Еңбек нарығын ұйымдастыру және жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 15:54, дипломная работа

Описание

Еңбек нарығы түсінігі, еңбек нарығының қазіргі жағдайы, персоналды басқару ерекшеліктері және еңбек нарығын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары ұсынылған.

Работа состоит из  1 файл

еңбек.docx

— 276.62 Кб (Скачать документ)

• Кәсіби-техникалық және жоғары білім беру мекемелері жүйесі арқылы білікті ұлттық кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту және кәсіби жағынан даярлау жөніндегі бағдарлама әзірлеу;

Бағдарламада  кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне қатысуы үшін ынталандыру және оның тетіктерін жасау арқылы Қазақстанда  жұмыс істейтін ұлттық компаниялар  мен жеке бизнестің әлеуеті іске қосылуы қажет. 2006 жылғы тұжырымдамасы  барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен  Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына  сай  келетін   Еңбек кодексін қабылдау.      
 Еңбек нарығын дамытудың тиімді жүйесін құру мақсатында жоғарыда аталған шаралардың барлығы макро деңгейде орындалғанымен, тікелей шаруашылық жүргізу субъектілерімен байланысты.

Нарықтық  экономикаға өтуге байланысты өндірістің негізгі іскерлік қасиеттері, оның негізгі артықшылығы – бұл  қалыпты бәсекелестік артықшылықтарды  иемденуге мүмкіндік беретін, оның жұмысшыларының ерекше жаңашылдығы  мен шеберлігі екендігін дәлелдеудің  қажеті де жоқ. Міне, осы себептен, жаңа өркениеттің даму сатысы жағдайында, экономикада алғашқы жоспар ретінде  адам факторының даму түсінігі ретінде, адамның дамуының сапалық аспектілеріндегі дайындық және жұмысшы күшін тиімді пайдалану аяларының теориялық  және тәжірибелік мәселелерінің  толық араласуы өзіне көңіл аудартуда. Сондықтан, бұл дипломдық жұмыс  нарық талабына сай, өндіріс саласындағы  еңбек потенциалының роліне кешенді  қарастыруға бағытталған.

      Аймақта еңбек нарығын тиімді пайдалану мәселесін талдау барысында бұл жұмысты қарастырылған мәселенің негізгі заңдылықтарының мәнін ашатын бірқатар әдістемелік қағидалар қарастырылды.

   Берілген тақырып бойынша Ақтөбе  облысы аймағында еңбек нарығының қалыптасу жағдайы, бағалануы, әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер талқыланды. Қазіргі уақытта еңбек нарығына көп көңіл бөлінуде. Менің ойымша  біздің облысымызда еңбек нарығына, соның ішінде еңбекке қабілетті тұрғындарға көрсетіліп жатқан қолдау көңілге қонарлықтай. . Мысалға алатын болсақ студенттер арасында «Қазақстанның гүлденуі –ауылдың гүлденуі» атты ұйымдастырылып отырған акциялар, еңбек нарығында жастар мен кәрілердің әлуметтік жағдайын көтеру, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, кадрларды қайта даярлау елдің экономикалық тұрақтылығын анықтап, бәсекеге қабілетті 50 бәсекелес елдәі қатарына қосылуына мүмкіндік береді. Қорытындылай келгенде, жұмыссыздық Қазақстан елінде өте маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында Ел Басының тікелей қолдауымен көптеген іс – шаралар жүргізілуде, соның бір бағыты - жол картасы, дипломмен ауылға бағдарламасы , жастар тәжірибесі, жасыл ел, Атамекен  отрядтары көптеген жастарымызды жұмыспен қамтамасыз етуге себепші болып , жоғары оқу орын бітірген жас түлектер үшін жұмысқа орналасуға таптырмайтын мүмкіндік беріп отыр.

        Осы дипломдық жұмысымды қорытындылай келе кәсіпорынның жылдан жылға даму қарқынын көруге болады. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, жеке тұлғаларға, халыққа қызмет көрсету салаларының қызметкерлеріне мемлекеттік тілді білу деңгейін ұйымдастыратын кәсіпорынның бірі болып саналады.

          Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде «Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды» деген сөзі, Елбасының «Қазақстанның болашағы – оның мемлекеттік тілінде» деген өз пікірін нақтылай түспек.

        «Ақтөбе облысының  тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы  «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК  келесідей қызметтерді жүзеге асырады:

  • Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін, жеке тұлғаларды мемлекеттік тілге ақысыз оқыту;
  • ҰБТ – ға дайындық курстарын ұйымдастыру;
  • Ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру;
  • Мекеме аудармашыларына біліктілік арттыру курстарын, мемлекеттік тілде іс жүргізу курстарын ұйымдастыру;
  • мемлекеттік тілді үйренуге қажетті оқу құралдары мен оқулықтарды дайындап шығарады, әдістемелік – оқыту әдебиеттерін сатып алады;

        Кәсіпорынның келесідей  негізгі бөлімдері бар:

  • Әкімшілік  бөлімі;
  • Оқу ұйымдастыру және сараптама бөлімі;
  • Ғылыми әдістемелік және инновациялық бөлім;
  • Есеп бөлімі;

        Кәсіпорынның тілдерді оқытудағы бәсекелестері: «Дарын - ХХІ» ЖШС, «Новая жизнь», «Азар», «Асерас», «Согдиан»  ЖШС, «Дарина» лингвистикалық орталығы.

        Орталықтың мемлекеттік  тілді үйрету курстарын ұйымдастыруы мемлекеттік тіліміздің абыройын асқақтатып, қолдану аясын кеңейту мақсатындағы жасалып жатқан іс деп білемін. «Тілсіз, рухсыз толыққанды тәуелсіздік жоқ» деп ақын М.Шаханов айтқандай  тәуелсіз еліміздің тірегі – мемлекеттік  тіл.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Статистика департаментінің мәліметі «Алғашқы тоқсан көңіл қуантады». 2010ж,15 сәуірдегі №49-50 (19.268-19.269) облыстық Ақтөбе газеті.
  2. Ақтөбе облысы цифрлармен 1991-2008 . Ақтөбе облысының статистика департаменті, Ақтөбе 2009 12 б
  3. Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметова Кәсіпорын экономикасы , «Экономика» баспасы, Алматы 2008
  4. С.Күлімбетов. Ақтөбе облысының топонимикалық кеңістігі, «Нобель» ЖШС баспаханасы, Ақтөбе 2007
  5. Н.А.Волгин «Управление человеческими ресурсами: опыт индустральных развитых стран». Москва 2002, 133-134,135-136, 137-139 бет
  6. Е.Н.Сағындықов. Трудовой потенциал региона и стратегия его развития. Алматы «Білім» 1999 69-71, 81-83, 60-63, 65-67, 76-78
  7. А.И.Рофе, Б.Г.Забышко Рынок труда, занятость населения, экономика ресурсов для труда Москва, «МИК» баспасы 1998 103-107 б
  8. Актюбинское областное управление по статистике и анализу. Статистический ежегодник 1991  г.Актюбинск 1992 14,17-18, 19,21,32 б
  9. В.В.Адамчук, О.В.Ромашов, М.Е.Сорокина Экономика және социология труда. М: Юнити, 1999  154-157, 141-144 б
  10. В.Е.Адамов, С.Е.Ильенкова, С.А.Сиротина Экономика и статистика фирм М: Финансы и статистика 2002 137-138 б
  11. Электрондық сайт www.aktobe.stat.kz
  12. Ақтөбе газеті 2010 жылғы 20 мамыр № 62-63 (19.281 – 19.282) «2010ж. І тоқсан бойынша Ақтөбе қаласы және аудандар рейтингі» 6 бет
  13. О.Калдыбаев Экономика  предприятия Алматы «Санат» 1997
  14. О. Кондрашина. Многокритериальный подход к интегральной оценке трудового потенциала работника // Труд в Казахстане, Алматы,2005 №7
  15. Экономика труда и социально – трудовые отношения. Под редакцией: Г.Г. Меликяна, Р.П. Колосовой, МГУ, издательство ЧЕРО, 1996 г.
  16. Экономика предприятия.  Под редакцией: В.Я. Хрипача. М.: Экономпресс, 2000 г.
  17. Экономика предприятия. Под редакцией:  ДЭН, профессора Н.А. Сафронова. М.: 2002 г.
  18. Экономика труда. Под редакцией:  С.Ю. Ращина, Т.О. Разумова. М.: Инфра, 2000 г.
  19. Экономика труда: (социально – трудовые отношения). Под редакцией:  Н.А. Волгина, Ю.Г. Одегова, М.: Экзамен, 2002 г.
  20. В.В. Одегов, К.Л. Андреев. Трудовой потенциал предприятия. Саратов 1991 г.
  21. А.И. Тучков. Экономика труда. М. Дело 2002 г.
  22. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995 жыл.
  23. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Алматы 2002 жыл.
  24. Қазақстан Республикасының еңбек туралы: Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 1999 жыл.
  25. 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 4.3 тармақ. Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау.
  26. Рынок труда. Под редакцией: Буланова В.С, Волгина Н.А. «Экзамен» Москва 2000 г. С. 8 – 10
  27. Козлов А.В.  «Стратегическое управление программами предприятия». Москва,1999.
  28. Молдабаев Ж.Ж. «Адам факторы». Алматы, 1987.
  29. Травин В.В., Дятлов В.А. «Мененджмент персонала предприятия». Пермь, 1996 г.
  30. Яковлев Р.А. «Оплата труда на предприятии». Москва: Центр экономики и маркетинга. 2000 г.
  31. Ақтөбе облысының тілдерді оқыту орталығының 2010 – 2012 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
  32. Ақтөбе облысының тілдерді оқыту орталығының Жарғысы

Информация о работе Еңбек нарығын ұйымдастыру және жетілдіру