Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 10:41, курсовая работа
Сапа - әртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш. Бұл ұғым қасиеттердің біртұтастығын бейнелейді және өнімнің сипаттамасын көрсетеді. Сапа сұраныстардың артуына және өндірістің ұлғаюына қанағаттанарлықтай мүмкіндіктері бар көп ғұмырлық кезеңдерден өтті. Сонымен қатар, біз өнімді квалимерияның обектісі ретінде қарастырамыз. Жалпы квалиметрияның обектілерне матриалды немесе идеалды, деректі немесе дерексіз, табиғи немесе жасанды сияқты зат(процесс немесе құбылыс) жатады. квалиметрияның нәтежелері өнімнін сапасын басқаруда қолданылатын жағдайларды негіздеу үшін пайдаланылады.
КІРІСПЕ
1 Квалиметрия сапа туралы ғылым……………………………………………4
1.1 Квалиметрия ұғымдары…………………………………………………….4
1.2 Сапаға философиялық тұрғыдан көзқарас ……………………………….5
1.3 Квалиметрияның қарастыратын мәселелері ……………………. .……...6
2 Сапа көрсеткіштерінің классификациясы мәні, қызметі және өзара байланысы. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі ………………………………......7
2.1. Өнімнің сапа көрсеткішін анықтау әдістері. Сапа талаптары …………8
2.2 Сападағы ақаулар. Өнім сапасына байланысты шығындар……………10
2.3 Өнімдегі бәсекелестік және оның пайда болу шарттары……………….16
2.4 Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыру…………26
3 Дайын өнімнің сапасын бағалаудың негізгі әдістері………………….......32
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………...35
Кестеден ақаудың негізгі себебі сапасыз шикізат немесе басқа да материалдық ресурстардың түрі екендігі көрінеді. Өндіруші есептік жылда алдыңғы жылдың нәтижесіне сүйеніп, жеткізушілердің сапасыз өнімді жеткізу жағдайында, олардың шығындарды теңестіру туралы келісімшарт жасайды, нәтижесінде ақаулардан болған шығындардың абсолют көлемін 9300 ақша бірлігіне (24000-14700) немесе 38,75%-ға (14700/24000*100%) қысқартуға қол жеткізіледі.
Ақаулардан болған шығынның салыстырмалы көлемі 2,5%-ға қысқарды.
Ақаулардың болмауы жағдайында жарамды өнімнің құнын да анықтауға болады (Δq). Ол үшін жоспарлық бағадағы тауарлық өнімнің нақты көлемін (q1РПЛ) түпкілікті ақаулы өндірістік өздік құнның үлесіне (dО.Б) көбейту керек.
Мысал үшін q1РПЛ= 500000 болса
Онда
Менеджерлер басшылыққа өндіріске сапалы шикізат жеткізетін кәсіпорынды таңдауды ұсынуы керек.
Кәсіпорында табылған ақаулардың және рекламацияларды талдауда пайда болу себептерін анықтаудан бастау керек. Бұл жіберілген қаражаттық көлемі мен өнім сапасын қамтамасыз етуге шығындарды азайту жолдарын анықтауға көмектеседі. Бірақ, ақаулардың пайда болуы, оларды жою мәселелерін шешуге кететін шығындар ақаулы өнімді өндіруден келетін шығын көлемінен артып кетуі мүмкін. Оның алдын алу үшін түрлі ақаулардың алдын алу мен жоюға кететін шығындарды мұқият талдап шығу керек. Оған Парето қисығы, ақаулармен байланысты шығындарды, мәселелерді шешумен байланысты шығындар мен кеткен уақытты бағалайтын графиктер пайдаланылады [9,10, 11].
Маркcистік концепция бойынша өндіріс шығындарды капиталистікке тауардың не тұратынын көрсетеді: Өндіріс құралдары мен жұмыс күшіне жұмсалған шығындар өнімнің сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын - ақиқат өндіріс шығындарын - ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу - еңбек шығындарына және капитал шығындарына - бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне маркистік талдау жүргізудің бастапқы принціптерінің біреуі болып табылады
2-суретте ең көп істен шығуларға алып келетін ақау анықталады, бірақ келесі суреттер (3, 4, 5) ақаулардың ең көп санының аумағы компания үшін көп мөлшерде зиян әкелетін шығындар мен сәйкес келмейтінін көрсетеді. Себебі, ақаулы бұйым арзан немесе оны оңай жөндеуге болады. Егер, деталь басқаларға қарағанда көп мөлшерде шығарылса, оның ақаулары жалған ақпарат бере алады, себебі ақаулардың абсолют көлемі аз пайыздық мөлшерді құрайды. Мысалы, 10000 дана өнімнің 5% істен шықса — ақаулысы 500 дана, ал 1000 өнімнің 20% істен шықса — ақаулысы 200 дана.
1-сурет. Түрлі ақаулар үшін 2-сурет ақаулар мен шығын Парето диаграммасы
3-сурет. Ақаулардың алдын алу 4-сурет. Ақаулардың себептерін шығындары
Әрине, сапа басқарудағы шығындарды арттыру ақаулы өнімді шығарудан келген шығындарды кемітуге ықпал етеді. Алайда, бұл кәсіпорынның сапа басқару шығындарын ұдайы арттыруы керек дегенді білдірмейді. Сапа, ақаулар және кәсіпорынның жалпы шығындарын ылғи талдап отыру керек, олай істемеген жағдайда сапаға шығындарды себепсіз арттырудан жалпы шығындардың көлемі артып кетуі мүмкін.
Сапа шығындары мен ақаулар шығындары бір графикте 5-сурет дегідей көрсетілген
5-сурет Сапа басқарудың экономикалық тиімділігі
Екі қисықтың қиылысу нүктесі минимал(ең аз) шығындарға сәйкес келеді. Бірақ, практикада жуықталған бағалауды да жасау мүмкін емес, себебі көптеген басқа да айнымалыларды ескеру керек. Қалай болса да, бұл — басшылықтың негізгі мақсаты. Сапа шығындары қаражатты үнемдеудің көзі болса да, көптеген фирмаларда мұндай есептеулер жүргізілмейді.
Өнім сапасына байланысты шығындар[13].
Сапа мәселесі өнім сапасын қамтамасыз ету және жақсарту жұмысы жоғарыдан жоспарланған және бақыланған кездегі экономика шартында пайда болған. Одан кейін өнім сапасының күйі түсе бастады, себебі тауар жетіспеушілігі өсе бастады, бұдан сапа өнімі нашарлап, тұтынушы кез келген сападағы өнімді сатып алуға даяр болады.
Қазіргі уақытта сыртқы саудаға шығу үшін: өнімнің сапасы жоғары болу керек және ол арқылы өндіріс бәсекелестікке шыға алады.
Өнім сапасын қамтамасыз ету белгілі бір шығындар мен байланысты. Өнім сапасы тұтынушыға оның сұраныстарын, оның сенімділігін және шығынды үнемдеу кепілдігін беру керек. Бұл қасиеттер өнімнің кезкелген кезеңдерінде пайда болады: өнімді өңдеуден бастап, шығарылуына дейін және саудадан кейінгі қызмет көрсету. Осымен байланысты өнімнің құны қалыптасады.
Өнім шығару мен қызмет көрсету кезінде өндіріс шығындары болады. Жоғары сапалы өнімді шығару көп шығындарды талап етеді деген қате түсінік сапаны басқару жүйелерінің жетік түрін жасауда негізгі кедергі болып келді. Жалпы алғанда, сапа шығындары дегеніміз — сапа деңгейін орнатуға, өндіріс үрдісінде оған жетуге, оны бақылауға, бағалауға, өнімнің сапаға қойылған талаптарға сай екендігі туралы ақпарат беруге және кәсіпорында немесе тұтынушының өнімді пайдалануынан болатын шығындар.
Өнім сапасын жоғарлату, оның жоғары деңгейіне жету ─ шаруашылық механизмнің жетілдірудің, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі, сонымен қатар, оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз жоғары сапаға жетуге мүмкін емес болып табылады.
«Өнімнің сапасы» түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту мәселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылату, қорытынды жақсы қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың дамуының және өнім сапасын әлемдік стандарттарға бағыттануы жағынан қарастыруға мүмкіндік береді.
Өнім сапасының жоғарлауы, экономиканың дамуының құрама элементі, ол жоғары сапаға жету яғни, өндірістік және әлеуметтік бағыттағы қайта қалыптасудың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады[15].
Өнімнің сапа шығындары өнімді өндіруге, қолдануға кететін жалпы шығындардың бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар экономикалық тұрғыдан ол шығындар өнімнің бүкіл өмірлік циклі бойына өндіруші мен тұтынушы қолданатын ағымдық және бір жолғы шығындар болып табылады. Сапа шығындарын талдау сапаны жоғарлатудың маңызды мәселелерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Сапаны талдау мәселелеріне, мақсаттарына және керекті ақпаратты алу мүмкіндіктеріне байланысты шығындарды талдау әдістері әртүрлі бола алады. Кәсіпорынның саясаты жоғары сапаға қол жеткізуге бағытталуы керек. Сапаға қарама-қарсы мағынадағы ақаулар кез-келген өндіріс орнында пайда болады. Бірақ, кез-келген жағдайда ақауларға шығындарды да ескерген жөн. Сапа мен ақаулар шығындарын басқарудың дұрыс ұйымдастырылған талдауы кәсіпорын үшін үнемдеудің көзі мен тұтынушылардың алдында кәсіпорынның беделін арттыра алады
Өнімнің сапасы тұтынушының талаптарының қанағаттандырылуына, өнімнің сенімділігіне және шығындарды үнемдеуге кепілдік беруі керек. Бұл қасиеттер кәсіпорынның бүкіл өндірістік әрекеті бойында, барлық кезеңдер мен буындарда қалыптасады. Сонымен қатар, өнімді жобалаудан бастап, оны өткізу мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін осы қасиеттерді сипаттайтын өнімнің құндық шамасы қалыптасады
Өнім мен қызмет көрсетуге кететін шығындардың қалыптасу тізбегі
Бұл тізбек сапаға кепілдік беру принціпін түзетуге және оның қашан, демек, өндірістің қай кезеңінде және қайда, қай бөлімшеде жүзеге асып жатқанын көрсете алады. Әр кезең мен бөлімшеге жетекші жауапты болғандықтан, өнімнің сапасына кім жауапты екені анықталады. Кепілдіктің ішіне сапаның техникалық, технологиялық, экологиялық, экономикалық және тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын басқа да сапа көрсеткіштері кіреді.
Сапа шығындары тек тікелей өнімді өндіруге ғана байланысты болып қоймай, сол өндірісті басқаруға да тәуелді болады.
Сапа шығындарын ғылыми-техникалық, басқарушылық және өндірістік деген үш ірі топқа бөледі. Ғылыми-техникалық және басқарушылық шығындар сапалы өнім шығарудың жағдайларын қарастырады, қамтамасыз етеді және бақылайды; өндірістік шығындардың болуы мен шамасын анықтайды.
Егер жаңа өнімді жобалау мен құрастыру сыртқы ұйымдар мен жүзеге асырылса, онда берілген кәсіпорындағы сапа шығындары тек енгізуге кететін шығындардан тұрады. Ерекше жағдайларда, әсіресе, жаңа өнімді жасау өндіру кезінде оның дайындалуы мен игерілуін құрастырушы бөлімшелер бақылайды.
Жалпы түрде айтсақ, сапаға кепілдік беру мен байланысты шығындарға кіретіндер:
тасымалдау — шикізатты, құрамдас бөлшектерді, дайын өнімдерді сыртқы және ішкі тасымалдау;
қамтамасыздандыру — түрлері мен мөлшері бойынша жоспарланған шикізатты және құрамдас бөлшектерді сатып алу;
өндірісті бақылайтын бөлімшелерге шығындар;
өнімнің сапасы тәуелді болатын экономикалық қызметтер жұмыстарына байланысты шығындар: жоспарлау, қаржылық бөлімше, бухгалтерия және т.б.;
қызметіне жұмыскерлердің біліктілігін тексеру, арттыру және талап етілетін деңгейге сәйкестігін тексеру, кіретін мамандарды басқару сияқты өнімнің сапасын қамтамасыз етуге әсер ететін басқару аппаратының бөлімшелерінің жұмысына кететін шығындар. Егер басқару шығындарын тек шартты түрде анықтай алсақ, өндірістік материалдық шығындар тікелей есептеуге келеді. Басқаруға қарағанда, техникалық өндірістік шығындарды да есептеу оңайға соғады — амортизациялық есептеулер, еңбек шығындарын да есептеу қиын емес — жалақы арқылы (норма-сағатқа төлем). Сапаны қамтамасыз етуге кететін шығындарды басқару мақсатында жаңа өнімді жобалау, игеру, өндіру кезінде пайда болып, ол өнімді өндірістен алып тастағанша жалғасатын негізгі шығындарды және өнімнің сапа деңгейін жетілдіру мен қайта жаңғыртуға (жоспарланғанмен салыстырғанда жетпеген деңгей) байланысты қосымша шығындарды ескеріп отыру керек.
Негізгі шығындардың басым бөлігі өндіріс факторларының құндық шамасын көрсетеді және де шығын сметасы арқылы нақты бұйымды шығаруға жататын жалпышаруашылық және жалпыөндірістік шығындардан тұрады [16].
Қосымша шығындарға бағалау мен алдын алу шығындары жатады. Біріншісі, кәсіпорынның өнімнің жоспарланған техникалық, экологиялық, эргономикалық және басқа да талаптарға сай болуын анықтауға кетеді. Екіншісі, стандартқа, әлемдік нұсқаларға, сатып алушының талаптарына сай емес өнімді жетілдіруге, тексеруге, жөндеуге, техника мен технологиясын жаңартуға, кей кездері өндірістен алып тастауға кетеді.
2.3 Өнімнің бәсекелестік қабілеттілік және оның пайда болу шарттары
Бәсекелестік-бұл нарық шуаруаш
Бәсекелестік-экономикалық күрес, оқшауланған өндірушілердің өнімі, жұмыс, қызмет көрсетуі үшін өзінің мүдделерін қанағаттандырудағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен жұмыста да өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен, жұмысты орындау мен, сол бір тұтынушыға ғана қызмет көрсету мен байланысты.
Бәсеке-тауар өндірушілердің капиталды ыңғайлы салу саласы үшін, өткізу нарығы, шикізат көздері үшін өзара жарысуы және бір мезгілде қоғамдық өндіріс қатынасын стихиялы реттеудің өте әсерлі механизмі.
Бәсеке қоғам өмірінде өте маңызды орын алады. Ол өз бетінше жұмыс атқаратындарды ынталандырады, тауар өндірушілер бәсеке арқылы бірін-бірі бақылауы да мүмкін. Олардың тұтынушы үшін күресуі бағаның төмендеуіне, өндіріс шығынының азаюына, өнім сапасының жақсаруына, ғылыми-техникалық прогрестің күшеюіне алып келеді.
Қазіргі жағдайда бәсекелестік күрестің бағалық тәсілі қолданылады. Бұған монополиялы жоғарғы және монополиялы төмен бағаларды қолдану жатады. Бағалық тәсілге сондай-ақ бағалық дискриминация тәсілі де жатады (әр жердегі әртүрлі бағалар, демпингтік төмен нарықтық бағалар).
Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік қатынастардың дамуы көптеген меншік түрлері жұмысының әлі төменділігі мен тежелуде және экономикадағы монополизациялау деңгейінің жоғары болу ымен түсіндіріледі. Бәсекелестік қатынастардың келешегі мемлекетсіздендіру процесімен, антимонополиялық заңдар қабылдануымен байланысты және басқаға мемлекеттің бәсекелестікті қолдау шаралары мен, ұлттық бәсеке қаблеттілікті мемлекеттің қорғауы мен жүзеге асады.
Бәсекелестік күрестің баға еместік тәсілі де пайда болуда. Бәсекелестіктің баға еместік тәсіліне мыналар жатады: тауар сапасының, жаңаруын, дизайнын жақсарту мен байланыстылығы, оның өте үлкен ассортименттілігі және сатылғаннан кейінгі өте жоғарғы қызметі.
Бұл тәсілдер негізінен екі топқа жіктеледі: өнім үшін бәсекелестік және сату шарты бойынша бәсекелестік.
Өнім үшін бәсекелестік-бәсекелестің сала нарығының бір бөлігін алып қоюға ұмтылады және ол жаға ассортиментті әрі сапалы өнімді шығару арқылы және сол бағаны сақтау жолы мен жүзеге асады. Мысалы, АҚШ-да бір мезгілде ұнның 10 мың сорты, консервеленген жүгерінің 4 мыңнан астам түрі, астықтың 50 сорты сатылады.