Еңбек нарығын ұйымдастыру және жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 15:54, дипломная работа

Описание

Еңбек нарығы түсінігі, еңбек нарығының қазіргі жағдайы, персоналды басқару ерекшеліктері және еңбек нарығын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары ұсынылған.

Работа состоит из  1 файл

еңбек.docx

— 276.62 Кб (Скачать документ)

Аймақта (қала) еңбек нарығы қалыптасуының әдістемесінің маңызды элементі болып адам ресурстарын ұдайы өндірудің құрылымдық – функционалдық моделі табылады (сурет 3). 
 

1.3. Еңбек нарығын  кешенді бағалаудың  теориялық негіздері 

      Еңбек нарығы ресурстардың басқа түрлерінен принципиалды ерекшеленетін, қоғамдық өндірістің маңызды, басты элементі болып табылады. Бұл жағдай белгілі бір дәрежеде еңбек потенциалын оның әрбір деңгейінде (аймақ, облыс, қала, өндірістік кешен, т.б) зерттеуге кешенді келуді анықтайды.

      Республика  және оның облыстарының еңбек нарығын кешенді бағалау деп біз оны өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері жүйесінде еңбек потенциалын қалыптастыру процесінің барлық көп түрлілігін мейлінше мүмкін және мақсатын бейнелеуді ұғынамыз.

      Елдің және оның жекелеген аймақтарының еңбек  потенциалын қалыптастыру қоғамдық практикада көріну формасы мен мәнін  көрсететін көрсеткіштер жүйесін анықтауды  талап ететін экономикалық процесс  ретінде қарауды талап етеді.

    Еңбек нарығы экономикалық белсенді тұрғындарға (жұмыс іздеп жүрген және қоғамдық өндірісте қамтылған адамдар) және экономикалық енжар тұрғындарға (жұмыс істемейтін және жұмыс іздемейтін еңбек нарығы бөлімі) бөлінеді.      [13]

  Еңбек  потенциалын интегралды абсолютті  бағалау белсенді тіршілік сағаты  жиынтық көлемінен жалпы шығынның  бөлінуімен белсенді тіршілік  адам-сағаты көлемінде (толық  өмір сүру гипотезасынан туындап)  айқындалады. Бұл көлемдердің  қатынасы нақты өмір мен модельде  тұрғындардың уақытша динамикалық  құрылымын бөлудің сандық балансынан  туындай отырып, әлеуметтік –  еңбек потенциалының дамуындағы  бірлік пен қарама-қайшылықтардың  басты ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік  береді.

      Еңбек потенциалының басқалай бағалануы  рейтингтік және құрылымдық талдау жолымен  қол жеткізуге болатын сапалық  сипаттамаларымен байланысты. Негізінен, құндық әдістер еңбек потенциалының  бағалануын ұдайы өндіріс шығындары  толық көлемі есебі негізінде  болжамдайды.

      Еңбек нарығының кеңейтілген ұдайы өндірісі көрсеткіштеріне қатысты айтар болсақ, оған мәселен, қоғамдық өндіріске әйелдерді тарту, кадрларды дайындау туралы, қоғамдық өндірістің әр түрлі салаларында жұмыс істейтіндер санының өсуі туралы мәліметтер қызмет ете алады.

      Осылайша, еңбек нарығы жағдайын кешенді талдау, бәрінен бұрын, үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

      а) демографиялық аспект – аумақтық орналасу, отбасы жағдайы, кәсіби және біліктілік құрамы, жасы, жынысы бойынша тұрғындарды бөлу туралы мәліметтер негізінде еңбек нарығы мөлшері мен құрамын анықтау. Бұл аспектіге сондай-ақ еңбекке қабілетті тұрғындар (сырқаттарды, мүгедектерді, зейнеткерлерді есептеу) шекарасын және перспективалық демографиялық болжамдар мен әр түрлі топтардың мүмкін еңбек белсенділігін анықтау жатады;

      б) еңбек жұмсалуы саласын қозғайтын әлеуметтік-экономикалық аспект – қоғамдық еңбек өнімділігі, отбасы жағдайы, білімі, біліктілігіне қатысты тұрғындардың әр түрлі топтарының табысының жалпы сомасы мен еңбек ақы қамтамасыз етілуі деңгейіне әсер ететін факторларды, сондай-ақ тұрғын үймен қамтылу деңгейін анықтау және бағалау. Ол сондай-ақ еңбек нарығынан сала аралық және кәсіби аралық қозғалыстарына әсер ететін факторлар талдауын да біріктіреді;

      в) әлеуметтік аспекті – жұмысқа қанағаттануды (қызығушылығы, қабілеті, әлеуметтік сұрау салу, т.б. бойынша), өндірістік жағдайдағыдай тұрмыста мәдени - эстетикалық қамтамасыз етуді, мәдени және техникалық деңгейді көтеру үшін бос уақытты пайдалану мүмкіндігін бағалау.

        Еңбек потенциалына кешенді талдау жүргізгенде неғұрлым өнімдісі – экономикалық-математикалық  модельдерді пайдалану болып  табылады. Базистік және жобаланатын  кезеңдерде еңбек потенциалын қалыптастырудың  экономикалық - математикалық модельдерін  жасауда адамға инвестицияны анықтау, адам капиталын қалыптастыру және пайдалану, еңбек нарығының болуы туралы мәліметтер қажет. Бұл мәліметтер белгілі бір өткен уақыт кезеңіне ғана емес, сондай-ақ болжамдық – перспективаға да қажет.  [14 ]

      Еңбек потенциалы, еңбек нарығы, адам капиталы экономикалық категория ретінде сандық және сапалық сипаттамаларға ие. Біріншісіне құрам және сандық көрсеткіштер жатады (жынысы, жасы, қоғамдық тобы, т.б). Екіншісіне – кәсіби-біліктілік құрылым, біліктілік деңгей көрсеткіштері т.б.

        Тұтасынан алғанда  еңбек нарығын және еңбек потенциалын  статистикалық зерттеу тұрғындардың сапаға материалдары мен еңбек бойынша бір мезгілін зерттеулері ағымдағы статистика мәліметтеріне негізделеді.

        Уақытқа сай еңбек  потенциалы өзгеруінің сандық сипаттамасы  абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер көмегімен анықталады: абсолютті  өсу, еңбек нарығының өсуі және өсу қарқыны, жалпы өлшемде тұрғындардың экономикалық белсенділігі, үлесі, т.б.

        Абсолютті өсу –  миграция сальдосы есебімен жыл басына және аяғына еңбек нарығы сандары арасындағы айырмашылық.

        Еңбек нарығы өсу қарқыны – еңбек нарығы санындағы динамикалық қатардың екі көрсеткішінің қатынасы. 

                                  ( Р1 / Р0 ) ( Р2/ Р1 ) . . . ( Рn / Рn-1 ),         (3)

мұнда Р – кезеңде еңбек нарығының орташа саны.

        Еңбек нарығының ұзақ уақыт аралық кезеңдегі орташа өсу қарқыны бастапқы және кейінгі жылдық көлемнің жай қатынастары түрінде айқындалатын немесе өсудің жылдық типінен туындап, орташа геометриялық ретінде есептеледі:

                              Тpn = √ ( Р1 / Р0 ) ( Р2 / Р1 ) . . . n /n Рn-1 ) = √ ( Рn / Р0 ).            (4) 

      Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар  үлесі мына формула бойынша есептеледі:

                                               Dтв = Нтв / Нвв,  мұнда                                           (5)

      Нтв – еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар саны;

      Нвв – барлық жастағы тұрғындар саны.

        Еңбекке қабілетті  жастағылар санына жұмыс істейтін жасқа  дейінгі тұрғындар санының қатынасы еңбек нарығын қалпына келтіру (немесе орнын ауыстыру) потенциалдық коэффициент деп аталады:

                                             Квозм. тр = Ндр / Нтв.                                  (6)

                                                  

        Халық шаруашылығына  еңбекке қабілетті жастағы тұрғындарды  тарту дәрежесі көрсеткіші ерекше мәнге  ие. Мұндай көрсеткіш болып еңбекке  қабілетті жастағы тұрғындардың жұмыспен қамтылу коэффициенті болып  табылады. Ол халық шаруашылығында жұмыс істейтін еңбекке қабілетті  жастағы тұрғындардың сол жастағы  тұрғындардың жалпы санына қатынасы ретінде анықталады:

                                                Ктвз = Нтвз / Нтв.                                    (7)

      Тұрғындардың  жас құрамы оның табиғи және механикалық  қозғалысы әсерімен қалыптасады. 

      Әлемнің көптеген елдерінде адам жасы туған  сәтінен жыл өтумен анықталады, бірақ  басқа да жүйелер бар. Кореяда, мысалы, енді ғана дүниеге келген баланы 1 жыл  деп есептейді. Қытайда, Вьетнамда, Индонезияда және бірқатар елдерде  күнтізбелік жыл аяқталуымен  барлық тұрғындар туған күніне қарамастан бір жасқа өсіп шығады.

      Адамдар өмірінің жекелеген жас кезеңдерін бөлу үшін әрбір кезеңнің сипаттамасы, жас классификациясы пайдаланылады. Неғұрлым ежелгі классификациялаудың  бірі – қытайдікі. Ол мынадай:

      20 жасқа дейін – жастық;

      30 жасқа дейін – некеге ену  жасы;

      40 жасқа дейін – қоғамдық міндеттерді  орындау жасы;

      50 жасқа дейін – өз қателіктерін  тану жасы;

      60 жасқа дейін – өмірдің соңғы  шығармашылық кезеңі;

      70 жасқа дейін – қалаулы жас;

    70 жастан жоғары – кәрілік;

      Балаларды 0 – 14, ата-аналарды 15 – 49, аталарды 50 және одан да үлкен жасқа деп үш жасы бойынша тұрғындарды топқа бөлген Зундбергтің классификациясы демография ғылымы тұрғысынан тарихи маңызды болып  табылады.

      Зундберг  тұрғындардың жалпы заңдарының бірі 50 %-ға тең ондағы ата-аналар санының  тұрақты үлес салмағымен, ал балалар  мен ата-әжелердің үлес салмағына  қатысты жастық құрылымды үш топқа  бөлді. 

Кесте 2    Зундберг бойынша тұрғындардың жас құрылымы түрлері, % 

 
Жасы бойынша  топтар, жасы
Жас құрылымы
Прогрессивті Стационарлық Регрессивті
0 – 14

15 –  49

50 және  одан жоғары

40

50

10

27

50

23

20

50

30

Барлығы: 100 100 100
 

      Зундберг  классификациясы мазмұны тұрғындардың прогрессивті құрылымы үшін балалардың басымдығы, ал регрессивті үшін ата-аналардың  өзгеріссіз үлесінде ата-әжелердің  басымдығы тән дегенге келеді. Прогрессивтік жас тұрғындар  дамушы елдерге, регрессивтік – үлкен  жастағы топтағы тұрғындардың аумақты  басым салмағымен экономикалық дамыған  елдерге тән. Жас құрылымы дамуы  регрессивтікке стационар арқылы прогрессивтіден  келеді.   [15]

      Жұмыспен  қамту проблемасын шешумен байланысты маңызды демографиялық аспектілердің  бірі еңбек қызметі кезеңнің ұзақтығы болып табылады.. Бұл көрсеткіш  жұмысшы күшінің көбеюінің көп  жағына айтарлықтай әсер етеді. Еңбек  қызметінің кезеңінің ұзақтығынан  тұрғындардың әр түрлі буындарының  бірлескен жұмыс уақыты қатысты  болады. Еңбек қызметінің ұзақтығы, сондай-ақ қоғамдық өндірісте жұмыс  істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер  арасындағы  сандық қатынастарға да әсер етеді.

      Тұрғындардың  білім деңгейін және еңбек нарығын қалыптастыруға әсер ететін оның өзгерістер ағымын бағалау үшін жекелеген жас бойынша топтар бойынша білім деңгейін айрықша мәнге ие. Білім берудің, білім деңгейінің айтарлықтай өсуі жұмыспен шұғылданатындар арасында 30 жасқа дейін жүреді.

Информация о работе Еңбек нарығын ұйымдастыру және жетілдіру