Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа

Описание

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................

12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................

15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................

20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 947.50 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ, Қазақстан  Республикасының туристік саласын  одан әрі дамыту үшін Министрлік бірқатар мәселелерді шешу қажет деп санайды.

        Бұл: 
        - туристік қызмет көрсетулердің және туристік кадрлар даярлау деңгейінің сапасын арттыру (көптеген қонақ үйлердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, кәсіби гидтер, экскурсияшылар, турменеджерлер санының жеткіліксіздігі); 
         - туристік ұйымдар мен туристік нарық субъектілерінің:  
авиакомпаниялар, автопарктер, “Қазақстан темір жолы”, ІІМ, СІМ, әкімдіктер және ұлттық парктер арасындағы өзара іс-қимыл, баға мен тариф саясатының икемсіз жүйесі;

- статистикалық есепті  халықаралық стандарттарға сәйкестендіру.  
       - визалық және тіркеу тәртібі процедурасы оңайлатылған елдер тізбесін арттыру, Қазақстанға келетін туристік ағын үшін донор елдерді анықтау (Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея);

        - өңірлерде туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін арттыру Туризм индустриясын дамыту және туристік саланың жоғарыда көрсетілген проблемаларын шешу үшін өткен жылы Министрлік Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекітілді.

Дене шынықтыру және спорт саласында: дене шынықтыру және спорт - ел азаматтарының денсаулығын нығайтудың, жастарды рухани және дене қабілеті тұрғысынан тәрбиелеудің, салауатты өмір салтын қалыптастырудың және адам капиталын дамытудың маңызды құралдарының бірі. Осыған байланысты, саладағы мемлекеттік саясаттың бірінші кезекті міндеті - дене шынықтырумен және спортпен айналысуды елдің барлық тұрғындарының қолы жететіндей ету. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіруі республика спортшыларының даярлығын және халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол жеткізуін талап етеді.

Қазақстан спортшылары үшін 2006 жылы негізгі бастама: 
Доха қаласындағы (Катар) 15 жазғы Азия ойындары болып табылады, мұнда Қазақстан спортшылары 85 медаль, оның ішінде: 23 - алтын, 20 - күміс және 42 - қола медаль иеленіп (алдыңғы Азия ойындарында 20 алтын, 26 күміс, 30 қола медаль), 4-ші жалпыкомандалық орын алды.

Халықаралық спорт күнтізбесіндегі  әлемдік жарқын оқиғалардың бірі Испанияда өткен әйгілі “Вуэльта”  веложарысындағы қазақстандық велоспортшылар Александр Винокуров пен Андрей Кашечкиннің жеңісі еді. 
“Қазақстан” және “Астана” сөздері 21 күн бойы әлемдік БАҚ пен барлық әлем жұртшылығының аузынан түспеді. 2006 жылы нысана көздеуден және ауыр атлетикадан Ольга Довгун мен Илья Ильин әлем чемпиондары атанды. Илья Ильин Қазақстанда жыл спортшысы ретінде танылды. Дмитрий Карпов Әлем кубогы кезеңдерінің жиынтығы бойынша онсайыстан әлемнің үздік спортшысы ретінде танылды. (2006 жылы Қазақстан Республикасында еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Азия чемпионаты, “Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін” бокстан “А” класында халықаралық турнир, ат спортынан Азия чемпионаты, самбодан, триатлоннан, волейболдан әлем кубогы өткізілді, мұның бәрі елдің әлемдік спорт қауымдастығындағы беделінің артуына ықпал етеді).  
       Есептік кезеңде Қазақстан Республикасының спортшылары 290 халықаралық, 275 республикалық спорттық іс-шараға қатысты, 470 оқу-жаттығу жиындарын өткізді.

Министрліктің бастамасы  бойынша Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы ҰОК, Азия Олимпиадалық Кеңесі 7-ші қысқы  Азия ойындарын 2011 жылы Алматы қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.  
7-ші Азия ойындарын Алматы қаласында өткізу туралы қабылданған шешімге сәйкес Азия ойындарына дайындық жөніндегі жұмыс тобы құрылып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі өкімімен ( “2011 жылы қысқы Азия ойындарын және 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындарын Алматы қаласында өткізу үшін қажетті объектілер тізбесін анықтау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы” 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 95-р өкім) бекітілді.

Министрлік 2006 жылы дене шынықтыру және спорт саласында келесі өзгертулер жүргізді:

- Әлем чемпионаттары  мен Олимпиада ойындарында жоғары  спорттық нәтижелер көрсетуге  қабілетті жаттықтырушылармен және  спортшылармен келісім-шарт жасау  көзделді;

- жекелеген спорт түрлерінен  шетелдік жаттықтырушылар мен мамандарды ұлттық құрама командалармен жұмыс істеуге тарту; 
- Олимпиада ойындарында спортшылардың табысты өнер көрсетуі үшін материалдық ынталандыруды ұлғайту;

- ұлттық құрама командалардың  спорт түрлерінен 170 жаттықтырушысының  және республикалық спорттық ұйымдар басшыларының еңбек ақысын арттыру. (ағымдағы жылдың 1 қаңтарында жаттықтырушылардың еңбек ақысы Ресей Федерациясы жаттықтырушыларының еңбек ақысының деңгейіне теңестірілді). 
Бүгінгі уақытта спорт мектептері жаттықтырушыларының еңбек ақысын төлеу мәселесі шешілмей қалып отыр. Қазіргі практика жалпы білім беру мектептерінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің жаттықтырушыларынан 2 - 2,5 есе артық жалақы алатынын көрсетті.

Статистикалық деректерді талдау көрсеткендей, Қазақстанда дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады.

Кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындарында дене шынықтыру ұжымдарының саны біршама  артып, қазіргі уақытта 13 мың 200 адамды құрайды. Өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық-спорттық іс-шаралардың саны жылдан-жылға артуда, оларға 2,5 миллионнан астам адам қатысады.

Дене шынықтыру мен  спорттың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Республикадағы спорттық ғимараттардың саны 2001 жылмен салыстырғанда 2366-ға артып, 28666 болды.

Келесі спорт объектілерінің құрылысы жалғасуда: 
- Алматы қаласының Шаңырақ ықшамауданында спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат;

- Алматы облысында республикалық олимпиадалық даярлық базасы; 
       - Шучье қаласында республикалық шаңғы спорты базасы; 
       - Астана қаласында велотрек, теннис стадионы, архитектуралық жобасы бойынша Орталық Азиядағы бірегей спорттық ғимарат болып табылатын, 30 мың орынға арналған жабық стадион.

Спорт резервін даярлау  үшін 2006 жылы балалар мен жасөспірімдерге  арналған 7 мектеп қосымша ашылды, ал мұндай мектептердің жалпы саны 396-ға жеткізілді, оларда 210 мың бала мен  жасөспірім немесе 6 мен 18 жас арасындағы оқушылардың жалпы санының 7 % айналысады. 
Жоғары білікті спортшыларды даярлау үшін республикада жоғары спорт шеберлігі мектебі (ЖСШМ), республикалық олимпиадалық даярлық орталығы (РОДО), олимпиадалық резерв даярлығының өңірлік орталықтары (ОРДО), ел өңірлерінде спортта дарынды балаларға арналған республикалық және облыстық мектеп-интернаттар, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері ашылды.

2006 жылы Республикалық  спортшылардың допингке қарсы  зертханасы халықаралық сәйкестік  сертификатын иеленді, бұл оған  Орталық Азияның барлық өңірі бойынша допингке қарсы сараптама жүргізу құқығын береді. Екі жылда бір рет жүйелі негізде жазғы және қысқы спорт түрлерінен республикалық оқушылар спартакиадалары, студенттер арасында универсиадалар, төрт жылда бір рет Қазақстан халықтарының Спартакиадасы, Паралимпиадалық ойындар, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне халық спорты ойындары, ауылдық спорт ойындары, спорт ардагерлерінің Спартакиадасы өткізіледі. Балалар мен жасөспірімдерді есірткіден және басқа да зиянды әдеттерден арылту мақсатында “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен - президенттік көпсайыстан қысқы және жазғы чемпионаттар, спорттың он түрінен жасөспірімдер клубтары арасында республикалық турнирлер өткізілді.

2010 жыл аяғына дейін бүкіләлемдік туристік ұйымның атқару кеңесіне мүше болуды көздеп отырған Қазақстан үшін туризм саласында, көркем табиғаты бар тынығу аймақтарында қонақжайлар мен қызмет көрсетуді дамыту, ол аймақтардағы байланыс пен жол мәселелерін шешу мен жиһанкездердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Себебі, мамандар жасаған болжамдар ел бюджетіне осы жылы 3,5 миллиард доллар, ал келер жылы 4 миллиардтан аса қаржы түсуі мүмкін деген болжам жасап отыр.

Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту мәселелерін, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерттемейінше, сондай-ақ, саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрмайынша, мүмкін болмайды. Мақсаттар мен міңдеттерге сәйкес туристік саланы дамытудың мынаңдай негізгі бағыттары белгіленді:

- туристік қызметті мемлекеттік реттеу;

- туризм инфрақұрылымын  дамыту;

- маркетинг стратегиясын  әзірлеу;

- Қазақстанның туристік  бейнесін қалыптастыру;

- туристердің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- кадрларды даярлау  мен ғылыми қамтамасыз ету;

- туристік  қызметті дамытуда негізгі рөлді ұлттық жарнамаға беру.

Қазақстан Республиасының туризм индустриясын дамыта отырып алдағы кезеңдерде шешілмеген көптеген мәлелерді  шеше аламыз, олар:

- туристтік  инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық  базаны дамыту арқылы көптеген  жұмыс орындарының пайда болуы мен халықты жұмыспен қамту мәселесі;

- туристтік  объектілерді салу үшін және  әрқандай реконструкциялар жасау  үшін жергілікті және шет ел  инвестициясын тарту;

- әуе тасымалдау  нарығындағы қызмет көрсетудің  бәсекеге қабілеттілігін  жоғарлату арқылы көптеген жаңа әуежайларды салу  мен ішкі туризмді дамыту;

- автомобиль  және теміржол көлігінің жолаушы  тасымалдауларын жоғары деңгейге  сәйкестендіру, соған байланысты  автотрассалдардың көп бөлігін  күрделі жөндеу;

- жоғары класқа  жататын қонақ үй қызметтерін құру және де қызмет көрсету саласын жетілдіру;

- Қазақстан  Республикасының туризмнің арнайы  түрін дамытудың жобаларын жасау;

- Қазақстанның  туристтік имиджін қалыптасыру.

Саяхат біздің еліміздің  саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.

Қазіргі кезде Қазақстан  туризмі талап етілетін халықаралық  стандарттарға сәйкес жетілдіруіміз міндет, оны қолға алу үшін біраз кемшіліктерді жою қажет, олардың ішінде:

  1. әлеуметтік экономикалық және саясаттық инфрақұрылымның әлсіздігі;
  2. шетелдің инвестициялар ағындарының көбеюіне жағдай жасалмауы;
  3. мамаңдардың жетіспеуі, мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесінің тиімсіздігі;

4) туризм индустриясында мемлекеттің қазіргі бақталастықта туризмнің құқықтық, ұйымдастырушылық, инновациялық және экономикалық негіздерінің жетілмеуі.

Қазақстанда туризмнің  жылдам даму жолдары ұсынылды: Қазақстан Республикасында туристік бизнесті мемлекеттік басқару, туризм индустриясыңда маркетингтік қызметті жетілдіру және Қазақстанның туристік фирмаларының жарнамалық қызметін жақсарту. Осы мақсатта жазылған ғылыми жоба жалпы туризмдегі жарнама маркетингтік жұмыстарын болашақта туристік фирмаларда ұсыныс ретінде туризмнің этножарнама мәселелеріне тереңірек көңіл аудару керек. Сондай-ақ, ішкі туризмді дамыту мәселелерін жандандыру және түрлендіру іс-әрекеттерін кеңінен қолға алған жағдайда фирма деңгейі көтерілетіні сөзсіз, мұндағы ұлттық жарнаманың маңызы өте зор; әртүрлі жарнамалар арқылы Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін шетелдер азаматтарына ұсыну [18].

Қазақстанда туризм секторында ғаламторда Қазақстандық мега сайттар сандарын арттыру керек, осындай ақпарат көзін бере отырып біз еліміздің туристік база жайында туралы толық ақпарат бере аламыз. Туристердің негізгі қажеттіліктері бұл жылжу, орналасу және тамақтану мен қауіпсіздік, сайт арқылы туристік қызметті жүзеге асыру үшін міндетті түрде орналастыру қызметі, тамақтандыру кәсіпорыны мен қауіпсіздік шаралары және транспорттық ұйымдастыру жұмыстары туралы толық ақпараттар едік. Қазақстан туризмінің дамуы, оның жеке индустрия болып қалыптасуы туризм нарығындағы зерттеу жолдарының жаңа бағыты — ұлттық жарнаманы талап етеді, осы арқылы ғана біз бұл саланы әлемдік деңгейге жеткізіп дамыта аламыз.

 

 

2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары

 

 

Қазір туризм әр елдің қызмет рыногының шамалы ғана үлесіне тиеді. Кез келген экономикалық сала сияқты әлемдік экономикалық  дағдарыс жағдайында туризм аясы да бірқатар өзгерістерге ұшырауда. Мәселен, шағын туристік фирмалар жабылып немесе ірі компанияларға бірігуі бұл саланың ауқымын тарылта түспек. Туризмнің дамуына бүгіндері келесі факторлар ықпал етуде. Біріншіден, әлемдік қаржы дағдарысы турзм индустриясына тікелей әсер етуде. Саяхат кешу адамның базалық қажеттіліктер қатарына жатпайтындықтан, одан бас тарту аса қиындық туғызбайды. Ең алдымен бұл орта таптағы клиенттерге ықпалы күшеюде. Ал бұл топтағы туристер белсенді түрде саяхаттанушылардың қатарына жатады. Бұл саланың ісерлік тобы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Екіншіден, жұқпалы аурулар мен лаңкестік жағдайлар да бұл саланың қалыпты дамуына кері әсерін тигізуде. Бюджеттің негізгі қайнар көзін туризм аясы құрайтын бірқатар елдер (Н1N1) шошқа тұмауы пандемиясының келеңсіз әсерін сезінді.

Қазақстандағы туристік ассоциация мүшелерінің мәлімдеуі бойынша, бүгіндері авиатасымалдау бағаларының күрт артуы сәйкесінші туристік пакеттің бағасын қымбаттатқан. Қазір Қазақстандық туристердің негізгі бағыты көршілес Ыстық-Көлмен қатар, Түркия еліне бағыт басымдыққа ие болып, 15 жыл бойы динамикалы түрде даму үстінде. Бірақ 2007 жылдың соңындағы Түркиядағы саяси үрдістер елдегі исламдық құндылықтарға Еуропа және ТМД елдерінен келетін туристердің кері өнеге көрсетуіне байланысты ішке кіретін туристердің санын шектеуді талап етті. 

Ал отандық курорттарды  жоғарғы деңгейлерге көтеру баяу қарқынды іске асуда. Мәселен, «Қазақстан маржаны» Бурабай өлкесінде жоғары класты қымбат отельдердің болуымен қатар, әлі шешімін таппаған экологиялық  және тамақ сапасының төмендігі сияқты мәселелері тағы бар. Сонымен қатар, «Ақтау-Сити» жобасындағы зәулім үйлер, яхт-клубар мен отельдердің, әлемдік деңгейдегі қонақ үй мен көңіл көтеру кешендерінің құрылысының Біріккен Араб Әмірлігі конструкторларымен бірге өңделгенімен, қарапайым коммуналдық мәселелері әлі шешілмеген. Ең бастысы – ауыз судың жетіспеушілігі мен су сапасының төмендігі. Сондықтан жоғарыдағы алға қойылған күрделі жобаны іске асыруда Ақтау қаласын курортты аймаққа айналдыруда коммуналды шаруашылық мәселелерін шешудің шұғыл қажеттілігі тұр [19].

Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы