Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.
Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47
3.2. Тиiстi бэнчмарканы белгiлеу және МБҚ нарығында нақты қисық кiрiстiлiктi құру
Айналыс мерзiмi неғұрлым ұзақ МБҚ-ны кезең-кезеңiмен енгiзудi жүзеге асыру ұйғарылады. Бұл ретте, қисық кiрiстiлiктi құру үшiн айналыс мерзiмi бар ай және одан асатын МБҚ шығаруды жүзеге асыру ұйғарылады.
4. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетiлдiру
Бағалы қағаздар нарығын дамытумен дамыған инфрақұрылымның болуы үлкен мәнге ие. Осыған байланысты бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын одан әрi дамыту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажет. Техникалық инфрақұрылымды жетiлдiруге ерекше көңiл бөлiнуi тиiс, атап айтқанда Алматы қаласы Өңiрлiк қаржы орталығының жұмыс iстеуiне байланысты Алматы қаласының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының сауда алаңында қаржы орталығының арнайы сауда алаңын ұйымдастыру қажет. Осыған байланысты өңiрлiк қаржы орталығы қызметiнiң ерекшелiгiне сәйкес ҚҚБ сауда жүйесiн бейiмдеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажет, атап айтқанда шетелдiк эмитенттердiң бағалы қағаздарын айналдыру, сондай-ақ сауда-саттыққа шетелдiк брокер дилерлердiң қатынауы "Т+3" орындау мерзiмi бар сауда жүйесiнде мәмiлелер жасау, сондай-ақ клирингтiк жүйелердi пайдалану мүмкiндiгiн қарауды талап етедi. Орталық депозитарий қызметiнде сондай-ақ оның бағдарламалық қамтамасыз етуiн ҚҚБ сауда жүйесiнiң мүмкiндiктерiне сәйкес келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажет.Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамытуда маңызды мәселе сондай-ақ бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алу, сондай-ақ олар бойынша жеке меншiк құқықтарының өтуiн есепке алу болып табылады, ол бағалы қағаздарға құқықтарды тiркеу процесiнде туындайтын тәуекелдердi азайтуға оң әсер ететiн болады және бағалы қағаздар меншiк иелерiнiң құрылымының айқындылық деңгейiн арттыруға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға ықпал ететiн болады.Бағалы қағаздардың әр түрлерi бойынша қаржы құралдарының әдiл (нарықтық) құнын анықтау әдiсiн iс жүзiнде пайдалану және қолдануды жетiлдiру.
5. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының қызметiн пруденциалдық реттеудi жетiлдiру, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу
Бағалы қағаздар нарығында тәуекелдердi басқару мәселелерiн жетiлдiру мақсатында тәуекелдi қадағалауға бағдарланған халықаралық пруденциалдық реттеу стандарттарына сәйкес бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының қызметiн пруденциалдық реттеудi жетiлдiру және оларда тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу ұйғарылады.Тәуекелдердi басқару жүйесiнiң негiзгi мақсаты қандай-да бiр тәуекелдердi қабылдау мүмкiндiгiн және оларды өлшеу мен басқару үшiн көзқарастарды белгiлеу болуға тиiс.
6. Өтiмдi бағалы қағаздар нарығын дамыту
Халықаралық тәжiрибе көрсетiп отырғандай қаржылық секторды дамыту деңгейi қор нарығының өтiмдiлiгi және өтiмдi қаржы құралдарының нарығын дамыту деңгейiне барабар. МБҚ нарығында нақты қисық кiрiстiлiктi құру өтiмдi қаржы құралдары нарығын дамытуға негiз болуы тиiс. Ағымдағы сәтте қолданыстағы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында қойылған өтiмдi қаржы құралдары ұғымын, олардың айналымы мен салық салу тәртiбiн анықтау жөнiндегi мәселе шешiлмегендiгiн атап өту қажет. Мүмкiн осы факт, сондай-ақ мәмiлелердiң үлкен көлемiн қолдауға дайын маркет-мейкерлердiң болмауы көбiне өтiмдi қаржы құралдары нарығының дамымағандығын түсiндiредi. Өтiмдi қаржы құралдары нарығын дамыту бойынша бiрiншi қадам Ұлттық Банктiң банкаралық валюта нарығында негiзгi маркет-мейкер ретiнде әрекет етуi болмақ, ол басқа нарық қатысушыларын ынталандыруы және неғұрлым өтiмдi құралдардың (опциондардың) туындауына ықпал етедi.
Қажеттi шаралар:
банкаралық валюта нарығында оларды бiр жылға дейiнгi мерзiммен одан әрi бүкiл қисық кiрiстiлiк бойынша белгiлеу перспективасымен 1 айға дейiнгi мерзiмi бар мерзiмдi келiсiм-шарттарды белгiлеудi жүзеге асыру.
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері
Қаржы нарығының жаһандануы кезінде бағалы қағаздар нарығы және оның дамуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қаржы институттар мен бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы болып табылатын мекемелердің дамуы бағалы қағаздар нарығының отандық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде танылады. Алайда, соған қарамастан отандық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жетіле дамымауы сипат алады.
Бағалы
қағаздар нарығы еліміздің егемендігімізді
алғаннан бастап қалыптасты. Бағалы қағаздар
нарығын дамытуда көптеген шет елдік
тәжірибелерді қолдануда. Бірақ, басқа
мемлекеттерге ұқсамайтын тәжірибеміздегі
кейбір жағдайлар ерекшелінеді. Мысалға,
«репо» операциясы осылардың қатарына
жатқызылады. «Репо» операциясы кезінде
клиент бағалы қағаздарды кепілге бере
отырып қысқа мерзімде несие алу
және қайта бағалы қағаздарды қайтып
алу мен несиені қайтару
«Репо»
операциясының қарқын-ды дамуы ең
алдымен отандық бағалы қағаздар
нарығындағы етімді активтердің
аз болуын куәландырады. Сондықтан
да биржа қатысушыларының негізгі
сауда айналыс объектісі
Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда, бағалы қағаздар нарығын бірқатар үлгілерге жіктейді. Көбінесе келесідей үлгілері кездеседі:
• банктік үлгі;
• банктік емес үлгі;
•
аралас үлгі.
Көрсеткіштері | Қаржы нарығының үлгілері | |
Қаржыландыру әдістері | Ағылшын-американдық үлгі негізінен облигацияларды шығару арқылы | Жапон-немістік үлгі негізінен банктік несиелер арқылы |
Коммерциялық
банктерге тәуелділігі
Банктік несиелердің сипаты |
Төмен Қысқа мерзімді |
Жоғары Орта-ұзақ мерзімді |
Капиталға банктік инвестициялардың әсері | Онша әсер етпейді | әсер етеді |
Негізгі акция ұстаушылары | Ірі меншік иеленушілердің болмауы | ТҰҚ, өндірістік корпорациялар |
Коммерциялық банктердің акциялармен сауда-саттық жүргізу | сирек | жиі |