Туризм даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 16:11, курсовая работа

Описание

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың )

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-5
1. Туризм дамуының теориялық аспектілері.....................................................6-20
1.1 Туризм ұғымы және мәні................................................................................6-8
1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.....................................................8-17
1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.............................................17-20

2. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау................................................................................................................21-35
2.1.Елдегі туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.....................................................................................................21-22
2.2 Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары........................22-28
2.3. Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.................28-35

3. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.........................36-41
3.1.Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары...............................................................................................................36-38
3.2.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары....................38-41
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................43

Работа состоит из  1 файл

Туризм даму.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)
text-align:justify">Жұмыссыздардың жалпы санының кемуі барысында олардың құрылымындағы әйелдер мен жастар (15-24 жастағы) басымдылығын сақтап қалған. 2004 жылы жұмыссыз әйелдер саны 376,9 мың адамды (барлық жұмыссыздар санынан 57,3 %), жастар – 191,1 мың адамды (29,1 %) құрады. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық  9,8 %, жастар арасындағы – 14,3 % құрады.

Жұмыссыздар арасында 1 айдан 6 айға  дейін жұмысы болмағандар саны 144 мың адамды (22,6 %), 6 айдан  12 айға дейін- 83,5 мың адамды (13,1 %) құрады, ал 257,7 мың адам (40,3 %) бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеген . Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – 5,4 %.

Жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 2005 жылғы қаңтардың соңына  120,1 мың адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 26,5 мың адамға немесе 18 %–ға кем. Тіркелген жұмыссыздар санының жартысынан көбі (75 мың адам) - әйелдер, 49,1 мың адам – ауыл тұрғындары. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі аталған кезеңде 1,5 % құрады (2004 жылғы қаңтарда – 1,9% ).

Ақшалай табыстар. 2004 жылдың халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша) 152932 теңгені құрады., ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,0 % - ға жоғары. Осы кезеңдегі нақты ақшалай табыс 13,2 % - ға өсті.

Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша), айына орта есеппен жан басына шаққандағы.

 

 

Тәуелсіз Қазақстанда көптеген туристік фирмалардың жұмысы кең етек жайды. Олар сан алуан түрлі қызмет көрсету арқылы ұсыныстарды молайтады. Бүгінгі күнде фирмалардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы азаматтарын алыс шет елдерге аттандырады және де олардың дені негізінде шоп-туризммен айналысуда. Бұл құбылыстың белгілі себептері көп, солардың бастысына өтпелі кезеңдегі экономикалық дағдарыс нәтижесінде жеңіл және тамақ өнеркәсібі мен өңдеу салаларының құлдырауы жатады. Шоп-туризм арқасында халық тұтынатын тауарлардың бізге толық мөлшердеимпортталуы байқалуда жәнебазардың арзан өнімдерге толуы өріс алуда. Кіру туризміне көз жүгіртсек, оның өте баяу дамып келе жатқанын көреміз.

Жалпы туристік ағынның 69,2 %-і  шығу туризмі де, 11 % –і кіру туризмі, ал 19,8%-ін ішкі туризм құрайды. Бір қызық жайт, шығу туризмінде алыс шет елдердің үлес-салмағы үстем (96,1 %), ТМД – ға 3,9 % ғана. Кіру туризмінде де ТМД – дан келушілер 26,2 % қана.

Сатылған жолдамалар құны шығатын туристерге шаққанда 95 % болса, кіру мен ішкі туризмге 3,5 % пен 1,5 % сәйкес келеді. Осы мәліметтерді қорытындылар болсақ, алыс шет жақтарға сапар шегу әрі қолайлы, әрі арзанға түседі. Резидент емес және өз азаматтарымыздың келуі мен республика ішінде қозғалысы айтарлықтай пайда әкелмейді.

Ал Қазақстан экономикасында туризм әлі сауда балансының теріс сальдосын көрсетуде.

Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (БТҰ) анықтауынша,елдер ең алдымен туристерді жеткізіп беруші және қабылдаушы болып екіге бөлінеді. Қазақстан осының алғашқы тобына жатады (2 қосымшадағы мәліметтер) . Күллі әлемде  «жеткізіп беруші елдерге» жоғары дамыған, ірі өнеркәсіпәлеуетіне ие елдер кіреді. Біздің республикамыз «қабылдаушы елдер» санатына кіруі керек еді (Марокка, Непал, Оман, Түркия сияқты). Алайда өндірісіміздің құлдырауы, тұрақты дәстүрлі қатынастардың үзілуі, сонымен қатар адамдардың арзан тауар көздерін іздеп, шет жақтарға ағылуы нәтижесінде «шоп-туризмның» күрт өсуі бәсеңсір емес.

Ал туристер мен экскурсанттарға 1998 жылғы қызмет көрсету кестесін Қазақстан Республикасының 5 экономикалық ауданына бөліп құрастырғанда (3 қосымша), жағдай былай боп шығады.

 

 

Резидент еместер

резиденттер

адамдар

Сатылған жолдама құны,мың

Түсім, мың тенге

адамдар

Сатылған жолдама құны,мың

Түсім, мың тенге

Қазақстан Республикасы

100

 

100

100

100

100

100

Солтүстік Қазақстан

3,9

1,0

4,771

11,5

10,0

5,85

Батыс          Қазақстан

-

-

-

8,5

6,13

5,5

Оңтүстік  Қ.

0,6

5,0

0,06

8,0

1,574

4,84

Орталық Қазақстан

2,0

-

0,2

7,3

4,2

28,0

Шығыс Қазақстан

15,0

4,6

1,7

3,8

0,3

1,7

Алматы қаласы

77,0

89,3

93,0

69,0

78,0

54,0

 

Қазақстанның 5 экономикалық ауданындағы туристерге қызмет көрсету мөлшерін қарастыра отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: резидент еместер (Қазақстан Республикасының азаматтары емес) мен резиденттердің (Қазақстан Республикасының азаматтары) көп бөлігіне Алматы қаласында қызмет көрсету деңгейі тиісінше 77 һәм 69 процент екен. Түсімнің де қомақты бөлігіАлматы қаласы үлесіне тиген, яғни резидент еместерден 93 , ал резиденттерден 54. тек аз ғана сыбағасы (28) Орталық Қазақстанэкономикалық ауданының резиденттеріне (7,3) келсе, Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының бір Ақмола облысының өзі 5,9 резиденттерді қамтыды. Бұл ауданның барша резиденттер санының жартысы болып тұр. Шетел туристерінің кейінгі атбасын тіреген жері Шығыс Қазақстан өңірі (15). Осыдан ұғынарымыз, шетелдіктердің басымы оңтүстік астанамызды шоғырланса, өз азаматтарымыздың дені «шоп-туризмді» солтүстік астанаға қарай өрістетіп, дамытып отыр.

Қазақстанның табиғат ерекшеліктері кез-келген туристі бей-жай қалдырмайтынына біз кәміл сенеміз. Ендігі ой-мақсатымыз жоғары тиімді туризм индустриясын дұрыс жолға қойып, дамытудың кейбір міндеттерін ашып көрсету . Олар:

-республикадағы бүкіл туризм инфрақұрылымын жүйеге келтіріп, болашаққа бағыт-бағдарын анықтау қажет;

-туризм объектілеріне көлік пен коммуникация қолайлылығын жақсарту;

-қонақ үйлер , кемпингтер, мотельдердісалу барысында маусымдық ерекшеліктеріне көңіл бөлу;

-туризмдегі жарнама мен үгіт-насихат жұмысын озық технологиялық әдістерді пайдалана отырып жүргізу;

-шетелдік және отандық инвестицияларды туризм саласына тартудың көзін табу.

Қазақстанда дербес және тиімді телекоммуникациялар жүйесін құру қажеттігі туып отыр. Жалпы, туризмнің өркендеуі осындай инфрақұрылым түрімен тікелей байланысты. Туризм индустриясында байланыс шапшаңдығы  маңызды қызмет ретінде қарастырылады. Сол себепті ақпарат жылдамдығы әлемдік деңгейге  сай келуі шарт.

Туризмде көлік байланысының рөлі орасан зор. Темір жол, автомобиль және әуе қатынасының дамуы Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктерін аңғартуы тиіс. Трансазиялық темір жол магистралінің негізін қалау мақсатымен, 1991 жылы Достық-Алашанькоу темір жол өткелін іске қосқан еді. Ал 1996 жылы Серахс – Мешхед темір жол аралығын енгізгеннен кейін, Ұлы Жібек жолымен жаңа үлгідегі қатынас өрлей түсетіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесінде темір жол ең арзан қызмет көрсету нысаны ретінде халыққа танымал. Әсіресе ішкі туризм дамуында оның рөлі айрықша. Қазіргі таңда осы көліктіңқозғалысын үнемді пайдалану мақсатымен Жезқазған – Қызылорда ( ұзындығы 419км), Семей – Павлодар (184 км), Өскемен – Шар (143 км) тәрізді темір жол тармақтарын салу қолға алынулы. Туризм индустриясының көлік инфрақұрылымында автомобиль жолдары да өте зор маңызға ие.

Туристік байланыс жүргізу барысында автомобиль магистральдары дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Бүгінгі таңда Қазақстанда бүкіл жолдар ұзындығы 87,7 мың километрге тең немесе аумағымыздың 1000 километріне шаққанда 32,2 км келіп тұр. Олардың 17,4 мың шақырымы республикалық маңызы бар автотрассалар, ал бұның 11,8 мың километр жолы халықаралық жағдайға жетпек.

Сыртқы экономикалық байланыстарымыздың өсуі нәтижесінде туризмнің қалыптасу кезінде басымдық бағыттардың ішінде теңіз қатынасының өрлеуі айқындалуда. Қазақстанның әзірге жалғыз Ақтау теңіз портының  реконструкциясы мен кеңейтілу жүргізіліп жатыр. Оның жаңа мәнге бетбұрысы круизді туризмнің өркендеуіне мүмкіндік берері хақ. Бұл тұрғыда әуе көлігі туризм инфрақұрылымының ең жаңа элементі ретінде туризм индустриясының ажырамас және жылдамдығы жағынан елеулі болып саналады. Туристік компаниялар, фирмалар әуе компанияларымен көптеген шарт жасасып, екі жаққа да түсімнің ортақ үлесін бөліседі. Қазақстанның туристерді жеткізіп беруші елдерден қашық орналасуы әуе көлігін өркендетіп, дамытудың маңыздылығын дәлелдей түспек. Болашақта әлемдік деңгейдегі  әуе порттарын республикамыздың барлық облыс орталықтарында салып, ұйымдастырылуына шүбә келтірмейміз.

Аталған көлік жүйесімен қатар, туристік инфрақұрылымның ішіне орналастыру мен тамақтану базалары жатады. Қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдер жаңадан бой көтеріп келе жатыр. Оларды халықаралық деңгейге жеткізу болашақта тұрған күрделімәселелердің бірі. ДТҰ-ның мәліметі бойынша, әлемдегі қонақ үй қорының 49 % -і Еуропада орналасқан. Ресейлік қонақ үй қоры  (4878 қонақ үй) Еуропаға шаққанда 3%-ін ғана құрайды. Ал Қазақстанда әзірше орналастыру объектілерінің саны 25 болса, олардағы орын саны 4040 болып белгіленген. Сонымен бірге, қонақ үйлер, мотельдер мен пансионаттардан басқа, қосымша орналастыру мекемелері қалыптасу шағында. Оларға жастар турбазалары, отбасы демалысана арналған рекреациялық орталықтар, тау лашықтары және жалға берілетін пәтерлер, саяжай үйлері және фирмалар, т.б қосылады.

Тамақтану базасы салыстырмалы түрде жақсы дамыған. Бірақ жалпы туристік қызмет көрсету дәрежесіне толық жетпеген. Жаңа әдістерді пайдалану арқылы туристерге қолайлы ресторан, кафе, бар тәрізді мекемелерді жол бойында, шалғай аудандарда да салып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар негізінде бой түзеген тамақтану орындарын көбейте берген абзал.

Қазіргі кезде «Туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» , «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы» , Қазақстан Республикасының «Туризм туралы Заңы» сияқты Үкімет қаулылары бар. Оларға жүгіне отырып, болашаққа арналған Қазақстандағы туризм дамуының басымдық бағыттары анықталған:

-туризмді экономиканың басқа салалары деңгейіне теңдестіріп, оның бір қалыпты өрістеуін бақылау;

-туристік инфрақұрылымды қайта жабдықтау және жаңа талаптағы объектілерді салу;

-шет елдің алдыңғы дамыған туристік компанияларымен, корпорацияларымен қатынас жасап, тәжірибе алмасу;

-туризмдегі көлік пен коммуникациялар жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;

-халықаралық туризм үшін кадрлар даярлап, олардың кәсіптік біліктілігін арттыру;

-ғылым мен техникадағы жетістіктерді туризмді басқару мен үйлестіру мақсатында пайдалану;

-туризмге жанама қатынасты кешендердің барлығын аталмыш саланы дамыту ойымен жұмылдыру.

Үкімет шетелдік және отандық салаға тарту жөніндегі жұмыстарды күшейтеді, сондай-ақ ел туралы кешенді туристік ақпарат дайындауға және оны кең таратуға мүмкіндік береді. Барлық қабылданған бағдарлама, жоспарлар Қазақстанда туризм индустриясын құрып, дамытуға септігін тигізеді деп кәміл сенімдемін.

 

2.3 Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.

2003 жылы туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсету туралы мәліметтерге жүгінсек, олар төмендегідей:

2003 жылы 713 туристік фирма мен агенттік 229,0 мың турист пен экскурсантқа қызмет көрсетті . Ал 2002 жылы 612 фирма мен агенттік есеп берді және 171,4 мың адамға қызмет көрсетілді. Есеп берген туристік фирмалар мен қызмет көрсетілген туристер туралы деректер төмендегідей:

 

 

2003

2002

Есеп берген  туристік фирмалар                         мен агенттіктер                 саны, бірлік

Қызмет көрсетілген туристер, адам

Есеп берген туристік фирмалар мен агенттіктер саны, бірлік

Қызмет көрсетілген туристер, адам

Барлығы

713

229014

612

171427

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

Батыс Қазақстан

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

 

10

11

29

13

22

13

4

25

5

3

10

25

7

5

37

494

 

14125

2264

21300

1624

17597

5630

367

6147

1374

271

7877

4119

2610

4005

39499

100205

 

10

10

18

4

23

5

2

25

7

2

4

17

4

4

23

454

5231

2058

14532

1395

4313

2790

1762

6500

822

497

7336

1351

2332

2271

38918

79319

Информация о работе Туризм даму