Еңбек нарығын ұйымдастыру және жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 15:54, дипломная работа

Описание

Еңбек нарығы түсінігі, еңбек нарығының қазіргі жағдайы, персоналды басқару ерекшеліктері және еңбек нарығын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары ұсынылған.

Работа состоит из  1 файл

еңбек.docx

— 276.62 Кб (Скачать документ)

      Демографиялық аймақаралық айырмашылықтарды қалыптастыруда басты ролді табиғи – этникалық  жағдайлар мен экономикалық факторлар  атқаратынын атап өту керек. [8]

Г.М. Федоров  аймақтың еңбек потенциалын қалыптастырудың  демографиялық жағдайлары мен факторларын, оның сапасын қарастыратын аймақтық демографиялық ахуалды талдау концепциясын жасады. Бұл концепцияның ережелері  негізінде біз аймақтың еңбек  потенциалы құрылымы мен сапасы анықтайтын факторларды бөліп алынған. 

Сурет 1 Еңбек нарығының сапасы мен құрылымдарын анықтайтын факторлар

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Жоғарыдағы 1-суретте еңбек нарығының сапасы мен құрылымдарын анықтайтын факторлар көрсетілген.  

Сурет 2. Факторлардың иерархиялық  салдары 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Аймақта жұмыспен қамтылу  құрылымы мен демографиялық жағдайды қалыптастыруға әсер ететін факторлардың иерархиялық салдары 2-суретте берілген.

        Экономикалық және демографиялық сипаттамалар  арасындағы  байланыстың жоғары тығыздығын статистикалық  талдау тұжырымдайды. Мәселен, қала тұрғындары үлесі мен бірқатар аймақтардың  экономикалық дамуы (бірқатар белгілер жиынтығы бойынша балдық негізде  анықталады) деңгейі арасындағы рангылық корреляция коэффициенті 0,93 – 0,95 құрайды.

        Еңбек нарығы жағдайы оптималдылығы өлшемі өндірістік қызмет даму бағыты өзгерімен алмасатынын атап өтуіміз керек. Экономикалық дамудың экстенсивті факторынан интенсивті түріне өту ұраны жұмысшы күшіне қардарлықтың себептерін анықтаудағ акценттік өзгерістерге негізделеді: тұрғындардың табиғи өсуі қарқынының төмендеуін түсіндіруден – жоспарлаудың жеткіліксіздігін мойындауға, жұмыс істеушілердің шектеулілігінде еңбек өнімділігінің жедел өсу қажеттілігіне, сонымен бірге еңбек өнімділігі мен еңбек нарығы өсуі қарқыны арасында объективті байланыста бар. Яғни, Қазақстанның жұмысқа тығыздық бар өңірлерінде еңбек өнімділігі мен жұмысқа тұру өсу қарқыны арасында кері тәуелділік ағымы байқалуда. Бірқатар аудандарда бұл көрсеткіштер арасындағы рангылық корреляция коэффициенті 0,3 шамасын құрайды.   [9 ]

        Бәрінен бұрын экономикалық жағынан белсенді тұрғындардың болуы  және оның адам капиталын пайдалану  аймақ экономикасы мен ұлттық экономика дамуына белгілі бір  ықпалын тигізеді.

        Елде және оның жекелеген  аудандарында қолда бар еңбек нарығы қалай пайдаланылуына байланысты белгілі бір дәрежеде экономикалық өсім қарқыны ғана емес, сондай-ақ тұрғындар басына өнім шығару көлемі де, сондай-ақ мемлекеттің, кәсіпкерлердің және жалдамалы жұмысшылардың да табыстары қатысты болады. Сондықтан тұрғындардың жан басына өнім шығару көрсеткіші құндық білдіруде елдің ғана емес, оның жекелеген өңірлерінің макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесіне де қосылады, аймақтың еңбек потенциалын өсіруінің нақты мүмкіндігінің факторы ретінде де оның өсу динамикасын қарау керек.   

        Біріншісімен тікелей  байланысты тұрғындардың жан басына орташа табысы, маңызы одан бір де кем  емес. Сонымен бірге тұрғындардың әлеуметтік құрылымын тиісті әлеуметтік топтар табыстарымен байланысты талдау қоғамның жинақталу дәрежесінен  ғана емес, сондай-ақ олардың кедейлік (байлық) деңгейін көрсете алады. Бұл  тұрғыдан Қазақстан Республикасын  кедей елдер қатарына жатқызуға  болады, өйткені Алматы қаласындағы  Социологтар мен политологтар Ассоциациясы іріктеп жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша республиканың тоғыз  қаласында (Алматы, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Семей, Павлодар, Талдықорған, Шымкент) 1997 жылдың желтоқсан айының соңында  сұрау салынған тұрғындардың 53,7 %-ы  аз қамтылғандар, кедейлер мен кедейленгендер, 44,3 %-ы орташа қамтылғандар, 2 %-ы жоғары қамтылғандар. Сонымен бірге, өнеркәсіптік дамыған елдердің көптеген экономистері экономикалық өсу мен демократия үшін база болып өзінің саны жөнінен  басымдық ұстайтын, жетекші топ, орта топ болып табылады деп таниды. Өзін орташа қамтылғандарға жатқызатындар  жоғары білікті мамандар және шенеуніктер  құрайтын орташа топпен бірге, жеке кәсіпкерлер  және олардың отбасы тобы емес. 1995 жылы Қазақстанда жеке еңбек қызметімен шұғылданатын еңбек нарығы үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің барлығы 0,1 %-ы, ал ұжымдық тиесінше 2,6 % құрады. [10]

        Өндіріс өсімі интенсивті және экстенсивті факторлары қатынасын  талдау экономикалық – демографиялық  зерттеулерде маңызды орын алады. Аймақтың демо – экономикалық моделін жасау  үшін мына формула бойынша анықталатын  экономикалық – демографиялық индекс (ЭДИ) ұсынылады:

ЭДИ = ТП / ДТ = Σт  ( РПтм  x  Нтм  +  РПтж  x  Нтж );

ДП = Σт ( ПЖтм  x  Нтм  +  ПЖтж  x  Нтж ),                       (1)

мұнда,

 ТП – аймақ тұрғындарының еңбек потенциалы;

      ДП  – аймақ тұрғындарының демографиялық  потенциалы;

      РПтм (РПтж) – Т жасына жеткен ерлердің (әйелдердің) жұмыс кезеңі;

      ПЖтм (ПЖтж) – Т жасына жеткен ерлердің (әйелдердің) өмірінің күтілетін ұзақтығы;

      Нтмтж) – Т жастағы ерлер (әйелдер) саны.

        ЭДИ аймақтық экономикалық – демографиялық болжамдарды  негіздеу үшін талап етілетін перспективалық кезеңге тұрғындарын жасқа қарай  топтарының қозғалысын есептейді. Нәтижесінде  аймақтық демографиялық жағдай мен  аймақтық – өндірістік жүйе байланысының екі жақты есебі тереңдетіледі.

        Айқын аймақтық қатынастарға өтпелі кезең жағдайында әлеуметтік факторлардың аумақтық дифференциациясы өседі, аймақтық демографиялық жағдайда кешенді талдауда оларды зерттеудің маңызды ролі тіпті арта түседі. Аймақтық әлеуметтік – демографиялық  ерекшеліктер әлеуметтік факторларға  қатысты бола отырып, есепті-салдарлы тізбекті құрайды: әлеуметтік инфрақұрылым – аймақтық әлеуметтік саясат –  тіршілік қалпы – өмір сапасы –  тұрғындар сапасы.

        Тізбекті бірізділікпен  зерттеу демографиялық процестер  ағынымен (демографиялық және миграциялық  ахуал, әлеуметтік – демографиялық  құрылымдар) байланысты тіршілік қызметінің типтік ерекшеліктері жиынтығын  синтездейтін белгілі бір өмір сапасын  қалыптастыруды қарауға мүмкіндік  береді. Сонысымен өмір салтымен демографиялық  дамудың байланысын бейнелейтін  тұрғындар сапасы жағын ашады.

        Экологиялық факторлар  аймақтық демографиялық жүйенің  экологиялық – демографиялық  жүйе саласына тікелей әсерін тигізеді. Әлеуметтік – экономикалық жүйенің  экономикалық - әлеуметтік және табиғи – экологиялық жағы әсері аясында  тұрғындардың денсаулығы (әлеуметтік-экологиялық  жүйемен табиғи қозғалыс байланысын бейнелейді), экологиялық бейімделу (әлеуметтік экологиялық жүйемен  механикалық қозғалыстың аналогтық  байланысы сипаттайтын) және айналадағы ортаға тұрғындардың қанағаттанушылығы  тұрады. [11]

        Экономикалық (бәрінен  бұрын шығынды), әлеуметтік және демографиялық  сипаттарды қосумен аймақтың еңбек  потенциалы өндірісі индикаторын анықтау  міндеттерді қалыптастырады, соған  сәйкес натуралды -  заттық әлеуметтік индикаторларды құндық формаға айналуының қабылданатын әдістерін табу қажет. Бұл жағдайда нақты әлеуметтік индикатормен және қолайлы тіршілік ету деңгейін анықтайтын макроэкономикалық өлшемдер арасындағы корреляциялық тәуелділікті зерттеу үшін мүмкіндік жасалады.

        Макроэкономикалық өлшемдер қатарына аймақтық ішкі өнім, тұрғындардың табысы мен шығысы сомасы, әлеуметтік мақсаттарға мемлекеттік  шығындар, еңбек нарығы өндірісі, т.б. жатады.

        Қолайлы жағдай арқылы еңбек нарығы саласын сипаттайтын әлеуметтік индикаторлар тобына мыналар кіреді:

      •  жеке тұтыну, тағам, киім, дәрігерлік қызмет, білім беру деңгейі т.б;

      •  тәулігіне жұмыс емес сағат саны (сағатпен);

      •  автомашиналардың болуы (1000 адамға дана);

      •  телевизордың болуы (отбасылардың жалпы  саны %-мен);

      •  шетелге турист болып шығатын  адам саны (10 мың адамға);

      •  театр, көрме, кинотеатрға қатысу саны (10 мың адамға);

      •  кітапханаларда берілген кітап саны;

      •  парктер мен жасыл ағаштар  алаңы (10 мың адамға).

        Зерттеудің демографиялық  аспектісі әлеуметтік-экономикалық факторлардан табиғи қозғалыстың тәуелділігінің жаңа формаларының сапасын зерттеуді  қосады.   [12 ]

        Бұл жүйе үлкен бейімделу  қабілетін игере отырып, көптеген қатынастарда инерциялы, консервативті. Ол кез-келген сыртқы әсерлерге емес, тек қана айқын білінетін, ұзақ нәрселерге қарайды. Мұнда оның реакциясы бірте-бірте  өседі, тіпті сыртқы жағдайлар секірісті  өзгерісте де сол қалпын сақтайды. Қандай да сыртқы фактор әсерін таратқандай  болып өтеді. Оның сипаты тыңғылықты зерттеуді қажет етеді. Оны талдау үшін Эд. Мэнсфельдтың жаңа енгізулері диффузиясы моделі немесе Н. Рашевскийдің еліктеу үлгісіндегі әлеуметтік модельдері пайдаланылуы мүмкін.

        Көрсетілген жағдайлар  статистикалық мәліметтер базасында  жүзеге асырылатын туу көрсеткіштеріне  сыртқы факторлардың әсерін математикалық  модельдеу ерекшелігін төмендегі  формамен анықтайды:

                                     Аb(t) = F (zi(t), ..., Zk(t) ...),             (2)

      Мұнда

zi(t), ..., Zk(t) – туу көрсеткішіне әсер ететін экономикалық факторлардың және экономикадан тыс факторлардың болжамдық мәні.

Zi(t) жиынтығы былай болуы мүмкін: қала тұрғындарының проценті, білімнің орташа деңгейі, қоғамдық өндірістегі әйелдердің жұмысқа тұру деңгейі 
 

Сурет 3. Адам ресурстарын  ұдайы өндірудің  құрылымдық – функционалдық  моделі 

 
 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Біз атап көрсеткеніміздей, зерттеуде аймақтардың демографиялық  дамуының дербес факторы ретінде  көрінетін тұрғындардың жас құрылымын  талдау маңызды орын алады. Оның демография өсуіне әсерін тұрғындардың бастапқы санының жас құрылымы әсерін толығымен  жоққа шығаратын және ұдайы өсу  режиміне имманентті, тұрақты тұрғындар  моделі көмегімен қарауға болады.

        Тұрақты тұрғындар  – болашақта өсудің өзгеріссіз режимі гипотезасы аясында нақты тұрғындардың шекті жағдайы. Демографиялық талдау бастапқы тұрғындардың жас құрылымының  оның өсуінің нақты (немесе гипотетикалық) режиміне сәйкестік дәрежесін қарауда  айтарлықтай байыды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

Информация о работе Еңбек нарығын ұйымдастыру және жетілдіру