Бағдарлама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 11:32, доклад

Описание

Бүл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаһандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.

Работа состоит из  1 файл

БАҒДАРЛАМА ИНФРА.docx

— 110.27 Кб (Скачать документ)

тексеріп-қарауды жүзеге асырушы адамдардың, сондай-ақ экипаж мүшелері мен авиациялық қызметтердің жекелеген мамандарының азаматтық авиацияның  қызметіне заңсыз араласу актілеріне қарсы әрекет-әдістерге арнайы оқытуды;   

Қазақстан Республикасында  ұшу қауіпсіздігін метеорологиялық  қамтамасыз ету саласында Халықаралық  азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) халықаралық стандарттарына өтуді  қамтиды.  

             

4.4.3.  Нормативтік     құқықтық     қамтамасыз     ету    және 

                   сертификаттау 

  

Азаматтық авиацияның қолданыстағы нормативтік құқықтық базасы, атап айтқанда, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік-техникалық актілер, алғашқы кезеңде ИКАО халықаралық  стандарттарына  және қажеттілігіне  қарай JАR талаптарына да сәйкес келтірілуге тиіс. 

Кеңестік өндірістің әуе кемелері санының көптігіне байланысты мұндай көшу азаматтық авиацияның түрлі субъектілері қызметін қамтитын әзірленген бағдарлама бойынша стандарттардың қолданыстағы жүйесінің сақталуы жағдайларында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуға тиіс. 

  

4.4.4. Әуе тасымалдарының  нарығын дамыту және реттеу 

  

Авиация нарығын  реттеу саласындағы мемлекеттік  саясат сапалы авиациялық қызметтерге  халық сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қабілетті қазақстандық бәсекеге қабілетті авиакомпанияларды  қалыптастыруға бағытталатын болады. Біртұтас саясатты, оның ішінде нормативтік-техникалық саясатты іске асыру арқылы авиатасымалдар нарығындағы бәсекелестікті дамыту және жекелеген тасымалдаушылардың мүдделеріне қолдау көрсетуге жол бермеу қамтамасыз етіледі. 

Азаматтық авиацияның нарық жағдайларында перспективалы  дамуын назарға ала отырып, оның шығынсыз деңгейге жетуіне қарай  барлық бағыттарда жолаушылардың авиатасымалдарын субсидиялау кезең-кезеңімен қысқартылатын болады. 

Тұрақты емес авиатасымалдарды, чартерлік рейстерді тиімдірек  пайдалану керек. 

  

            4.4.5. Аэронавигациялық кешенді дамыту 

  

Қазақстан Республикасында  аэронавигациялық жүйені дамытудың  басты мақсаты елдің аэронавигациялық кешенін ғарышта орналасатын  спутниктік навигация элементтерін пайдалануды көздейтін (CNS/АТМ) ИКАО әуе қозғалысын ұйымдастыру мүддесінде байланыстың, навигацияның, бақылаудың перспективалы жүйесін енгізуге дайындау болып табылады. Өз кезегінде бұл Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесінің кіші жүйелерін болашақ CNS/АТМ жүйесінің түптұрпаты  және оны енгізу үшін негіз болып табылатын бірыңғай кешенге біріктіруді талап етеді. 

Осы мақсатта Қазақстан  Республикасында CNS/ATM тұжырымдамасын енгізу тетігін әзірлеу және ұлттық аэронавигациялық жүйелердің бірыңғай техникалық сәулетін әзірлеу жөнінде шектес елдермен ынтымақтастықты жандандыру талап етіледі. 

Қазақстан Республикасының  аэронавигациялық жүйесін қазіргі  заманғы кешендермен жарақтандыруды ескере отырып, неғұрлым озық және перспективалы  технологияларды енгізу тәжірибесі негізінде аэронавигациялық инфрақұрылымды оңтайландыруды жалғастыру қажет. 

  

4.4.6. Транзиттік әлеуетті  пайдалану 

  

Көлік жүйесінің  ажырамас бөлігі болып табылатын   авиакөлік инфрақұрылымының транзиттік әлеуетін пайдалану тиімділігін  арттыру  көлікті дамыту саласындағы  мемлекеттік саясаттың маңызды  құрамдас бөлігін білдіреді. 

Авиакөлік инфрақұрылымының транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту міндеттері: 

аэронавигация саласындағы  транзиттік саясатты көрші мемлекеттермен келісу деңгейін арттыру; 

қазіргі заманғы  әуе кемелерін пайдалану және  Қазақстанның тораптық әуежайлары арқылы Еуропа және Азия елдерімен бағыттарды қолайлы түйістіруді ұйымдастыру негізінде Азия-Еуропа-Азия бағытында авиатасымалдардың транзиттік әлеуетін іске асыру; 

әуежай инфрақұрылымын жаңғырту және ауыр әуе кемелерін  қабылдау бойынша мүмкіндікті кеңейтуді  қоса алғанда, ірі әуежайларда қызмет көрсету;  

Қазақстанның транзиттік әлеуетінің пайдаланылу тиімділігін  арттыруға ықпал ететін халықаралық өңірлік жобаларды қолдау; 

аэронавигациялық  қызмет көрсету технологияларын  жетілдіруді қоса алғанда, аэронавигация жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкес келуі;  

транзиттік рейстерге  қызмет көрсету сапасын арттыру  үшін Қазақстан әуежайларының инфрақұрылымын дамыту: ірі тораптық әуежайлар метеоминимум бойынша ИКАО-ның екінші және үшінші санаттағы әуе кемелерін, ал қалған халықаралық мәртебесі бар әуежайларға  – ИКАО-ның бірінші санаты бойынша  қабылдауға рұқсат етілуге тиіс. 

  

4.4.7. Инновациялық  даму және кадр әлеуетін қалыптастыру 

  

Әуе көлігінде  қазіргі  заманғы технологияларды дамыту мен қолдану  негізінен  әуе  кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету, сондай-ақ жүктерді қабылдау мен өңдеу  әрі әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсету  саласында жүргізілетін болады. 

Қысқа мерзімді перспективада  әуе қозғалысын басқарудың  басты және өңірлік орталықтарын құра отырып, әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ӘҚБАЖ) дамыту аяқталуға тиіс. 

Аэронавигациялық  кешеннің мамандарын даярлауға деген  өскелең талаптарды қанағаттандыру үшін мыналарды көздейтін бағдарламалық  шаралар әзірленуге тиіс: 

қазіргі заманғы  компьютерлік технологияларды  және тренажерлерді пайдалана отырып, қазіргі диспетчерлік құрамның біліктілігін арттыру; 

Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің  аэронавигациялық қызметінің  диспетчерлік және инженер-техник құрамын даярлау үшін халықаралық  стандарттар бойынша сертификатталған,  біліктілікті арттырудың өңірлік орталығын  Қазақстан қалаларының бірінде құру; 

шетелде шығарылған жабдықтар мен техникаларды пайдалануда  жұмыс істейтін диспетчер және инженер-техник қызметкерлерді ағылшын тіліне жеделдете оқыту. 

Авиация техникасын батыста шығарылған әуе кемелері паркімен кеңейту мен жаңарту  мынадай шараларды іске асыруды  талап етеді: 

азаматтық авиацияның оқу орындары базасында батыста шығарылған әуе кемелерін ұшу және техникалық пайдалану саласындағы инженер-техник және ұшқыштар құрамын бастапқы даярлау мен қайта даярлау бағдарламасын әзірлеу; 

авиация техникасының жаңа үлгілерін және олардың технологиялық процестерін игеруге қарай профессор-оқытушы құрамын қайта даярлау және біліктілігін арттыру; 

ұшқыштар және инженер-техник құрамды бастапқы даярлаудың жаңа бағдарламалары бойынша оқу орындарын техникалық жарақтандыруға  жағдайлар жасау. 

  

            4.5. Су көлігінде 

  

4.5.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту 

  

Су көлігі саласындағы  инфрақұрылымдық саясаттың басым  бағыттары теңіз порттарын, теңіз  сауда флотын дамыту және ішкі су жолдарын кеме жүзе алатындай жағдайда ұстауды  қамтамасыз ету болып табылады, оған мыналар жатады:  

Жайық-Каспий арнасын пайдалану сипаттамаларын қолдау үшін онда жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізу; 

танкерлік, құрғақ жүк және көмекші кемелерді жасау және сатып алу арқылы ұлттық сауда флотын қалыптастыру; 

мемлекеттік техникалық өзен флотының  санын оңтайландыра және оның жай-күйін Қазақстанның  ішкі су жолдарын ұстау жөніндегі  жұмыстарды орындау үшін қажетті  деңгейге дейін жеткізе отырып, жыл  сайын жаңарту мен жаңғырту. 

2006-2010 жылдары:  

Каспий теңізінің  қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік  бағдарламасын және Қазақстанның мұнайлы  өңірлерін дамытудың басқа да бағдарламаларын іске асыруды ескере отырып, теңіз порттарының өндірістік және ауыстырып-тиеу қуаттарын жүктерді ауыстырып-тиеудің болжамды өсуін қамтамасыз ететін деңгейге дейін кеңейту; 

паромды және контейнерлік тасымалдарды қоса алғанда, сауда флотын қазіргі заманғы кемелермен одан әрі жарақтандыру және қызметтің жаңа түрлерін игеру; 

өңірлік дамуды ескере отырып, келешекте порт арқылы өтетін жүк ағынына сәйкес келетін деңгейге дейін жеткізумен Ақтау сағалық  портының өндірістік және ауыстырып-тиеу қуатын  қайта жаңарту;  

ішкі су жолдарындағы гидротехникалық құрылыстардың  өткізу қабілетін және технологиялық  параметрлерін өзен кемелерінің  навигациясы барысында  тәуекелдер мен кідірістер туындауын болдырмайтын деңгейге дейін жеткізе отырып, оларды қайта жаңарту және жаңғырту жоспарлануда. 

2011-2015 жылдары Каспий  теңізінің қазақстандық секторында, сондай-ақ Ертіс өзенінің алабында  жұмыс істейтін кемелер санының  көбеюін назарға ала отырып жаңа кеме жасау базалары салынатын және болжамды сұраныс ескеріле отырып, кеме жөндеу зауыттары жаңартылатын  болады. 

Ішкі су көлігін  одан әрі дамыту мақсатында жолаушы және жүк тасымалдарының ұлғаятынын, оның ішінде трансшекаралық мемлекеттермен ұлғаятынын ескере отырып жаңа кеме қатынасы бағыттарын ашу жоспарлануда. 

Сонымен бірге  коммерциялық функциялар стивидорлық компанияларға  берілетін, ал порт әкімшілігінде бақылау-реттеу функциялары қалатын порттарды  басқарудың моделі әзірленетін және кезең-кезеңімен енгізілетін болады. 

Мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестігін жүзеге асыру кезінде оның ашық болуы және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келуі қажет. Ішінара мемлекеттік қаржыландыруды талап ететін жобалар мерзімі белгіленбеген жеке меншік  шартында әзірленбейтін болады. Басқа компанияларға кемсітпеушілік негізінде инфрақұрылымға қол жеткізуді мүмкін болған кезде жеке меншік компанияларға ұзақ мерзімді концессия ұсынылатын болады.  

Теңіз порттарының  инфрақұрылымын қаржыландыру пайдаланушылардан  алынатын алымдар есебінен шығындарды өтей отырып, коммерциялық негізде  жүргізілуге тиіс. 

  

4.5.2. Транзиттік әлеуетті  пайдалану 

  

Қазақстан арқылы өтетін судағы транзиттік бағыттардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін транзиттік әлеуеттің пайдаланылуына және мультимодальдық  тасымалдарды дамытуға кедергі жасайтын табиғи және әкімшілік кедергілердің  туындауын болдырмау жөнінде  тиісті шаралар қабылдануы қажет.  

Транзиттік бағыттағы  тарифтер жүк ағынына қызмет етуге  арналған шығындарды толық өтеу шартымен басқа бағыттардағы тарифтермен  бесекеге қабілетті болуға тиіс. 

Шекара бекеттеріндегі кеден және көшіп келу рәсімдері стандартты құжаттаманың жалпы көлемін қысқарту және қабылдау, деректерді электрондық өңдеу жүйесін енгізу және тәулік бойғы жұмыс кестесін жүргізу арқылы  оңайлатылуға тиіс. 

Ішкі су көлігінің  перспективалы транзиттік бағыттары ретінде:  

Ертіс өзенінде Қытай  – Қазақстан – Ресей транзиттік бағытын ұйымдастыру; 

Қазақстанның Каспий маңы өңірлерінің өзен көлігін Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транзиттік бағытының жұмысына қосу. 

  

4.5.3. Инновациялық  даму және кадр әлеуетін қалыптастыру 

  

Экономиканың өсуіне қарай су арқылы тасымалданатын тауарлардың  орташа құны контейнерлеудің өсуіне және автомобиль паромдарын пайдалануға байланысты артатын болады. Шикізатты тереңдете қайта өңдеу экспорттық өнім бірлігінің құнын арттырады және порт қызметтері мен тасымалдау жөніндегі қызметтердің түрлерін кеңейту қажеттілігін туындатады.  

Су көлігі мамандарын даярлау және қайта даярлауға  арналған оқу орындары  курстарды  кеңейту мен жаңартуды талап  етеді. Бұл секторда тиісті персоналдың жетіспеуіне қарай осы бағыттағы жұмыс  Ресей теңіз училищелерімен, сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындары құрған оқу орындарымен ынтымақтастықта жүргізілуге тиіс.  

Қазақстанның  Каспий өңірінде жүзу құрамы мен тиісті персонал үшін  оқу орталығын құруға мүмкіндігінше  барлық күш-жігерді жұмсаған жөн. 

Жүзу құрамы, порт персоналы және теңіз құрал-жабдығын орнатумен және жөндеумен айналысатын персоналға арналған оқыту бағдарламасын кеңейту қажет. Осы бағдарлама шеңберінде су көлігін пайдалануға байланысты тәуекелдер және таңдаулы халықаралық практикаға негізделуге тиіс, денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережені сақтаудың маңыздылығы қаралуға тиіс.  

Информация о работе Бағдарлама