Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.
Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47
Бағалы қағаздар нарығының қай үлгіге жататыны қаржылық институттардың қайсысы басыңқы орнын алатынына байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы қай үлгіге жататыны бойынша пікір-талас бар. Отандық бағалы қағаздар нарығы аралас үлгі ретінде тұжырымдайтын экономистердің пікірінше, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары көбінесе банктік емес ұйымдар атқарады. Сондай-ақ, мемлекеттің бекіткен ережелерінде кейбір қызмет түрлерін тек қана банктік емес ұйымдар атқаруға құқықтары бар болғандықтан осы институттардың бағалы қағаздар нарығындағы орнын анықтайды. Алайда, бағалы қағаздар нарығын банктік үлгіге жатқызуға келесідей факторларды анықтауға бола-ды:
1)
«репо» операциясы биржалық
2)
көптеген брокерік ұйымдар
3) алғашқы дилерлер қызметін, яғни мемлекеттік бағалы қағаздарды алғашқы нарықта орналастыру қызметін, тек қана коммерциялық банктер атқара алады;
4)
бағалы қағаздар нарығының
Аталған факторлар бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктердің алатын орнына қатысты банктік үлгіге сай келетініне тұжырымдауға болады.
Еліміздегі әр жыл сайынға реформалардың негізгі мақсаттарының бірі отандық бағалы қағаздар нарығының үлгісін өзгерту болып табылады. Жалпы, қаржы нарығы-ның құрамдас бөлігі болып табылатын бағалы қағаздар нарығының рөлі мен орны әр елде өзгеше. Қаржы нарығының бағалы қағаздар нарығына қатысты келесідей үлгілерді сипаттауға болады: ағылшын-американдық және жапон-немістік үлгілер. Осы үлгілердің өзара айырмашылықтарын келесідей белгілерге байланысты ажыратуға болады. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамыту жағдайларын қолданса да, коммерциялық банктер отандық экономикада халық және кәсіпорындар салымдарын жинақтайтын институт ретінде орнын алады. Сондықтан да біздегі үлгі негізінен жапон-немістік үлгі ретінде танылады. Қазақстан Республикасы жапон-немістік үлгі ретінде тануы келесідей белгісіне қарай жатқызады:
•
ірі кәсіпорындардың сипат
• алдыңғы уақыттағы болған жекешелендірудің ерекшелігі;
• қаржылық-өнеркәсіптік топтардың болуы және оларға көптеген ірі кәсіпорындардың жатқызылуы (мұндағы кәсіпорындар коммерциялық банктердің акция ұстаушылары және сәйкесінше банктің клиенттері ретінде көрініс табады);
• шағын, орта кәсіпорындар қызметінің жабық мінезде болуы және т.б. белгілері.
Осыған қарамастан, мемлекет тарапынан ағылшан-американдық үлгіге көшу жағдайлары жасалуда. Мысал ретінде келесілерді атап өтуге болады:
• аймақтық қаржылық орталықты бекіту арқылы бағалы қағаздар нарығын белсендіру;
• облигацияны шығару бойынша преференциялық шарттар жасау;
• бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетілдіру.
Облигация нарығы банктік несиеге балама әдіс. Жыл сайын облигация нарығының дамуы бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша негізгі қадамдардың бірі. Бірақ, негізгі эмитенттердің қатарына коммерциялық банктер көрініс табады. Сондай-ақ, аймақтық қаржылық орталықтың белсенді қатысушыларының қатарына коммерциялық банктер басқа қаржылық мемекемелерден еш қалыспайды деп болжамдауға болады.
ҚР бағалы қағаздар нарығы үлгісін өзгерту мүмкін емес. Бірақ, ағылшын-американдық үлгісінің біздің мемлекетімізде қолдануға боларлық жағдайларды енгізуге болады. Ал, түбегейлі өзгерту мүмкін емес. Сондықтан да коммерциялық банктердің қаржы нарығының негізгі қатысушысы ретінде қалатынына еш күмән жоқ.
Жоғарыдағы
қарастырылған жағдайларға
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны
реттеу жолдары
2.1. Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері.
Қазіргі заңдар Республика Конституциясына негізделген. Олар мүлікке мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады. Заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын корғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27-де қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы кағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтың объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Оның 3 бөлімінің 2 бабында бағалы қағаздардын мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біреуге берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет Президенті бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негіздерін құрайтын заң күші бар жарлықтар шығарды:
1. 1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» № 2155 жарлықта «Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға құқылы және ол туралы жауапты» делінген.
2. 1995 жылдың 17 сәуіріндегі «Лицензиялау туралы» № Заң шығарудың келесі кезеңі Заң шығарудың келесі кезеңі 2200 жарлықта бағалы қағаз нарығындағы кәсіби қызметті және қор биржасының қызметін міндетті түрде лицензиялау керектігі көрсетілген.
3. 1995 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» № 2227 жарлықтың эрекеті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне, акционерлерді тіркеуді жүргізетін негізгі жағдайларға бағытталған. Атап өтетін басты жағдай, онда ¥лттық комиссияның статусы анықталған; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың жағдайы жэне бағалы кағаздармен жүргізілген мәмілені тіркеу тәртібі бекітілген; сонымен бірге кор биржасын құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже орын алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың құқығы бекітілген.
4. 1995 жылдың 24 сәуіріндегі «Салықтар және басқа бюджетке төленетін міндеттемелер туралы» № 223 5 жарлықтың біраз тармақтары бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан салық төлеу сұрақтарына арналған.
5. 1995 жылдың 2 мамырындағы «Шаруашылық серік-тестіктері туралы» № 2255 жарлықта шаруашылық субъектілерінің бизнес құрып, оның дамуы үшін акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып, ақша қаражатын тарту механизмінің кұқықтық мүмкіншілігі бекітілген. Акцияларды тек акционерлік қоғамдар шығарса, облигацияларды акционерлік қоғамдар жэне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер шығаруға кұқылы.
6. 1995 жылдың 31 тамызындағы «Қазақстан Республикасындагы банктер және банктік қызметпгер туралы» № 2444 жарлығы екінші деңгейдегі банктерге акция эмиссиялауға құқық берген. Банктік қызметтерге: заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемесін есептеу, бағалы қағаздарды сақтау, акциядан баска бағалы қағаздарды (облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер) эмиссиялау, лицензиясы болған жағдайда бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық операциялар жатады.