Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат

Описание

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47

Работа состоит из  1 файл

Бағалы қағаздар нарығы курсавой.docx

— 146.56 Кб (Скачать документ)

         Бұл жарлық 1991 жылғы: «Бағалы қағаздар апналымы және қор биржасы туралы» Заңды және «Бағалы қағаздар туралы» Ережені жойды. 1994 жылдың алты айы бойы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құкықтык қамтамасыз етілмеген жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Бағалы қағаздар турал ы уақытша ереже» бекітілді. Ол Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылдың сәуіріне дейін пайдаланылды. 1995 жылдың қаңтарында Республика Президенті Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссиясының төрағасымен оның төрт мүшелерін бекітуі және осы мемлекеттік органның атқару комитетінің құрылуы бағалы қағаздар нарығын калыптастырудағы асулы кезең болды. Дәл осы уақыттан бастап Ұлттық комиссия өзіне бекітілген қызметтерді атқаруға кірісті.Сөйтіп, 1995 жылдың сәуірінен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында салтанатты жағдайда Орталық Азия қор биржасы ашылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.3.Бағалы қағаздар нарығын реттеу.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты - ішкі және сыртқы - реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлык қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады.

            Реттеудің түрлері:

       •    мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;

     •    нарықтың өзін-өзі реттеуі,  немесе  бағалы  қағаздар  нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі.   Жалпы   мемлекеттің   немесе   нарыктын   кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығынын кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;

  •    қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.

Таратып айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыкка кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

       - бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;

     •    осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;

   •    бағалы  кағаздар  нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл бағалы қағаздар нарыгына     қатысушыларға     лицензия     беру,     бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек крю немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с.с. жұмыстар.

   Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:

    •    несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;

    •    мемлекеттің салық саясаты;

   •    депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;

   •    қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазы-нашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді   бағалы   қағаздарды,   мемлекеттік   органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;

    •    мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы   мен   алтын   операцияларын,   экспорт   шараларын ынталандыру және с.с. жұмыстарды реттеу);

    •    мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с.) іс-шаралары.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-татиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте қүрылған бағалы қағаздар және кор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрактар Қаржы министрлігінде қаралады.Реттеуші   органдар   инвесторлардың   қаржьюын   қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. 

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы