Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат

Описание

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47

Работа состоит из  1 файл

Бағалы қағаздар нарығы курсавой.docx

— 146.56 Кб (Скачать документ)

        7.  1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекеменшіктендіру туралы» №2721  жарлығы мемлекет меншігіндегі  акционерлік қоғамдардың   акциялары   жекеменшіктендіру   объектісі   екенін, акциялардың  мемлекеттік бумаларын жекеменшіктендіру  жағдайларын және тәртібін көрсеткен.

       8.    1998   жылдың    10   шілдедегі   «Акционерлік   қоғамдар туралы» № 281-1 Қазақстан Республикасының заңы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, оны құру, капиталдандыру, қайта кұру және тарату тәртібін; акционерлер мен үшінші тұлғалардың құқықтарын,  міндеттерін,  олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау   жағдайларын;    қоғамның   органдары    мен   лауазымды адамдарының өкілеттілігі мен жауапкершілігін айқындайды.

       9. Басқа да заңдар және нормативтік - құқықтық актілер. Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық Комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің жарлықтары жатады. Мыс, «Валютаны реттеу туралы» заң бойынша Ұлттық Комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалды.

 Жоғарыда айтылған құкықтық негіздерге сай брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумаларымен және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен жасасқан мәмілелерге қатысуда. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандану куәлігін алды. Алғашқы тіркеуші компаниялар пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығын дамыту барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою) кездесе бастады. Алайда, бұл кезде бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы кағаздар нарығының құкықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайтын еді. Нарықтық инфрақұрылымы да қалыптасу шағында болатын. Дегенмен айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикада пайда болған бағалы кағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіншілік туындады.Бұдан кейінгі жылдары нарықтың инфрақұрылымын жетілдіруге, нарық субъектілерінің қызметін реттеуге бағытталған жаңа заңнамалар кабылданып, бұрынғьшарға бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері.

   Кез-келген заңның  мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай  болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытулдың «кеңестік»  үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негізді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығару қажет етеді. Әлбетте мұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейіңгі Ресей империясы мен Кеңес мемлакетінің  жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және т.б.) тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге бейімдендіру.Бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналасы тиімді және мағыналы  болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып бет алған қоғамның объективті экономикалық талаптарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның  заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғанынан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің кауылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады.  Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне  ақшалы қарыз міндеттемелерінің  айналысы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі-бір ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен олардың меншігіне қатынасу құкығы кіреді. Бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік кұқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат багалы қағаздар деп аталады. Бірақ олардың кейбірі азаматтық- құқықтық қатынастармен расталғанымен бағалы қағаздар нарығына айналыскд түспейді. Мыс, Қазақстан заңдары бекіткен - ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауар нарығына айналысқа түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығы капитал нарығы мен ақша нарығынан құрылатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.

       Бағалы қағаздар туралы қазіргі Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті.

        1917 жылы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болғандықтан ХУШ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында азаматтық жэне сауда қатынастары орыстың саудалық-қүқықтық ережелерімен реттелді. Революциядан кейінгі Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдықтарында аталған катынастар РСФСР-дың азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде бағалы қағаздардың айналысына толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа байланысты шығарылған заңдар болды. Атап айтқанда, ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен қолданылды. Олармен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер жэне т.б. бағалы қағаздар қолданылды. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздардың өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни акциялар мен заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және кор биржалары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби делдалдары (дилерлер мен брокерлер) туралы құқықтық негіз болмады. Себебі делдалдар социализм және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді.

          1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясында да жеке меншік, еркін кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмагандықтан айналымға акциялар, облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және баска шаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылық серіктестіктерін кұру туралы құқық болған жоқ. Алайда, мемлекеттің «өз ішінде» айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар шығарылып, олар бағалы қағаздар деп аталды. Мем лекетке де облигация сатып, акша тарту, халыққа да облигацияны сатып ал ып, аз болса да не проценттік өсім, не ұтыс алу тиімд і болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздармен «ойын» ұйымдастыратын қызығушылық ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтың негізі - келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді. 

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы