Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат

Описание

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47

Работа состоит из  1 файл

Бағалы қағаздар нарығы курсавой.docx

— 146.56 Кб (Скачать документ)

        Қорытынды

Жүргізілген зерттеулер келесі негізгі қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді:

 1. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығының түсініктерін нақтылау қажеттілігі туды. Оларға себеп ретінде мемлекеттің даму қарқынын анықтауда, қаржылық стратегия мен тактиканы белгілеуде бірқатар көрсеткіштердің даму серпініне тәуелділігін қарастыру болып табылады. Осы көрсеткіштердің бірі – бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Сондай-ақ, республикамыздың бағалы қағаздар нарығы мәнінің ғылым бекіткен жіктелімге сай еместігін көрсетеді.

 2. Бағалы қағаздар нарығын талдау нәтижесінде келесідей қорытындыға келеміз. Қор нарығының құралдарының ішінен акциялар шығарылымы жоғары. Бірақ, акциялардың айналысы төмен. Екінші орында облигация шығарылымын жатқызамыз, бірақ эмитенттері ретінде негізінен екінші деңгейлі банктер болып табылады. Үшінші орында – пайлар. Акция мен облигациға қарағанда тәуекелділігі төмен болса да, оларға деген сұраныс төмен.

  3.Республикада бірқатар кәсіби қызмет түрлері қабылданған. Әйтсе де, кәсіби қатысушылар саны жағынан талдау жүргізу нәтижесінде, кейбір қатысушылар санының даму серпіні байқалмайды. Бұл осы кәсіби қызмет түріне деген қызығушылықтың және олардың қызметіне деген сұраныстың төмен болуы деп анықтаймыз.

  4. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты. Бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізу кезінде келесідей қағидаларға сүйенуін ұсынамыз.

- заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің басыңқы дәрежесіне сүйенуі;

- заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің бір-біріне үйлестіруі және бірігей бағыттарды ұстануы;

- бағалы қағаздар нарығындағы стратегия мен тактиканы анықтау кезінде нақты қажеттіліктерді және мүмкіндіктерді  ескеруі;

- бағалы қағаздар нарығының қатысушылар тізімін бекітуде, тек техникалық талаптарды ғана емес, сондай-ақ тиімділік факторын ескеруі.

5. Эмитенттер  бағалы қағаздарды шығару кезінде белгілі бір артықшылықтардың және кемшіліктердің болуын қарастырады. Алайда, келтірілген талдау нәтижесінде эмитенттердің бәсеңділігін көреміз. Осыған байланысты эмитенттерді ынталандыру факторларын анықтауға қажеттілігі бар. Оларға: рейтингтік шығындарды азайту, листингтік шығындарды азайту және өзара міндетті қатысушылар байланысының шығындарын қысқарту.

6. Эмитенттер  немесе инвесторлардың міндетті өзара байланысы бар қатысушылар санының көп болуы, осы негізгі қатысушылардың бағалы қағаздарды шығару немесе сатып алу ынтасын түсіреді. Осы орайда, бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу бойынша ұйыммен міндетті шартқа отырудан бас тартуды ұсынамыз. Бағалы қағаздар нарығының листингтік компаниялар ұйымдастырылған нарықта төмен белсенділігінің негізгі факторы ретінде – біз, қатысушылар санына байланысты қаржылық ресурстардың қымбаттығы, яғни бағалы қағаздар бойынша шығындардың жоғарлығын тұжырымдаймыз. Осыған сәйкес, бағалы қағаздар эмитенттері, әсіресе листингтік компаниялардың өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарыққа айналысқа енгізу мәселесі бойынша  ұсыныс қарастырамыз.

Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында, листингтік компания үшін жеңілдік ретінде – бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізуді өздеріне беру құқығын анықтаймыз. Сонымен қатар, инвесторлардың қызығушылықтарын қорғау мақсатында бағалы қағаз ұстау тізімін Орталық депозитариймен бірге жүргізуін қарастырамыз. Бұл фактор бағалы қағаздары ұйымдасқан нарықта айналысы жоқ эмитенттерге қарағанда бәсекелестік  артықшылық береді. Осы, қадамдарды жүзеге асыруда листингтік компаниялардың биржада немесе басқа сауда алаңдарында белсенділік танытады деп болжаймыз.

7. АҚ «Астана-Финанс» және  АҚ «NOMAD» акциялары бойынша әр түрлі деңгейдегі табыстылықты алу үшін ықтималдылықты бөлу нәтижесі келесідей қорытынды береді. Барлық деңгейдегі табыстылық ықтималдылығы нөлден (яғни осы деңгейге жету ықтималдылығы толығымен жоқ) бірлікке (табыстылық алуы) дейін сәйкес келеді. Талдау өзгерістіліктің акция табыстылығының мүмкін болатын мөлшерлеме диапазонымен және табыстылықтың алу ықтималдылығымен  байланыстылығын көрсетеді. Табыстылықтың мүмкін болатын көрсеткіштерінің арасындағы диапазон жоғары болған сайын, соғұрлым акция өзгерістілік көрсеткіші жоғары болады.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы