Туризм даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 16:11, курсовая работа

Описание

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың )

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-5
1. Туризм дамуының теориялық аспектілері.....................................................6-20
1.1 Туризм ұғымы және мәні................................................................................6-8
1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.....................................................8-17
1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.............................................17-20

2. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау................................................................................................................21-35
2.1.Елдегі туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.....................................................................................................21-22
2.2 Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары........................22-28
2.3. Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.................28-35

3. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.........................36-41
3.1.Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары...............................................................................................................36-38
3.2.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары....................38-41
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................43

Работа состоит из  1 файл

Туризм даму.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

Осы анықтамаға сәйкес туризмға тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:

-тұрғылықты ортадан тысқары шығу;

-қозғалудың уақытша сипаты;

-сапардың мақсаттылығы;

Тұрғылықты ортадан тысқары шығу – туризмнің маңызды сипаттамасы. Белгілі бір жеке тұлғаның тұрғылықты ортасына, оның өмір сүретін мекен-жайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады.

БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де,  тұрғылықты орта элементіне жатады . Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.

Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен – жайға қашық орналасқан орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.

Сапар мақсаты туризмға жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның себебіне жатады. Адамның мінез-құлық әрекеті әрқашан себепті болады. Туристік себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды.

 

 

 

1.2. Туризм дамуына әсер етуші факторлар.

Күрделі әлеуметті-экономикалық сала болғандықтан, туризм көптеген сыртқы факторлар әсеріне сезімтал. Бұл факторлардың туризм дамуына тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы жағынан әр түрлі болып табылады. Сондықтан табысты туристік қызметті ұйымдастыру үшін , осы факторларды есепке алған өте қажет.

Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:

-сыртқы (экзогенді)

-ішкі (эндогенді)

Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді.

Туризм дамуына әсерін тигізетін , маңызды сыртқы факторларға мыналар жатады:

-табиғи-географиялық;

-мәдени-тарихи;

-экономикалық;

-әлеуметтік;

-демографиялық;

-саяси-құқықтық;

-технологиялық;

-экологиялық.

Бұл факторлар өз бойына маңызды элементтерді жинаған, сондықтан да оларға тоқталып өтсек, бірінші кезекте - табиғи-географиялық.

Табиғи-географиялық (теңіз, тау,орман, флора, фауна,климат және мәдениет ескерткіштері) факторлар туристік ресурстардың негізі ретінде туристің белгілі-бір аймақты таңдауын анықтайтын фактор болып табылады.

Табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың байлығы, олардың мүмкіншілігі мен қолданудың ыңғайлылығы туризм дамуының көлеміне, екпініне және бағытына зор ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар , еске алатын жайт, табиғат құбылыстары туристік белсенділіктің артуына да, әрі азаюына да әкелуі мүмкін. Мысалы, Еуропадағы соңғы кездегі күннің тұтылуы XX ғ. (1999 ж жазы) румыния территориясында өте жақсы байқалды. Бұл оқиғаға арналып, ойластырылып өткізілген жарнамалық кампания, 1999 ж бұл елге келген туристер санының 1998 жылмен салыстырғанда 200 мыңға артуына әкелді. Басқа жағынан, Польша мен  Чехия территориясында болған су тасқыны ( 1997 жылдың маусым-шілде айларында) бұл елді-мекендерге туристік белсенділікті тежеді. Түркияның солтүстігінде болған жер сілкінісі (1999 ж) 1998 жылмен салыстырғанда келушілер ағымын   2 млн адамға және әлемдік туризмнан түсетін табыстың 3 млн АҚШ долл төмендеуіне әкелді.

Тұтас алғанда табиғи-географиялық және мәдени-тарихи факторлар туризмның дамуына зор мүмкіндіктер тудырады және өзгермейтін құндылыққа ие. Адам оны тек өз қажеттілігіне орай бейімдеуі және туристік мақсаттарда қолдануда қолайлы етуі мүмкін

Экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Елдің экономикалықдамуымен , оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады

Мемлекеттің экономикалық жағдайынан тек қана халықтың табысы ғана емес, сонымен қатар материалдық-техникалық база және туризм инфрақұрылымы да тәуелді.

Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді.

Туризмның дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономика экономикалық циклдың қай  фазасында - өркендеу немесе құлдырауда – болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде , айтып өтетін жайт   XX ғасырдың  80-жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік саяхаттар едәуір қысқарды.

Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте аталып өтілетін, бұл халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір деңгейінің артуымен қосылып келе жаңа әлеуетті туристердің ағымын арттырады.

Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы ғылыми – техникалық төңкеріспен байланысты, бұнда ой еңбегінің  маңыздылығы артады да өндірістік және тұрмыстық кернеулер күшейе түседі. Бұның бәрі адамдардың дене тұлғаларының және психологиялық шаршауына әкеледі. Бұл қабілеттілікті арттыру үшінқосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруға көбіне туризм өз септігін тигізеді.

Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі тенденция байқалды – демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді саяхаттардың артуы. Туристік сапарларұзақтығы жағынан азайғанмен, жиілігі артты. Шетел әдебиеттерінде бұл құбылыс “аралықты саяхат” (“путешествия с интервалами”)  деген атауға ие болды. Жылдағы бір ұзақ саяхат орнына, көптеген адамдар бірнеше рет қысқа мерзімді (жаз айында – екі апталық теңіз жағалауына саяхат; қыс айында – бір апталық тау шаңғылы саяхат; демалыс және мерекелердегі отбасылық сапарлар) саяхатты таңдайды. Бұндай саяхаттар туристердің белсенділігі мен қозғалысының (мобильділігінің) артуын көрсетеді. “Қысқа мерзімді” келушілер әдетте бір күнде, келген елді-мекенінде бір күн ғана болатындықтан, ұзақ мерзімді сапар шегуші туристерден гөрі көп шығындалады. Сонымен қатар “аралықты сапарлар” бір жыл аралығында болғандықтан, туризмның ең бір негізгі қиындықтарының бірі – сұраныстың маусымдық өзгерісін жеңілдетуге көмектеседі.

“Аралықты сапарлар” үшінші мыңжылдықтағы туризм дамуын анықтайды. Бұндай қортындыны “Ховат УК” ағылшын консалтингтық фирмасы жасады. Олар Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) тапсырмасы бойынша туристік шығынның  70% келетін келетін әлемдегі 18 елдің демалыс уақыты динамикасының зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде, XXI ғасырдағы туристік сапарлар ұзақтығы 3-4 күнге дейін қысқарады, бірақ демалысқа деген үзіліс және адамның өмірлік күшін қалпына келтіруге құштарлық артады деген болжам жасады.

Әлеуметтік факторлар қатарына, сонымен қатар білім деңгейінің, мәдениет, халықтың эстетикалық қажеттіліктерінің артуы жатады. Зерттеулерге жүгінсек, адамдардың білім деңгейі мен саяхатқа деген икемділігі арасында тәуелділік бар. Бұл мәдениет және білім деңгейі жоғары адам өзінің бос уақытын туризм көмегімен қоршаған ортаны тануға, басқа елдер мен халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы, фольклоры және өнерімен танысуға рациональды жұмсайды .

Соңғы уақытта, яғни XX ғасырдың соңғы онжылдығында экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерінен батыс Еуропа елдерінде қоғамдық сана елеулі өзгерістерге ұшырады: рухани құндылықтар  материалдық құндылықтардан маңыздырақ. Қазіргі таңда  адам материалдық игілікті тұтынудан бұрын, жақсы әсер, өмірден ләззаталуға талпынады. Осыдан шығар қортынды, қоғамның тұтынушылық құрылымында туризмның орны және рөлі өзгерді.

Туристердің қажеттіліктері де өзгерді: төменгіден-жоғарыға, жұмысқа қабілеттілікті арттырудан – адамның өзінің жекелей қабілеттерін жүзеге асыру және интеллектуалды сұранысын қанағаттандыру.

“Үш S” (Sea – Sun - Sand; теңіз-күннің көзі-жағажай) қағидасы бойынша пассивті демалыс орнын “Үш L” формулалы (Lore - Landscape – Leisure; ұлттық дәстүрлер - пейзаж – бос уақыт) демалыс түрі басты. Бұл қазіргі заман саяхатшысының жаңа құндылықтарына сай келеді және өз орнын осы мезеттегі туризм дамуынан тапты.

Туризм дамуына әрдайым әсерін тигізетін фактор – демографиялық, олар : халықтың саны, олардың әр ел және аймақ бойынша орналасуы, жынысты – жастық құрылым, еңбекке қабілетті халық, оқушылар мен зейнеткерлерді атап өту, жанұялық жағдай және оның құрамы.

Әлемдегі тұтасымен және кейбір жеке аймақтарда халық санының артуы, туристер санының артуына пропорциональды әсер етеді. Статистикалық  мәліметтер көрсеткендей, халықтың тығыздығы жоғары елдердің туристік ағымы халықтың тығыздығы төмен елдердегі гөрі интенсивті. Бұдан басқа, туристік қозғалыстың жасқа , жынысқа және жанұялық жайға байланысты өзгерісі байқалады. Өйткені  туризмнің активті түріне 18-30 жас аралығындағы адамдар қызығушылық білдіреді. Бірақ, жалпы адамдардың туристік қозғалысы 30-50жас аралығында өз өрлеу шыңына жетеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасы құрмаған адамдар, отбасы құрған адамдардан гөрі мобильді, ал әйелдер ерлерден гөрі туризмге көп қызығушылық білдіреді.

Демографиялық фактор тобына, сонымен қатар урбанизация (қала халқының үлесі өсуі) да жатады. Урбанизацияның ең жоғары деңгейі Солтүстік Америка елдері (74 %) және Еуропада (71 %), бұлар туристермен “жабдықтаушы”болып табылады. Бір ел ішінде туристік активтілік деңгейі ауылды мекендерден гөрі қалаларда жоғары болады. Әрі қала қанша ірі болса, сонша оның тұрғындары туристік сапарларға көп аттанады. Бұның себебі, адамға көп салмақ түсуден және жүйкенің шаршауынан демалысқа деген қажеттілік туындауы. Қала халқының жоғары мәдени және білімдеңгейі, оның танымдылық мақсатта сапар шегуіне әсер етеді.

Дамыған елдер халқының демографиялық құрылымында төмендегідей өзгерістер орын алуда:

-халық қартаюда (туу деңгейінің төмендеуі жасы үлкен адамдардың үлесінің артуына әкелуде, ал жасы 15- тен 24-ке дейінгі аралықтағы жастардың саны төмендеуде);

-қызмет етуші әйелдер саны артуда, олардың карьера жасауы етек алды (бұл отбасыны кеш құруға, тууды кейінге қалдыруға және баласыз отбасылардың көбеюіне әкелуде);

-жалғыз бастыадамдардың саны өсуде (ірі қалаларда, олар жарты халықты құрайды).

Демографиялық ортада туризм дамуында екі тенденцияны құрайды:  біріншісі-бұл әлеуетті туристер шеңберінің ұлғаюы, яғни адамдардың көбінде саяхатқа деген ынтасы және мүмкіндігі болса; екіншісі-адамдардың үлестік салмағының артуы (қазіргі таңда ол 40 % тең). Бұл феноменнің туризмға тигізетін терең салдарын ойламасқа болмайды.

Туризмның дамуына маңызды ықпал ететін фактор – саяси-құқықтық: әлемдегі жәнеәр елдегі саяси жағдай, ашық шекара саясаты; туризм саласындағы административтік бақылауды бәсеңдету, салықтық және ақша саясатының унификациясы.

Туристік активтілік саяси жағдайға тәуелді болады. Тұрақты саяси жағдай туризм дамуына оң ықпал етеді, ал керісінше, тұрақсыздық оның дамуын бәсеңдетеді. Израиль – Палестиналық шиеленіс көптеген Таяу Шығыстың көптеген елдерінде туризм дамуына кедергі келтіруде.

Саяхатқа зор қауіп терроизм мен экстремизм тудырады. АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған террористік актілер әлі күнге дейін әлемдік туризмға тигізген негативті әсері бағалануы мүмкін емес. Абсолютті көлемде алсақ 2001 жылы саяхатшылар саны 689 млн адам, ал 2000 жылы саяхатшылар саны 697 млн адам (1,3 % төмендеген) болған еді.

Технологиялық факторлар , техника және технология прогресімен тығыз байланысты. Олар туризмде жаңа қызмет көрсету түрін өндіруге мүмкіндік ашады.

Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызмет көрсетудің бұқаралық өндіріс құралдарының жетілдіруіне әкеледі. Ыңғайлы, жылдам әрі салыстырмалы түрде қол жетерлік көлік құралдары (алдымен әуе көліктері) туризм дамуына зор ықпал етті.

Мамандар айтуы бойынша, көліктің әрі қарай дамуы, екі негізгі бағыт бойымен дамиды: сандық даму (әртүрлі көлік түрлерінің өсуі) ; сапалық даму (жүру жылдамдығының өсуі, тасымалдаудағы қауіпсіздік және жолаушыларға барынша ыңғайлылық).

Басты назар аударатын мәселе , туризм индустриясына компьютерлік техниканы енгізу, онсыз бұқаралық туристік сапарды ұйымдастыру мүмкін емес.

Туризмда интернет тек қана ақпаратты беру мен алмасу қызметін атқарып қана қоймай, сонымен қатар өткізудің  жаңа жүйесін құрайды. Ол туристік қызметті тұтынушыларды жабдықтаушылармен тілдестіреді

Экологиялық фактор туризмға зор ықпалын тигізеді. Себебі, қоршаған орта туристік қызметтің негізі және әлеуеті.

Туризмның пропоциональды дамымауы, оның өз негізін жоюы мүмкін: туризм табиғи ресурстарды қолданады; көпшілікті туризм орталықтарында бұл процесс бұзушылық сипатта ( табиғи орта өзгерісі, адамдардың, жануар және өсімдіктердің өмір сүру жағдайының нашарлауы). Табиғи ортаның бұзылуы туристік ұсыныстың құлдырауына әкеледі.

Ішкі факторлар – бұл сала ішінде тікелей әсерін тигізетін, басты құбылыстар мен тенденциялар. Оларға ең біріншіден, орналастыру құралдарының, көліктің, тамақтандыру кәсіпорындарының, тұрмыстық қызмет көрсетудің, рекреациялық саланың , бөлшектік сауданың дамуымен байланысты , материалды-техникалық факторлар жатады . Бұдан басқа туристік қызметтің сұранысымен және ұсынысымен тікелей байланысты, төмендегідей факторларды атап өтуге болады:

-тұтынушылардың  ақпараттанғандығының артуы және олардың  қалауларының өзгерісі, бұл стандартты көпшілікті туризмның, қызмет көрсетудің әртүрлілігімен сипатталатын дифферентті туризмға ауысуы;

Информация о работе Туризм даму