Бағдарлама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 11:32, доклад

Описание

Бүл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаһандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.

Работа состоит из  1 файл

БАҒДАРЛАМА ИНФРА.docx

— 110.27 Кб (Скачать документ)

Достық – Алашанькоу   халықаралық шекаралық өткізу  пункті арқылы  темір жол көлігімен  тасымалдаудың  орнықты өсуі мақсатында, қытай жағынан Алашанькоу мен  Үрімші станцияларының және Ақтоғай – Достық учаскесінің  терминалдық сыйымдылығын 2015 жылға қарай 25 млн. тоннаға дейін кеңейтуді қоса алғанда,  оның өткізу  қабілетін барынша  ұлғайтуға мүмкіндік беретін іс-шараларды іске асыру қажет. 

Қолданыстағы магистральдар  арасындағы байланыстыратын учаскелерді  салу жолымен Қазақстан аумағы арқылы  «түзетуші» темір жол желілерін  перспективалық құру  транзиттік дәліздердің  өткізу қабілетін  Түркіменстан, Иран, Түркия және Еуропа елдері бағыттары бойынша  жылына 100 млн. тоннаға дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаңа учаскелерді жобалау оларды кейіннен электрлендіруді ескере отырып жүргізілуі тиіс. 

Қытайдан  транзиттік тасымалдарды одан әрі ұлғайтуды қамтамасыз ету   екінші халықаралық шекаралық темір жол өткелін ашумен және Қытай салып жатқан Цзинхэ – Қорғас темір жол желісі құрылысының жалғасы болып табылатын Қорғас – Сарыөзек темір жол желісін салумен шешілуі мүмкін, бұл  еркін сауда (Қорғас шекаралық өткізу пунктінде) аймағын дамытуға оң әсер етеді. 

Қазақстан Республикасының  транзиттік әлеуетін, оның ішінде  Трансазиялық темір жол магистралінің Солтүстік дәлізін тиімді пайдалануды арттырудың басымдық жобаларының қатарына халықаралық трансконтиненталдық интермодаль дәлізін («N.Е.W. – corridor») дамыту жөніндегі Халықаралық темір жол одағының (ХТЖО) жобасы жатады. Бұл бағыттағы контейнерлік ағынның әлеуетті қуаты алғашқы жылдары  100 мыңнан астам, ал тасымалдау көлемі жылына 25 млн. тонна жүкке дейін жетеді.  

  

4.1.4. Инновациялық  даму және кадр әлеуетін қалыптастыру 

  

Темір жол көлігі саласында инновациялық дамудың және кадр әлеуетін қалыптастырудың негізгі бағыттары: 

магистральдық темір жолдарды қазіргі заманғы техникалық құрылғылармен, сондай-ақ оларды диагностикалау және ұстау жүйелерімен жарақтандыру; 

вагондар мен локомотивтерді шығару және жөндеу жөніндегі кәсіпорындарды дамыту үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ темір жол техникасының жетекші әлемдік өндірушілерімен бірлескен кәсіпорындар құруды ұйымдастыру; 

темір жол көлігінде автоматтандырылған басқару жүйесін енгізуді қоса алғанда, көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз етудің кіріктірілген жүйесін жасау; 

мультимодальдық және интермодальдық (контейнерлік, контрейлерлік, аралас) тасымалдарды дамыту және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін қазіргі  заманғы логистика кешендерін құру;  

темір жол саласының кадрларын даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру болып табылады. 

  

4.2. Автомобиль көлігінде 

  

Бірыңғай көлік  жүйесін дамытуды қамтамасыз етуде  автомобиль көлігінің рөлін сипаттайтын  мемлекеттік көлік саясатын іске асырудың ерекшеліктері мынадай бағыттар бойынша бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді шешу қажеттігінен тұрады.  

  

4.2.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту 

  

Республиканың кең-байтақ аумағы мен автомобиль жолдары желісінің салыстырмалы төмен тығыздығы, тасымалдардың алыс қашықтықтары жиынтығында төсемнің бүлінуі немесе болмауы көлік шығыстарының өсуіне  және өндірілетін өнімнің өзіндік құнының артып кетуіне әкелетін болғандықтан, олардың техникалық жай-күйіне ерекше мән беріледі. 

Халықаралық көлік  дәліздерін, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қалпына  келтіру және дамытуды мемлекеттің  аумақты дамыту бағдарламаларымен  белгіленген, оның экономикалық кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ететін, өңірлік және әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы байланыс үшін қызмет ететін бағыттарда басымдық тәртібімен жүзеге асыру қажет. 

Облыс орталықтарын аудан орталықтарымен байланыстыратын  автомобиль жолдары республикалық  деңгейге беріліп, республикалық бюджет есебінен ұсталуға тиіс. 

Жол инфрақұрылымын дамытудың  негізгі міндеттері мыналар  болып табылады: 

алты негізгі халықаралық  транзит дәліздерін қайта жаңартуды аяқтау: 

1)Ташкент – Шымкент  – Тараз – Алматы – Қорғас; 

2) Шымкент – Қызылорда  – Ақтөбе – Орал – Самара; 

3) Алматы – Қарағанды  – Астана – Петропавл; 

4) Астрахань –  Атырау – Ақтау – Түркіменстан  шекарасы; 

5) Омбы – Павлодар  – Семей – Майқапшағай; 

6) Астана – Қостанай  – Челябі – Екатеринбург; 

күрделі және орташа жөндеуді, жекелеген учаскелерді  жоғары техникалық санатқа көшіруді (қайта жаңарту), қауіпті учаскелерді жою мен жолдарды кеңейтуді қоса алғанда, ортақ пайдаланудағы халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының  және олардың инженерлік құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйін қозғалыс қарқынын және осьтік жүктемесін ескере отырып, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына  кезең-кезеңімен сәйкес келтіру; 

ортақ пайдаланудағы  халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісін, олардың мақсатты қолданылуына сәйкес келуіне кепілдік беретін және пайдалануға рұқсат берілген автокөлік  құралдарының жыл бойы қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін  деңгейде ұстауды (пайдалануды) қамтамасыз ету; 

жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту және оны халықаралық талаптарға сәйкес келтіру; 

ортақ пайдаланудағы  жолдар желісін оңтайландыру, өңіраралық және облысаралық автомобиль қатынастары проблемаларын шешу үшін  автомобиль жолдарының  жаңа  учаскелерін және инженерлік құрылыстарды салу; 

автомобиль көлігінің  келеңсіз әсерін азайту мақсатында ірі елді мекендер айналасында кіреберіс және айналма жолдарды салу және қайта жаңарту; 

жол-пайдалану жұмыстарының барлық түрлерінің конкурстық негізде  орындалуына көшуін қоса алғанда, жол-пайдалану  қызметтерінің және жолдардың ағымдағы жай-күйін басқару жүйесінің тиімділігін  арттыру;  

жүк тасымалдауды жүзеге асырған кезде  пайдаланылатын автокөлік құралдарының салмақ және көлем параметрлерін бақылаудың тиімді жүйесін құру; 

транзиттік жолдарды қоса алғанда,  автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемдер мөлшерін оларды жөндеуге және ұстауға  арналған мемлекет шығыстарын барынша  өтеуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін  кезең-кезеңімен жеткізу;  

өздерінің техникалық-пайдалану сипаттамалары бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін автомобиль жолдарын, көше-жол желілерін және инженерлік құрылыстарды кезең-кезеңімен қайта жаңарту; 

жол-пайдалану жұмыстарының көлемі мен құнын нормаланған  жоспарлаудан және пайдалану қызметтерін  жол техникасымен қамтамасыз етуден бас тарту;  

қалалардың және өзге де елді мекендердің ішіндегі және маңындағы жұмыстарды қоса алғанда,  жол жұмыстарын орындаған кезде  экологияның жай-күйіне және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қойылатын талаптарды қатайту, бақылауды қамтамасыз ету және оларды сақтамағаны үшін жауапкершілікті арттыру; 

жол саласының кәсіпорындарын институционалдық дамыту және техникалық қайта жарақтандыру, ағымдағы ұстауды  жоспарлау мен басқарудың қазіргі  заманғы технологиялары мен жүйелерін  енгізу, инженерлік-техникалық және басқару  қызметкерлерін даярлау деңгейін және біліктілігін арттыру; 

Қазақстанның барлық қалаларында, Астана және Алматы қалаларында  көше қозғалысын басқарудың балама құралдарын енгізуді қоса алғанда, қозғалысты басқару құралдарының технологиялық деңгейін жаңарту; 

нормативтік-техникалық базаны одан әрі жетілдіру, техникалық реттеуге көшуді жүзеге асыру. 

Автожол инфрақұрылымын дамытудың негізгі міндеттері: 

негізгі халықаралық  транзиттік дәліздерді, сондай-ақ республикалық  маңызы бар халықаралық бағыттар мен жолдарды қайта жаңарту жөніндегі  бірінші кезектегі шараларды қолдану; 

ішкі және келушілер  туризмін және кластерлік бастамаларды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының  тарихи, мәдени және табиғи туристік объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ортақ пайдаланудағы жолдардың жекелеген учаскелерін қайта жаңарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады: 

1) Алматы – Аягөз  – Георгиевка; 

2) Таскескен –  Бақты; 

3) Шонжы – Көлжат; 

4) Үшарал – Достық (іріктеп); 

5) Қызылорда –  Жезқазған – Павлодар – Ресей  Федерациясының шекарасы (іріктеп); 

6) Жезқазған –  Петропавл – Ресей Федерациясының  шекарасы (іріктеп); 

7) Бейнеу – Ақжігіт  - Өзбекстан шекарасы (екінші кезең). 

Экологиялық жағдайға автомобиль  транзит көлігінің  келеңсіз әсерін азайту мақсатында халықаралық  автокөлік дәліздерінде орналасқан республиканың барлық қалалары  айналма жолдармен қамтамасыз етілуге  тиіс. 

Автожол саласын  қаржыландырудың  балама көздерін іздеу  мақсатында құрылыс жобаларын іске асыру  және автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерін қайта  жаңарту кезінде  мемлекет-жеке меншік серіктестігінің тетіктерін енгізуді көздеу қажет. 

 

4.2.2. Автокөлік қызметтері  нарығын дамыту  

  

Автокөлік қызметтері нарығын дамытудың бірінші кезектегі міндеттері: 

елдің өңірлерін  кеңістікте дамытудың перспективалы схемаларына сәйкес және халықтың орналасу тығыздығын ескере отырып, ауылдық елді мекендерді қоғамдық жолаушы көлігінің тұрақты тасымалдарымен қамтамасыз ету; 

жолаушылар мен  жүктер тасымалдарының жаңа озық технологияларын  енгізу, жолаушы тасымалдарының қолайлылығын арттыру және оларды жүзеге асыруға  қойылатын нормативтік-техникалық талаптарды қатайту есебінен  ұсынылатын көлік қызметтерінің сапасын арттыру болып табылады. 

Халықаралық тасымалдарды дамыту саласындағы негізгі міндеттер: 

            автомобиль көлігі саласында  екіжақты халықаралық шарттар жасасу; 

          халықаралық автомобиль тасымалдарына  рұқсат беру жүйесін жетілдіру; 

автомобиль көлігі туралы ұлттық заңнаманы халықаралық  нормаларға кезең-кезеңімен жақындату және үйлестіру; 

қисынды жәрдемдесу саясатын жүргізу жолымен халықаралық  көлік қызметі нарығында қазақстандық көлік операторларының шеп-тұғырын дамыту мен нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау; 

отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін жағдайлар жасау; 

қосымша қызметтерді  дамыту және олардың сапасын арттыру  үшін автовокзалдар қауымдастығын  құру; 

пайдаланушылар үшін халықаралық автобус рейстеріне билеттерді қашықтан резервтеу мен  сатып алу мүмкіндігі бар ұлттық ақпараттық жүйе жасау болып табылады. 

 

4.2.3. Транзиттік әлеуетті  пайдалану 

  

Қазақстан аумағы бойынша  автомобиль тасымалдарының транзиттік әлеуетін анықтайтын негізгі сыртқы факторлардың қатарына трансконтиненталдық  автомобиль жолдарының жай-күйі мен  дамуын, сондай-ақ автомобиль қатынасы саласындағы халықаралық қатынастарды жетілдіруді жатқызған жөн. 

Сонымен бірге сыртқы факторлардың Қазақстан үшін оң бағытқа  қарай өзгеруіне ықпал ету  мүмкіндігі аумағынан транзиттік бағыттар өтетін мемлекеттермен екіжақты және көпжақты қатынастарды дамытумен шектеледі. 

Ішкі факторлар  нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, рұқсат беру жүйесі және кедендік әрі көліктік бақылау жүйелерінің тиімділігі, сондай-ақ автомобильдік транзиттік дәліздердің жай-күйі болып табылады. 

Транзиттік әлеуетті пайдалану тиімділігін арттыру  жөніндегі қосымша негізгі міндеттер: 

ТМД және алыс шетелдермен  екіжақты және көпжақты қатынастарды     одан әрі  дамытудан; 

автомобиль қатынасы туралы ұлттық заңнаманы халықаралық  нормалармен үйлестіруден; 

бағыттар бөлінісінде  және халықаралық дәліздерді ескере отырып барлық транзиттік жолаушы және жүк ағындарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жасаудан; 

кеден және көлік  бақылауынан өткізу рәсімдерін жеңілдету мен уақытын қысқартудан тұрады. 

Информация о работе Бағдарлама