Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 10:41, курсовая работа
Сапа - әртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш. Бұл ұғым қасиеттердің біртұтастығын бейнелейді және өнімнің сипаттамасын көрсетеді. Сапа сұраныстардың артуына және өндірістің ұлғаюына қанағаттанарлықтай мүмкіндіктері бар көп ғұмырлық кезеңдерден өтті. Сонымен қатар, біз өнімді квалимерияның обектісі ретінде қарастырамыз. Жалпы квалиметрияның обектілерне матриалды немесе идеалды, деректі немесе дерексіз, табиғи немесе жасанды сияқты зат(процесс немесе құбылыс) жатады. квалиметрияның нәтежелері өнімнін сапасын басқаруда қолданылатын жағдайларды негіздеу үшін пайдаланылады.
КІРІСПЕ
1 Квалиметрия сапа туралы ғылым……………………………………………4
1.1 Квалиметрия ұғымдары…………………………………………………….4
1.2 Сапаға философиялық тұрғыдан көзқарас ……………………………….5
1.3 Квалиметрияның қарастыратын мәселелері ……………………. .……...6
2 Сапа көрсеткіштерінің классификациясы мәні, қызметі және өзара байланысы. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі ………………………………......7
2.1. Өнімнің сапа көрсеткішін анықтау әдістері. Сапа талаптары …………8
2.2 Сападағы ақаулар. Өнім сапасына байланысты шығындар……………10
2.3 Өнімдегі бәсекелестік және оның пайда болу шарттары……………….16
2.4 Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыру…………26
3 Дайын өнімнің сапасын бағалаудың негізгі әдістері………………….......32
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………...35
Сату шарты бойынша бәсекелестік-сатып алушыларды тауарға әуестендіру үшін көптеген іс-әрекеттерді қолданады. Бұл бәсекелеске жарнама, сервистік қызмет жасауы, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер қарастыру жатады.
Бәсекелестің баға еместік ерекше тәсіліне тауарды ұзақ мерзімге және лизингіге сатуын жатқызамыз. Соңғысы өндіріс құрал-жабдығын пайдалануды көрсетеді және оларды (өндіріс құрал-жабдығын) меншікке алудың орнына, яғни машина мен жабдықтарды, көлік құралдарын, өндіріске берілетін жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға беру. Мұның классикалық жалға беруден айырмашылығы лизинг кезіндегі өзара қатынастар сатып алу-сату келісімі жағдайы құрылады. Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын ба
Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта өктем жүргізеді.
Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар. Батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5 тен аз болмағаны жөн, ал 8-15 көп болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда - саттықты бақыласа, онда нарық монополияландырылған болып табылады. Бәсеке негізгі ұғымдардың арасында ең танымал әрі іргелі экономикалық санат болып табылады. Бәсеке мен ұйымның бәсекелік жайғасымы, бәсекелестік бағыты мен ұйымның бәсекеге қабілеттілігі сияқты ұғымдар тығыз байланысты. Осы ұғымдардың арасында белгілі себеп-салдары бар өзара байланыс орнаған. Ұйымның нарық жағдайындағы бәсекелестік теориясы мен практикасы осы ұғымдардың жиынтығына сүйенеді. Монополияға қарсы саясат саласындағы қазіргі заңнама ережелерінде дәстүрлі нарық экономикалы мемлекеттер нарықтың белгіленген бәсекелі ортасын қамтамасыз ете отырып, оны реттеуге тырысады. Алғашқы уақыттан бастап бәсекеге нарықты реттеуші ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функция деп берілген болатын. Басқаша айтқанда, бәсеке өндірісті және тауар массасының сапасын дамыту, жетілдіру факторы ретінде қарастырылды. 1990-шы жылдары бәсекенің мүлдем басқа анықтамасына негізделген теориялық тұжырымдамалар пайда болды. Бәсеке ұғымының дамуына Ресейлік және Қазақстандық ғалымдар айтарлықтай үлес қосты. Бұған Қазақстанда шаруашылық жүргізу жағдайларының түбегейлі өзгеруі мен оның әлемдік интеграциялық процестерге қатысуы дәлел болып отыр.
Бәсеке пайда болып дамитын жерде бәсекелестік артықшылықтар туындайды Соңғы ондаған жылдарда әлемдік экономиканың дамуы классикалық теорияларды қайта қарауды қажет етті. 1990-шы жылдары бәсекелестік артықшылық теориясын әзірлеген, сондай-ақ, ұйымның ішкі де, әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы елде қалыптасқан ахуалға байланысты екенін тұжырымдаған М. Портердің зерттеулерінің маңызы зор. М. Портердің пікірінше, осыған қатысты факторлық жағдайлар; сұраныс; бағдарлама, фирмалардың құрылымы мен бақталастығы; салалас және қолдайтын салалардың даму деңгейі жатады. Бәсекелестік артықшылыққа өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, тауарларды жоғары деңгейде әртараптандырып немесе нарықты орынды сегменттеу арқылы қол жеткізуге болады. Г.Л. Азоев осы тізімге ұйымның бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру талаптарына жаңалық енгізуді, нарықтың қажеттілігіне жылдам ден қоюды қосты.
Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде ресурстардың сиректігі мен тұтынушының қолында бар ақпараттың шектеулі болуына байланысты бәсекелестік артықшылыққа жету қиындап келеді. Бизнестегі жағдайдың жылдам өзгеруіне орай ұйым қалыптастырып іске асыратын бәсекелестік артықшылық ұзақ уақыт бойы сақталмайды.
Бәсекеге қабілеттілік бәсекелік артықшылықтардың барын белгілейтін нәтиже болып табылады, тауар, кәсіпорын, сала, экономика қолданылатын объектіге байланысты оны әрқалай түсіндіруге болады. Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі – бұл өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес шетелдік тауарлар мен қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы нарықта ойдағыдай төтеп беретін сатылатын тауарлар мен қызметтердегі экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануы мен анықталады, екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты, серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық әл-ауқаты. Бәсекеге қабілеттілік мәселесі әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі, елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды[19].
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта Қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда отандық кәсіпорында осы әдістер өте төмен деңгейде пайдаланылады. Біздің ойымызша, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау болып отыр. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды. Бүгінгі күні басқа елдер мен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ емес. Осы артықшылыққа экономикалық жағынан тартымды әрі ішкі тұтыну үшін арзан энергия мен басқа да пайдалы кен қазбаларының қор жинағы жатады. Сонымен бірге еліміздің экологиялық және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтың транзиттік әлеуеті де бар. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін елдің бәсекеге қабілеттілігінен ажырата білген орынды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілік мәселесі елдің қаржылық тартымдылығымен байланысты, ал елдің бәсекеге қабілеттілігі елдегі өмір сүрудің сапасымен байланысты. Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік артықшылықтың болуын тіркейтін нәтиже болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікке кәсіпорынның қызметіне ықпал ететін нарықтағы бағдарлық және тактикалық өзгерістер (сұраныстың өзгеруі, демографиялық өзгерістер, табиғи құбылыстар және т.б.) ықпал етеді. Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі оның қазіргі жағдайын талдау нәтижелерінің негізінде алынады. Осы процесте бәсекелестік артықшылық көздері, бәсекеге қабілеттілікті, жұмыстың тиімділігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ бәсекелестік ортасының даму жағдайы мен оның даму үрдістерін арттыру факторлары анықталады. Зерттеу бойынша экономикалық әдебиетте ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың әртүрлі тәсілдемелері салыстырмалы түрде қолданылған (2-кесте).
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері
Тәсілдемелер, авторлар | Бәсекеге қабілеттілік өлшемі | Талдау нәтижесінде алынған ақпарат |
Д. Рикардоның Салыстырмалы артықшылықтар теориясы | Барынша төмен салыстырмалы шығын | Бәсекелестердіңеңбек өнімділіг |
А.Маршалдың Фирма мен саланың тепе-теңдік теориясы | Өндіріс факторларын пайдаланудың жоғары өнімділігі | Өндіріс факторларының өнімділік деңгейі |
Э. Хекшер мен Б. Олиннің Өндіріс факторларының арақатынасының теориясы | Барынша төмен факторлық шығын | Өндіріс факторларының салыстырмалы құны |
Тиімді бәсекелестік теориясы | Фирманың бәсекелестігінің қарқындылығы. Жоғары экономикалық қызмет көрсеткіштері | Саланыңмонополиялылығы. Нарықтағы ағымдағы және келешектегі бәсекелестік ахуал |
Басқарудың стратегиялық тәсілдемесінің негізінде бәсекеге қабілеттілікті талдаудың матрицалық әдістері | Жақсы бәсекелік жайғасым | Ұйымның күшті және нашар жақтары, оған сыртқы қоршаған орта тарапынан төнетін қауіп |
Бизнес жағдайының өзгеруі салдарынан ұйымның бәсекелік жай-күйін жүйелі түрде талдау қажет.
Кәсіби жасалған талдау іске асырылатын бәсекелестік бағдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, ұйымның мүмкіндіктері мен нашар жақтарын анықтауға, сондай-ақ бәсекелестік жағдайында өзін қорғау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижесінде алынған ақпаратты басшылық бизнестің өзгерген жағдайында ұйымның қажетіне жауап беретін бағдарлама әзірлеу үшін пайдалана алады.
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелерінің негізінде бағалау үшін жүйелі, кешенді және нормативтік тәсілдемелер қолданылады.
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі жүйелік тәсілдеме тұрғысынан бағаланғанда бизнестің сыртқы және ішкі ортасының факторлары жеке бағаланады.
Бәсекелестік артықшылықтарды бағалау кезінде кешенді тәсілдеме тұрғысынан техникалық, құқықтық, нарықтық, ғылыми, экономикалық, ұйымдастыру, психологиялық және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін және өзара ықпал ететін басқа да аспектілер ескеріледі.
Бағалауда нормативтік тәсілдемені қолдан
Нарық типтеріне байланысты сатушы баға қалыптастырғанда әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады. Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және әрқайсысы баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.
1. Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Бірде - бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу, тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және өткізуді ынталандыру төмен болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді.
2. Монополиялық бәсекелестік нарығы келісімді біркелкі нарықтық бағамен емес кең диапазонды бағалар мен жасайтын сатып алушылар мен, сатушылардан құралады. Баға диапазонының болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әртүрлі нұсқаларын ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды бұйымдар бір-бірінен сапа, қасиеті, сырт безендіруі бойынша айырмашылықтары болады. Айырмашылық тауарға қосымша атқарылатын қызметтерде де болуы мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын көретіндіктен әртүрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықтар болу үшін сатушылар әртүрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады. Бәсекелестердің көп болуына байланысты олардың маркетингілік бағдары әр фирмаға тигізетін ықпалы олигополистикалық нарық жағдайынан төмен болады.
3. Олигополистикалық нарық баға белгілеу саясатына және бір-бірінің маркетингілік бағдарына өте сезімтал біршама сатушылардан құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің бағдарламасына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын қызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек.
4. Таза монополия жағдайында нарықта тек қана бір сатушы болады. Бұл мемлекеттік мекеме (мысалға, Қазақстанда теміржол компаниясы), жеке жүйеленетін монополия (мысалға, “Қарағанды-Жылу”) не жүйеленбейтін монополия (мысалға, нарыққа нейлонмен шығар кезеңіндегі “Дюпон”). Әр ерекше жағдайда баға белгілеу әртүрлі болып құралады. Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әртүрлі мақсатты көздеуі мүмкін. Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару, не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынысты жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. Жүйеленген монополия жағдайында үкімет компанияға “Әділ нормалы табыс” келтіретін, соның нәтижесінде мекемеге өндірісті қолдап отыратын, ал қажетті жағдайда оны кеңейтуге мүмкіншілік беретін баға тағайындауға ұлықсат береді. Оған керісінше, жүйеленбейтін монополия жағдайында фирма нарық көтеретін кез келген бағаны белгілей алады. Дегенмен бірқатар себептерге байланысты, фирма мүмкіншілігінше максимальды бағаны тағайындамайды. Бұл әрі мемлекеттік жүйелеуді енгізуден сескену, әрі бәсекелестерді елеңдетпеу, әрі төмен бағаны пайдаланып - нарықты игеруді тереңдете түсу.
Беделді тауарлар үшін сұранымның қисығы басқаша болады. Тұтынушылар тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, сапасы да соғұрлым жоғары болады деп есептейді. Бірақ бағаны шектен тыс жоғары бағаласа сұраным күрт төмендейді.
Сұраныс ұсыныстан артық. Мысалы, өндiрiстiк тауарлардың шетелдiк түрлерiне сұраныстың өсуi, оларға нарықтық бағаның күрт өсуiн тудырады.
Еңбек ақының өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiнен немесе тауар мен қызметтi өндiруден артық болса.