Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 10:41, курсовая работа
Сапа - әртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш. Бұл ұғым қасиеттердің біртұтастығын бейнелейді және өнімнің сипаттамасын көрсетеді. Сапа сұраныстардың артуына және өндірістің ұлғаюына қанағаттанарлықтай мүмкіндіктері бар көп ғұмырлық кезеңдерден өтті. Сонымен қатар, біз өнімді квалимерияның обектісі ретінде қарастырамыз. Жалпы квалиметрияның обектілерне матриалды немесе идеалды, деректі немесе дерексіз, табиғи немесе жасанды сияқты зат(процесс немесе құбылыс) жатады. квалиметрияның нәтежелері өнімнін сапасын басқаруда қолданылатын жағдайларды негіздеу үшін пайдаланылады.
КІРІСПЕ
1 Квалиметрия сапа туралы ғылым……………………………………………4
1.1 Квалиметрия ұғымдары…………………………………………………….4
1.2 Сапаға философиялық тұрғыдан көзқарас ……………………………….5
1.3 Квалиметрияның қарастыратын мәселелері ……………………. .……...6
2 Сапа көрсеткіштерінің классификациясы мәні, қызметі және өзара байланысы. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі ………………………………......7
2.1. Өнімнің сапа көрсеткішін анықтау әдістері. Сапа талаптары …………8
2.2 Сападағы ақаулар. Өнім сапасына байланысты шығындар……………10
2.3 Өнімдегі бәсекелестік және оның пайда болу шарттары……………….16
2.4 Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыру…………26
3 Дайын өнімнің сапасын бағалаудың негізгі әдістері………………….......32
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………...35
Пәндік квалиметрия - обьектілер бойынша бағалауды қарастырады.
Өнімнің сапасын жалпы және кешенді басқару. Кезкелген өнім шыққан уақытынан бастап, пайдаланып біткен соңғы уақытына дейін көптеген этаптардан өтеді; NCO9004 сериясы бойынша бекітілген, осы жерде сапа жөніндегі саиясат: сапа жүйесі, сапаны қамтамасыз ету, сапаны басқару, жоғарлату, жақсарту, болып табылады.
Олар мынадай элементтерден құралған: өндіріс; өндірстік процестерді жасау және дайындау; техникалық ережелерді жасау және жоспарлау; өнімді жасау және шығару; сынақтарды өткізу және бақылау; орау және сақтау; өндірісті талдау, жіктеу және тарату; материялды техникалық үнемдеу; техникалық көмек және қамтамасыз ету; нарықты табу және мәркетинг; өнімнің пайдаланып біткен уақыты.
Квалиметрияның негізгі міндеті: бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу және дамыту болып табылады[2, 3].
Квалиметрияның мақсаттары мынадай болып табылады:
Белгілі бір өлшем бірліктер мен өлшенеді және бағаланады да нәтижесінде сапа көрсеткішінің абсолютты мәндері анықталады.
Сапа ең жоғары деңгейінде және сапаның ең төменгі деңгейінде қарапайым қасиетін сақтап қалуы керек.
Сапа көрсеткішінің базалық мәндері.
Сапа көрсеткішінің тазалығын анықтау және тепе-теңдік көрсеткішін анықтау.
Абсолюттық және жеке көрсеткішінің мағынасы әрбір негізгі және күрделі маңыздылығы мен сипатталады.
Көрсеткіш коэффициенттері сапа деңгейін көрсетеді.
Сапа бағалаудың кешендік құрлымы
2. Сапа көрсеткіштерінің классификациясы, мәні мен қызметі және өзара байланысы. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі
Бүгінгі таңда тұтынушының талғамына бірдей болып көрінетін тауарлардың түрлері әртүрлі бағамен сатылады. Сонымен қатар, тұтынушының ойынша сәйкес келмейтін бірдей бағамен сатылатын тауарлардың саны өте көп. Әр тұтынушы өзінің тауар сапасына деген көзқарасы, оның бағасы және жарамдылығына байланысты бағалы болып көрінетін тауарларды таңдауға тырысады. Сондықтан тұтынушылар тауарының бағалылығы барлық сатып алушыларға бірдей еместігі шығады. Осыдан өнім құрамының бір немесе бірнеше оның сапасын құрайтын сандық сипаттамасы өнімнің сапа көрсеткіші деп аталады. Осындай сапа қасиеттерінің бірнеше көрсткіштері бар. Олар:
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бip бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық, пайдалы тиімділікті керсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемі анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалык көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер — өнімдерді icкe қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлері денгейін керсетеді. (Мысалы: өнімдi сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қayiптi қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердін болу мүмкіндігі).
Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау, тасымалдау, шығару, колдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).
Экономикалық көрсеткіштер — өнімнің сапасын жоғарылату үшін шығындар мен жасалу жолдарын сипаттайды[4, 5].
Бұйымның жоғары сапасы әртүрлі факторлармен анықталады, олардың бастылары мыналар болып табылады: техикалық сипаттамадағы факторлар (метрологиялық, технологиялық конструкторлық және т.б.); экономикалық сипаттамадағы факторлар (қаржылық, нормативтік, материалдық және т.б.);
әлеуметтік сипаттағы факторлар (құқықтық, кадрлық және т.б.);
2.1 Өнімнің сапа көрсеткішін анықтау әдістері. Сапа талаптары
Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты төмендегідей әдістер пайдаланылады:
өлшеуші әдіс (аспаптар, приборлардың көмегімен);
тіркеу әдісі – бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
есептеу әдісі - өнім сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдауға негізделеді;
органолептік әдіс – адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, дағдылығы және қабілеттілігіне байланысты;
әлеуметтік әдіс - өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
сапаршылық әдіс – мамандар тобы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: дизайнерлер, дәм айырушылар. Пратикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады, яғни, қорытындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады. Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштерге жататындар: сұрыптылығы, маркасы, жіктелімі, пайдалы заттың мазмұны, өнімнің дүниежүзілік стандартқа сай үлесі т.б. жатады.
Жеке көрсеткіштер әртүрлі және олар өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Тауар сапасына талаптар, Сапа – бұл өзіне меншікті мінездемелердің жиынтығының талабын орындайтын дәреже. Тауар берілген талаптарға сәйкес болуы керек. Тауарларға талаптар: перспективті, ағынды, жалпы, спецификті болып бөлінеді.
Ағынды талаптар – нормативті құжаттар мен регламенттеледі және әрқашан дәлденеді.
Перспективтік талаптар – болжам бойынша анықталатын шикізаттың жаңа және материалдардың жаңа түрлерін пайдалану, өндірістің жаңа технологиялар түрлері. Перспективтік талаптарды нормативтік құжаттар регламенттейді.
Жалпы талаптар – бұл талаптар жалғыз немесе басым болуы негізінде көпшілік тауар түрлері жатады. Осы талаптарға: өзінің атына сәйкес ең толық тауарлар, маңызды функциялардың орындалуы, пайдалану ыңғайлылығы, зиянсыздығы, жөндеу мүмкіншілігі және басқа да талаптар жатады.
Өндіріс сапасымен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқаша тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қандай да бір өндіріс (бөлімінің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мәнінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі. Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негізгі жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет.
А. Тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау; басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы; шексіз кемелге келуге дегенге сенім; олар мәселелерге жауап бергенге дейін алдын алған жөн; мүдделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы; ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі-қалпы (стандарттары); фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде де қатысуы; адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару; жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз болады дегенге кәміл сенім; еңбекті мойындау, қадірлеу.
Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағында тіршілік етудің негізі деп қараған жөн. (Сапа – материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол – бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі). Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым сапасы – тұтынушы талаптарын қанағаттандыру деңгейі. «Тұтынушыдан асқан бастық жоқ».
Б. Талаптар мынаған қойылады: бақылау мен өнімді сынау жүйесіне – сенімділік сертификаты; өндірісті ұйымдастыру жүйесіне; сапаны жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі; сапаны технологиялық процесте қамтамасыз ету; сапаны қолдау жүйесін фирма ішінде бақылау.
Сапа – ол шын мәнінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі болып табылады. Сапа қандай да бір өндіріс буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Көбінесе өндіріс сапасы мен тиімділігі арасында тікелей байланыстың бар екендігін көруге болады. Көп жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімді болып саналады. Тіпті сапаны қамтамасыз ету үшін негізгі жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет және ол үнемі талап етіліп отырады. Осыған байланысты түрлі жағдайларды қарастырамыз. Олар: тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау; басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы; кез келген мәселелердің әсеріне жауапты болғаннан одан да алдын алған жөн; мүдделілік, жетекші рол және басшылықтың тікелей қатысуы; фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде де қатысуы; адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару; еңбекті мойындау, қадірлеу сияқты талаптарды қажет етеді[6, 7, 8].
2.2 Сападағы ақаулар. Өнім сапасына байланысты шығындар
Кәсіпорынның саясатының мақсаты жоғары сапалы өнім шығару болу керек. Дегенмен, сапаның антонимі болатын ақаулар кез-келген кәсіпорында пайда болады. Ақаулар өндіруші кәсіпорында да, одан тыс жерде де айқындала алады. Тауарды өткізу аясында немесе оны қолдану кезінде пайда болған ақау өнімнің және кәсіпорын жұмысының нашар сапасының дәлелі. Ол рекламация деп аталады. Рекламациялар құн мен мөлшер бойынша алдыңғы кезеңмен салыстырылады. Оларды өндіріс көлеміне қарай 100, 1000, 10000 бұйымға есептейді. Рекламацияның пайда болуы өндірушіге тек қана материалдық шығын әкеліп қоймай, беделге әсер ететін моральдық шығын әкеледі. Ақауларды талдау кезінде абсолют және салыстырмалы көрсеткіштерді есептейді. Ақаулардың абсолют көлемі — түпкілікті ақаулы өнім әкелген шығындар мен жөндеуге жарамды ақауларға шығындардың қосындысы. Ақаулы өнімнен болған шығындардың абсолют көлемін — ақаулардың абсолют көлемінен ақаулы өнімді тұтыну құны мен оны жіберген адамдар пікірлерінің, жеткізушілерден сапасыз материалдарды әкелгені үшін пікірлердің құнын шегергенге тең. Ақаулардың салыстырмалы көлемі мен шығындардың көрсеткіштерін ақаулардың абсолют көлемінің немесе ақаулардан болған шығындардың тауарлық өнімнің өндірістік құнына пайыздық қатынасы ретінде есептейді. Мысал келтірейік:
Ақаукөрсеткіштерінкөрсету
№ | Көрсеткіш, ақша бірлігі | Алдыңы жыл | Есептік жыл |
1 | Соңғы ақаулы өнімнің өздік құны | 20000 | 24000 |
2 | Ақауларды жөндеуге шығындар | 10000 | 7500 |
3 | Ақаулардың абсолют көлемі (с1+с2) | 30000 | 31000 |
4 | Қолдану бойынша ақаудың құны | 6000 | 6500 |
5 | Ақауларды жіберген адамдардан ұсталған ақша | — | 1500 |
6 | Жеткізушілерден ұсталған ақша | — | 8000 |
7 | улардан болған шығындардың абсолют көлемі (с.3-с.4-с.5-с.6) | 24000 | 14700 |
8 | Өндірістік құн бойынша тауарлық өнім | 400000 | 420000 |
9 | Ақаулардың салыстырмалы көлемі (с.3/с.8*100%) | 7,5 | 7,5 |
10 | Ақаулардан болған шығынның салыстырмалы көлемі (с.7/с.8*100%) | 6,0 | 3,5 |