Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат

Описание

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47

Работа состоит из  1 файл

Бағалы қағаздар нарығы курсавой.docx

— 146.56 Кб (Скачать документ)

•   белгіленген    мақсатқа    (негізінен    макроэкономикалық) жету үшін қаржы ресурстарын (мемлекеттік және жеке) шоғырландыру

•    нарыққа қатысушылар үшін «ойын тэртібін» белгілеу;

•    нарықтың    кәсіби    мамандары    мен    нарық    клиенттері үшін қаржылық тұрақтылық пен нарықтың қауіпсіздігін бақылау;

•  нарықтың жағдайы туралы ақпарат жүйесін  құру және оның инвесторлар үшін ашықтығын қамтамасыз ету;

•  инвесторларды   шығыннан   корғау   жүйесін   құру   және т.с.с.қызметтер.

Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор. Өзін-өзі реттеуде қоғамдық реттеу әдістері қолданылады. Ондай әдістерге бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби кызметтердің стандартын дайындау және оларды практикада жаппай қолдану, теріс ниетті жарнамаға рұхсат бермеу, инвесторлар мен эмитенттердің жақсы қылықтарын дэріптейтін қоғамдық пікір қалыптастыру әрекеттері жатады.Өзін-өзі реттеуші ұйымдар — ол бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының нарықтың кейбір іс-әрекетін реттеу мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциация немесе одақ түріндегі құрылымдар.Өзін-өзі реттеуші ұйымдар өз шығынын өзі өтейтін қағидамен қызмет көрсетеді. Оның қаржысы мүшелерінің төлеген жарнасынан, әртүрлі төлемдерден, мүліктерін пайдаланғаннан түскен түсімнен, көрсеткен ақпараттық, кеңес беру және басқа да қызметтерінен алған қаражаттарынан құрылады.  
 
 

                                    

III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының

                                  дамуы.

           3.1. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы.

Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.

     Экономикалық мәселелерге:

 •    нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;

 •    нарықты     дамытатын     бірыңғай     көзқарас     жүйесінің жоқтығы;

 •    заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

 •    салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

 •    бағалы    қағаздар    нарығының   материалдық-техникалық негізінің аздығы;

•    нарықтық  инфрақұрылымның  өсу  деңгейінің  төмендігі жатады.

Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы кағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.

 Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұхсат берген Оқу орталықтары дайындаған болатын. Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырды. Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі басқарушысы болып, ал  мүшелері жэне  хатшысы болып бағалы  қағаздар  нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кірген. Оқуды ойдағыдай бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алып, қызмет атқаруда.

 Әлемдік нарык тарихында бағалы қағаздар нарыгының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар:

   I. Банктік үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы    банктер    қаржы    қорларын    бөледі    (ол    Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.

  II.  Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар   нарығының   механизмі   арқылы   елдің   қаржы   қорын бөлумен  банк емес  мекемелер  шұғылданады  (мысалы,  АҚШ-та, ¥лыбританияда, Малайзияда, Пэкістанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол - банктен алған ақшаға қарағанда - «арзан» ақша.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы