Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 16:11, курсовая работа
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың )
КІРІСПЕ....................................................................................................................4-5
1. Туризм дамуының теориялық аспектілері.....................................................6-20
1.1 Туризм ұғымы және мәні................................................................................6-8
1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.....................................................8-17
1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.............................................17-20
2. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау................................................................................................................21-35
2.1.Елдегі туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.....................................................................................................21-22
2.2 Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары........................22-28
2.3. Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.................28-35
3. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.........................36-41
3.1.Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары...............................................................................................................36-38
3.2.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары....................38-41
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................43
2002 жылы шетел азаматтарының Қазақстанға келуі және Қазақстан азаматтарының шетелге шығуы.
(адам)
| Қазақстанға келген шетел азаматтарының саны | Шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны |
Барлығы елдер бойынша Азербайжан Армения Белорусь Грузия Қырғызстан Ресей Федерациясы Молдова Тәжікстан Түркмения Украина Өзбекстан басқа елдер бойынша: Австралия Австрия Бельгия Болгария Бразилия Ұлыбритания Венгрия Германия Грекия Дания Египет Израиль Индия Иран Ирландия Испания Италия Канада Қытай Корея (КХДР) Латвия Ливан Литва Малайзия Монголия Нидерланд Жаңа Зеландия Норвегия БАЭ Пакистан Польша Румыния Корея Сауд Аравиясы Сингапур Словакия АҚШ Тайвань Таиланд Түркия Филиппин Финляндия Франция Чехия Швейцария Югославия Эстония Япония Тағы басқалары | 29771 1209
13 2 4 5 112 938 10 11 22 32 60 28562 90 228 26 6 4 535 9 8740 150 13 3 877 147 421 3 156 285 133 1713 70 55 10 936 20 14 362 5 13 34 7251 2 119 26 10 3 1530 86 3 261 4 14 504 23 104 2 7 4 245 10299
| 74728 8376
- 2 - 3 6762 863 - - 2 1 743 66352 4 97 1 74 3 438 149 15186 307 - 945 49 107 245 2 375 319 11 17045 6 57 - 1467 38 - 47 - - 4082 289 473 17 51 10 64 7 66 - 1243 19098 - 9 1865 603 106 2 - - 44 1351
|
Бұл мәліметтерді 2001 жылмен алып қарасақ, онда 2002 жылы Қазақстанға келген туристер саны – 29771; 2001 – 2507 адам. Ал енді шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны, 2002 жылы-74728; 2001 жылы – 37942 адам.
Бұл мәліметтерден Қазақстан Республикасының резиденттерінің шет елге шығу көрсеткіші , шет елден келген азаматтардан жоғары екенін көреміз. Тағы бір айтарлықтай мәселе, резиденттер арасында алыс елдерге сапар шегу анық байқалады. Бұл ақпараттардан қорытынды шығарсақ, келу туризмі әлі өз деңгейіне жетпеген. Бұл өте өзекті мәселе. Себебі,осы туризм түрі ең табыс көп түсіретін болып саналады.
2002 жылы туристерге қызмет көрсету туралы мәліметтерді сараптасақ та дәл осындай мәселелер байқалады. Яғни , нағыз табысты туризмның түрлері келу туризмі және ішкі туризм дұрыс дамымаған.
3-ТАРАУ. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.
3.1 Туристік өнімдерге сұранысты зерттеу және оларды жетілдіру
Қазақ жамағатының, менталитетінің өзіндік ерекшіліктері бар. Ол Батыстағы Италия, Франция, Грекия емес, Шығыстағы Үндістан, Қытай, Латын Америкасындағы Мексика емес. Олардағыдай жер бетінде тұрған тарихи және мәдени ескерткіштеріміздің саны көп те емес. Оның өзіндік себептері де бар. Біріншіден, көшпелі-отырықшылдық салты қат-қабат өрілген тіршілік, екіншіден, азаттық пен тәуелсіздік үшін жүргізілген толассыз соғыстар, үшіншіден, талай ғасырлар басқа елдің шылауында болу, төртіншіден, өз жұртымыздың марғулығы. Олай болса, жас мемлекет қолда барын, көшпелі-номадтардың тіршілік философиясынан, діни танымынан жаратылған мәдени және тарихи мұраларымызды жарқырата көрсету ісіне, оларды қалың шаңнан аршып алу міндетіне шұғыл кірісу қажет. Сонымен қатар ғасырлардан ғасырларға кетер тарихи және мәдени ескерткіштерді қазіргі ұрпақ осы бастан жасай бастуы керек. Кемеңгер Ахмет Байтұрсыновтың нақылына құлақ түрсек, "біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы".
Оңтүстік Қазақстан облысындағы қолда бар ескрткіштерімізді ескере отырып, онда тарихи-мәдени туризмді дамытуға ат салысуымыз қажет. Ондағы туристік өнімдерді зерттей отырып, оларды дамытып жетілдіру қажеттілігі туып тұрғанын байқауға болады. Мәдени және тарихи ескерткіштерді осы заманға лайық пайдалана білу, олардың өзін-өзі қаржыландыруына қолайлы жағдай жасау, тарихи-мәдени орындар жұмысын нарықтық экономика талаптарына сай қайта құру. Әрине, бұл күрделі іс бір күнде, бір айда, тіпті бір жыл ішінде де шешіле қоятын жүрдім-бардым шаруа емес. Ол үшін тиянақты, тыңғылықты бағдарлама жасау қажет. Оған тарихшыларды, жазушы, журналистерді, мұрағаттанушылар мен экономистерді, саясаткерлерді, туристік бизнес өкілдерін тартқан жөн.
Осыған байланысты тарихи және мәдени ескерткіштер мекемелерін мониторингтен өткізіп, менеджменттік жүйесін жасап, олардың тіршілігін туристік бизнеспен сабақтастыру қажет.
Жұртқа белгілі, Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңіріндегі тарихи және мәдени орындар дені Ұлы Жібек жолының бойында жатыр.
Шетел туристерін қызықтыру, оларға тиісті жағдай туғызу, Оңтүстік Қазақстан облысында басқа елдерде кездеспейтін тарихи және мәдени ескерткіштердің бар екенін жеріне көз жеткізе көрсету, барынша өтімді насихаттау. Бұл үшін тарихи және мәдени ескерткіштер санатын басқа елдер келбетіне ұқсамайтын нағыз өнер туындыларына айналдыру қажет. Өнер мен табиғат үйлесімділігін сақтау, автобаңдар салу, туристік бизнесті әлемдік деңгейіне жеткізу керек. Осы салаға салынған қаражат, берілген несиенің де қайтарымы шапшаң болмақ. Ол үшін сауатты дайындық, оңтайлы ұйымдастыру шаралар қажет.
Осы ретте Оңтүстік Қазақстан облысында туристік бизнесінің өзіндік сын-сипаты, өзіндік ерекшілігі мынада болуға тиіс деп ойлаймыз. Тарихи және мәдени орындарды аралау, қажетті ақпараттарды алу, рухани нәр жинау сапары демалыс орындарында тынығу, сауықтыру мекемелерінде денсаулық түзеу шараларымен ұштастырыла жүргізгілгені жөн. Ол үшін облыстағы сауықтыру орындарының жұмысын халықаралық талаптарға сай жолға қойған абзал.
Туристік инфрақұрылым, оның менеджментін жақсарту саласына келімді-кетімді адамдарды сапалы азық-түлікпен, дәмді тағаммен қамтамасыз етуде жатады. Кейінгі жылдары облыс экономикасының едәуір ілгерілуі бұл мәселені де шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Тарихи және мәдени орталықтардың тағы бір ерекшелігі - олардың таулы аймақтарға, өзен-көл жағалауларына жақын орналасуы. Сол себептен қазақтың көрікті табиғатын, саятшылық өнерін, балық аулау кәсібін этнографиялық жақтан әдіптеу де туристік индустрияның табыс көзі болмақ. Маусымдық туризмге орай, қыстың күні қыратты аймақтарда ат шанамен қыдырыс жасау да қызықтың оқшау бір түрі ретінде бағаланбақ.
Оңтүстік Қазақстан облысы өзіндік тарихы, экономикалық, мәдени-әлеуметтік ортасы бар облыс. Бұл жерде дәстүрлер мен үлгілерді қайта жаңғыртып, жаңа жағдайға лайықтып құлпыртып алып кетуге болады. Мұнда мәдени-тарихи туризм орталығына айналдырса, нұр үстіне нұр болады. Ол біріншіден, мәдениеттер интеграциясына септігін тигізбек. Екіншіден, осы аймақты мекендеген жұрттың әл-ауқаты жақсарып, жұмыссыздық мәселесі де біршама шешіліп қалады.
2001 жылдың 13 маусымында күшіне енген "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңды басшылыққа және әлемдік туризм тәжірбиелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүгірту, құс салу, үкі асрау үрдісін, құрт, қызыл ірімшіктер қайнату, қазы айналдыру, қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Қазіргі шет ел туристерін зауыт-фабриктер, олар шығарған өнімдер қызықтырмайды. Оларды өзімізге тән табиғи дәстүрлер мен салттар ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға таяу ұзын жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек тоқу, тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, білезік, сақина соғу шеберлерін тұрақты орнластыру мәселесін шешу керек.
Тарихи мекен жайлар ежелгі салт-дәстүрмен, этнографиялық айшықтармен тығыз байланысты болғандықтан, ғылыми қызметкерлер көмегімен қазақтың ежелгі көшін шет елдік туристерге тамашалату, соған байланысты туристік обьектілерді қайта жөндеу ісін бір ізге салған жөн. Бұрынғы көші-қон дәстүрі де туристерді қызықтырмай қоймайды.
Басқа облыстарға қарағанда Оңтүстік Қазақстан облысында қазақтың салт-дәстүрлері, өнері, мәдениті жақсы сақталған. Сондықтан бұл аймақта туристік бизнес табиғатына дөп келетін Туризм ханшасы конкурсын, сәйгүліктер көрмесін, қыран құстар мен құмай тазы саятын, қошқарлар жекпе-жегін, қораздар майданын өткізудің ережелері мен қағидаларын жасап шығарудың да маңызы ерекше деп білеміз. Бұл жерде туристік бағыттың тағы бірі туристерді ескі қалалармен, археологиялық қазба жұмыстармен таныстыру.
Біз тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау хақында жаңа тұжырым ұсынып отырмыз. Ондағы басты идея - тарихи, мәдени игіліктердің көсегесін көгерту үшін оны туристік бизнеспен, жарнамалық ақпаратпен тығыз байланыста дамыту идеясы. Біз қазір нарықтық заманда осындай экономикалық шаралар арқылы бюджеттік қаржыға қараған тарихи және мәдени орталықтарының жұмысын жандандыруға, тіршілігін жақсартуға болады деп ойлаймыз.
Қазақстанның шетелдік өкілдіктері, мемлекеттік радиоканалдары, газет-журналдары осы мәселемен тікелей шұғылданса, еліміздің тарихи, мәдени мұрағаттарын елшіліктер өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істеп жатқан елдер жұртына жеткізіп отырса, еліміздің өркениет салсына, мәдениет қуатына қосқан зор үлес болар еді.
Қазақстан туризм саласында дүниежүзілік тәжірибені, ғалымдар болжамын ескере отырып, төл туристік бизнесін жедел дамытуға күш салуы тиіс. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет азаматтарының ой-өрісін көрсетеді. Тарихи мұрағаттар да, туристік бизнесте болашаққа қызмет етеді, стратегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар көпір болады.
3.2.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары.
Сұлу табиғатымен ерекшеленетін Қазақстан үшін туризмды дамыту тиімді қызмет саласы болмақ. Ертеден қалыптасқан пікір бойынша, көп оқулықтарда Қазақстан Республикасының туристік ресурстары туралы ештеңе жазылмаған, соларды оқып, бұл қателікті түзету керек деген ой туындайды. Ол үшін біз өзінің сапасымен, өзектілігімен ерекшеленетін жаңа туристік өнім ұсынуымыз керек. Сол турөнім арқылы басқа мемлекеттерде Қазақстан жайлы мәліметтер пайда болар деген ойдамын. Еліміздегі туризмның болашағы зор.
Қазақстанның бизнес-туризм сегментінде белгілі бір болашағы бар. Бұл ең алдымен Астана, Алматы, Атырау қалалары . Себебі елдегі саяси жағдай мен табиғи шикізат-ресурстары Қазақстанға бизнес және халықаралық конференцияларға қатысу мәселелері бойынша келушілер бизнес туристер санын көбейтеді деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Бұл қалалардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға келеді. Алматы қаласы ертеден қалыптасқандықтан, республика үшін стратегиялық қақпа деп айтуға болады. Әртүрлі жиындар өткізуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ үйлерінен басқа, қалада ойын-сауық құру үшін барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар қала маңында тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Ел ордасы Астана да осындай стратегиялық аймақ. Жаңадан салынып жатқан ,жас астанамыз адамдардың күннен-күнге қызығушылығын арттыруда, бұл қалада халықаралық және ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік беретін болады.
Туризм индустриясының маңызды бір саласы- көлік. Туристерді қазақстанға алып келуде авиа қатынас басты рөл атқарады. Сондықтан, рынокта авиа тасымалдаушының жағдайын күшейту және дамыту маңызды мәселе болып табылады.
Туристік жағынан дамыған көпшілік елдерде туризмнен түскен жалпы табыстың 30-дан 50-ге дейінгі пайызын ішкі туристік рынок құрайды. Бұл ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен бір мезгілде, қазіргі кезде еліміздегі ішкі туризм дұрыс ұйымдастырылмаған. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс істеуде. Туризмнің осы түрін дамытуға тиісті көңіл бөлінбей отырғандықтан, мемлекеттің бюджеті қыруар соманы ала алмауда, мәдени-тарихи ескерткіштердің көбіне әлі де болса назар аударылмауда.
Болашақта ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуетіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.
Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:
-Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
-Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
-Қосымша мүмкіндіктер бере отырып , төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;
-Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;
-Германия ,АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;
-Рыноктың жаңа сегменттерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;