Бағдарлама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 11:32, доклад

Описание

Бүл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаһандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.

Работа состоит из  1 файл

БАҒДАРЛАМА ИНФРА.docx

— 110.27 Кб (Скачать документ)

Алматы, Астана, Атырау тораптық әуежайларының және  Қазақстанның өнеркәсіптік және дамушы өңірлерінде орналасқан әрі стратегиялық және жұмылдыру мәні бар (Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Шымкент,) әуежайлардың өндірістік қорларын қайта жаңартуды аяқтау; 

Қазақстан Республикасының  аэронавигациялық жүйесін CNS/АТМ тұжырымдамасын енгізуге дайындау. Қазақстан Республикасының аэронавигациялық кіші жүйесінің CNS/АТМ түптұрпаты және оны енгізу үшін негіз болып табылатын бірыңғай кешенге кірігуін қамтамасыз ету; 

нормативтік-техникалық актілерді, оның ішінде ұшу қауіпсіздігін  метеорологиялық қамтамасыз ету  саласындағы актілерді ИКАО халықаралық  стандарттарына және JAR талаптарына  сәйкес келтіру; 

ірі шетелдік компаниялармен бәсекеге қабілетті белгіленген авиатасымалдаулардың түбегейлі қалыптасуы; 

экономика мен халықтың қажеттіліктеріне қызмет етуді жүзеге асыратын шағын авиацияны дамыту; 

ұшу құрамының және азаматтық авиацияның басқа да мамандарын іріктеу, бастапқы  даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру. 

  

5.1.4. Ішкі су көлігі  саласында: 

  

мемлекеттік техникалық өзен флотын, оның саны мен жай-күйін  Қазақстанның ішкі су жолдарын ұстау  жөніндегі барлық жұмыстардың толық  көлемде орындалуы үшін қажетті  деңгейге дейін жеткізе отырып, ішінара  жаңарту және жаңғырту; 

ішкі су жолдарындағы гидротехникалық құрылыстардың  өткізу қабілеті мен технологиялық  параметрлерін өзен кемелерінің  навигациясы барысында тәуекелдердің  туындауы мен іркілістерді болдырмайтын деңгейге дейін жеткізе отырып қайта  жаңарту; 

Ертіс өзенінде тоқтаусыз  кеме қатынасын ашу, сондай-ақ бүкіл  кеме жолының бойында тереңдігін және басқа да техникалық параметрлерін  “өзен-теңіз” сыныбындағы кемелермен тоқтаусыз жолаушы және жүк кеме қатынасын жүзеге асыруға мүмкіндік  беретіндей тереңдікке жеткізе отырып, Жайық-Каспий арнасында жыл сайын жөндеу және табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу; 

Қазақстанның кеме жүретін  басты өзендерінің техникалық параметрлерін навигация барысында  өзен кемелерінің көлік оқиғалары  мен кідірістерге тап келуін болдырмайтын жағдайға дейін жеткізу; 

Ертіс өзенінде Қытай  – Қазақстан – Ресей транзиттік бағытын ашу үшін жағдайлар жасау; 

Қазақстанның Каспий маңы өңірлерінің өзен көлігін Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транзиттік бағыт жұмысына қосу; 

ішкі су көлігінде  техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылымды құру. 

 

5.1.5. Теңіз көлігі саласында: 

  

жұмыс істеп тұрған және дамушы порттардың өндірістік қуаттарын, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстанның мұнайлы өңірлерін дамытудың басқа да бағдарламаларын іске асыруды ескере отырып, жүктерді ауыстырып-тиеудің болжамды өсуін қамтамасыз ететіндей деңгейге дейін кеңейту жөніндегі жұмыстардың бірінші кезеңін аяқтау; 

Ақтау теңіз порты  негізінде көлік-логистика орталығын құру; 

Маңғыстау облысының  Түпқараған шығанағында кеме қозғалысын басқару жүйесін құру; 

шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, сусыма және сырғымалы жүктерді тасымалдау үшін кемелерді сатып алуды және жасауды қоса алғанда, қазақстандық теңіз сауда флотын дамыту, сондай-ақ  көмекші флоттың меншікті  кемелерін сатып алу және жасау; 

ұлттық сауда флотына  және Каспийде жүретін басқа да сауда  кемелеріне қызмет көрсету үшін кеме жасау және кеме жөндеу объектілерін дамыту; 

Теңізшілерді даярлау  және диплом беру мен вахтада тұру туралы 1978 жылғы 7 шілдедегі конвенцияның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында білікті кадрларды даярлауды ұйымдастыру үшін теңіз оқу-жаттығу орталығын құру. 

  

5.2.    II кезең: 2011-2015 жылдар  

  

Іске асырылған  даму бағдарламаларының нәтижелерін  егжей-тегжейлі зерделеу, кемшіліктер  мен проблемалық мәселелерді  анықтау және жүргізілген жұмысты бағалауды орындау қажет. Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, бағалау нәтижелерінің негізінде мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық жоспарлауды жақсарту жөнінде жүйелік сипаттағы ұсынымдар берілуге, қажетті жерінде одан әрі даму басымдықтары қайта айқындалуға, инвестицияларды салу тиімділігі бағалануға, бұдан кейінгі реформалар ұсынылуға тиіс. 

Осы кезеңде халықаралық  келісімдер шеңберінде бірыңғай көлік  кеңістігін құруды аяқтау, сондай-ақ тиісті келісімдерге қосылу мен оларды іске асыру және ішкі су көлігі заңнамасын үйлестіру арқылы көлік саласындағы заңнаманы жақындатуды жүзеге асыру жоспарлануда. 

Отандық даму институттарының  және басқа қаржы ұйымдарының  инвестицияларын елдің  көлік кешеніне белсенді тартуды жалғастыру жоспарлануда. 

Сыртқы көлік саясаты  көлік қызметтерінің халықаралық  нарығында отандық операторлардың шеп-тұғырын дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға және орнықтыруға, сондай-ақ транзит әлеуетінің пайдаланылу тиімділігін арттыруға бағытталатын болады. Мультимодальдық тасымалдарды дамыту жүргізілетін болады.  

Аталған кезеңде  салалардың ғылыми әлеуетін қалпына  келтіру, ғылыми және инновациялық құрылымдарды қалыптастыру жүргізілетін болады. Көлік салаларының мамандарды қажетсінуге сәйкес кадрларды даярлау жүйелі сипат алады. 

Стратегияны іске асырудың екінші кезеңінің соңына қарай Қазақстанның елді мекендерінің (олардың даму орталықтарына  тартыла түсуін ескере отырып) көпшілігі  көлік қатынасымен қамтылады, бұл  көлік жүйесін  перспективалы  дамытудың  әлеуметтік бағытына сәйкес келеді.  Бұл ретте,  оның өткізу  қабілеті мен тиімділігі   экономика қажеттілігіне толық сәйкес келеді.  

Бұл кезең Стратегияны  іске асырудың оңды әсерін орнықтыруға бағытталады.  

Институционалды реформалардың  тиімділігі, сондай-ақ жаңа технологиялар  мен тәжірибе қанат жайып, елдің барлық өңірлеріне жеткізілуге тиіс.  

Өзін-өзі барынша өтеу қағидатындағы инфрақұрылымды қаржыландыруға өту жүзеге асырылуға тиіс, бұл одан әрі орнықты даму  мен жоғары техникалық және технологиялық деңгейде ұстап тұру үшін ресурстарды жинақтауға мүмкіндік береді.  

Осылайша,  Стратегияны  іске асырудың екінші кезеңінде көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы мемлекеттік басымдықтар мыналар болады: 

  

5.2.1.  Темір жол көлігі саласында: 

  

бүкіл магистральдық  темір жол желісі мен сала объектілерінің техникалық жай-күйін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру; 

вагон және локомотив жасауды дамыту, жолдың беткі құрылымының контейнерлері мен материалдарын  шығару; 

арнайы жылжымалы  құрамды жөндеу жөнінде өндірістер құру; 

жылжымалы құрамды  ауқымды жаңарту; 

жаңа темір жол желілерін: Шар - Өскемен, Маңғышлақ - Баутино, Ералиев -Құрық, Қорғас - Сарыөзек, Бейнеу - Шалқар, Жезқазған - Сексеуіл желілерін салу бағдарламасын іске асыру; 

халықаралық көлік дәліздері бойынша жүрдек контейнерлік поездардың жүйелі түрде жүруі; 

барлық ірі қалалар мен тораптық станцияларда қазіргі заманғы жоғары технологиялық көлік-логистика орталықтарын құру; 

қазіргі заманғы  жүрдек жолаушы қатынасын дамыту; 

жүк тасымалдарының жалпы көлемінде транзит үлесін едәуір ұлғайту; 

отандық көлік операторларын  әлемдік нарыққа кіріктіру; 

отандық көлік операторларының қызметінде сыртқы экономикалық құрамдасының өсуі. 

  

5.2.2. Автомобиль және  қалалық жолаушылар көлігі саласында:  

  

ортақ пайдаланудағы  автомобиль жолдары желісінің және олардағы құрылыстардың техникалық жай-күйін қозғалыс қарқынының перспективада өсуі мен осьтік жүктемесін есепке ала отырып, нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келтіру; 

республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жаңа учаскелерін және инженерлік құрылыстарды салу, өңіраралық, облысішілік  және аудандық автомобиль қатынастарын қамтамасыз ететін ортақ пайдаланудағы  жолдардың қазіргі бар желісінің  топырақты аралықтарын жою және техникалық жай-күйін халықаралық  стандарттардың деңгейіне дейін арттыру; 

халықаралық, республикалық  маңызы бар жолдарды және жергілікті мәні басым жолдарды қазіргі бар  тірек желісін сақтай отырып, толық  қалпына келтіру және автожолдардың  халықаралық стандарттар талаптарына  сәйкес пайдаланылуын қамтамасыз ету; 

жолдарды концессияға беру арқылы жеке инвестицияларды тарту және ақылы жекеше автомобиль  жолдарын жасау; 

халықаралық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын қайта жаңартуды аяқтау және оларды халықаралық стандарттар  деңгейіне дейін жеткізу; 

ортақ пайдаланудағы  халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар желісін халықаралық  стандарттар деңгейінде ұстауды  қамтамасыз ету; 

жекелеген учаскелердің өлшемдерін І техникалық санатқа дейін жеткізе отырып, халықаралық транзиттік дәліздер бағытында жүрдек автомагистральдарды салу; 

халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау кезінде нақты  тепе- теңдікке қол жеткізу;  

 ауылдық елді  мекендерді өндірістік күштерді орналастыру мен дамытудың перспективалы схемасына сәйкес қоғамдық жолаушы көлігі жүзеге асыратын тұрақты тасымалдармен қамтамасыз ету; 

бөлінген автобус желілері, трамвай, троллейбус көлігі, метро,  шусыз трамвай желілері және басқалар сияқты қалалық жолаушылар көлігінің балама түрлерін дамыту; 

тасымалдаушылардың  халықаралық сапа стандарттарын  жаппай енгізуі үшін жағдайларды  қамтамасыз ету; 

отандық автомобиль өнеркәсібін дамытуды жандандыру үшін жағдайлар жасау; 

автобустар мен жүк автомобильдерін экология саласындағы еуропалық стандарттарға ауыстыру; 

халыққа қоғамдық көліктің қызмет көрсету деңгейін дамыған елдердің деңгейіне жеткізу, жаңа технологиялар мен көліктің балама түрлерін жеделдете енгізу; 

отандық  автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін жағдайлар жасау.

 

5.2.3. Әуе көлігі  саласында: 

  

авиатехниканы  жөндейтін,  қалпына келтіретін және қосалқы  бөлшектерді шығаратын  бейінді  зауыттар құру; 

мұнай өндіру және  құбыр көлігінің  қажеттілігіне қызмет көрсету жөніндегі шағын авиацияны құру; 

авиациялық тасымалда  халықтың қажеттіліктерін барынша  қанағаттандыру мақсатында серпінді және бәсекелестікке қабілетті индустрияны дамытуды көтермелеу мақсатымен азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу жүйесін ішінара ырықтандыру; 

азаматтық авиация  қызметін реттейтін құқықтық нормаларды нығайту. Нормативтік құқықтық база ИКАО-ның халықаралық стандарттарының  талаптарына толығымен сәйкес болуға тиіс;  

Қазақстанның авиациялық кәсіпорындары әуе кемелерінің  паркін игерудің жүйелілігі мен одан әрі жаңартуды аяқтау, экологиялық талаптарды қоса алғанда, оларды қауіпсіз пайдалану үшін қойылатын барлық халықаралық талаптарға сәйкестігі;  

облыстық маңызы бар әуежайлардың өндірістік  қорларын қайта  жаңартуды аяқтау. Жергілікті әуе желілерінің әуеайлақтары мен тікұшақ айлақтары желісі жандана дамуда. Әуеайлақтар желісі Қазақстанның барлық ірі елді мекендерін географиялық жағынан қамтитын болады. Тораптық әуежайлар және маңызды стратегиялық мәні бар әуежайлар ең кем дегенде ИКАО-ның ІІ санаты бойынша әуе кемелерін қабылдау санатына жатқызылуға тиіс10; 

әуе қозғалысын ұйымдастырудың технологиялық жүйесінің  диспетчерлердің шығарылған жұмыс орындары жүйесімен және спутниктік навигация әдістерін қолдануға негізделген әуе қозғалысына қызмет көрсету әдістерін біріктірумен жиынтығында  кең ауқымды бірыңғай автоматтандырылған жүйеге толық өту кезеңін аяқтау; 

Информация о работе Бағдарлама