Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 16:11, курсовая работа
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың )
КІРІСПЕ....................................................................................................................4-5
1. Туризм дамуының теориялық аспектілері.....................................................6-20
1.1 Туризм ұғымы және мәні................................................................................6-8
1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.....................................................8-17
1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.............................................17-20
2. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау................................................................................................................21-35
2.1.Елдегі туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.....................................................................................................21-22
2.2 Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары........................22-28
2.3. Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.................28-35
3. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.........................36-41
3.1.Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары...............................................................................................................36-38
3.2.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары....................38-41
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................43
-Ғылыми негізделген өткізу әлеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;
-Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және бағалық тәсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;
-Ұлттық туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;
-Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.
Қазақстандық туризм болашағының әлеуеті өте зор, оған жету үшін елдің туристік ұсынысын, өнімін, бейнесін қалыптастыру керек. Себебі болашағы жарқын болу үшін, Қазақстан туристік бағыт ретінде әлемге әйгілі болуы керек.
Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан жайлы білетіндер шамалы.
Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді. Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмдідамытудың маңызы зор
Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ – ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.
Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару мен белсенді түрде тарату қажет.
Қазақстанға туристерді тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнама-баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB –сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.
Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріңе арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.
Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс – шаралар өткізу ықпал етеді.
Қазақстанның туритік беделін калыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.
Сондай-ак, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарда қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қоса берілген ақпараттық тоблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылу өз септігін тигізеді.
Елде халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, мемлеенттің туристік әлеуетінің әлемдік туристік рыноктағы тұсаукесерін өткізу жөніндегі жұмысты күшейту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы № 1604 қаулысымен бекітілген Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000 – 2003 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарына іске асыруды қамтиды.
Оған Қазақстанға туристер тарту жөніндегі көпжақты қызмет және халықаралық туристік рынок жүйесіндегі елді интеграциялау кіреді.
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.
Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты. Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа , баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды элемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ұғынуға көмектеседі.
БТҰ сарапшыларының болжамы бойынша, туризмның әлемдік индустриясы саяхаттар көлемі мен экскурсиялардың әрдайым арту кезеңіне енуде. Осымен қатар туристік өнімдерді қолданатын , ол жайлы жақсы хабардар тұтынушылыр көбеюде. Қазіргі заман туристері өз назарын ұсынылған туристік өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне аударады. Туристік өнімнің айтылған соңғы қасиеті өте өзекті, себебі туризм өте жақсы дамып , тіпті «ғарыштық турист» ұғымы пайда болғанмен де, әлемде әлі күнге дейін қарақшылық мәселесі бар. Бұған дәлел, 1999 жылы қарақшылардың 285 шабуылы тіркелді, бұл көрсеткіш 1998 жылдан (202 оқиға) 40 % және сегіз жыл бұрынғы көрсеткіштен үш есе артық (1991 жылы 107 оқиға). Әлемдік теңіз бюросының жыл сайын берілетін баяндамасында, ең қауіпті аймақ ретінде Оңтүстік-Батыс Азия, әсіресе Индонезия және Бангладеш бойындағы сулар аталады.
Сарапшылардың болашаққа болжамына келетін болсақ, атап өтетін мәселе, бұл әлемдік туристік нарықтың дамуы жаңа енгізілген ақпараттық технологиялармен анықталады.
Қорытынды
Осы күнге дейін елімізде туризм саласы әлі де болса әлсіз дамып отыр. Оған көптеген кедергіліер әсерін тигізіп отыр. Мысалы туристік индустриядағы менеджменттік қызметтің дұрыс жұмыс істемеуі, материалдық-техникалық базаның жетіспеуі, инфрақұрылымның төмен жағдайда болуы. Осының барлығы Республикамыздың басқа аймақтарына да әсерін тигізуде.
Сондықтан аймақтық бағдарламаны қайта қарастырып, оны жүзеге асыру, бағдарламада туристік өнімдердің ірі туристік жәрмеңкелерде қатысу арқылы әлемдік туристік нарықта жылжуын, кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуда мүмкіндік жасауды, туризм саласының дамуына әсер ететін экономикалық және құқықтық механизмді қамтамасыз ету қажет.
Шетел туристерін қызықтыру, оларға тиісті жағдай жасау, Оңтүстік Қазақстан
Облысында басқа елдерде кездеспейтін тарихи және мәдени ескрткіштердің бар екенін көз жеткізе көрсету, барынша өтімді насихаттау. Бұл үшін тарихи және мәдени ескерткіштер санатын басқа елдер келбетіне ұқсамайтын нағыз өнер туындыларына айналдыру қажет. Өнер мен табиғат үйлесімділігін сақтау, автобаңдар салу, туристік бизнесті әлемдік деңгейіне жеткізу керек. Ол үшін сауатты дайындық, оңтайлы ұйымдастыру шаралар қажет.
Осы ретте Қазақстан облысынтарында туристік бизнесінің өзіндік сын-сипаты, өзіндік ерекшілігі мынада болады деп ойлаймыз: тарихи және мәдени орындарды аралау, қажетті ақпараттарды алу, рухани нәр жинау сапары демалыс орындарында тынығу, сауықтыру мекемелерінде денсаулық түзеу шараларымен ұштастырыла жүргізлген жөн. Ол үшін облыстағы сауықтыру орындарының жұмысын халықаралық талаптарға сай жолға қойған абзал.
Туристік инфрақұрылым, оның менеджментін жақсарту саласына келімді-кетімді адамдарды сапалы азық-түлікпен, дәмдә тағаммен қамтамсыз етуде жатады. Кейінгі жылдары облыс экономикасның едәуір ілгерілеуі бұл мәелені де шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
1. Азар В.И. Экономика и организация туризма.- Москва., 2000г.- 298 с.
2. Адасбаева Е. По Шелковому пути // Понорама – 2005 г. - 7 декабрь.
3. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути.- Алматы: Ғылым, 2000.- 216 с.
4. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учебное пособие. – М.:Финансы и статистика. 2000-176с.
5. Биржаков М.Б. Введение в туризм.- Санкт-Петербург., 2001г.-356 с.
6. Васильева Н.А. Жемчужина на Шелковом пути.- Казахстанская правда, 2005-6 март.-5 с.
7. Годорова В.Е. Что нам мешает развивать туризм // Казахстанская правда – 2005 г. 13 май – 4 с. //
8. Дүйсен Г.М. «Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане».- Алматы., 2002 г.-245 с.
9. Имангали К. Казахстан делает предложение // Национальный бизнес – 2004-№6 - 70-74 с.
10. Ердавлетов С.Р. Основы географии туризма.- Алматы, 2000г. – 235 с.
11. Ердавлетов С.Р. Казахстан – Туристский ,.
12. Закон Республики Казахстан от 13 июня 2005 г. № 211-11 « О туристической деятельности в Республике Казахстан »
13. Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: Учебное пособие.- Москва: БГЭУ, 2000 г. – 239 с.
14. Кабушкин И.Н., Дурович А.П. Организация туризма: Учебное пособие – Мн.:Новое знание, 2005.
15. Квартальнов В.А. Туризм и отраслевые системы.- Москва, 2004 г. – 346