Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 16:11, курсовая работа
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың )
КІРІСПЕ....................................................................................................................4-5
1. Туризм дамуының теориялық аспектілері.....................................................6-20
1.1 Туризм ұғымы және мәні................................................................................6-8
1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.....................................................8-17
1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.............................................17-20
2. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау................................................................................................................21-35
2.1.Елдегі туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.....................................................................................................21-22
2.2 Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары........................22-28
2.3. Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.................28-35
3. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.........................36-41
3.1.Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары...............................................................................................................36-38
3.2.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары....................38-41
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................43
Еліміздегі туризм даму динамикасын қарастыруға 2001-2003 жылдар аралығын алайық. Келу, шығу және ішкі туризм мәліметтеріне жүгінсек, одан шығатын қортынды мынадай:
Өткен кезең ішінде туризмнің барлық типтері бойынша туристер санының өсуі байқалады, келуші туристердің саны 1,5 есе, шыққандар – 1,3 есе артты. Ішкі бағыттағы туристердің саны сондай-ақ 1,3 есе өсті және 89,3 мың адамды құрады.
| 2003 | 2002 | 2001 | |||
Қызмет көрсетілген экскурсанттар мен туристер | ||||||
адам | Жалпы көлемдегі үлес | адам | Жалпы көлемдегі үлес | адам | Жалпы көлемдегі үлес | |
Барлығы | 229014 | 100 | 171427 | 100 | 154502 | 100 |
Келу туризмі | 44990 | 19,7 | 29771 | 17,4 | 2507 | 1,6 |
ТМД | 2701 |
| 1209 |
| 792 |
|
ТМД-дан тыс | 42289 |
| 28562 |
| 1715 |
|
Шығу туризмі | 94692 | 41,3 | 74728 | 43,6 | 37942 | 24,6 |
ТМД | 10156 |
| 8376 |
| 4541 |
|
ТМД-дан | 84536 |
| 66352 |
| 33401 |
|
Ішкі туризм
| 89332 | 39,0 | 66928 | 39,0 | 114053 | 73,8 |
2003 жылы туристік рыногтың барлық ұйымдарының 94,5 % - астамы жеке меншік нысандағы кәсіпорындар үлесінде болды, 2002 жылы-96,5% ы. Басқа мемлекеттердің , олардың занды тұлғалары мен жеке азаматтарының меншігі , тиісінше, 5,1% - және 2,8% - ды, ал мемлекеттің – 0,4% - ды және 0,7% – ды құрады.
2003 жылы жеке меншік нысандағы туристік кәсіпорындар туристердің 97,6 – ына (223493 адамға) қызмет көрсеткен, ал одан түскен табыс 14,1 млн теңгені және 389,9 мың АҚШ долларын (республика бюджетіне туристік ұйымдар қызметінен түскен табыстың 97,5 –ын) құрады.
Туристік ағынның 2,1 – ы (4796 адам) және табыстың 2,5 – ы (43,3 млн теңге) басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен жеке азаматтарының меншігі болып табылатын туристік ұйымдардың үлесінде.
Мемлекеттік туристік ұйымдар туристер ағынның 0,3 – ына (725 адамға) қызмет көрсетті. Олардың қызметінен түскен табыс 0,4 млн теңгені құрады.
Туристік қызметте шағын кәсіпорындар 98,3 – ды құрады және 180,2 мың туристке қызмет көрсетті (2002 жылы 98 ), орта кәсіпорындар – 1,3 – ды құрады және 47,1 мың туристке қызмет көрсетті (2002 жылы – 1,5 ) және ірі кәсіпорындар 0,4 – ды құрады және 1,7 мың туристке қызмет көрсетті (2002 жылы – 0,5 ).
Мемлекет бюджетіне ең көп кіріс әкелген туристік фирмалар Астана және Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында орналасқан.
2003 жылы Қазақстанның 94,7 мың азаматы туристік жолдама сатып алды, 2002 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың саны 1,3 есе өсті (2002 жылы – 74,7 мың адам).
Шығу туризмі туристік фирмалардың негізгі табыс көзі болып табылады, оның үлесі 61,2 – ды құрады. 2003 жылы қазақстандық туристер шетелге шыққан туристердің жалпы санынан 41,3 – ды құрады, одан ТМД елдеріне – 10,7 , алыс шетелдерге – 89,3 . төменде 2003 жылы туризм түрлері бойынша туристік қызметтен түскен табыс диаграммасы кесте түрінде берілген
Әуе көлігі қызметін туристер – резиденттердің 61,7 – ы пайдаланады, 2002 жылмен салыстырғанда олардың саны 1,2 есе өсті, халықаралық автобусты туристердің 28,5 – ы (1,5 есе өсті), теміржол көлігін – 8,2 – ы (1,3 есе өсті), өзге де құрлық көліктерін – 1,6 – ы (туристер саны 1,3 есе азайды) пайдаланады.
Талдау кезеңі ішінде қазақстандық туристердің ТМД елдерінде тұру күндерінің орташа саны 4 күнді құрады. Біздің отандастар туристік фирмалар арқылы Қырғызстанға – 5192 адам (51,1 ), Ресейге – 2973 адам (29,3 ), Өзбекстанға – 979 адам (9,6 ) және басқа елдерге шыққан
2003 жылы ТМД –дан тыс елдерге барған қазақстандық туристер саны 84536 адамды құрады, олардың саны 2002 жылмен салыстырғанда 1,3 есе өсті.
Төменде ТМД елдеріне және ТМД –дан тыс елдерге шығатын туристер саны (адам) кесте түрінде берілген:
ТМД – дан тыс елдерде тұру күндерінің орташа саны 2-3 күнді құрады. Қытай - 30105 адам (35,6 ), Түркия – 21682 адам ( 25,6), Германия – 11736 адам (13,9), БАЭ – 5465 адам (6,5) және Литва – 2879 адам (3,4), бұрынғыша, туристер ең көп баратын елдер болып табылады, ал басқа елдердің алатын пайызы мардымсыз ғана.
Туристер – резиденттердің 42,8 –ы коммерциялық мақсатпен, 36,0 –ы демалу үшін, 9,8 – ы таныстары мен туыстарына бару үшін шетелге шығатын болса, басқа мақсатта шетелге шығатындардың пайызы мардымсыз ғана.
Келу туризмінің құрылымынан Қазақстанның туристік фирмалары қызметін әлемнің 70 астам елінің 44990 турист – резидент емесі пайдаланғандығын байқауға болады.
Келу туризмі бойынша деректерде көрсетілгендей, 94,0 - ды алыс шетелден келген туристер кұрады, 2003 жылы олардың саны 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті, ТМД елдерінен келетін туристер келетін туристер үлесің өсуі өткен кезеңмен салыстырганда 1,9% - ды құрады.
Төменде ТМД елдерінен және ТМД – дан тыс елдерден келген туристер санының диаграммасы берілген:
Туристтер - резидент еместердің басым бөлігі Германиядан – 21596 адам ( 51,1% ), Қытайдан - 3649 адам ( 8,6% ), АҚШ - тан - 2745 адам
( 6,5% ), Түркиядан - 1004 адам ( 2,4% ) және Ұлыбританиядан - 1837 адам ( 4,3% ) келген. ТМД елдері ішінен Ресей Федерациясынан келгендер басым ( 1824 адам ), бұл 67,5% - ды құрады.
Сапар мақсаты бойынша туристтер – резидент еместер 44,1 % - ы таныстары және кәсіби мақсатпен, 18,3% - ы демалу үшін келетіндігін көрсетті, ал өзге мақсатпен келушілердің пайызы мардымсыз ғана.
Туристтер – резидент еместердің жартысынан көбі әуе көлігін пайдаланады, оның үлесі 91,7% -ды құрады. Темір жол көлігін туристердің 4,7 % - ы, қалааралық автобустарды – 0,9 %- ы және өзге құрлық құралдарын - 2,7 % - ы пайдаланды.
ТМД – дан келген туристтер – резидент еместердің елде аялдау мерзімі қысқара түсті. Есепті кезең ішінде ТМД – дан келген туристердің біэдің елде тұру күндерінің орташа саны 2 күнді құрады, 2002 жылы – 3 күн болатын, ал ТМД – дан тыс елдерден келген туристердің болу мерзімі сол қалпында қалды ( 0,5 күн ).
2003 жала Қазақстан Републикасы бюджетіне келу туризмін ұйымдастыру жөніндегі туристік фирмалардың қызметінен табыс өткен кезеңмен салыстырғанда 1,3 есе өсті және 254,0 млн. теңгені құрады.
Қазіргі уақытта ішкі бағыттағы туристер санының өсу үрдісі байқалады. 2003 жылы Казақстан Республикасы бюджетіне ішкі туризмді ұйымдастыру жөніндегі туристік фирмалардың қызметінен түскен табыс 2002 жылмен салыстырғанда 2,3 пайыздық пунктке өсті және 412,3 млн. теңгені құрады.
2003 жылы республика аумағында 239 қоңак үй жұмыс істеді, олардың 84,5 % - ы жеке меншік нысанда, 8,4% - ы мемлекет иелігінде және 7,1 % - ы басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалпры мен жеке азаматтарының меншігінде.
Негізінде қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындары (69,0 % - ы ) шағын бизнес субъектілеріне жатады ( 2002 жылы олар 64,1 % - ды құрады), Қалғандары былайша бөлінді: 23,4% - ы - орта ( 26,1 ) және 7,6% - ы – ірі ( 9,7 % ).
Қонақ үйлердің бір жолғы сыйымдылығы 2003 жылы 22172 төсек – орынды құрады ( 2002 жылы - 19179 төсек- орын ): барлық нөмірлер саны – 11104 ( 2002 жылы – 9838 нөмір ), яғни бір нөмірдің орташа сыйымдыоығы - 2 адам.
Төмене 2002 – 2003 жылдардағы қонақ үйлер мен басқа тұру орындарын пайдаланудан түскен табыстар көрсетілген.
| Пайдаланудан түскен табыстар, млн теңге | |
| 2003 | 2002 |
Барлығы | 14540,1 | 11372,5 |
Мейрамханалары бар қонақүйлер | 12371,3 | 9578,8 |
Мейрамханалары жоқ қонақүйлер | 2006,1 | 1678,8 |
Жастар жатақханасы мен тау турбазалары | 64,9 | 44,4 |
Тұруға арналған автофургондар және автотіркемелер үшін тұрақтар көрсететін қызметті қоса кемпингтер, мотельдер | 3,0 | 0,8 |
Басқа да тұру орындары | 94,8 | 69,8 |
Республика бойынша 2003 жылы қонақ үй кешенін пайдаланудан түскен табыс 2002 жылмен салыстырғанда 1,3 өсті, бұл14540,1 млн теңгені құрады.
Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында қонақ үй кешендерін пайдаланудан ең көп табыс түсті және республика бюджетіне ең көп кіріс әкелді.
Туристер –резидент еместердің 26,5 % -ы санаты жоқ қонақ үйлерге тоқтағанды тәуір көреді, ал олардың 20,5 %– ы 3 жұлдызды қонақ үйлерде, 21 %–ы 5жұлдызды қонақ үйлерде орналасқан, ал қалған шамалы ғана пайызы басқа қонақ үйлерге тоқтаған. Туристер-резиденттердің 70% –ы санаты жоқ кен қонақ үйлерде, 15%-ы 3 жұлдызды қонақ үйлерде орналасқан, ал қалған шамалы ғана пайызы басқа қонақ үйлерге тоқтаған.
Қазақстан Республикасына шет ел азаматтарының келуі және Қазақстан азаматтарының шет елге шығуы.
| 1997 | 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 |
Келген резидент емес азаматтар | 284346 | 256752 | 393602 | 1682547 | 2692590 | 3677921 | 3236788 |
Туристік индустрия қызметін қолданған | 27683 | 34542 | 50154 | 23868 | 2507 | 29771 | 44990 |
Шетелге шыққан резиденттер | 419404 | 502358 | 398634 | 1246731 | 2293728 | 2274702 | 2374021 |
Туристік индустрия қызметін қолданған | 174071 | 145716 | 106078 | 67360 | 37942 | 74728 | 94692 |