Туризм даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 16:11, курсовая работа

Описание

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың )

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-5
1. Туризм дамуының теориялық аспектілері.....................................................6-20
1.1 Туризм ұғымы және мәні................................................................................6-8
1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.....................................................8-17
1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.............................................17-20

2. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау................................................................................................................21-35
2.1.Елдегі туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.....................................................................................................21-22
2.2 Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары........................22-28
2.3. Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.................28-35

3. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.........................36-41
3.1.Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары...............................................................................................................36-38
3.2.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары....................38-41
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................43

Работа состоит из  1 файл

Туризм даму.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)


43

 

 

 

                                               МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-5

1. Туризм дамуының теориялық аспектілері.....................................................6-20

1.1 Туризм ұғымы және мәні................................................................................6-8

1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.....................................................8-17

1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.............................................17-20

 

2. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау................................................................................................................21-35

2.1.Елдегі туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.....................................................................................................21-22

2.2 Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары........................22-28

2.3. Қазақстан Республикасында  туризмның  даму динамикасы.................28-35

 

3. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.........................36-41

3.1.Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары...............................................................................................................36-38

3.2.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары....................38-41

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................42

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................43

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм  әлемдік  экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың  (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың ) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда  туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.

Бұл шаруашылық саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің негізі болып табылады. әлемдік экономикаға ( қызмет көрсетудің жалпы өндірісі ) қосқан үлесі 3,5 трлн долл. (1993 ж) бағаланады.

Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б) зор ықпал етеді. Бұдан туризмның өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметті-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай,  мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) 1999 жылдың қортындысын шығарды, сонда шет елге сапар шегетін туристер саны 657 млн. адам. Мемлекеттердің туризмнан түскен жалпы табысы 455 млрд.долларды құрады, соның ішінде, АҚШ 75 млрд.доллар алды, 2502 доллар-Испания, 31 млрд.доллар-Италия және 24 млрд.доллар-Франция.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондайөақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.

Әлемдегі туризмның дамуына ғылыми-техникалық прогресс, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.

Бүгінгі күндегі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары  сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық – тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді  мультипликаторлық тиімділікке ие.

Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі, орта, кіші фирмалар өзара әрекет етеді. Жоғарыда айтылған мәселелерді талдай келе Қазақстан Республикасында туризмның дамуын, болашағын зерттеу маңызды екендігін  және «Туризмның дамуына әсерін тигізетін әлеуметтік-экономикалық факторлар» тақырыбының өзектілігін көруге болады. Осы жазба жұмысының мақсаты туризмның дамуына оң және теріс әсер етуші факторларды зерттеу болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін мына мәселелерді шешу қажет:

-         туризм жайлы жалпы түсінік беру (ұғымы, мәні);

-         туризмға әсерін тигізетін факторларды анықтау;

-         Қазақстан Республикасындағы туризм мәселелері;

-         Елдегі туризмның даму динамикасы;

-         Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуеті (Бурабай)

-         Отандық туризмның  даму мүмкіндіктері және болжамы;

Жазба жұмыста баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері (әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер), “Туристік қызмет туралы” заң актілерінің жиынтығы қолданылды. Теориялық база ретінде отандық, ресейлік және шет елдік зерттеушілер еңбектері алынды. 

 

1. Туризм дамуының теориялық аспектісі.

1.1 Туризм ұғымы және түсінігі.

Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.

Саяхат- адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша : «Туризм-жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».

Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар)- бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:

1) XIX ғ. дейін - элитарлық туризм, туристік өнім өндіретін арнайы кәсіпорындардың тууындауы.

2) XIX ғ.- бірінші дүниежүзілік соғыс - көлік дамуындағы дүрбелең өзгерістер, бірінші саяхат бюроларының ашылуы.

3) екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең – көпшілікті туризмның дамуы.

4) екінші дүниежүзілік соғыстан кейін – қазіргі кезең – көпшілікті туризм, туристік индустрияның туризмға арналған тауар және қызмет өндіретін салааралық кешен түрінде құрылуы.

Бірінші кезең туризмның тарихи алғышарты ретінде анықталады. Антикалық заманда саяхаттың негізгі себебі сауда, білім, зиярат ету, емделу болды.Ежелгі Грекияда спорттық сапарлар туындады, өйткені Олимпиадалық ойындарға бүкіл елдердің тұрғындары жиылатын. Финикиялықтар Жерорта теңізі арқылы, қазіргі Сирия және Ливанға сапар шегетін.

Ортағасырларда саяхат діни сипат алды. Діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі: мұсылмандарды – Меккеге, христиандарды – Иерусалим және Римге. Саяхатшыларды қабылдау орны шіркеулер болды.

Ренессанс және Ағарту дәуірі дінисебепті әлсіретіп, сапарлардың жеке тұлғалық және біліми бағытта дамуын күшейтті. Мысалы, ағылшындар, өз сапарларын Лондонда бастап, одан Францияға (Парижда бірнеше күн аялдайды), кейін  - Италияға баратын. Қайтар жолдары Швейцария, Германия, Нидерланд арқылы өтетін.

XIX ғ. ортасына дейін саяхаттар мақсатты емес, тек өзіндік шараны (сауда, зиярат ету) жүзеге асыру шарты ғана болатын.

Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды. Бұған классикалық мысал, 1941 жылы ағылшын Томас Куктың демалуға ұйымдастырған топтық туры. Қызметтер кешенінде темір жолмен  жиырма мильдық сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр болды. Томас Кук бірінші саяхат бюросын ашты (алдымен Лестерде, кейін Лонданда). Соның үлгісімен 1854 жылы К.Ризель берлинде бірінші неміс саяхат бюросын ашты. XIX ғ. екінші жартысында туристік бюролар көптеген елдерде ашылды. 1862 жылдан бастап ең алғаш туристік сапарларға арналып шығарылған каталогтар жарық көрді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс, 30 - жылдардағы Ұлы күйреу және Екінші дүниежүзілік соғыс та туризм дамуына негативті ықпал етті . Осыған қарамастан осы соғыстар аралығында көпшілікті туризм ( үшінші кезең) тууындады, оның гүлденуі соғыстан кейінгі онжылдыққа келеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң туризм нағыз көпшілікті ( төртінші кезең) сипат алды. Ол дамыған елдер халқы үшін байлықтан қажеттілікке айналды. Өзіндік институты , өнімі, өндіріс циклы, ұйымдастыру және басқару әдісі бар туристік индустрия құрылды. Бұл кезең саяхатшылар , туристік кәсіпорындар санының және өндіріс көлемінің ұлғаюымен, орналастыру құралдарының салынуымен, туристік инфрақұрылым объектілерінің күрт өсуімен ерекшелінеді. Қазіргі заман туризмының ерекшелігі кең ауқымды халықаралық айырбас болуында.

Осындай ұзақ тарихы бар туризм, әлі күнге дейін біржақты анықтама алған жоқ. Ресейлік ғалым В. Г. Сапрунов айтқандай , әлі күнге дейін туризм ұғымын және түсінігін анықтайтын ортақ келісілген көзқарастың жоқтың қасы.

Туризм анықтамасын үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа , туризмды рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарлатуды үйлестіргенқызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.

Туризм анықтамасының екінші тобы, оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен , кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.

Анықтаманың үшінші тобы, туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттайды, оның әртүрлі қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады .

Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады. Туризм басында адамдардың өз тұрақты жекен-жайынан басқа жерде қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ  1954 жылы қабылданған анықтамасы бойынша, туризм - бұл денсаулықты нығайтуға, адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты жекен-жайдан тыс жерлерге барумен байланысты активті демалыс. Бұл ұғымның кең сипаттамасын Монте-Карлодағы туризм Академиясы берді: туризм – адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу мақсатында, бос уақытта танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін немесе кәсіби-іскери мақсатта уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен байланысты емес ?жалпы түсінік.

1993 жылы  БҰҰ Статистика коммисиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) мақұлдаған анықтама қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан аспайтын мерзімде, дем алу, іскери және басқа да мақсаттарда, тұрғылықты ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың  қызметін қамтиды .

Информация о работе Туризм даму