Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.
Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47
Қаржы нарығының жаһандануы кезінде бағалы қағаздар нарығы және оның дамуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қаржы институттар мен бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы болып табылатын мекемелердің дамуы бағалы қағаздар нарығының отандық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде танылады. Алайда, соған қарамастан отандық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жетіле дамымауы сипат алады.Бағалы қағаздар нарығы еліміздің егемендігімізді алғаннан бастап қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығын дамытуда көптеген шет елдік тәжірибелерді қолдануда. Бірақ, басқа мемлекеттерге ұқсамайтын тәжірибеміздегі кейбір жағдайлар ерекшелінеді. Мысалға, «репо» операциясы осылардың қатарына жатқызылады. «Репо» операциясы кезінде клиент бағалы қағаздарды кепілге бере отырып қысқа мерзімде несие алу және қайта бағалы қағаздарды қайтып алу мен несиені қайтару мәмілесін білдіреді. Батыс тәжірибелерде «репо» операциясы бағалы қағаздар нарығының барлық мәміледен аз ғана үлесін алады. Ал, Қазақстан Республикасында бұл көрініс қарама-қайшы. 2006 жылы Қазақстан қор биржасында айналыстың 67,2%-ы «репо» операциясына тиесілі. Ал, 2005 жылы 75,6%-ын құрады. Салыстыру негізінде 2004 жылды алсақ, оның биржалық мәміледегі сипаты 71,4%-ын құрады. Әр жыл сайын бұл операцияның келемі негізгі операциялардың бірі ретінде сипат алады.
Бағалы қағаздар
нарығын
дамыту және
инвестициялау мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатында инвестициялаудың ұжымдық нысандары
арқылы
халықтың (кәсiби
емес инвесторлардың) ақшасын тарту тетiктерiн жетiлдiрудi
көздейтiн Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1385 қаулысымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
нарығын
дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Жаңа редакциядағы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңы мен "Акционерлiк қоғамдар
туралы" Қазақстан Республикасының 2003
жылғы
13 мамырдағы
Заңы қабылданды.
Нормативтiк құқықтық базаны қабылдау қаржы құралдарына инвестиция жасау
мүмкiндiктерiн
кеңейттi,
жаңа қаржы құралдары
пайда болды.Корпоративтiк бағалы қағаздар нарығындағы қолданыстағы шығарылымы бар акционерлiк қоғамдардың саны
2006 жылдың
1 қаңтарына
2 300 қоғамды құрады,
нарықта
62 делдал-дилер, 18 тiркеушi, 11 кастодиан
банк, зейнетақы активтерiне инвестициялық басқаруды
жүзеге
асыратын 10 ұйым, 28 инвестиция қоржынын
басқарушы
жұмыс
iстейдi. Тiркелген үлестiк инвестициялық қорлардың саны
2005 жылдың
1 қаңтарынан
бастап 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезеңде 2-ден
45-ке дейiн ұлғайды.
Бұл
ретте, қарастырылып
отырған
кезеңдегi үлестiк
инвестициялық қорлардың жиынтық активтері 32 есе ұлғайып, 12 311 млн. теңгенi құрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Система
государственного
2. Зейнетақы жүйесі: отандық және шетелдік тәжірибелер // ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми - сараптамалық журналы "Қоғам және Дәуір», -2006.- №2 (10). -25-28 бб., 0,5 б.т.
3. Қаржы саясатын жүргізу бағыттары және оны іске асырудың шетелдік тәжірибелері // ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми - сараптамалық журналы «Қоғам және Дәуір», -2006,- № 3 (11). - 23-26 бб., 0,5 б.т.
4. Отандық бағалы қағаздар нарығының өзекті сұрақтары: опцион және астық қолхаттары // Мемлекет және қоғам: өзара байланыстың жаңа аспектілері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Тұран Университеті, 2006. – 328-333 бб., 0,3 б.
5. Бағалы қағаздар нарығындағы сандық-сапалық көрсеткіштердің рөлі және олардың Қазақстан Республикасында сипаты // Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың мәселелері және келешегі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы: Халықаралық бизнес университеті, 2006. - 1 бөлім. -118-122 бб., 0,3 б.т.
6. Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдер. Мемлекет тарапынан бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдерді реттеу жолдары // Екінші Рысқұлов оқулары: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - Алматы: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, 2007. – 2 бөлім. - 266-267 бб., 0,25 б.т.
7. ҚР бағалы қағаздар нарығындағы пайлық инвестициялық қорлар және олардың қызметін мемлекеттік реттеу ерекшелігі // Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестік қабілеттілігінің жағдайы мен болашағы: өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі әдістемесі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы: Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2007. - 1 бөлім. - 331-334 бб., 0,3 б.т.
8. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері // АльПари экономикалық журналы, 2007, -№ 3-4. - 136-137 бб., 0,2 б.т.
9. "Қаржы,
ақша
айналысы және несие" оқу құралы (Р.О. Смағұлова, К.А. Мадыханова, Ж.Ш.Сатыбалдиева
авторларымен бірлесіп), Алматы: Экономика,
2008. 28,9 б.т. (өз үлесі 3,75 б.т.)
10. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу: қажеттілігі, алғышарттары және мәселелері // Қаржы-қаражат журналы, 2008, -№5. - 67-72 бб., 0,44 б.т.
11. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының үлгісі: теориясы және мемлекеттік реттеуді қолданудың тәжірибесі // ҚазЭУ Хабаршысы, 2008, -№5. - 72-76 бб., 0,44 б.т.
12. Бағалы қағаздар
нарығының халықаралық үлгілері
және Қазақстан
нарығында
мемлекеттік реттеуді жетілдірудің бағыттары
// Қазақстан
экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдетілген
жаңғырту
және
корпоративтік құрылымдардың дамуы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
Алматы: әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті,
2008. - 2 бөлім.
– 208-211 бб., 0,3 б.т.