Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа

Описание

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................

12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................

15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................

20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 947.50 Кб (Скачать документ)

Заңдық мәртебесі мен  белгілі бір туристік кәсіпорынның тиісті нысанына, оның қызметінің ерекшелігіне, сондай-ақ игіліктер мен қызметтер  нарығының және еңбек нарығының  ахуалына, мемлекеттік көмектің болуы  мен көлеміне, кәсіпкерлердің ерекше менталитетіне байланысты туристік кәсіпорындардың мақсаты үш класқа бөлінеді: экономикалық, фирмалық және әлеуметтік.  

Экономикалық мақсат – ұзақ мерзімді келешекте түсімді  барынша көбейту, клиентураның жаңа сегменттерін анықтау, тұрмысты жақсарту, өнімді және бөлу жүйесін оңтайландыру, кейбір өнімдер мен қызметтердің ескеруін болдырмау, бәсекелестерге қатысты нарықтық ұстанымды нығайту. Соңғы мақсат қаржылық көрсеткіш түрінде немесе клиентураны қамту санымен (60% - шетелдік, 40% - отандық) көрінуі мүмкін. Жалпы алғанда ел үшін нарықтық ұстанымды нығайту туристердің санын жүйелі ұлғайту және туризмді пропорционал дамыту дегенді білдіреді. Үлгі ретінде Ресей Федерациясының Санкт-Петербург Туризм департаменті көрсеткен үш басты мақсатты алуға болады: туризмнен түсетін табыстың мүмкіндігінше өте тез өсуіне қол жеткізу; туристік бизнестің әлемдік ақпараттық жүйесіне ену және осылайша, халықаралық туристік нарыққа шығу; туристік қызметті түрлендіру. 

Фирмалық мақсат біріншіден, фирма, ел, өңір немесе белгілі бір  жергілікті жердің беделін арттыру және имиджін көтеруді қамтиды. Бірқатар жағдайларда кәсіпорындар басшылары алға қайткен күнде де тәуелсіз болып қалу, өз ісін бақылап отыру міндетін қояды. Клиентура мен тұрақты табысты кеңейтуге қол жеткізе отырып, олар нарықта тұрақты жағдайды сақтаудың тәсілдерін іздейді.

Әлеуметтік мақсат халықтың ең төмен табысы бар тобына қатысты  өнімді (қызметті) дамыту тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандағы қазіргі туристік ағымда әлеуметтік туризм болар-болмас орынды иеленеді. 

Көбінесе, туристік менеджменттің мақсаттары мыналарды болжайды: туристік көліктік парктер желісінің сенімділігі мен рентабельділігін арттыру; туристік базаның жабдықталуын жақсарту; «өлі маусымда» жұмыс істеу рентабельділігін арттыру; әртүрлі маусымда икемді баға саясатын жүргізу; баға мен нәтиже арасындағы тиімді сәйкестікті қамтамасыз ету;  әртүрлі қызметтер көрсете отырып, клиенттерді тарту; тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне қарай ұсыныстарды үнемі бейімдеп отыру; туризммен айналысатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу; жарнама саласын қарынды әрі ұтымды дамыту[12]. Әрине, аталған мақсаттардың кейбіреуіне ғана емес, сонымен бірге өзіне тиісті үлгіні жасау арқылы барлық мақсаттың жиынтығын да бағдар етіп ұстауға болады. Бұндай үлгінің басты функциясы барлық қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортамен үйлесімділікті қамтамасыз ету кезінде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы

 

 

Қазақстанда 1990 жылдардың басынан, негізінен Қытай, Түркия, Пәкістан елдеріне шоп-тур, яғни елде киім, аяқ-киім және электротехника тауарларының тапшылығын толтыру мақсатында шығу туризмі дамыды. Туристік сала кіру, шығу туризмін нақты қаржылық қолдауға ие болмады. Бұдан басқа, он жылдық кезеңде халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі және бұрынғы КСРО республикаларының аймақтық байланыстарының үзілуі, біртұтас туристік кеңістіктің ыдырауы қазақстандық туризм базасын қысқартты. Дегенмен осы уақытта мемлекеттік деңгейде туризмді дамыту маңыздылығы мойындалды. Қазақстанда осы бағытта бірнеше шаралар реті қабылданды [13]:

-         туризмнің заңдылық базасы қалыптаса бастады;

-         Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге және Қазақстанға шетел туристерінің сапарға келуі жеңілдетілді;

- туризм аясында жеке кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияларды тарту үшін нақты жағдайлар жасалды.

- туристік саланы басқару үшін мемлекеттік және жергілікті органдар ұйымдастырылды.

Біздің еліміздің туристік потенциалы, Евразияның орталығында орналасқан, табиғаты бай, әртүрлі және барлық туризмнің түрін дамытуға мүмкіндік бар – танымдық, көңіл көтеру, этникалық, экологиялық, сауықтыру, балалар, спорттық, аңшылық, ат, хикаялық. Туристер үшін Қазақстан территориясы бойынша 700 маршрут ұсынылады. Олардың ішінде ең танымалы аң аулаудың ұлттық түрі, бүркіт пен қазақ тазысы туристер арасында қызығушылық тудырады. Бұған қоса республиканың әр аумағы өзінше ерекшеленіп, туристерді қызықтыра алады.

Оңтүстік Қазақстан (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік қазақстан, Қызылорда  облыстары) – орта ғасырдың ескерткіштерімен танымал тарихи және мәдени орталық. Аймақта Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Бұған қоса, тамаша климаттық жағдай демалыс, емделу, аңшылық, альпинизммен айналысуға, тау шаңғысымен айналысуға мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары) – Орал, Волга, Каспий теңізінің бассейнінде  Европа және Азия құрлығының орталығында  орналасқан. Бұл жерде әлемнің  екінші ең терең нүктесі теңіз деңгейінен 132м төмендегі – Қарагие орналасқан. Су спорт түрі үшін және балық аулауға мүмкіндік бар.

Солтүстік Қазақстан (Қостанай, Солтүстік Қазақстан Павлодар облысы) – ландшафт, су, велосипед, автомобиль және басқада  туристік джемалыстар  үшін аймақта климаттық мүмкіндіктер бар. Көкшетау, Баянауыл курорттары емдік демалыстарды ұсына алады.

Орталық Қазақстан (Қарағанды  облысы) – мұнда әлемдегі ең үлкен  және табиғи жағынан ерекше көлдердің  бірі Балхаш көлі және Қарқаралы тау-орман  оазисі орналасқан. Бұған қоса этнографиялқ және археологиялық объектілер сақталған.

Шығыс Қазақстан –  Сауысқан, Алалкөл, Марқакөл, Зайсан көлдері  және Ертіс өзені ағып жатқан орманды-таулы  аймақ. Семей ауданы – қазақстанның ұлы жазушысы Абай Құнанбае пен Мұхтар Ауэезовтың отаны.

Қазақстан өзінің ұлан-ғайыр территориясымен және түрлі табиғи-климаттық жағдайларымен, өткен уақытқа бай тарихымен, салт-дәстүрі мен мәдениетіндегі өзіндік жағдайларымен туристер үшін тартымды. Қазақстанның  туристік әлуетінің туризмнің  барлық түрлерінің дамуына қолайлы позициялары бар, олардың ішінде келесілерді бөліп көрсетуге болады: 

Сурет 3– Қазақстан Республикасындағы әлуетті туризм түрлері

 

Қазақстан тәуелсіздігін  алғаннан кейін әлемдік бірлестік  құрамына енді, көптеген халықаралық ұйымдардың толық құқылы мүшесі болып саналады. Нәтижесінде туризм индустриясын қалыптастыру және дамыту мәселесі алға тартылуда, оған себеп республика іскерлік қатынаста және туризм объектісі ретінде шетелден келушілердің қызығушылығын тудырып отыр.

Осыған байланысты ұлттық экономиканың осы саласын  дамытуға сәйкес координаттарды анықтау  қажеттілігі туындайды. Мамандардың  есебі бойынша, бір шетелдік туристен түсетін кіріс көлемін орта есеппен  алғанда, әлемдік рынокқа 9 тонна  тас көмір, 15 тонна мұнай және 2 тонна жоғары сортты бидай шығару керек.  Шикізатты сату елдің орны қайтып келмейтін ресурстардың таусылуына алып келсе, туристік индустрия қайта қалпына келтірілетін ресурстармен жұмыс істейді. Бұл жағдай оның басымдылығын анықтайды [14].

Қазақстан экономикасында және басқа елдерде  туризм рөлі үнемі артуда. Егер ТМД және әлемнің  қалған елдерімен көрсеткіштер қатынастарын алатын болсақ, кіру туризмі ТМД  елдерімен 13,7 %, ал қалған әлем 86,3%, шығу туризмінде ТМД елдерінің үлесі 11,9 %, қалғаны – 88,1% құрайды. Қазіргі заманғы туризм экономикалық жай ретінде индустриалды формаға ие, ұлттық экономиканың қарқынды даму катализаторы, жаңа жұмыс орындарын ашады, ұлттық кірістің өсуіне ықпал жасайды, жергілікті инфрақұрылымды дамытады, және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.

Қазақстанның әртүрлі  табиғи-географиялық жағдайларының, әртүрлі  ландшафтарының, жануарлар және өсімдіктер әлемінің бай болуына қарамастан, мемлекетте жүйелі туризм саласының  негізгі атрибуттары-жарнама, сауда қызметтері, тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру, байланыспен қамтамасыз етілу жағдайлары төмен.

Мемлекетте қабылданған  ұлттық жіктеу жүйесінде, туризм қызмет саласына жатқызылған, бірақ тұрғындарға  көрсетілетін қызмет көлемінің құрылымындағы  оның үлесі төмен. Республикада жалпы ішкі өніміндегі туризмнің үлестік салмағының өсу тенденциясы байқалуда, бірақ әлде болса төмен. Бұл жағдайларды туризмді дамытуға жұмсалған қаражат бойынша Қазақстан Үкіметінің саясатының тиімділігінің жеткіліксіздігімен, елге туристерді тартуға бағытталған жарнама жасаушы компаниялардың жоқтығымен, туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысудың бәсеңдігімен сипаттауға болады.

Қазақстандық туризмнің  дамуына әсерін тигізетін тура және жанама факторлардың тізіміне төмендегілерді жатқызуға болады:

  • елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық;
  • республика экономикасының даму деңгейі;
  • халықаралық туристік қызмет нарығында, Қазақстанның жағымды туристік имиджінің қалыптасуы;
  • Ұлттық экономиканы дамытуда туризмді басым салалардың қатарына қосу;
  • Туризм саласының инвестиция салу тұрғысынан тартымдылығы;
  • Туризмді дамытудағы мемлекеттің қолдау дәрежесі;
  • Туризм индустриясы және туризм инфрақұрылымдарының болуы;
  • Тұрғындардың төлем қабілетті сұраныстары;
  • Туризм саласындағы баға саясаты;
  • Жоғары тартымды экологиялық таза туристік ресурстардың болуы;
  • Отандық туризмнің халықаралық туристік нарықпен бірігуі;
  • Туристік бизнестің қауіпсіздігі;
  • Ұлттық дәстүр және туризмдегі мотивация;
  • Туризм саласында жоғары білікті кадрлардың болуы.

Туризм саласының қазіргі жағдайына, статистикалық мәліметтер негізінде талдау жасайтын болсақ. Қазақстан Республикасы статистика бойынша Агенттіктің мәліметтеріне сәйкес (1 кесте), туризм саласында жұмыс істеген субъектілердің саны 2008жылы, 2007 жылға қарағанда 16 пайызға жоғарлаған. Бұл салада жұмыс істеген фирмалардың үлесі 2006 жылы 846 болса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 1163 жеткен. Жеке кәсіпкерлердің саны 2006 жылы 30 бірлік болса, 2008 жылы 64-ке өскен немесе 2007 жылға қарағанда 25,5 пайызға жоғарлаған.  Салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің санының өсуіне, бірінші кезекте мемлекет деңгейінде орта және шағын кәсіпкерлік нысандарын қолдау, оларды несиелендіру тетіктерінің орындалуы және құқықтық тұрғыдан қорғау шараларының қарқынды жүргізілуіне тікелей байланысты.

Туризм саласының маңызды құраушыларының бірі, орналастыру индустриясының жағдайын зерттейтін болсақ, 2006 жылы республика аумағында барлығы 385 орналастыру объектілері жұмыс істессе, 2008 жылы бұл көрсеткіш 528-ді құрады. Талдауға алынған жылдар ішінде орналастыру құралдарының өсуі 1,3 есеге жоғарлаған. Ал орналастыру  қызметтерін көрсететін, жеке кәсіпкерлердің саны 2008 жылы 621-ді құрасса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 163, яғни жылдар аралығындағы өсу көрсеткіші 3,8 есе.  Қонақ үй бизнесінің өңірлердегі даму серпіні, негізінен ірі өнеркәсіп орталықтары мен бірге біріккен шетел кәсіпорындары көп шоғарыланған аймақтарда қалыптасып отыр.

 

Кесте 5

Туризм саласының  даму көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2006 ж

2007ж

2008ж

2009ж

Өсуі

2008 ж қарағанда

Туризм саласындағы  субъектілер саны

Оның ішінде:

1424

1833

2050

2376

326

16%

фирмалар

846

921

1007

1163

156

15,5%

Жеке кәсіпкерлер

30

41

51

64

13

25,5%

Орналастыру объектілері

385

465

469

528

59

12,5%

Орналастыру саласында  жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер

163

406

523

621

98

18,7%

Көрсетілген қызметтер  көлемі, млрд. тг

24,5

33,8

53,9

66

12,1

22,6%

Е с  к е р т  у -  Статистика мәліметтерінен алынды 2009 ж


 

Туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар 2007 жылы 24,5 млрд. теңгенің  қызметтер мен жұмыстарын көрсетсе, 2008 жылға қарағанда 22,6 % өсіп, 2009 жылы 66 млрд. теңгеге жеткен.

Туризм типтері  бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың саны 2006 жылы 10649  мың адам болса, 2009 жылы 14218,2 мың адамға жеткен (кесте 6). Оның ішінде кіру туризмі, шығу туризмі және ішкі туризм типтері бойынша жасалған талдаулардың ішінде 2009 жылы кіру туризмнің көрсеткіштерінің азайғаны байқалып отыр. Егер 2006 жылы кіру туризмі бойынша мемлекетке 4365 мың адам келсе, 2008 жылы 5310,6  мың адам, 2008 жылы 4721,5 мың адам келген, 2008 жылға қарағанда, 2009 жылы кіру туризмі -11,1% төмендеген.

Кіру туризмінің республика бойынша төмендеуінің басты себебі, әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан деуге болады. Себебі, дағдарыс банк саласын ғана емес, экономиканың басқа  да секторларының, оның ішінде туризм индустриясының өсу қарқынын әлемдік деңгейде азайтқаны белгілі.  2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында халықаралық туристтердің саны 8 пайызға төмендеген, бірақ қызметті ұсынудың жалпы көлемі 2008 жылғы деңгейде қалды. Қазіргі уақытта Солтүстік және Оңтүстік Еуропа, Жерорта теңізі, Солтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері, Оңтүстік Азия және Таяу шығыс елдері туризм саласы бойынша шығынға ұшырап отыр. Дүние жүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша, 2010 жылы туризм саласының шығыны 2%-дан 3%- аралығын құрайды деген болжам бар [15]. 

Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы