Туризм даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 16:11, курсовая работа

Описание

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың )

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4-5
1. Туризм дамуының теориялық аспектілері.....................................................6-20
1.1 Туризм ұғымы және мәні................................................................................6-8
1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.....................................................8-17
1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.............................................17-20

2. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау................................................................................................................21-35
2.1.Елдегі туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.....................................................................................................21-22
2.2 Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары........................22-28
2.3. Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.................28-35

3. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.........................36-41
3.1.Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары...............................................................................................................36-38
3.2.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары....................38-41
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................43

Работа состоит из  1 файл

Туризм даму.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі тенденция байқалды – демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді саяхаттардың артуы. Туристік сапарларұзақтығы жағынан азайғанмен, жиілігі артты. Шетел әдебиеттерінде бұл құбылыс “аралықты саяхат” (“путешествия с интервалами”)  деген атауға ие болды. Жылдағы бір ұзақ саяхат орнына, көптеген адамдар бірнеше рет қысқа мерзімді (жаз айында – екі апталық теңіз жағалауына саяхат; қыс айында – бір апталық тау шаңғылы саяхат; демалыс және мерекелердегі отбасылық сапарлар) саяхатты таңдайды. Бұндай саяхаттар туристердің белсенділігі мен қозғалысының (мобильділігінің) артуын көрсетеді. “Қысқа мерзімді” келушілер әдетте бір күнде, келген елді-мекенінде бір күн ғана болатындықтан, ұзақ мерзімді сапар шегуші туристерден гөрі көп шығындалады. Сонымен қатар “аралықты сапарлар” бір жыл аралығында болғандықтан, туризмның ең бір негізгі қиындықтарының бірі – сұраныстың маусымдық өзгерісін жеңілдетуге көмектеседі.

“Аралықты сапарлар” үшінші мыңжылдықтағы туризм дамуын анықтайды. Бұндай қортындыны “Ховат УК” ағылшын консалтингтық фирмасы жасады. Олар Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) тапсырмасы бойынша туристік шығынның  70% келетін келетін әлемдегі 18 елдің демалыс уақыты динамикасының зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде, XXI ғасырдағы туристік сапарлар ұзақтығы 3-4 күнге дейін қысқарады, бірақ демалысқа деген үзіліс және адамның өмірлік күшін қалпына келтіруге құштарлық артады деген болжам жасады.

Әлеуметтік факторлар қатарына, сонымен қатар білім деңгейінің, мәдениет, халықтың эстетикалық қажеттіліктерінің артуы жатады. Зерттеулерге жүгінсек, адамдардың білім деңгейі мен саяхатқа деген икемділігі арасында тәуелділік бар. Бұл мәдениет және білім деңгейі жоғары адам өзінің бос уақытын туризм көмегімен қоршаған ортаны тануға, басқа елдер мен халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы, фольклоры және өнерімен танысуға рациональды жұмсайды .

Соңғы уақытта, яғни XX ғасырдың соңғы онжылдығында экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерінен батыс Еуропа елдерінде қоғамдық сана елеулі өзгерістерге ұшырады: рухани құндылықтар  материалдық құндылықтардан маңыздырақ. Қазіргі таңда  адам материалдық игілікті тұтынудан бұрын, жақсы әсер, өмірден ләззаталуға талпынады. Осыдан шығар қортынды, қоғамның тұтынушылық құрылымында туризмның орны және рөлі өзгерді.

Туристердің қажеттіліктері де өзгерді: төменгіден-жоғарыға, жұмысқа қабілеттілікті арттырудан – адамның өзінің жекелей қабілеттерін жүзеге асыру және интеллектуалды сұранысын қанағаттандыру.

“Үш S” (Sea – Sun - Sand; теңіз-күннің көзі-жағажай) қағидасы бойынша пассивті демалыс орнын “Үш L” формулалы (Lore - Landscape – Leisure; ұлттық дәстүрлер - пейзаж – бос уақыт) демалыс түрі басты. Бұл қазіргі заман саяхатшысының жаңа құндылықтарына сай келеді және өз орнын осы мезеттегі туризм дамуынан тапты.Туристік сұраныс  көпшілікті және әлеуметтік категория. Ол көптеген оң не теріс нәтиже беретін факторлар әсеріне тәуелді болып келеді. Ең маңыздыларының қатарына жалпы экономикалық факторлар жатады:

-тұтынушының материалдық әл-ауқаты;

-жұмыспен қамтылған халықтың еңбек және бос уақытының қатынасы.

әлеуметтік-демографиялық  факторлар:

-жасы;

-жынысы;

-кәсібі;

-білімі;

-әлеуметтік тобы;

-жанұялық жағдай;

-мүліктік жағдайы;

-жанұя құрамы;

-тұратын аймағы;

-қала/ауылды мекен;

-кәсібі.

Әр оқулықта туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік және экономикалық факторларды әр түрлі қасиеттерімен сипаттайды. Көбінде оларды топтастыра қарастырады, мысалы. әлеуметтік-демографиялық және қаржылы-экономикалық . Әлеуметті-демографиялық факторларды тұрғылықты халықтың жасы, бос болу деңгейі, жеке басты адамдардың болуы , баласыз отбасылар, неке қиюдағы жастық тенденция, зейнетақы жасы, білім, мәдениет деңгейі, тұрғындардың эстетикалық талғамы, қоғамдағы материалдық және рухани қажеттіліктердің қатынасы, урбанизация және тағы да басқа көрсеткіштер құрайды. Бұл көрсеткіштер туризм үшін зор ықпал иесі.

Қаржылы-экономикалық факторларға мыналарды жатқызады: елдегі, мемлекеттегі экономикалық жағдай, қаржылық тепе-теңдік, тұрғындардың табыс деңгейі, қоғамның туристік шығынға жұмсауға бөлінген қаржы үлесі, тауар бағасы.

Тұрғындардың табыс деңгейі немесе қоғамдық байлықтың өсуі. Соғыстан кейінгі жылдары дамыған елдерде жан басына шаққандағы табыс артты: мысалы, ФГМ –де 4500 маркадан 1950 жылы, 19500 маркаға 1987жылы өзгерді. Осы кезде тамақтану мен байлық заттарына шығын азайып, туризмға шығын үлесі артты.

Жұмыс уақытының қысқаруы. Көп елдерде кәсіпорындардағы жұмыс уақыты 2350 сағаттан 1950жылы, 1716 сағатқа дейін 1987 жылы қысқарды. Орташа статистикалық демалыс бұл кезеңде 12 күннен 31 күнге өсті. Сонымен қатар еңбек интенсивтілігі артты, бұл стресстық жағдайларға және адам организмінің демалысқа қажеттілігінің артуына әкелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау.

2.1. Қазақстан Республикасында туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.

Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.

Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.

ДТҰ – ның ұсынымдарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қазіргі тәжірибенің негізінде, қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм Ұзиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.

Көрсетілген басымдықтарға сәйкес бірінші кезекте игерілетін мынадай аудандар мен тірек орталықтары анықталды:

1.Іле (Алматы қ., Түрген с., Есік қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с., Қапшағай қ.).

2.Солтүстік Тянь-Шань (Кеген с., Нарынқол с., Жалаңаш с., Шонжы с., Көлжат с.).

3.Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ., Көктал с., Басши с., Текелі қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты).

4.Балқаш (Балқаш көлі, Балқаш өңірі с.).

5.Солтүстік Жоңғар (Достық с.,Алакөл көлінің маңы, Лепсі с., Лепсі өзенінің маңы, Жарбұлақ с., Көктұма с., Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты)

6.Жамбыл (Тараз қ., Мерке с., Мойынқұм ауданы)

7.Түркістан (Түркістан қ., Тұрбат с., Отырар с., Шәуілдір с., Баба-ата с., Кентау қ., Шаян с.).

8.Сайрам-Шымкент (Шымкент қ., Сайрам с., Арыс қ., Шардара қ., Сарыағаш қ., Ленгер қ., Ванновка с.).

9.Жоғары Бұқтырма (Қатон-Қарағай с., Беріл с., Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлінің маңы).

10.Маңғыстау (Фетисово с., Ақтау қ., Ералиев-Құрық а.п.).

Бұдан басқа , басымдықты игеру объектілеріне жатқызуға болатын қазіргі және құрылу жоспарланған мемлекеттік ұлттық табиғат парктері (МҰТП): “Іле Алатауы” МҰТП, “Алтын Емел” МҰТП (Алматы облысы), “Ақсу-Жабағылы” МҰТП (Оңтүстік Қазақстан облысы), “Баянауыл” МҰТП (Павлодар), “Қарқаралы” МҰТП (Қарағанды облысы), Щучье-Бурабай курортты аймағы базасындағы “Бурабай” және “Көкшетау” МҰТП, “Қорғалжын” мемлекеттік табиғат паркі (Ақмола облысы) ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумағының игерілуі туризмді ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғары деңгейімен сипатталады.Орталық Азия аймағында туризмнің ерекшелігін ескеру қажет. Жібек жолы және оқиғалы туризм сегменттерінде шетелдік туристердің негізгі ағыны барлық көрсетілген аймақтың ішінде: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округі, Қырғызстан; Өзбекстан, Түркіменстанның шегіндегі ұдайы қозғалысына бағытталған.

Қазақстандық өнім орталық азия турөнімінің құрамында тиімді ұсынылса, жетістікке жетеді. Осыдан төмендегідей қортынды шығарамыз.

Біріншіден , турөнімнің институционалдық элементтері үкіметаралық деңгейде келісілуі  тиіс.

Екіншіден, біздің турөнім көршілеріміздің турөнімдерінен кем болмауы керек. Оның бірден бір шарты- баға мен сапаның қатынасында.

БУРАБАЙ-Дискета «Формат»!!!

 

2.2. Қазақстан Республикасында  туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары.

Қазақстанда туризм дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар оң ықпал етуі тиіс. Оны елдің экономикалық дамуына қарап айтуға болады.

Қазақстанның дербес елдер қатарына қосылып, көк байрағымызды желбіреткеніне  де бірталай уақыт болып қалды. Экономикамыздың өтпелі кезеңнен батыл қадамдармен шығып кетуінің бірден-бір амалы – туризм индустриясын құрып, дамыту қажеттігі туып отыр. Жалпы «туризм» ұғымын екі тұрғыдан, біріншіден, адамдардың дүниетанымын саяхат жасау арқылы кеңейту, екіншіден, экономиканың тиімді саласы тұрғысынан қарастыру керек. Дүние жүзі елдері тәжірибесіне жүгінсек, Малайзия 1996 жылы 8 миллион турист қабылдап, қыруар ақша пайда тапты. Азияның кішкентай Бахрейн, Кувейт секілді елдері туризмді экономиканың ажырамас бөлігі ретінде өрістету үстінде.

Қазақстанда туризм индустриясының өркендеуі шетел валютасының ағылуына, бюджеттің өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне, халықтың өмір деңгейі мен кірістің ұлғаюына әкеліп соқпақ.

Еліміздегі туризмның қазіргі халі мәз емес. Ескірген материалдық-техникалық база мен ыңғайластырылмаған көлік инфрақұрылымы халықаралық деңгейге жете қоймаған. Сол себептермен Қазақстан әзірше әлемдегі мемлекеттер арасында тартымды туристік аудандар қатарына қосылған жоқ. Бірақ қайталанбас, сұлу табиғат жағдайларына бай жеріміз дүйім дүние туристерін өзіне тартып, қомақты пайда түсіруі әбден мүмкін.

2004 жылғы және 2005 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалықдамуын қысқаша қортындылары мынадай.

Қазақстанда 2004 жылдың жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) көлемі жедел алынған деректер бойынша 5.542,5 млрд теңгені құрады. Оның нақты көлемінің өзгеру қарқыны 2003 жылмен салыстырғанда 109,4 % болды.

ЖІӨ-нің 9,4%-ға өсуі экономиканың барлық салаларындағы нақты көлемнің өсуіне байланысты болып отыр: өнеркәсіпте -10 ,ауыл шаруашылығында – 0,1 %, құрылыста – 11,2% , көлік және байланыста – 12,2%, саудада – 10,4% және басқа қызметтерде – 10,4%  құрады.

2004 жылы дефлятор- индекс жалпы экономика бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 109,9% құрады, соның ішінде тауарлар өндіруде – 116,2% , қызмет көрсетуде – 115,6% жетті.

2004 жылы ЖІӨ құрылымында тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің үлесі тиісінше 44,9% және 50,7% құрады. ЖІӨ құрылымында негізгі үлесті (31,1%) өнеркәсіп алады.

Сыртқы сауда айналымы. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы кеден статистикасының ұйымдаспаған сауда есебінсіз деректері бойынша  2004 жылы 32877,5 млн . АҚШ долларын құрады және өткен жылмен салыстырғанда 54%  –ға өсті, соның ішінде экспорт - 20096,2 млн. АҚШ  долларын құрап, 56 % –ға өсті.

Ағымдағы жылдың қаңтарында  ақылы қызмет көрсету саласының бағасы мен тарифтері 1%-ға , 2004 жылдың қаңтарында -0,2%-өға өсті. Жолаушылар көлігіндегі жол ақысы  2,3% –ға көтерілді (темір жол көлігінде-7,8% –ға, автомобиль көлігінде -1,1%-ға ,әуе көлігінде – 0,8% –ға). Тұрғын үй-коммуналдық саласында 2004 жылдың қаңтарында олардың 0,1  -ытөмендеуіне қарағанда, бағаның өсуі өткен айда 1 құрады (газбен жабдықтау-2, сумен жабдықтау және тұрғын үйді ұстау – 0,9-1 ). Сондай-ақ , халықтың табысы ең төмен топтарына арналған тұтыну бағаларының индексі 2004 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 100,9, табысы ең көп топтарына -100,7 құрады

Ағымдағы жылдың қаңтарында  экономиканың тұтыну секторында баға өсімінің қарқыны, дефляция байқалған өнеркәсіптегі олардың өзгерістерінен едәуір асып түсті.

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. 2004 жылы )алдын-ала деректер бойынша) республика эканомикасында 7,2 млн адам жұмыспен қамтылған болатын, бұл өткен жылғыдан  180,7 мың адамға немесе 2,6 %- ға өсті . Жұмыспен қамтылған халық санында еркектер 3,7 млн адамды (51.8%), әйелдер – 3,5 млн адамды (48,2%) құрады.

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында  соңғы жылдары жалданып жұмыс істеушілер басым болып отыр, 2004 жылы олардың саны 4,5 млн адамға жетті (барлық жұмыспен қамтылғандардың 62,2% ).

Жалдамалы қызметкерлердің басым бөлігі қалалық жұмыспен қамтылған (олардың жалпы санынан 68%). Ауылда жұмыспен қамтылғандардың арасында жартысынан көбі өз бетінше жұмыспен қамтылғандар құрайды - 55% (1,7 млн адам).

2004 жылықызмет көрсету саласында 3,7 млн адам жұмыс істеді (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 49,1 %), бұл өткен жылғыдан 181,3 мыңға көп, өнеркәсіпте – тиісінше 1,3 млн адам (17,5 %), 72 мың адамға. Ауыл және балық шаруашылығында  жұмыспен қамтылғандар – 2,3 млн адам (33,4 %), бұл 72,6 мың адамға аз.

Жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 2004 жылы 657,4 мың адамды құрады. Бір жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайыздық пункке  қысқарды және 8,4 % құрады. Жұмыссыздардың жалпы санынан қалалық жерде 415,9 мың адам тіркелген , онда  жұмыссыздық деңгейі 9,4 % құрады, ауылдық жерде – тиісінше 241,5 мың адам және 7,1 %.

Информация о работе Туризм даму