Инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2012 в 19:45, дипломная работа

Описание

Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – басым түрде экономиканың шикізат емес секторлары, қазақстандықтардың гүлденуі мен әлеуметтік әл-ауқаты есебінен теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Біз индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету жолымен экономиканың орнықты өсуі үшін негіз жасауға тиістіміз.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 605.50 Кб (Скачать документ)

Жүйелі зерттеулік ғылыми-зерттеу институтында (ЖЗҒЗИ - РНИИСИ) кәсіпорын қызметі аясына байланысты инновациялардың кеңейтілген жіктелуі (классификациясы) іске асырылған. Соған байланысты инновацияларды келесідей түрде айыруға болады:

        технологиялық;

        өндірістік;

        экономикалық;

        саудалық;

        әлеуметтік;

        басқару аймағында.

Инновациялардың жетерліктей толықтай жіктелуін орыс ғалымы А.И.Пригожин ұсынды:

а)              таралуы бойынша:

        бірлік;

        диффузиялық;

ә)              өндірілген циклдың орыны бойынша:

        шикізаттық;

        қамтамасыз етушілік;

        байланыстырушылық;

б)              қабылдаушылығы бойынша:

        алмастырушық;

        тоқтатушылық;

        қайтарылушылық;

        ашық;

        ретроенгізушілік;

в)              нарық үлесінде күтілетін қабыл алу бойынша:

        жергілікті (локальды);

        жүйелік;

        стратегиялық;

г)              Жаңашылдық дәрежесі және ииновациялық әлеуеті (потенциалы) бойынша:

        радикалды;

        комбинаторлы;

        іске асырушы.

Жіктелудің төртінші мен бесінші бағытында инновацияның жаңашылдығымен масштабын, инновациялық өзгерістің интенсивтілігін ескерген кезде, көбінесе, инновацияның сандық және сапалық сипаттамасы көрініп, ол экономикалық бағалау мен оның басқарушылық шешімдерін негіздеу мен нәтижелеуге зор ықпалын тигізеді.

Инновациялық процестер басқадай түрлі жүйелер сияқты мақсаттылық, құрылымдық және динамикалық сипатта болады. Бұл динамика жаңашылдық енгізудің «өмірлік цикл» көрініс береді. Осы облыстағы зерттеулердің көбі екі мүлдем әртүрлі қызметтің типін көрсетеді: алғашқыда, шынайы шығармашылық сипаттағы қағидалық жаңаны құру және екіншіде инновацияның диффузиясымен байланысты, яғни инновация мен имитация арасында айырмашылықтар жүргізіледі [40]. Бірақ осы кезеңде жаңашылдықты қолданудың пайдалы облыстары анықталады және пайдалы тиімділіктер жүзеге асырылады.

К. Фрименнің, Дж. Кларктің, Л. Суитенің еңбектерінде жаңашылдық енгізудің диффузиясы мен технологиялық жүйені қалыптастыру тұжырымдамасы көрсетілген [41]. Жаңашылдық енгізудің диффузиясы келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

        бастапқы кезеңде, алғашқы өнеркәсіптік үлгісін құрып алғаннан кейін, өнімнің сериялық шығарылуын игергеннен кейінгі кезде жаңашылдықтың тарату масштабы абсолютті көріністе кенейіп, ол аса байқалмаса да, кенею қарқыны өте жоғары болуы мүмкін;

        инновацияны таратудың  негізгі кезеңінде өздерінің тиімді қолдануында әлеуетті аяны бағындырады. Осы кезең ішінде жаңашылдық жаңа сала құрады немесе тұтынушылардың жаңа тобы, саласына таратылады;

        инновацияны таратудың қорытынды кезеңінде салыстырмалыі тиімділікке шекті көзқарасымен аялар мен облыстарға енеді.

Мемлекет экономикалық дамудың қандай кезеңінде екенін білуде инновацияға генезисіне бағытталған кешеніндегі ынталар мен тетіктер, ережелер мен нормалар жүйесі негізіндегі мемлекеттік және жеке институттар, ғылым мен білім ұйымдары, шаруашылық субъектілерінің қызметімен өзара байланысты болжамдайтын ұйымдастырушылық‑экономикалық тетіктер тізбектелінеді.

Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындар:

        жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;

        өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;

        жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;

        қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;

        жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;

        қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;

        қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;

        лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті қүжаттарды алу;

        инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу [8, 328 бет].

Кәсіпорындағы инновациялық қызметтің белсенділігін арттыру үшін:

        инновациялық стратегияның басым бағыттарын анықтау;

        инновациялық қызметтің белсенділігін күшейтетін экономикалық, институционалдық және нормативті-құдықтық климатты қалыптастыру;

        ғылыми-өндірістік және инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

        инновациялық мақсатқа арналған қаржы ресурстарын айдаланумеханизмін қалыптастыру;

        амортизация нормаларын ырықтандыру, негізгі қорларды жаңартустимулдарының бірі ретінде негізгі қорлардың сапасын жан-жақты зерттеунегізінде амортизация нормаларын көтеру мүмкіндіктерін қарастыру;

        кәсіпорынға импорт арқылы сырттан келетін техника, технология менотандық өндірістің техникалық-технологиялық деңгейін объективті түрдебейнелейтін статистикалық көрсеткіштер жүйесін енгізу және қалыптастыру сияқты іс-шаралар жүргізілуі тиіс.

Осының бәрі өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарындағы инновациялық қызметті бағалау мен мониторинг жүргізу үшін республика статистикалық есеп беру жүйесін құруға ықпал ететіні сөзсіз айқын және де әр жыл сайын жүзеге асырып отырса статистиктер үшінде және тұтынушыларғада өзінің оң ықпалын тигізеді.

Кәсіпорындардың инновациялық қызметтіне кедергі келтіретін факторлар аз емес. Оларға:

        кәсіпорынның өз қаржысының жетіспеушілігі;

        екінші деңгейлі банктердің қысқа мерзімдік несиелер алу мөлшерлемелерінің өте жоғары болу себепті оны алуда кездесетін қиыншылықтар;

        инновациялық жаңалықтарды енгізуде экономикалық тәуекелдің жоғары болуы;

        өнім өткізу нарығындағы кәсіпорын тауарларының импорттық тауарларменбәсекеге түсе алмауы;

        инновациялық өнім өндіру шығындардың шамадан тыс көп болып кетуі;

        инновациялық өнім өндіруде мамандардың біліктілігінің төмен болуы және т.с.с [9, 153 бет].

Кәсiпорынның инновациялық қызметiн әзiрлеуде, енгiзуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

        жаңалық идеяны әзiрлеу, зертханалъық ғылыми жұмыстар, өнiмнiң жаңа зертханалық үлгiлерiн, техниканың жаңа түрлерiн, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргiзу;

        өнiмнiң жаңа түрлерiн дайындау үшiн шикiзаттар мен материалдардың қажеттi түрлерiн таңдап алу;

        жаңа өнiмдi дайындауда технологиялық процестi әзiрлеу;

        қажеттi өнiмдердi дайындау үшiн жобалау, жасау, сынақтан өткiзу және жаңа техниканың үлгiлерiн енгiзу;

        жаңалықтарды iс жүзiне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық басқарушылық шешiмдердi әзiрлеу және енгiзу;

        қажеттi ақпараттық ресурстарды және инновациялыны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;

        қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;

        лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;

        инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу [4, 382 бет].

Дамыған елдер экономикасының қайта құрылыуының тарихи тәжірибесі ең алдымен - инновация және оның жіктелуі, инновациялық үрдіс, оны құраушы, инновациялық қызмет және оның сипаттамасы сияқты инновацияның негізгі категорияларын білуді қажет етеді. Экономикалық категорияларға жасалған талдаудың мәліметтері, зерттеудің анықталған ерекшеліктері мен жаңа технологияны пайдалану шаруашылық тұлғалардың инновациялық дамуының қазіргі заманғы тұжырымдамасын айқындайды.

Іргелі және қолданбалы ғылымдар, технологиялар, ғылыми-техникалық зерттеулердің дамуы мен ғылыми-техникалық революцияның қол жеткізген жетістіктерін пайдалану ғылым мен техниканың болашағын жүйелі, түбегейлі болжамайынша іске асуы мүмкін емес. Әрине, инновациялық экономиканың барлық саланы қамтуы жағдайына орай бұл процесс белгілі дәрежеде дамыған мемлекетте немесе корпорацияда ғана жүзеге асуы мүмкін.

 

 

1.2   Инновациялық процесті ұйымдастыру ерекшеліктері

 

 

Инновациялық процесс – циклдік сипатқа ие және жеке – жеке кезеңдерге бөлінген. Бұндай ерекшілік инновациялық процестің экономикалық айналымға қатысу ұзақтығын және инновациялық өнімнің өмірлік цикілімен байланысты. Инновация процессінің мақсаты келесідей болуы мүмкін:

1) мәселенің жаңа техникалық шешімін табу – өнертабысты жасау;

2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу (ҒЗТКЖ);

3) өнімдердің сериялық өндірісін қалпына келтіру;

4) қатарлас дайындық және өткізуді ұйымдастыру;

5) нарыққа жаңа тауарды еңгізу;

6) үнемі технологияларды жетілдіру, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы жаңа нарықта орнықтыру.

Инновациялық қызмет фирманың маркетингтік қызметімен тығыз байланысты бөлігін құрайды. Негізінен бұл ғылымды қажет ететін өнімдер өндірісімен айналысатын фирмаларға қатысты. Оларда ҒЗТКЖ қызметі мен маркетинг қызметінің арасындағы аса тығыз байланыс байқалады.

ҒЗТКЖ бөлімшелері тұтынушылардан алынған идеялар мен дайындаулардың трансформаторына айналады. Олар өнім бойынша маркетинг бағдарламаларының дайындауларына белсенді түрде қатысады. Қажеттіліктерді зерттеу мен ҒЗТКЖ арасында ҒЗТКЖ процессінде тұтынушылардың қажеттіліктерін максималды ескеру және осыған байланысты оларды оңтайландыру мақсатымен жаңа өнімнің техника-экономикалық көрсеткіштерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс бар.

Осыған орай инновациялық процесте келесі негізгі кезеңдерді немесе сатыларды қарастыруға болады.

1 – кезең. Іргелі зерттеулердің жетістіктерін экономикалық айналымға шығады

2 – кезең. Қолданбалы зерттеулер.

3 – кезең. Тәжірибелік конструкторлық жұмыстар.

4 – кезең. Алғашқы енгізулер немесе инновацияның жалпы таралуы.

5 – кезең. Кең енгізілу немесе инновацияның жалпы таралуы.

6 – кезең. Технологияны пайдалану.

7 – кезең. Инновацияның ескіруі.

Іргелі зерттеулер (ІЗ) жаңа ғылыми білімдерді алу ірі заңдылықтарды айқындау. Іргелі зерттеулердің міндеті - әртүрлі құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды ашып зерттеу нысандарының даму заңдылықтарын тану.

Қолданбалы зерттеулер (ҚЗ) – алдында ашылған құбылыстар мен процестердің және іргелі зерттеулердің нәтижелерін қолдану жөніндегі мақсатты зерттеулер. Қолданбалы зерттеулер барысында ғылыми жаңалықтың техникалық мәселелерін шешу, айқындалмаған теориялық сұрақтарды қарастыру және нақты ғылыми жаңалықтарды алу болып табылады.

Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) дегеніміз – қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жаңа техника, материал және технологияны алу, оны жетілдіру үшін жасалады. Техникалық конструкторлық жұмыстар ғылыми зерттеулердің ақырғы кезеңі. Яғни, онда лабороториялық және эксперименттік жағдайлардан өндірістік процеске көшу жүзеге асырады.

Тәжірибелік конструкторлық жұмыстар кезінде:

-                инженерлік объект немесе техникалық жүйенің белгілі бір конструкциясы жасалады.

-                жаңа объектінің идеясы мен әртүрлі нұсқаулары жасалады.

-                технологиялық процестер жасалады.

Яғни, физикалық, химиялық, технологиялық және басқа да процестерді еңбек процестермен біріктіреді.

Тәжерибелік конструкторлық жұмыстардың мақсаты – жаңа өнімнің үлгісін жасау және оны өндіріске немесе тұтынушыға беру үшін тиісті сараптамаларды жүргізу болып табылады. Бұл кезеңде негізгі теориялық зерттеулердің нәтижелері нақты тексеріліп, тиісті техникалық құжаттама жасалып, жаңа өнім құрастырып, сараптамадан өтеді.

Төртінші: жаңа инновациялық өнімнің өнеркәсіптік өндіру процесі қалған кезеңдерді өзіне біріктіреді. Оның ішінде алғашқы технологияларды енгізілу (ТЕ) процесі, өнімнің ғылыми және өндірістік енгізілуін қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде тәжірибелік және эксперименталдық жұмыстар жалғасады. Бірақ, олардың ауқымы өсіп, пайдалану деңгейі нақты деңгейлерге жақындайды.

Бесінші: Өнеркәсіптік өндіріске енгізілу процесінің келесі кезеңі нақты өнеркәсіптік өндіріспен жаңа өнімді шығару және оны тұтынушыларға сатумен жалғасады. Яғни, алынған ғылыми нәтижелер материалдық күйге иеніп, зерттеулер өзінің логикалық қорытындысын қабылдайды.

Информация о работе Инновациялық саясат