Бағдарлама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 11:32, доклад

Описание

Бүл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаһандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.

Работа состоит из  1 файл

БАҒДАРЛАМА ИНФРА.docx

— 110.27 Кб (Скачать документ)

Көлік процестерінің  тиімділігін арттыруда оларды ақпараттық қамтамасыз етудің елеулі маңызы бар. Спутниктік навигация жүйесін қарқынды дамыту, өндірілетін өнімдер мен қызметтер туралы ақпараттық деректер базасын құру қажет. 

Көлік процестерінің  қоршаған ортаға келеңсіз әсерін шектеу және реттеу көлік құралдарының экологиялық  өлшемдерін бақылау үшін көліктік бақылау  органдарын және экологиялық органдарды қазіргі заманғы жабдықпен және технологиялармен (газ анализаторлары, түтін өлшегіштер, отындағы ауыр металдардың құрамын анықтауға арналған құралдар және т.с.с.) жарақтандыруды қажет етеді. 

Әрине, бастапқы кезеңде  көлік жүйесінің техникалық және технологиялық деңгейін арттыру  мемлекет тарапынан да, жеке сектор тарапынан да едәуір күрделі қаржы салымдарын талап етеді. Сонымен бірге, дамыған елдер тәжірибесі жаңа технологияларды дамытуға және енгізуге,  энергия- және ресурстарды  үнемдеуге, кешенді ақпараттандыруға инвестиция салудың толық ақталатынын және қысқа мерзімде жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. 

  

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР: 

  

ұлттық көлік жүйесін  инновациялық дамыту ең алдымен көлік  қызметтеріне қол жетімділікті арттыруға және экономиканың жүкті қажетсінуін азайтуға бағытталуы тиіс; 

енгізілетін жаңа технологиялар  республиканың ішінде жүзеге асырылатын көлік процестерінің жаһандық көлік  жүйесі процестерімен біріздендірілуін қамтамасыз етуі тиіс. 

  

СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКЦЕНТТЕР: 

  

көлік технологияларын жетілдіру және қазіргі заманғы техника мен жабдықты енгізу; 

өндірістік және көлік процестерін ықпалдастыру және кешенді ақпараттандырумен қамтамасыз ету. 

  

3.8. Көлік саласындағы ғылыми және кадр әлеуетін арттыру 

  

Көлік  жүйесін  қарқынды дамыту мен жоғары көлік  әлеуетіне қол жеткізудің негізгі құрамдастары арасында жоғары технологиялы және тиімді көлік жүйесінің ажырамас бөлігі және міндетті шарты болып табылатын ғылыми және кадр әлеуетін арттырудың маңыздылығын ерекше атаған жөн. 

Ғылымды дамыту, әсіресе, ерекше маңыздысы, жоғары білікті кадрлар  даярлау белгілі бір уақытты талап ететіндіктен, мемлекет мамандарға деген болашақ қажеттілікті дұрыс айқындауды күні бұрын ойлап, оларды оқыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы тиіс. 

Көлік саласындағы  мамандардың біліктілігін арттыру  үшін бірнеше бейінді жоғары оқу орындарын белгілеу және олардың базасында жүк ағынын және жолаушы көлігін жоспарлауға оқыту орталықтарын құру қажет. Міндеті, басқа міндеттерімен қатар, көлік модельдерін, жоспарлау тетіктерін әзірлеу, санаткерлік ресурстарды дайындау, оқыту және халықаралық тәжірибені дарыту болатын институттарға мемлекеттік органдар қолдау көрсетуі тиіс. Институттар мемлекеттік органдарға даму бағдарламаларын әзірлеуде, сұранысты болжауға,  жобаларды анықтау мен бағалауға және жолаушы мен жүк көлігінің қызметін қамтамасыз етуге байланысты басқа  да мәселелерді шешуде жәрдем көрсететін болады. 

  

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР: 

  

республиканың көлік  жүйесін инновациялық дамытудың  негізіне көлік саласындағы өз ғылыми әлеуетімізді дамыту алынуы тиіс; 

көліктің барлық түрлері үшін кәсіби кадрлар даярлау  көлік жүйесінің дамуынан озыңқы, жұмыстың жаңа әдістерінің енгізілуі  және жаңа технологиялардың енгізілуін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. 

  

СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКЦЕНТТЕР: 

  

көлік саласындағы ғылыми мекемелерді дамыту және ауқымды зерттеулерді ынталандыру; 

мемлекеттік қызметшілер  мен көлік қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру; 

жоғары, орта техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту; 

қазіргі ұлттық бейіндік жоғары оқу орындарының базасында  жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын жасау. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында JAR талаптарын енгізе отырып, жетекші әлемдік азаматтық авиация академияларымен бірлескен оқыту бағдарламаларын жасау қажет. Ұлттық теңіз және өзен флотының дамуына орай қазақстандық мамандарды шетелдердің мамандандырылған оқу орындарында оқытуды көздеу қажет.   

  

4. КӨЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН  ТҮРЛЕРІНДЕ  СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ  АСЫРУ 

    ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

  

Мемлекеттік көлік саясаты, бір жағынан, мемлекеттік реттеу мен араласуды біртіндеп азайтудан, ал, екінші жағынан, жеке бастамашылық пен бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы ахуал мен жағдайлар жасаудан тұруға тиіс. 

Мемлекеттік көлік саясатының басты қағидаттары мен бағыттарының көліктің жекелеген түрлеріне олардың технологиялық және функционалдық өзгешеліктеріне, көлік жүйесі мен мемлекет ішінде өтетін әлеуметтік-экономикалық процестерге қатысуының әртүрлі дәрежесіне, сондай-ақ Стратегияны іске асыру сәтіндегі әртүрлі мәрелік жағдайларға байланысты қолданылуында бірқатар  ерекшеліктері бар. 

  

  

4.1. Темір жол көлігінде  

  

4.1.1.  Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту 

  

Темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту қолданыстағы темір жол желісін Қазақстан халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттілігінен шыға отырып, жаңа учаскелер салу арқылы желілерді оңтайландырумен қатар қауіпсіздік пен қозғалыс жылдамдығын әлемдік стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталатын болады.  

Қалпына келтіру, жүк  тасымалдылығы көп учаскелердің өткізу қабілетін арттыру және электрлендіруді қоса алғанда, халықаралық транзит дәліздерінде және негізгі республикаішілік бағыттарда магистральдық желінің техникалық жай-күйінің деңгейі басымдылық ретімен арттырылуы тиіс. 

Инфрақұрылым объектілерінің негізгі қорларына кезең-кезеңімен жаңарту жүргізілуі  және олар темір жол көлігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келтірілуі тиіс. 

Темір жол көлігінің желісін өңірлік басымдықта дамыту Солтүстік – Оңтүстік (Ресей – Орталық Азия) және Шығыс – Батыс (Оңтүстік Шығыс Азия – Қытай – Еуропа) бағыттарында жүргізілетін болады.  

Стратегияны іске асыру  кезеңінде  жаңа темір жол желілерін салу жөніндегі мынадай инфрақұрылымдық жобалар қаралатын және экономикалық негіздеме болған жағдайда іске асырылатын болады: 

 Бейнеу – Шалқар  станциясы учаскесі, поездардың  жүру бағытының ұзақтығын   батыс  өңірі мен Азия елдерінің  Ақтау теңіз порты арқылы қатынасында орта есеппен  530 км-ге қысқарады; 

 Қорғас – Сарыөзек  учаскесі, ол қолданылып  жүрген  бағыттармен  салыстырғанда   Ақтау  портынан  Қытайға   дейінгі  темір  жол тасымалдарының  қашықтығын  едәуір  қысқартады, ал Шалқар – Бейнеу  темір жол желісін салу  жобасы  іске  асырылғаннан кейін Цзиньхе – Ақтау бағытының ұзақтығы қазіргі 3 920 км-дан 3 222  км-ге  дейін қысқарады; 

Жезқазған – Сексеуіл  станциясы учаскесі, ол Қазақстанның орталық облыстарынан  Ақтау портына  анағұрлым қысқа шығуды қамтамасыз етеді және іргелес өңірде көмір, мұнай-газ, мыс-темір рудасы және басқа да кен орындарын игеруде жәрдем етеді; 

Шар  станциясы  – Өскемен учаскесі, ол   Локоть станциясы арқылы қолданыстағы бағыттармен  салыстырғанда  тасымалдау қашықтығын Ресей аумағы арқылы жүруді қажет  етпестен  300 км-ден астамға қысқартады;  

Қазақстан жүктерін Каспий теңізіне неғұрлым тиімді тасымалдау және Ақтау теңіз портынан шамадан тыс жүктемені  азайту үшін Маңғышылақ – Баутино және Ералиев – Құрық жаңа темір жолдары құрылысы жүзеге асырылатын болады.  

Темір жолдарды одан әрі жаңғырту үшін  жүк тасымалдылығы көп Мақат – Қандыағаш, Алматы – Ақтоғай, Қостанай – Железорудная және Хромтау – Алтынсарин  учаскелерін электрлендіру бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады. 

Өңірлер арасында өте  қысқа бағыттар бойынша жүк тасымалдарын оңтайландыруға және  жаңа темір жол желілерін салу арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерге экспортталатын тауарларды жеткізуді жеделдетуге мүмкіндік беретін ұлттық тұйық темір жолдар желісін қалыптастыру жүк поездарының артық жүрістерін болдырмауға және түпкі өнім құнындағы көліктік құрамдастар үлесін төмендетуге мүмкіндік береді. 

Темір жол көлігінің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда олардың жоғары капитал қажеттілігіне байланысты мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік нысаны кеңінен қолданылатын болады. Жаңа инфрақұрылымдық объектілер құрылысы кезінде жеке  бастамашылықты  тарту үшін мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестіктің әртүрлі схемасы  қолданылатын болады. 

  

4.1.2. Көлік қызметі нарығын дамыту 

  

Темір жол көлігінде жүргізілген құрылымдық қайта құрулар көлік қызметтерінің бәсекелі нарығын қалыптастыру мен дамыту үшін негіз және қажетті алғышарттар құрады. Тасымалдау қызметін қызмет көрсетуден бөлу және магистралдық желені ұстау жолаушылар мен жүктер тасымалдары бойынша қызметтер ұсынуда бәсекелі ортаның қалыптасу мүмкіндігін көздейді. Локомотивтік тарту мен жүк вагондарын ұсыну жөніндегі қызметтер  де бәсекелі  секторға бөлінген. 

Сонымен бірге магистральдық  темір жол жүйесінің қызметтерін ұсыну табиғи-монополиялық сала болып қала береді және мемлекеттің қарауында болады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жоғары әлеуметтік қыры мен магистральдық желіні пайдаланғаны үшін тарифтер деңгейіне экономикалық тәуелділігін ескере отырып, оларды қалыптастыру оны жөндеуге және ұстауға арналған белгілі бір шығындар нормасын және Ұлттық режимді ұсыну туралы 1994 жылғы тарифтер мен сауда туралы бас келісімнің (ТСБК) талаптарын ескерумен, магистральдық темір жол желісі қызметтеріне тарифтерді маңызды өлшемдер бойынша саралау мүмкіндігін көздейтін айқын әдістемеге негізделуі тиіс. 

Кез келген ықтимал  операторға көлік қызметтері нарығына қол жеткізудің бірыңғай талаптары  мен тең шарттарын белгілеу үшін тиісінше нормативтік құқықтық база жетілдірілуге тиіс. Лицензиялау мен сертификаттау жүйесі осы талаптардың орындалуын және ұсынылатын қызметтердің қажетті сапалық деңгейін қолдауды қамтамасыз етуі тиіс. 

Мемлекет белгілейтін  әлеуметтік мәні бар қатынастар (облысаралық, ауданаралық және қалааралық) бойынша  жолаушыларды тасымалдауға арналған тарифтердің  шекті деңгейін шектеу Қазақстан  Республикасының бюджеттік заңнамасына  сәйкес көзделетін мемлекеттік бюджеттен (республикалық немесе жергілікті) субсидиялар түрінде осындай тасымалдарды ұйымдастыруға байланысты залалдар үшін тасымалдаушыларға өтемақы  тетіктерін көздеуі тиіс. 

Жүк тасымалдарының технологиялық және экономикалық тиімділігін арттыру үшін негізгі ынталандыру ретінде жүк тасымалдары жөніндегі қызметтерді ұсынатын тасымалдаушылар мен операторлар арасындағы бәсеке ортаны қамтамасыз ету қажет. Бұл, бірінші кезекте тасымалдау жылдамдығын арттыруға, жүк вагондарының жүктерді өңдеу пункттерінде себепсіз көп бос тұруын  болдырмауға және белгілі бір дәрежеде вагондар тапшылығының проблемасын шешуге мүмкіндік береді. 

Тиеу ресурстарын  босату және кәсіпорындардың кірме  жолдарында жүк операциялары кезінде  жылжымалы құрамның бос тұруын қысқарту мақсатында жүк жөнелтуші кәсіпорындардың  темір жол инфрақұрылымын дамыту мен жаңғырту қажет. 

  

4.1.3. Транзиттік әлеуетті  іске асыру 

  

Темір жол көлігі транзиттік әлеуетті дамытудың және оны пайдалануды арттырудың  ең жақсы перспективаларына ие.  

Транзиттік қозғалыс үшін темір жол дәліздерінің тартымдылығын кешенді арттыруға инфрақұрылымның сапасын арттыруды, тариф саясатын жетілдіруді және  әкімшілік сипаттағы тосқауылдарды жоюды қамтуы тиіс. Қызметтерді жетілдіру нақтылық, сенімділік және тасымалдау жылдамдығы сияқты өлшемдер бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Козғалыстың қауіпсіздігі мен әмбебаптығын қамтамасыз ету жүйесін кұру қажет. 

Трансазиялық темір жол магистралі бойынша халықаралық тасымалдарды қамтамасыз етуде қазақстан-қытай шекарасындағы Достық станциясын дамыту ерекше маңызға ие.  

Қазақстан Республикасының  транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану, сондай-ақ көлік-логистикалық кластерді іске асыру  шеңберінде  өткізу нарығында өнімдер мен қызметтерді жылжытудың тиімді схемасын қалыптастырудағы мемлекеттің, көлік ұйымдарының және тауар өндірушілердің күш-жігерін  үйлестіру мақсатында  Астана, Алматы, Ақтау қалаларында, сондай-ақ Достық станциясында және Қазақстанның  басқа да өнеркәсіптік дамыған өңірлерінде мемлекеттік деңгейдегі  өңірлік  көлік-логистикалық орталықтар ұйымдастырылатын болады. 

Информация о работе Бағдарлама