінде (тарихи туризм), экологиялық туризмінде, сонымен қатар демалыстың белсенді түрлерімен айналысу мүмкіндігінде. Өкінішке орай, бүгіндері  туроператорлар туризмнің нақты қай түрін дамыту қажеттілігі туралы нақты шешімдері жоқ. Нәтижесінде клиентті жете түсіну мен оның қажеттіліктерін алдын ала білу шарасы қиындай түсуде. Келушілер туристік кластердің маңызды құрамасы болғандықтан, тапсырыс берушінің талғамына қарай туристік кластердің де картасы өзгере түседі.

Туристік  кластерді дамытудың жанама құрамаларына ресторандар мен туристердің  қауіпсіздігімен айналысатын ұйымдар  жатады. Бүгіндері бұл сектордың  туристік агенттіктермен байланысы онша жетілмеген.

Туристік  кластердің келесі құраушысы білім  беру орындары, салалық ассоциациялар мен мемлекеттік органдар құрайды. Білім беру орындары туристік кластерге мамандар даярлаумен айналысады. Институттардың   туроператорлармен байланысы да онша дамымай отыр, өйткені кейбір мамандар бойынша мамандардың жетіспеушілігі байқалуда (мысалы, тарихи туризм бойынша білімі бар экскурсия жүргізшісі).

Туризм аясында  зерттеулермен айналысатын арнайы институттар жоқ (қазір зерттеулермен  тек мемлекеттік ұйымдар ғана айналысуда). Қазақстандық компаниялар рынокты зерттеу жұмыстарын өз күштері арқылы айналысады. Сонымен қатар, туристік объектілерді дамытуға ықпал ете алатын туристердің бос уақытын өткізу мен көңіл көтеру объектілерін салатын компаниялар жоқтың қасы.

Сонымен туристік саланың алдында тұрған маңызды  мәселелердің келесі ретін келтіруге  болады:

  1. Виза (визаны алу процедурасының ұзақтығы мен қымбаттығы;
  2. Маркетинг (Қазақстан имиджін әлемдік рынокта жылжыту шаралары жетілмеген);
  3. Қазақстан туралы ақпараттар мен мәліметтердің жетіспеушілігі;
  4. Қаржыландырудың мардымсыздығы;
  5. Білікті мамандардың жетіспеушілігі;
  6. Туризм инфрақұрылымының жетілмегендігі;
  7. Рынокты сегменттеу аса жетілмеген;
  8. Ұлттық парктердің экологиялық туризм ретінде тұйықсыздығы;
  9. Туристің қауіпсіздігі.

Бүгіндері, эксперттердің  бағалаулары бойынша туризмнің  дамуына кедергі болып отырған  негізгі фактор Қазақстанда қажетті  инфрақұрылымның болмауы. Қазақстанда  туризм табыс деңгейі бойынша  үшінші орында тұратын индустриалды салаға айналдыру мүмкіндігі бар.

Сонымен жоғарыдағы өзекті мәселелер шешімін тауып, бірқатар шаралар кешешенін іске асырғанда туристердің санын отандық азаматтар мен шетелдік демалушылар есебінен ұлғайтуға мүмкіндік пайда болады. Нәтижесінде ұлттық турөнімнің тартымдылығы арта түсіп, Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне қарқынды түрде кіру жолдары ашылмақ. Туристік кластерді дамыту туристік индустрияның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатып, ұлттық экономиканың шикізаттық емес табысты секторларының бірі ретінде дамуна ықпал етеді. Нәтижесінде Қазақстанның Орталық Азия аймағында туризм орталығына айналудың шынайы мүмкіндігі пайда болады.

 

 

2.4 Туристік саланы мемлекеттік реттеудің маңызы

 

 

Туризм саласында мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті – жергілікті халық пен туристік индустрияның барлық субъектілерінің мүдделерін өзара келістіру арқылы жүзеге асыру. Саясаттың мақсаты деңгейінде мүдделер анықталып, басқа құрылымдармен бірлесе отырып, мемлекеттік органдармен іске асырылады.

Туризмді мемлекеттік  реттеу – мақсаттары адам және қоғам өмірінде туризм рөлін және орнын концептуалды бейнелеуде және қоғамдық келісімге негізделген және туризмді дамытудың басымды бағыттарын анықтау, кіру және шығу туризм түрлерінің қатынасын реттеу, жергілікті және мемлекеттік бағдарламаларды өңдеуде, құқықтық, қаржылық, кадр дайындау және ақпараттық қамсыздандыруда мемлекеттік басқару органдарының қызметі [9, 89 б].

Туристік саясат туристік рынокқа бағытталған экономиканың басқа салалары мен туристік саланы дамытуға жағдайлар қалыптастырып, негізгі бағыттарын анықтайды. Туризм саласындағы мемлекеттік реттеудің мәні оның мақсаттары, құралдары, өңдеу мен жүзеге асыру механизмдерімен ашылады (кесте 4). 

 

 

 

 

Кесте 4

Туризм саласында мемлекеттік  реттеу элементтері

Туристік қызмет рыногының субъектілері

Туристік ресурстар

Әлеуметтік механизмдер  мен технологиялар

Туроператорлар мен турагенттер. Туристерді орналастыру кәсіпорындары. Курорттар. Конгресс, көрме, жәрмеңке, фестиваль ұйымдастырушы фирмалар.      Туризм бойынша әдебиеттер шығарушы, мәдени және көңіл көтеру, экскурсионды қызмет көрсетуді ұйымдастырушы кәсіпорындар. БАҚ, несиелік ұйымдар (ақша айырбастау, несиелік карточкалар).            Сақтандыру компаниялары. Маркетингтік зерттеулер жүргізуші құрылымдар.

Туристік жабдықтарды  жалға беруші фирмалар

Инфрақұрылым:

Көлік кәсіпорындары. Қоғамдық тамақтандыру. Сауда, тұрмыстық қызмет кәсіпорындары.Фармацевтика, жеңіл  өнеркәсіп кәсіпорындары (спорт  тауарлары, сувенир, туризм және демалысқа  арналған киімдер және басқа туристік сұранысқа ие тауарлар)

 Медициналық, мәдени  –ағарту мекемелері (мұражайлар  және т.б.)

Туристік әлует: ландшафт, климаттық,саяси-мәдени жайлар

Механизмдер: заңдылықтар, экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік, психологиялық.

Технологиялар: менеджмент, маркетинг (жарнама, қоғаммен байланыс, өтімді ынталандыру және жобалау)


 

Мемлекеттік реттеудің  негізгі мақсаты -  құқықтық, экономикалық механизмдерді қолдану есебінен, материалды және кадр ресурстарын олардың  басымдықтарын ескере бөлу үшін туризмді дамыту үшін оптималды жағдайлар жасау.

Мемлекеттік реттеу концепциясы  екі факторды ескеру арқылы өңделеді:

а) ұлттық мүддені көздеу, ішкі заңдылықтарда және мемлекеттік бағдарламаларда орын алатын экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа жайларға сай әрбір мемлекетпен дербес анықталады; туристік саясат тиімділігі мен мазмұны ел экономикасындағы туризмнің алатын орнымен, саяси  ортамен, туристік әлуетпен, инфрақұрылымның даму деңгейімен және басқа факторлар ықпалымен анықталады;

ә) экологиялық, әлеуметті-мәдени және қауіпсіздік жайларды назарға алушы ішкі және халықаралық туризмді дамытуда мемлекет міндеттері мен рөлін анықтаушы халықаралық келісімдер, халықаралық ынтымақтастық бағыттары, еркін қозғалуға турист құқығын қамтамасыздандырушы нормативті-құқықтық шарттар.

Туризмнің дамуын қолдау мемлекеттік және жеке сектордың кешенді іс-әрекеттеріне, атап айтсақ, өңірді дамытудың қалыпты және серпінді  әлеуметтік-экономикалық деңгейіне жету мақсатында бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрудың басымдылығын түсінуге негізделеді.

Туризм саласының өкілетті органдар мен мүдделі тұлғалары  арасында Қазақстанда туризмді дамыту бойынша алғашқы шаралар Жоспары  өңделіп, бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметі  жанынан туризм бойынша  Кеңес, Индустрия және сауда Министрлігі  жанынан туризм бойынша Эксперттік кеңес құрылды. Бекітілген жоспар бойынша туризм саласындағы күші бар заңдылықтар мен нормативті базаларға толықтырулар мен өзгерістері енгізіліп отырылады. BBC, CMK, Euronews, Discovery Tourism and Adventoures әлемдік телеарналарда отандық туристік өнімді алға жылжыту үшін жарнамалық – ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру, Қазақстанда маркетингтік стратегияларды қалыптастыру үшін жетекші халықаралық консалтингтік компанияларды тарту мақсатында түрлі шаралар жүргізілуде. Мемлекет тарапынан оның дамуы мен бизнес климатының жақсаруына бағытталған бағдарламалар шеңберінде  үкімет саясатын жетілдіру үшін  ұсыныстар жасайтын және өңдейтін жұмыс топтары құрылды.

Туристік саланың дамуы, оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауы  туризм саласында жүзеге асырылатын тиімді мемлекеттік саясатқа тәуелді. Қазақстанда туризм саласындағы мемлекеттік  саясат нормативті-құқықтық заңдылықтарға негізделеді. 2001 жылы «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заң қабылданды, 2002-2006 жылдары оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Заң туризм саласында мемлекеттік ұйымдар мен шаруашылық субъектілердің қызметін реттейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен №1591 «2001-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында туризмді дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламада» туристік саланы дамыту бойынша нақты шаралар қарастырылған. Туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы 2001 жылы 13 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» (2002-2006 жылдардағы өзгерістер мен толықтырулармен) Заңға сәйкес жасалған және экономиканың басымды секторы ретінде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі проблемаларды қамтиды [10].

Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы