Бағдарлама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 11:32, доклад

Описание

Бүл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаһандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.

Работа состоит из  1 файл

БАҒДАРЛАМА ИНФРА.docx

— 110.27 Кб (Скачать документ)

Пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай жасай және жолдағы  аялдамаларға қарай қызметтердің стандартты жиынтығын (моншалар, қонақүйлер, дүкендер, ресторандар және т.с.с.) көрсете  отырып, шекара бекеттерінің инфрақұрылымын жаңарту және оны қазіргі заман  талаптарының деңгейіне дейін жеткізу  қажет. 

Пекин –Үрімші – Бақты – Астана – Мәскеу – Рига – Вильнюс – Варшава – Берлин – Брюссель бағыттары бойынша жүк тасымалдау жөніндегі «NELTI» жобасын «Көлік–логистика қызметтері» кластері шеңберінде іске асыру перспективалы болып табылады. Жоба транзиттік жүк ағынының көлемін Қазақстанның ішкі халықаралық автокөлік дәлізі бойынша жылына 5,2 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға бағытталған. 

  

4.2.4. Инновациялық  даму  және кадр әлеуетін қалыптастыру 

  

Автомобиль көлігі саласында инновациялық дамудың  және қазіргі заманғы технологияларды  қолданудың маңызды бағыты көлік  процестерін ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады, оған мыналар жатады: 

экспедиторлар мен  тасымалдаушылар қауымдастығын, операторлар  және олар көрсететін қызметтер бойынша  дерекқорлар құру және дамытуды ынталандыру; 

 автожолдардың,  қалаларды басып өту және айналып  өту бағыттары мен жай-күйі, жол  бойындағы инфрақұрылымдар объектілерінің  орналасқан жері туралы бірыңғай  ақпараттық дерекқор құру; 

жүктің тұрған жері мен оның жай-күйі туралы ақпаратты жедел алу мүмкіндігі бар, жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарының спутниктік навигация  жүйесін енгізу. 

Спутниктік навигация  жүйесін коммерциялық пайдаланудан басқа оның функционалдық ерекшеліктері  бақылаушы органдарға автокөлік  құралдарын оны  республика аумағында  тоқтаусыз, жүктерді автомобильмен  тасымалдауды орындау кезінде операторлардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру  үшін пайдалануға мүмкіндік беруге тиіс.  

Көліктің  қоршаған ортаға келеңсіз әсерін шектеу мен реттеу  мақсатында көлік құралдарының экологиялық параметрлерін бақылауды жүзеге асыру үшін  экологиялық органдарды қазіргі заманғы жабдықпен және технологиялармен жарақтандыруды талап етеді. 

Автомобиль көлігі саласының кадр әлеуетін қалыптастыруда кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру қажет. 

  

4.3. Қалалық жолаушылар  көлігінде  

  

Қазақстан қалаларының  қарқынды дамуы мен елдің қалаға көшуінің одан әрі орныққан үрдісін ескере отырып, қалалық жолаушылар көлігін дамыту жергілікті атқарушы органдар қызметінің басымдықтарының бірі болуға тиіс.   

  

  

4.3.1. Дамытуды жоспарлау  

  

Қазақстанның барлық ірі қалалары үшін қалаларды дамытудың жоспарлары шеңберінде қалалық жолаушылар көлігін дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары әзірленуге тиіс. 

Мұндай жоспарлар: 

қалаларды және қала маңындағы аймақтарды дамыту мен  салу жоспарларына негізделген, қалалық  жолаушылар көлігі қызметтеріне халықтың, оның ішінде мүгедектердің сұранысын болжау және қажеттіліктерді барынша қанағаттандыруды; 

негізгі инвестициялық  жобаларды, оларды іске асыру құнын, сондай-ақ басым инвестициялық бағдарламаларды  түзуді; 

қаладағы қозғалысты басқару схемасын, қоғамдық көлік қозғалысы үшін басымдықтың белгіленуін, сондай-ақ жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау жөніндегі қызметтерге сұранысты реттеу тетіктерін; 

қалалық және қала маңындағы  жолаушылар көлігінің бағыттық желісін оңтайлы дамыту схемасын; 

қалалық жолаушылар көлігі қозғалысының қауіпсіздігін арттыру бағдарламасын; 

қалалық жолаушылар көлігінің қоршаған ортаға келеңсіз экологиялық әсерін азайту саласындағы  жобаларды көздеуге тиіс. 

  

4.3.2. Инновациялық  даму және кадр әлеуетін қалыптастыру 

  

Қалалық жолаушылар көлігі қозғалысын диспетчерлік сүйемелдеу және басқару жүйесін жаңарту қажет. Мұндай жүйелер процестерді нақты уақыт режимінде басқару мүмкіндігін көздеуге, техникалық-экономикалық сипаттамалар мониторингін және бағыттық жоспарлау функцияларын іске асыруды  қамтамасыз етуге тиіс. 

Қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрлерінде смарт-карт технологиясы пайдаланыла отырып, электрондық  билет берудің бірыңғай жүйесі енгізілуге тиіс. Мұндай жүйе көлік операторларының  кірістері мен салықтық есептілігінің ашықтығын арттыруға да ықпал ететін болады.  

Тұрғындар мен жолаушылардың бағыттар дерекқорына, кестелерге, қызметтерге және басқа да қажетті ақпаратқа еркін қолжетімділігін, сондай-ақ қашықтықтан бронь беру мен билеттерді сату мүмкіндігін көздейтін қоғамдық көлік қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу және енгізу аяқталуға тиіс. Көліктің басқа түрлерінің ұқсас жүйелерімен оның үйлестірілуін және кірігіуін қамтамасыз ету қажет. 

Жолаушы тасымалдарын ұйымдастырудың қазіргі заманғы  технологияларын қолдануда, сондай-ақ Қазақстан қалаларында көлік  қозғалысын реттеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруда халықаралық тәжірибе жинау мен талдауды қамтамасыз ету үшін Қалалық жолаушылар көлігінің қазіргі заманғы технологиялар орталығын құру қажет. 

Қалалық жолаушылар көлігін дамыту басымдықтарының  бірі қалаларда көлік тасқынының күтіліп отырған өсуі мен жеке меншік автомобильдерді пайдалану қарқынын ескере отырып, қалалардағы көлік қозғалысын реттеу жүйесін жедел әзірлеу және іске асыру болады. Мұндай жүйенің басты бағыттары: 

қалалық қозғалысты реттеу орталықтарын құру  мен жарақтандыруды; 

бейімделген реттеу технологияларын қолдана отырып қозғалысты автоматты реттеу жүйесін (бағдаршамдарды)  жаңғыртуды; 

көлік қызметтері нарығында ашық та әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуді; 

реттеу схемаларында қалалық жолаушы көлігінің басым  қозғалысы  үлгілерін іске асыруды; 

жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу, нөмір белгілерін тану және қалаларда әрі қала маңындағы аймақтарда құқық қолдану автоматтандырылған жүйелерін қоса алғанда, көше қозғалысын көзбен қашықтықтан шолу мониторингінің технологияларын енгізуді қамтиды. 

    Трамвай,  троллейбус, бөлінген автобус желілері, монорельсті көлік және метро сияқты қалалық жолаушылар көлігінің баламалы  түрлерін дамыту қажет.  

  Қалалық жолаушылар  көлігі қызметкерлерінің біліктілігін  және кәсіби деңгейін  арттыру маңызды болып табылады.  

  

4.3.3. Инвестициялық  және қаржылық саясат 

  

Қалалық жолаушылар көлігі паркін жаңарту операторлардың күшімен жүзеге асырылатын болады. Автостанциялар мен автовокзалдардың  дамуын қаржыландыруды, мұндай даму мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда,  жекеше құрылымдар жүзеге асыруға тиіс. Осындай жағдайларда қаржыландыру мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде болуы мүмкін. 

Троллейбус пен  трамвай парктерін және олардың  инфрақұрылымын қалпына келтіру  қалалардың тиісті бюджеттері шеңберінде мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерін әзірлеу мен қолдану арқылы жүзеге асырылуға тиіс. 

Кез келген инфрақұрылымдық  жобаларды әзірлеу мен іске асыру  қалалық жолаушылар көлігін дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылуға  тиіс. Мұндай жобалар қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрлерін дамыту бағдарламаларымен және қала құрылысының перспективалық жоспарларымен толық ұштасуға тиіс. Қалалық жолаушылар көлігінің балама түрлерін дамыту жөніндегі ресурстарды қажетсінетін жобалар (бөлінген автобус желілерін, метроны, монорельсті көлік және басқаларын) техникалық-экономикалық бағалануға және қымбат тұрмайтын баламаларымен салыстырмалы талдануға тиіс. 

  

4.4. Әуе көлігінде 

    

4.4.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту 

  

Азаматтық авиация  саласындағы инфрақұрылымдық саясат: 

 әуеайлақтар мен  әуежайлар кешендерінің құрылысын,  қайта жаңартуды және күрделі  жөндеуді қоса алғанда, әуежай  кешендерін техникалық-пайдалану жай-күйінің ИКАО-ның халықаралық талаптарына  кезең-кезеңмен  сәйкес  келтіруді; 

 топырақты ұшу-қону  жолақтарын және әуеайлақ алаңдарын салуды, қалпына келтіруді және оларды  жеңіл әуе кемелері мен тікұшақтарды жыл бойы қабылдау-жөнелту үшін  ұстауды қоса алғанда, балама көлік қатынасы жоқ орталықтан алыс аумақтарға қызмет көрсету үшін жергілікті әуеайлақтар желісін құруды; 

қарқынды дамыту саясатын сақтауды және өңірлік авиакомпаниялар  құру жөніндегі іс-шараларды қаржымен қамтамасыз етуді; 

авиапаркті кеңейту, ішкі авиақатынастар нарығын және Астана, Алматы және Атырау қалаларында тораптық ірі әуежайларды  дамытуды; 

облысаралық және ауылдармен қатынаста  шектеусіз барлық бағыттарға қызмет көрсету үшін перспективада  кеңейтуді қоса алғанда, халықаралық  (транзиттік) және ішкі әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін халықаралық талаптарға радионавигациялық кешенді сандық және сапалық сәйкестікке келтіруді көздейді. 

 Басымдық ретінде  мынадай әуежайлардың әуеайлақтық  инфрақұрылымын қайта жаңарту  мен жаңарту жүргізілетін болады: 

2006-2010 жылдары: Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған,  Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Өскемен  және Шымкент. Келешекте, туризмді  дамыту үшін жергілікті тарихи  және мәдени маңызы бар (Түркістан), сондай-ақ санаторий-шипажай инфрақұрылымы  (Алакөл, Балқаш, Баянауыл, Бурабай)  бар  орындармен облыс орталықтарының  арасында әуе қатынасын ұйымдастыру  көзделуде. 

2011-2015 жылдары: Балқаш, Қарағанды Көкшетау, Орал, Петропавл, Семей, Талдықорған және Тараз. 

Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты экономикалық орындылығын  ескере отырып, тораптық ірі әуежайлардың өткізу қабілетін ұлғайту, бірінші кезекте Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы әуежай кешендерін кеңейту жөнінде  іс-шаралар жүргізілетін болады. 

Авиациялық тасымалдарға деген өзгермелі сұраныс жағдайында  әуе кемелері паркі  операциялық және қаржы лизингі негізінде  жаңартылатын болады.   

            Каспий теңізінің қазақстандық  секторын одан әрі игеру мақсатында 2006-2015 жылдарда мақсат бойынша қолданылатын түрлі типтегі тікұшақтар сатып алу жоспарлануда. 

            Республиканың туристік объектілері  мен ұлттық мәдени-тарихи орындарына  қолжетімділікті арттыру үшін  тікұшақтар мен ұшақтардың тиісті типтерін, соның ішінде су бетіне қонатын гидроұшақтарды сатып алу жоспарлануда.    

  

4.4.2. Ұшулардың қауіпсіздігі  мен авиациялық қауіпсіздік 

  

Әуе көлігінде ұшулардың  қауіпсіздігі деңгейін арттыру және авария болатын әрі жазатайым оқиғаларды азайту азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары болуға тиіс. 

Ұшулардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік  қызметтің басым бағыттары: 

уәкілетті органдар тарапынан тұрақты бақылау арқылы ИКАО ережелерін уақтылы енгізуді қамтамасыз ету; 

ұшуларды қамтамасыз ету саласында тәуекелдің қазіргі  бар факторларын анықтау мен  бақылап отыру; 

туындаған тәуекелдерді жою жөнінде пәрменді әрі барабар шараларды ғаламдық ауқымда әзірлеу мен енгізу; 

барлық тарауларды қамтитын, ұшулар қауіпсіздігін басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру болады. 

 Әуе кемелерінің  паркін толық жаңарту және  ескірген әуе кемелерін пайдаланудан  шығару есебінен олардың техникалық  жай-күйіне байланысты авиациялық  және жазатайым оқиғалар санын  азайту қамтамасыз етілуге тиіс. 

Ұшулардың қауіпсіздігіне әуе кемелерін пайдаланушылар мен  авиациялық қызметкерлерге уәкілетті  мемлекеттік органның сертификаттық  және лицензиялық талаптарды қатайту  да едәуір дәрежеде әсер ететін болады.  

Әлемдік қоғамдастықта  террорлық қатердің артуына және азаматтық авиацияның заңсыз араласу  актілеріне осалдығына байланысты авиациялық қауіпсіздікті арттыру саласындағы  уәкілетті орган қызметінің басым бағыттары: 

көліктегі уәкілетті  мемлекеттік орган тарапынан қауіпсіздік мәселелерін бақылау мен үйлестіруді күшейтуді; 

тексеріп-қараудың сапасын арттыру және әуе кемелерінің борты мен азаматтық авиация объектілеріне тыйым салынған заттар санаттарының түсуін болдырмау үшін жолаушылар мен қол жүгін тексеріп-қарау пункттерін жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыруды; 

Информация о работе Бағдарлама