Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.
Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47
1. Акциялар нарығын дамыту
Дүниежүзiлiк тәжiрибе куәландырып отырғандай үлестiк нарықты табысты дамыту үшiн қажеттi шарттар акционерлердiң құқықтарын қорғаудың мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз ету, қатаң есептiлiк стандарттарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың төменгi деңгейде болуы, акциялар нарығында жекелей инвесторлардың бұқаралығы болып табылады.Сондықтан акциялар нарығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының корпоративтiк заңнамасын жетiлдiру Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарын (ХҚЕС) енгiзу жолымен толық шамада ақпаратты ашу режимiн оңтайландыруға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүргiзу; қолданыстағы корпоративтiк заңнаманы құру, корпоративтiк басқару саласында заңнаманың сақталуын бақылау жүйесiн құру ұйғарылады.
2. Ұсынылатын қаржы құралдарының спектрiн кеңейту
Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi инвестициялау үшiн мүмкiндiктердi арттыру мақсатында ұсынылатын қаржы құралдарының спектрiн кеңейту болып табылады.
Осы мәселенi шешу үшiн мыналар басым бағыттар болады:
Деривативалардың белсендi нарығын құрудың маңызды буыны Қазақстанда ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мемлекеттiк бағалы қағаздардың өтiмдi нарығын қалыптастыру болып табылады.Осыған байланысты Үкiмет, Ұлттық Банк және Агенттiк мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясына және өтiмдi нарықты құруға көзқарастар әзiрлейтiн болады, ол нарық субъектiлерi үшiн қисық кiрiстiлiк индикаторларын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
3. Мемлекеттiк бағалы қағаздар (бұдан әрi - МБҚ) нарығын дамыту
3.1. Шығарылымдар стратегиясы және МБҚ борышын басқару
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес үкiметтiк қарыз алу саясаты кепiлдiк берiлген борышты ескере отырып, Ұлттық қор активтерiнiң нарықтық құнына қатысты үкiметтiк борыштың 50-70 пайыздық арақатынасына қол жеткiзуге бағдарланатын болады.
Бұл ретте, қаржы нарығын дамыту үшiн бюджеттiң қалыптасатын нақты атқарылуына қарамастан, МБҚ-ны бастапқыда жоспарланған көлем мен кесте бойынша тұрақты деңгейде шығару жүзеге асырылатын болады. МБҚ бойынша қисық кiрiстiлiктi құру жөнінде қойылған мiндеттi iске асыру мақсатында бағалы қағаздар нарығында МБҚ жасанды сұранысты азайту жөнiндегi iс-шаралар көздеу ұйғарылады. Бұдан басқа, мемлекеттiң қатысуы бар ұйымдардың да, жинақтаушы зейнетақы қорларын қоса алғанда өзге нарық қатысушыларының да МБҚ сатып алуы жөнiндегi мiндеттердi алып тастаған жөн. Бұл ретте көрсетiлген талаптарды алып тастау нарықта баламалы қаржы құралдарының пайда болуына қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы тиiс.Мемлекеттiк қаржыландыру стратегиясын анықтауға байланысты нарық отандық бағалы қағаздар нарығын дамытуды қолдау үшiн елеулi тiрек болып табылады. Мұндай стратегия жаңарған нарық қағидаттарын қатаң сақтауды қамтиды, бұл қол жетiмдiлiк пен айқындылық қағидаттары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн мiндеттемелердi тарту және қаржы нарығында қаражатты тарту жолымен басым инфрақұрылымдарды дамытуға белсендi инвестициялау.Мемлекет қол жетiмдiлiк пен айқындылық қағидаттары шеңберiнде борыштың құрылымы, инвестициялық жобаларға қажеттi қаржыландыру және нарық қатысушылар мен тұтастай алғанда қоғам үшiн борышты басқару стратегиялары туралы ақпараттың жоғары сапасын жетiлдiретiн және қамтамасыз ететiн болады.
Орта мерзiмдi кезеңде қаржы секторын дамыту мақсатында бағалы қағаздар нарығын дамытуға ықпал ететiн төрт iргелi салаға ерекше көңiл бөлетiн болады, олар мыналар:
1) инфрақұрылымның ақпараттық айқындылығы;
2) қаржы ұйымдарының берiктiгi мен сенiмдiлiгi;
3) зейнетақы қорларының инвестициялық портфелiн әртараптандыру және пайыздық ставкаларды ырықтандыру;
4) заңнамалық базаны жетiлдiру.
Бұдан басқа, айналыс мерзiмi неғұрлым ұзақ МБҚ-ны кезең-кезеңiмен енгiзу жүзеге асырылатын болады; сондай-ақ зейнетақы қорлары мен қор нарығына басқа қатысушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн борыштық құралдар нарығында баламалы құралдарды, әсiресе, инфрақұрылымдық облигацияларды дамыту жөнiнде шаралар қабылданады.