Бағдарлама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 11:32, доклад

Описание

Бүл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаһандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.

Работа состоит из  1 файл

БАҒДАРЛАМА ИНФРА.docx

— 110.27 Кб (Скачать документ)

  

5. СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ  АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ  МЕН ТЕТІКТЕРІ 

  

Стратегияны іске асыру  екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. 

  

I  кезең: 2006-2010 жылдар.  

Сипаты: көлік секторына  инвестицияларды тарту; мемлекет көлік  кешеніне ресурстарды белсенді түрде  салады; нормативтік құқықтық базаны дайындау; көлік салаларын реформалауды аяқтау және ынталандыратын ахуал жасау  халықаралық стандарттарды енгізу және халықаралық көлік ортасына кірігу.  

II  кезең: 2011-2015 жылдар. 

Сипаты: мемлекет көлік нарығының отандық субъектілерін белсенді қолдайды; субъектілердің көпшілігі мемлекеттік те, жекеменшік те, көлік нарығының дербес қатысушыларына айналады;  Қазақстан Республикасы көлік кешені операторларының қызметі халықаралық стандарттарға сай келеді және ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да кеңінен ұсынылады; экономика мен халық тарапынан көлік қызметіне сұраныстың өзгеруіне барабар ден қоюға  қабілетті көлік жүйесін қалыптастыруды аяқтау және оны сапалы, қолжетімді және қауіпсіз көлікпен қанағаттандыру; транзиттік тасымалдар көлемінің қарқынды өсуі; көлік инфрақұрылымы  қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келеді. 

  

5.1. I  кезең: 2006-2010 жылдар  

  

Қазақстанның көлік  саласындағы халықаралық шарттарға  қосылуы және көлік заңнамасын үйлестіру, екіжақты халықаралық шарттар жасасу және ғаламдық және өңірлік кірігу қағидаттарын іске асыру жөніндегі жұмыс жандандырылуға тиіс. 

Көлік саласындағы  қолданыстағы заңнамаға талдау жасау, қазіргі нормативтік-құқықтық базаны өңдеу және оңтайландыру әрі код қою үшін жағдайлар жасау қажет. 

Транзиттік әлеуетті пайдалану тиімділігін арттыру  үшін халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруда заңнамалық, рәсімдік, технологиялық және техникалық сипаттағы қазіргі бар кедергілер егжей-тегжейлі зерделенуге және жойылуға тиіс. 

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік шекарасынан өту  кезеңінде бақылау рәсімдерін жетілдіру және барлық шекара өткелдерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін құру қажет. 

Жылжымалы құрам  паркін жаңарту процесін ынталандыру  және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекет қолайлы жағдайлар жасайтын болады. 

Көлік кешенінің  барлық секторларының үйлесімді  және үйлестірілген дамуын, оның жекелеген секторларының басқарылуын арттыру, сондай-ақ қаржы және материалдық ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз ету көлікте: 

біртұтас және жалпы  қолжетімді  ақпараттық кеңістік құруды; 

қызметтің барлық түрлері  бойынша бірыңғай көлік дерекқорын қалыптастыруды; 

өңірлік республикалық  және халықаралық деңгейлерде жолаушы  және жүк ағыны жөнінде болжамдар, сондай-ақ көлік кешенін және оның жекелеген элементтерін дамытудың перспективалық жоспарларын жасауды; 

көлік-экспедиция бекеттерінде логистика орталықтарын құруды; 

басқару процестерінің, өзіндік құн және тарифтерді есептеудің, технологиялық және техникалық нормалаудың автоматтандырылған есептері жүйелерін әзірлеу мен енгізуді көздейтін кешенді ақпараттандыруды көздейді. 

Телекоммуникация  мен байланыстың қазіргі заманғы  жүйелерін енгізу негізінде көліктегі басқару мен бақылаудың қолданыстағы жүйесін жаңарту. 

Стратегияны іске асырудың бірінші кезеңі ішінде көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы мемлекеттік басымдықтардың мынадай бағыттары болады. 

 

5.1.1. Темір жол көлігі саласында: 

  

халықаралық көлік дәліздері жүйесіне енетін инфрақұрылым объектілерінің техникалық жай-күйін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру; 

жүктолымды темір жол учаскелерін электрлендіру; 

жүктолымды темір жол учаскелерін оңалту; 

локомотивтер мен  вагондарды күрделі жөндеуді орындау, темір жол көлігінің мұқтаждары үшін қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен материалдар өндірісін дамыту; 

Солтүстік-Оңтүстік (Ресей – Орталық Азия) және Шығыс-Батыс (Оңтүстік Шығыс Азия – Қытай – Еуропа) бағыттарында темір жол көлік желісін өңірлік дамыту, сондай-ақ ішкі темір жол дәліздерін оңтайландыру және дамыту; 

Қазақстан Республикасының  пайдалы қазбалы кен орындарына баратын темір жолдарды дамыту; 

халықаралық көлік  дәліздері бойынша тұрақты контейнер  поездарын ұйымдастыруға жәрдемдесу; 

байланыс және коммуникация кешенін дамыту, деректерді берудің  талшықты-оптикалық желісін құру, поездар қозғалысын басқару орталықтарын компьютерлендіру, есеп пен құжат айналымын жүргізудің электрондық нысанына көшу; 

тасымалдарды басқару, процестерді ақпараттандыру мен автоматтандыру жүйелерін жетілдіру; 

басым бағыттар бойынша  халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заманғы жоғары технологиялық көлік-логистика орталықтарын құру; 

Достық станциясында және Ақтоғай-Достық теміржол учаскесінде  халықаралық шекаралық өткелді  одан әрі дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру; 

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік шекарасынан жүктер мен жолаушылары көлікті өткізу кезінде қажетті рәсімдерді барынша жылдам орындалуын қамтамасыз ететін жаңа көлік және кеден технологияларын енгізу; 

кеден заңнамасын және  шекаралық өткелдер арқылы транзиттік жүктерді өткізу  технологиясын  жетілдіру жолымен жүктердің  қозғалысы кезіндегі кедергілерді жою; 

ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу; 

темір жол көлігінде сапа менеджменті жүйесін енгізу; 

темір жол көлігінде лицензиялау, стандарттау және сертификаттау жүйесінің жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру; 

контрейлерлік тасымалдарды дамыту; 

жылжымалы құрамды  жаңарту. 

  

  

5.1.2. Автомобиль және  қалалық жолаушылар көлігі саласында: 

  

халықаралық және республикалық  маңызы бар автомобиль жолдарының басым  учаскелерін, сондай-ақ аудан орталықтарының облыс орталықтары мен республикалық  маңызы бар жолдармен көлік байланысын қамтамасыз ететін жергілікті маңызы бар (облыстық және аудандық) жолдар учаскелерін  және қосымша инженерлік құрылыстардың  техникалық жай-күйін қозғалыс қарқынының өсу перспективасын ескере отырып, нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келтіру. Автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерін және олардағы құрылыстарды бірінші техникалық санатқа9 дейін жеткізе отырып, қайта жаңарту; 

 республикалық  маңызы бар қалалардың, облыс  және аудан орталықтарының көше-жол  желісін кеңістікте ұйымдастыру мен техникалық жай-күйін қауіпсіз және жайлы жүріп өтуді қамтамасыз ету үшін, зиянды қалдықтарды азайту, қайта жоспарлау, кеңейту, қайта жаңарту мен күрделі жөндеу жүргізу үшін, сондай-ақ  жаңа көшелер мен инженерлік құрылыстарды салу,  жылдам автоматты өлшеу және автомобильдердің нөмірлік белгілерін тану жүйесін қоса алғанда, көше қозғалысын қазіргі заманғы басқару жүйелерімен жарақтандыру  үшін қолданыстағы нормативтік және техникалық талаптарға сәйкес келтіру; 

аялдау пункттерін, автостанциялар, автовокзалдар мен  қалалық көлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін салу және қайта жаңғырту; 

қалалардың және басқа да елді мекендердің маңындағы  кірме және айналма жолдарды салу және қайта жаңғырту; 

халықаралық, республикалық  және жергілікті маңызы бар ортақ  пайдаланудағы жолдар желісін мұндай жолдардың жай-күйінің олардың  мақсатты пайдаланылуына сай келуіне  кепілдік  беретін және Қазақстан  Республикасында пайдалануға рұқсат етілген кез келген автокөліктің жыл бойы қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз ететін деңгейде ұстап тұруды (пайдалануды) қамтамасыз ету; 

жол бойы сервисі  объектілерін салуды және қайта жаңғыртуды қоса алғанда, алыс жолға шыққан көлік  құралдары үшін күзетілетін тұрақ  бекеттерін, жедел байланыс бекеттерін, шұғыл техникалық және медициналық  көмек бекеттерін салуды қоса алғанда, жол бойы инфрақұрылымын дамыту; 

жол жұмыстарының сапасына және нормативтердің, жөндеуаралық мерзімдердің сақталуына қойылатын талаптарды арттыру, сондай-ақ жол жұмыстарының сапасын  бақылауды жүргізуді ұйымдастыру; 

транзиттік қозғалысты қоса алғанда, автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемдердің мөлшерлерін мемлекеттің жолдарды салуға, жөндеуге және ұстауға жұмсайтын  шығындарының толық жабылуын қамтамасыз ететін деңгейге дейін кезең-кезеңімен оңтайландыру; 

шекара маңындағы  өткелдерде және ел аумағы бойынша  автокөлік құралдарының салмақ және көлем параметрлерін бақылаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету; 

орталық органдар мен  жергілікті биліктің атқарушы органдары  арасындағы үйлестіруді қамтамасыз ету; 

 тасымалдаушылар  мен мемлекеттің байланысын нығайтуға  мүмкіндік беретін тасымалдаушылардың  қоғамдық ұйымдарын республикалық  деңгейде біріктіру;  

лицензиялау, сертификаттау  және стандарттау жүйелерінің толыққанды жұмыс істеуі; 

жолаушы және жүк тасымалдарында автокөлік жұмысының жедел есепке алу жүйесін қалпына келтіру; 

қалалық қоғамдық, қала маңы және қалааралық автомобиль жолаушы  көлігінің жылжымалы құрамының  сандық және сапалық жай-күйін осындай  тасымалдарға қажеттілікті, сондай-ақ жолаушылар мен жол жүгінің қауіпсіз және жайлы жеткізілуін қамтамасыз ететін деңгейге дейін жеткізу; 

қала жолаушы көлігін диспетчерлік сүйемелдеудің және жолаушыларға электрондық билет берудің қазіргі заманғы жүйелерін енгізу; 

автомобиль көлігімен  жүк тасымалдауды ақпараттық қамтамасыз ету көліктің барлық түрлерінің көлік  операторлары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және олардың өндіретін өнімдері туралы бірыңғай ақпараттық дерекқор жасай отырып, бір мезгілде іске асырылатын болады; 

отын сапасына экологиялық  талаптарды арттыру, автомобильдердің газдарынан шығатын зиянды заттардың  қалдықтарының деңгейін бақылауды  қатайту; 

жолаушылар тасымалдаудағы лицензиялауды қалпына келтіру, жүргізушілерге, автокөлік құралдарына  және оларға техникалық қызмет көрсетуіне қойылатын талаптарды арттыру;   

ауылдық елді мекендерді өндірістік күштерді орналастыру мен дамытудың перспективалы схемасына сәйкес қоғамдық жолаушы көлігі жүзеге асыратын тұрақты тасымалдармен қамтамасыз ету; 

Қазақстанның ірі қалаларында бөлінген автобус жүйелерін, трамвай, жүрдек трамвай, троллейбус, монорельсті көлік, метро және басқалары сияқты қалалық жолаушы көлігінің балама түрлерін дамыту; 

жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; 

автомобильдерді құрастыру  және шығару жөнінде бірлескен өндірістер құру. 

  

5.1.3.           Әуе көлігі саласында: 

  

азаматтық авиация  субъектілеріне қойылатын сертификаттық  және экономикалық талаптарды жетілдіру. Белгіленген коммерциялық қағидаттарды сақтайтын және қазақстандық авиация нарығының авиациялық тасымалдарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қаржылық тұрақты және дамушы авиакомпаниялар құру және қолдау  мақсатында авиация нарығын мемлекеттік реттеу шараларының жүйесін қолдану; 

тұрақты ішкі және халықаралық  әуе тасымалдарында жұмыс істейтін  әуе кемелері паркін операциялық  және қаржы лизингі негізінде  сатып алу жолымен толық жаңарту; авиациялық жұмыстардың әр түрінде жұмыс істейтін, оның ішінде Батыс Қазақстанның және Каспий қайраңының қазақстандық бөлігінің мұнай өндіруші өңірлеріндегі жұмыс істейтін әуе кемелері, жеңіл авиация паркін жаңарту; 

тұрақты емес ұшуларды, атап айтқанда, әуе көлігі экономикасы  сегменттерінің бірі болып табылатын чартерлік тасымалдарды орындау құқықтарын кеңінен пайдалану; 

Информация о работе Бағдарлама