Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа
Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4
1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................
12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................
15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................
20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39
3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................
Кесте 6
Туризм типтері бойынша 2006-2009 жылғы көрсеткіштер
Көрсеткіштер |
2006 ж |
2007ж |
2008ж |
2009ж |
Өсуі |
2008 ж қарағанда |
Туризм типтері
бойынша қызмет көрсетілген Оның ішінде: |
10649 |
11889,6 |
13787,6 |
14218,2 |
430,6 |
3,1% |
Кіру туризмі |
4365 |
4706,7 |
5310,6 |
4721,5 |
-589,1 |
-11,1% |
Шығу туризмі |
3004 |
3687,9 |
4544,4 |
5242,6 |
698,2 |
15,4% |
Ішкі туризм |
3280 |
3495 |
3932,6 |
4254,1 |
321,5 |
8,2% |
Е с к е р т у - Статистика мәліметтерінен алынды 2009 ж |
Керісінше, ішкі туризмнің даму тенденциясы өз қарқынын жылдар бойы сақтап отыр, оның басты себебі отандық турөнімдерге сұраныстары бар тұтынушылар топтарының қалыптасқандығы. 2005 жылы 3004 мың адам шығу туризм бойынша, республика территориясынан тыс мемлекеттерде өз демалыстарын өткізсе, 2008 жылы бұл көрсеткіш 5242,6 мың адамды құрап, 2007 жылға қарағандағы өзгерісі 15,4% болған.
Туризм индустриясының қызметінен түскен табысты қарастырсақ, 2006 жылы 30553,4 млн тг, 2007 жылы 44718,1, 2008 жылы 63022,9, 2009 жылы 74232,8 млн теңгенің табысына ие болған. 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы табыстың өсу қарқыны 17,8% құраған (кесте 7).
Кесте 7
Туризм индустриясының қызметінен түскен табыс
Көрсеткіштер |
2006 ж |
2007ж |
2008ж |
2009ж |
Өсуі |
2008 ж қарағанда |
Туризм индустриясынан түскен табыс, млн.тг оның ішінде: |
30553,4 |
44718,1 |
63022,9 |
74232,8 |
11209 |
17,8% |
-туристік ұйымдар |
5902,6 |
10653,2 |
11851 |
14494,8 |
2643,8 |
22,3% |
-орналастыру объектілер |
23153,5 |
32050,2 |
40331,5 |
46956,1 |
6624,6 |
16,4% |
-санаториялық-курорттық мекеме |
256,0 |
283,5 |
8567 |
10763,9 |
2197 |
25,6% |
-ерекше қорғалатын табиғи территориялардан |
9,1 |
6,1 |
16,5 |
3,8 |
-12,7 |
-80% |
-мәдени мекемелер |
1232,2 |
1725,1 |
2256,9 |
2014,2 |
-242,7 |
-10,7 |
Бюджетке түсімдер, млн тг |
6526,5 |
6047 |
9072,5 |
9350,9 |
277,4 |
3% |
Туризм саласына инвестиция, млрд тг |
- |
92,3 (769 млн$) |
66 (549 млн $ ) |
129,3 (862 млн $) |
63,3 |
95,6% |
Е с к е р т у - Статистика мәліметтерінен алынды 2009 ж |
Туризм саласында
көрсетілген жұмыстар мен
Туризм саласын дамытуға жұмсалған инвестиция салымдары 2009 жылы республика аумағы бойынша 129,3 млрд. теңге немесе 862 млн АҚШ $ құраған. Қазіргі уақытта, республика деңгейінде туризм саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама шеңберінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында туристік кластерлерді ұйымдастыру және дамытудың мастер-жоспарларының жобалары дайындалуда.
Жоғарыдағы талдау қорытындылары, туризм саласының ұлттық экономиканы дамытудағы рөлінің жоғары екендігін көрсетті. Сондықтан, мемлекет экономикасын әртараптандыру жолымен, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде, қызмет саласын дамыту және жандандырудың маңызы зор.
2.2 Қазақстанда туризм
индустриясын қалыптастырудың
Туризм қазіргі таңда әлемдік экономикада маңызды салаларының бірі болып отыр. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша туризм әлемдік Жалпы Ұлттық Өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвистицияның 11 астам пайызын және әлемдегі өндірістің 9-шы орнын қамтиды. Туризм қазіргі экономикадағы адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, халықтың өмір сүру сапасын жоғарлату, қоршаған орта мен мәдени мұраны қорғаудағы қайталанбас сала. Туризмнің дамуы экономика, көлік, байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынысындағы тауарлар өндірісі сияқты секторларға ықпал етеді және экономиканың болашағы зор бағыттарының бірін құрайды.
Әлемде жер көлемі жөнінен алғашқы ондыққа енетін Қазақстанда туризмнің танымдық, тарихи-мәдени, экологиялық-сауықтыру бағыттарын, тіпті спорттық түрін дамытудың мол мүмкіншіліктері бар. Оған қоса ежелгі сауда-саттық жолы мен өркениеттің байланыстырушысы болған ортағасырлық «Ұлы Жібек жолының» бірнеше негізгі салаларының ел аумағынан өткенін қосыңыз. Қазір елімізге келген саяхатшыларға 700-ден астам туристік бағыттар бойынша қызмет көрсету ұсынылады екен. Алайда, туризм саласының мамандары «кең байтақ Қазақстан үшін бұл төмен көрсеткіш»,- дегенді алға тартады.
Бұл ретте Туризм және спорт министрлігінің алдында Қазақстанды 2010 жылға дейін Орталық Азияның туристік орталығына айналдыру міндеті тұр. Өткен жылы елімізге келген саяхатшылардың саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 30 пайызға артып, ел бюджетіне 35 миллиард теңге табыс түскен [16].
Еліміздің туризмді дамытуда көне қалалар мен қорғандар, табиғи сұлулық пен мәдени құнды ескеркіштердің мол қоры бұл көрсеткішті бірнеше есе артыруға мүмкіндік береді. Туризм ел экономикасында қолға алынған жетілік кластердің санатында.
Мәселен, «Ұлы Жібек Жолы» сауда бағытының 2000 шақырымға жуық бөлігі Қазақстан аумағынан өтеді. Осы жолдың бойында талай туристерді тамсандыратын құнды жәдігерлер бар. Мәдени туризм бағытында ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған әлемдік мәдени ескерткіштердің санатына енген, Қожа Ахмет Йассауй кесенесі, «Айша бибі», «Бабажа-Хатун» ескерткіштерінің, «Есік» қорғанының және көптеген ескі қала орындарының мәні зор. Ал экологиялық-табиғи туризмнің аясында Алматыдағы Шарын шатқалын, Түргенді, Бурабай мен Медеудің, Шымбұлақ пен Көлсайды саяхатшылар назарына ұсынуға болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” 2006 жылғы 27 наурыздағы № 73 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) құрылды.
Қазіргі уақытта Министрлік құрылымы
2 комитеттен (Спорт комитеті, Туризм
индустриясы комитеті) және 4 департаменттен
тұрады.
2006 жылы Министрліктің негізгі қызметі
Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына
Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпыұлттық жоспарын және 2006-2008 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Бағдарламасын орындаудың Желілік кестесін
іске асыруға бағытталды.
Есептік кезеңде Министрлік туризм саласында
біршама жұмыс атқарды:
Мемлекет Басшысының “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”
атты халыққа Жолдауында туристік сектор
шикізаттық емес саладағы ел экономикасының
мамандануын анықтайтын мемлекеттің ұзақ
мерзімге арналған жеті кластерінің қатарында
экономикалық басымдықтардың бірі болып
белгіленді.
Туризм саласындағы кластерлік бастаманы іске асыру шеңберінде Министрлік қызметі “Туризм” пилоттық кластерін құру және дамыту жоспарын (Үкіметтің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген) іске асыруға бағытталды.
Осыған сәйкес туристік кластер құру үшін пилоттық орталықтар (Алматы қаласы және Алматы облысы) анықталды. Өткен жылы мәслихат қаулыларымен аталған өңірлерде туристік кластерді дамыту жөніндегі шебер-жоспарлар бекітілді.
ҚР Үкіметінің 2006 жылға арналған заң жобасы жұмыстарының жоспарын орындауға орай “Қазақстан Республикасының туристік қызмет жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.
Аталған заң жобасы: туризмді мемлекеттік реттеудің, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға жауап беретін, жаңа тәсілдері жүйесін қамтамасыз ету; туристік саланы дамыту және оны мемлекет экономикасының жоғары кірісті секторына айналдыру жөніндегі мемлекеттің деңгейдегі шараларды іске асыру; туризм саласындағы атқарушы органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды реттеу мен үйлестірудегі мемлекеттік рөлін республикалық уәкілетті орган арқылы күшейту сияқты бірінші кезекті міндеттерді іске асыруды көздейді.
Туризмді дамытудың маңызды элементтерінің бірі Қазақстанның оң туристік имиджін қалыптастыру және жаһандық экономикаға бірігу арқылы ұлттық турөнімді туристік қызмет көрсетулердің әлемдік нарығына шығару болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдік туристік нарықтағы оң туристік имиджін қалыптастыруға әсер ететін басты фактор Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет Басшысы жүргізіп келе жатқан саясаттың нәтижесі болып табылатын, бәрінен бұрын, экономикалық өсім, елдегі саяси тұрақтылық пен қауіпсіздік болып табылады.
Осы бағыт бойынша Министрлік келесі іс-шараларды
жүргізді:
2006 жылы Қазақстанның туризм елі ретінде
7 халықаралық туристік көрмеге (Нидерланды,
Испания, ГФР, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания,
Өзбекстан) қатысуы қамтамасыз етілді.
Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың
туристік ұйымдарының өкілдіктері кеңеюде,
жарнамалық-ақпараттық өнімнің сапасы
артуда. (2006 жылы барлығы 290 туристік қызмет
субъектісі көрмелерге қатысты).
Туризм және спорт министрлігі құрылғаннан бергі алғашқы шаралардың бірі 2006 жылғы 25-27 сәуір аралығында Дүниежүзілік туристік ұйымның Еуропаға арналған комиссиясының 45-отырысын Алматы қаласында өткізу болып табылады, оған Еуропаның 42 елінің Ұлттық туристік әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.
Мұндай масштабты Форумды
ұйымдастыру мен өткізудің
2001 жылдан бастап
еліміз жыл сайынғы “КІТҒ” Қазақстандық
халықаралық туристік көрмесін өткізіп
келеді, ол 2003 жылдан бастап Дүниежүзілік
туристік ұйымның (ДТҰ) халықаралық іс-шаралар
күнтізбесіне енгізілді. 2006 жылы аталған
жәрмеңкенің жұмысына әлемнің 34 елінен
туризм индустриясының 450-ден астам өкілі
қатысты. Бұл қазақстандық туристік Жәрмеңкенің
туристік нарыққа қатысушылардың барлығының
арасындағы серіктестік байланысты орнатуға
сүбелі үлес қосатынына және Орталық Азия
өңірінде ірі туризм форумына айналуға
нақты мүмкіндіктері бар екеніне куә болады.
2006 жылғы 27-30 қыркүйек
аралығында республикамыздың
Ақпараттық турдың қорытындысы бойынша
2006 жылы шетелдік БАҚ баспа және электронды
баспаларында Қазақстан туралы 70-тен астам
мақала жарық көрді, сондай-ақ Интернетте
бейнеролик беріледі, бұл ретте жарияланымдардың
жалғасып жатқанын айта кету керек. Грекия
басылымдары Қазақстанды – ай елі етіп
жариялады.
Сонымен қатар, Министрлік 2006 жылы шетелдік жетекші арналарда (CNN, BBC, Euronews) Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін жарнамалайтын бейнеролик көрсетуді ұйымдастырды.
Өткен жылы электронды және
қағаз жеткізушілерде сегіз тілде
(орыс, ағылшын, қытай, француз, италян,
неміс, корей және жапон) 180 мыңнан астам
жарнамалық-ақпараттық өнім дайындалды,
олар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері
бар әлемнің 54 еліне жіберілді. Қазақстанның
туристік бренді мен логотипі әзірленіп,
бекітілді.
Туристік индустрия қызметтерінің сапасын
арттыру және оның инфрақұрылымын дамыту
жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мақсатында
қонақ үйлерді және басқа да орналастыру
орындарын Жіктеу ережесінің жобасы әзірленді.
Министрлік Елбасының
тапсырмасын орындауға орай мүдделі
мемлекеттік әкімдіктермен
2006 жылғы жедел деректер
бойынша алдыңғы кезеңмен
Жалпы алғанда, республика бойынша туристік
индустрия кәсіпорындарынан түскен кіріс
14, 6 %-ке артып, 35 млрд. теңгені құрады, сондай-ақ
бюджетке 7 млрд. теңге аударылды, бұл өткен
жылғымен салыстырғанда 8 %-ке артық.
Жұмыс істеп жатқан туристік фирмалардың
саны 2006 жылы 903-ті құрады да, алдыңғы жылмен
салыстырғанда 6,7 %-ке артты. Қонақ үйлердің
және басқа да орналастыру орындарының
саны 17,6 %-ке, яғни 385-тен 453-ке артты (оның
ішінде мемлекеттік меншікте - 30, басқа
мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары
мен азаматтарының меншігінде - 31, жеке
меншікте - 351, шетелдік қатысумен бірлескен
кәсіпорындардың меншігі - 41). Туризм саласында
инвестициялық жобалар пакетін қалыптастыру
мақсатында жобалардың өңірлер тұрғысында
ақпараттық базасы жасалды.
Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы