Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 10:41, курсовая работа
Сапа - әртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш. Бұл ұғым қасиеттердің біртұтастығын бейнелейді және өнімнің сипаттамасын көрсетеді. Сапа сұраныстардың артуына және өндірістің ұлғаюына қанағаттанарлықтай мүмкіндіктері бар көп ғұмырлық кезеңдерден өтті. Сонымен қатар, біз өнімді квалимерияның обектісі ретінде қарастырамыз. Жалпы квалиметрияның обектілерне матриалды немесе идеалды, деректі немесе дерексіз, табиғи немесе жасанды сияқты зат(процесс немесе құбылыс) жатады. квалиметрияның нәтежелері өнімнін сапасын басқаруда қолданылатын жағдайларды негіздеу үшін пайдаланылады.
КІРІСПЕ
1 Квалиметрия сапа туралы ғылым……………………………………………4
1.1 Квалиметрия ұғымдары…………………………………………………….4
1.2 Сапаға философиялық тұрғыдан көзқарас ……………………………….5
1.3 Квалиметрияның қарастыратын мәселелері ……………………. .……...6
2 Сапа көрсеткіштерінің классификациясы мәні, қызметі және өзара байланысы. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі ………………………………......7
2.1. Өнімнің сапа көрсеткішін анықтау әдістері. Сапа талаптары …………8
2.2 Сападағы ақаулар. Өнім сапасына байланысты шығындар……………10
2.3 Өнімдегі бәсекелестік және оның пайда болу шарттары……………….16
2.4 Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыру…………26
3 Дайын өнімнің сапасын бағалаудың негізгі әдістері………………….......32
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………...35
Сатушының талабы әсер еткен жоғары баға. Кейбiр өнiмдердi оның тұтыну сапасына сәйкес келмейтiн өте жоғары баға мен ұсынады және бұл жағдай өте жиi кездеседi.
Баға жақын арады көтерiледi деген немесе осыған ұқсас ақпараттарды тарату әбігерлік сұранысқа әкеледi.
Бағаның төмендеуiне әсер ететiн факторлар: ұсыныс сұраныстан артық.
Еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы мен тауарларды өндiрудi ұлғайту табыс деңгейiн тұрақтандырады.
Сатушының не болса да сатам деген өте айқын құлшынысы. Сiздiң тұрақты мекен жайыңызды өзгертуiңiзге байланысты өз үйiңiзден тез арылғыңыз келетiн жағдайыңызды білетiн сатып алушы бағаны төмендетуге тырысады. Баға төмендейді деген қауіп төнсе, сатып алушылар ұсынылған тауардан бас тартады.
Коммерциялық көрсету саласының ерекшеліктері: жеке тұтыну сипаты, қорланудың мүмкін еместігі, өндіру мен тұтынудың бөлек болмайтыны. Бұл ерекшеліктеріне қарай, мұнда баға құрылуының, оны анықтау тәсілінің және баға саясатын жүргізудің де өзіндік ерекшеліктері бар.
Коммерциялық маркетинг саласында баға сұранымы икемді келеді. Өйткені, мұнда баға көбінесе сапа көрсеткіші ретінде алынады. Коммерциялық маркетинг саласының бағасын реттеу үш факторға бөлінеді:
Мемлекет реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;
Нарыққа қатысушылардың өздері реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;
Таза нарық механизмі қалыптастыратын қызмет көрсету бағасы.
Бірінші топқа қызмет көрсетудің мына түрлерін жатқызуға болады: байланыс, транспорт, денсаулық сақтау және білім беру. Бұл топқа тарифті мемлекет реттейтін табиғи монополия да жатады.
Екінші топқа, қызмет көрсетудің баға тарифін әр түрлі бірлестіктер немесе нарыққа қатысушылар келісімі мен реттелетіндер тобы жатады: авиа тасымалдау, нотариус қызметі, адвокат.
Ал, үшінші топқа баға тарифі толықтай нарық жағдайымен анықталатын қызметтер жатады: тұрмыстық қызмет көрсету, банк қызметі, коммерциялық, медициналық қызмет көрсету.
Коммерциялық маркетинг саласында бағаның қалыптасу процесі, баға құрылуының тәсілімен бағдарына фирманың жұмыс істейтін нарық құрылымы елеулі әсер етеді.
Көптеген ондаған жылдар ішінде біздің елде, өндірушілер монополизацияның жоғары жағдайында өнім өндірісінің реттеушісі болып шынайы сұраныс емес, ал керісінше нақты - өндіріс пен әкімшілік-ұйымдық орналастыру механизмі тұтынушылықты реттеген, сатып алушылардың талғамы мен қажеттілігін қалыптастырған. Мұндай шарттарда өндірушілерде тауардың бәсекеге қабілеттілігі мәселесі болған емес, ал егер пайда болса, онда сыртқы нарықтағы өнім қатысында ғана шешіледі. Нарықтық механизмнің дамуына байланысты бұл мәселе біздің елде аяқ-асты күшейіп кетті, және оның шешімі нарық субъектілерінің барлығынан өндіріліп және тұтынылып жатқан тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату әдістері мен жолдарын белсенді іздеуді талап етті. Осыған байланысты заманауи экономикада әрбір өндірушінің бағдарламасының қаржылық-экономикалық және тұрмыстық-өндірістік негізгі бағыты көп табыс алу мақсатында оның нарықтағы устанымын бекіту үшін олар өндіріп жатқан тауардың бәсекеқабілеттілігін жоғарылату болып табылады.
Тауарларға қатысты бәсекелестік саясатта ең алдымен оның фунционалдық тағайындалады, сенімділігі, өміршеңдігі, қолдану ыңғайлылығы, сыртқы түрінің эстетикалылығы, орамы, қызмет көрсету, кепілі, қосалқы құжаттары, нұсқауы мен басқа да сипаттамалары, яғни, тауардың тауар-бәсекелеске қарағанда сатып алушының қосымша қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті. Тауардың өзінің барлық қажеттіліктерінің жиынтығын қосатын мұндай тауардың тұтынушылық бағасы, сондай-ақ оған ілеспе, нарықта өмір сүрудің маңызды шарты болып табылады. өндіруші бәсекеге қабілеттілігі тауар өндіре отырып, әртүрлі бағдарламаларды қолданады. Ол, мысалы: сатып алушылардың көзін басқа бәсекелес тауарлардан кәсіпорын тауарын айыруына қол жеткізе алады; өндіріске жіберілген тауарлардың арасынан барлық сатып алушыларға ең көп ұнайтынын таңдап алу негізінде нарықта алға шығуды жүзеге асыра алады; шығарылатын тауарды жаңаша қолдануды іздеп табады; экономикалық тиімсіз тауарды уақытында кәсіпорынның тұрмыстық бағдарламасынан шығарып тастайды; жаңа нарыққа ескі тауарлар сияқты жаңа тауарлармен де шығуды табады; сатып алушылардың жаңа талғамы мен қажеттіліктеріне сай шығарылатын тауардың модификациясын жүзеге асыра алады; жасалған тауардың қызмет көрсету жүйесі мен жалпы тұрмысты ынталандыру жүйесін әрдайым дамытып және жүзеге асырып отырады.
Халықаралық еңбекті бөлу мен ғылыми-техникалық дамудың әсерінен бәскелестіктің кеңінен өрбуі өндірушілерді жаңа бәсекеге қабілетті тауарлар мен оларды өткізудің жаңа нарығын іздеуіне итермелейді.
Халықаралық тәжірибеде мақсатқа жетушілік болып бір бұйымды шығару емес, ассортиментті жинақты құрайтын кең параметрлік қатарын жеткілікті шығару болып табылады. Параметрлік қатарлар мен ассортиментті жинақ қаншалықты көп болса, соншалықты сатып алушы өзіне сатып алудың оптималды нұскасын табалады деген ықтималдылық жоғары. әрбір тұтынушыға нақты қажеттілікті ескергенде, белгілі бір тұтынушылық қасиеттер қажет. Егер сатушы осыларды қанағаттандыруға қабілетті болса, сатып алу жүзеге асады, егер қанағаттандыру қабілеті жоқ болса – сатып алушы басқа сатушыны іздейді.».
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін сұрақтардың кең шеңберін шешу керек, ең алдымен тауарды өткізуге ұсынылған немесе өткізіліп жатқан нарықтар туралы, оның бәсекелестері туралы объективті мәліметтерді алу керек. Нарықты саралауға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, бұл тұтынушылар белгілеген бұл тауардың жақсы және жаман қасиеттерін анықтауға, жорамалданған тауар қанағаттандыра алмайтын қажеттіліктерді бағалауға қатысты. Соңында дәл қазіргі уақытта өндіріліп жатқан өнім техникалық деңгей мен сапасы бойынша тұтынушының соңғы талабына сай ма, сол сұрақ шешіледі және нарықты кешенді зерттеу нәтижесінде оның бәсеке қабілеттілігі бағаланады.
Тауардың затты және перспективті бәсеке қабілеттілігін бағалап болған соң ары қарай өндірістік-тұрмыстық саясат туралы шешім қабылданады; тауардың өндірілуі мен өткізілуін жалғастыру қажет па; тауардың нарықтық жаңару тауарына айналуына модернизацияны жүргізу керек пе; оны өндірістен алып тастап, жаңа тауар шығаруға көшу керек пе.
Нарықтық стратегияны жасап шығарғанда өнеркәсіптік өндіріс өндірістік бағдарламасынан экономикалық тиімсіз тауарды уақытында алып тастауды үйрену өте маңызды.
Талаптарға сай, жеке нарықтағы моральді ескірген тауарлар алынып тасталады. Нарықтағы жағдайды үнемі бақылап отыру қажет, тек осы жағдайда ғана өндіріс жаңа бұйымдар өндірісі мен ескіргендерді алып тастау туралы дұрыс шешім қабылдай алады.
Тауардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату жолын таңдау кезінде жаңа тауарды шығару туралы емес, өндірістен моральді ескіргенін алып тастау туралы емес, тауарды модификациялау туралы шешім уақытылы болып келуі жиі кездеседі. Тауарды модификациялау туралы шешім үлкен табыс алу үшін сатып алушылардың ерекше талаптарын қанағаттандыру мақсатында қабылданады.
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселелерін шешуде жыл сайын тұрмыстың жаңа нарықтарын игеру мен таңдау мәселесі үлкен мағынаға ие. Осыған байланысты кез келген өнеркәсіпте осы облыстағы аналитикалық-іздеу күштері өте маңызды. Тұрмыстың жаңа нарықтары тауардың бәсеке қабілеттілігі мен тұрмыстық қызметтің рентабельділігін шешімді жолмен өзгерте алады. Тауарды жаңа нарыққа енгізіп, тауардың өмірлік циклын ұзартуға болатыны түсінікті. Сұраныстың уақытша тербелістері Қазақстанның әрбір нүктесіндегі бір тауардың сәтті жүзеге асуына әсер ете алады. Ал жаңа нарықтардағы сату көлемін ұлғайту өндірісті бірлік өнімге дейін төмендете алады, бәрінен бұрын арзан жұмыс күшін қолдану, салықтың жеткілікті төмен деңгейі мен кедендік өтулер мен жаңа тұрмыстық нарықтағы өзге де факторлар қатары. Осыған байланысты тауардың бәсекеге қабілеттілігін (жаңасына көшпес бұрын, оның модификациясы, өндірістен алып тастау) ары қарайғы дамыту, осы мен бірге тұрмыстың жаңа нарығына шығу өте маңызды.
Біз бір өнімді сатып алғанда оның сапасын бағалай отырып, ойланамыз: ол біздің сенімімізді ақтай ала ма, жоқ па?
Тұтынушылар сапа деп өнімнің сыртқы түрін, жақсылығын, экологиялылығын, технологиялылығын түсінеді.
Экологиялық көрсеткіштер өнімді дайындау мен тұтыну процесінде қоршаған ортаға кері әсері деңгейімен анықталады. Сақталғыштығы – бұл сақтау мен тасымалдау кезіндегі өнімнің тұтынуға жарамдылығын сақтау қасиеті.
Нарықтық қатынастар мен өндірушілердің тұтынушыға бағытының дамуына байланысты өнімнің сапасына қойылатын талаптар келісім-шарттарға енгізіле бастады.
Сенімділігі; Материалды, энергетикалық және адам ресурстарын тиімді қолдану; Эргономикалық (эксплуатациядағы ыңғайлылық пен қарапайымдылық); Эстетикалық; Экологиялық; Қауіпсіздік; Патентті-құқықтық (патентті тазалық пен қорғау); Стандарттау мен унификация; Жөндеу технологиялылығы; Тасымалдағыштығы; Сатудан кейінгі қызмет көрсету.
Бұл атрибуттар өнім сапасының нарықтық лидерлі өнім сапаларының деңгейіне сәйкестігін көрсетеді. Атрибуттардың бір бөлігі ғана сандық бағалануы (атрибут табиғатының күшінде немесе сандық мәліметті алу мүмкіншілігі жоқ болу) мүмкін екені анық. Осының арқасында сапалық өлшеу шкалалары (жақсы-жаман, көп-аз, т.с.с. аралық градацияларды енгізумен) кеңінен қолданылады.
Өнім сипаттамасы, бәсекеқабілеттілігі сандық өлшеніп, анықталған жағдайда, әрбір өнімнің бәсекеқабілеттілігінің интегралды сипаттамасы алынуы мүмкін. Бұл үшін өнімнің жеке сипаттамалары «өлшенеді» (олардың салыстырмалы маңыздылығы анықталады), ары қарай барлық бағаланатын өнімнің әрбір сипаттамаға өлшемі жүргізіледі, содан кейін әрбір өнімге салмағының жеке сипаттамаларының мәнінің туынды жиыны анықталады. Осындай жолмен өнімнің салыстырмалы бәсекеге қабілеттілігі анықталады. Егер белгілі тауарлық топ өнімі сапасының эталонды интегралды көрсеткіші бар болса, онда онымен салыстыру зерттелетін өнімнің эталонды талаптарға сәйкестігі деңгейін көрсетеді.
Тауардың бәсеке қабілеттілігі сапамен, сатып алушыға күмәнсіз қызығушылық тудыратын, берілген қажеттілікті қанағаттандыра алатын нақты қасиеттер жиынтығымен салыстырмалы түрде анықталады. Сонымен бірге егер оны сатып алушылардың негізгі тобының қызықтыра алмайтын, тауарға жаңа қасиеттер қосылып, осының арқасында оның бағасы айтарлықтай жоғарыласа, жоғары деңгейдегі сапалы тауар бәсекеқабілетсіз болуы мүмкін.
«Тауардың бәсеке қабілеттілігі» термині «тауар сапасы» және «тауардың техникалық деңгейі» түсініктерінен кеңірек. Соңғылары – тауардың бәсеке қабілеттілігін анықтайтын, бірақ жалғыз ғана емес, негізгі құрамалары. Бәсеке қабілеттілік деңгейі аналог-бәсекелестер мен салыстырғанда тауардың тұтынушылық бағалылығын ашатын параметрлер мен қатар, тауарға қатысты, оның келіспеген қасиеттерімен: жеткізу уақыты, сервис сапасы, жарнама, бәсекелес тауарлардың бәсеке қабілеттілік деңгейінің жоғарылауы (төмендеуі), сұраныс пен ұсыныс қатысының өзгеруі, қаржылық шарттар, т.б. сыртқы факторлар мен сипаттамалар бойынша да анықталады[19].
2.4 Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыру
Қазақстаның бәсекеге қабілеттілгін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің устанымын күшейту проблемасын шешу кажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдау мен қоса отандық кәспорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Соңғы кездерде біз өнімнің сапасы, сенімділгі, бәсекеге қабілеттілгі сияқты түсінктер мен жиіжиі кездесіп, өнімнін сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Қазргі уақытта басекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп әртүрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялар мен салыстырғанда отандық кәсіпорында осы әдістер өте төмен деңгейде пайдаланылады.
Біздің ойымызша, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандардын тарту үшін қаражаттың болмауы қол байлап отыр. Бәсекелестік қабілетті бағалау кезінде негізгі параметрлердің ішкі сәйкессіздігін болдырмау үшін тауардың пайдалығын психологиялық аспектілер негізінде зерттеу керек. Мысалы өндірушінің өндіру мүмкіндігі мен тұтынушының сатып алу қабілеттілігі және т.б.
Кез-келген өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек.Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттілктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстан Республикасы үшін үлкен маңызға ие. Соған байланысты отандық тауарлардың шетел тауарларна бәсеке бола алатын деңгейге жеткізу алға қойылған мақсаттардың бірі болып табылады.
Жоғарыдағыларды ескере отырып, өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру нарықта өнім өндірудің негізгі шешуші факторларының бірі болатыны сөзсіз. Өнімнің бәсекелестік қабілеті сапа белгісімен қоса тұрғын халықтың өмірі үшін қауіпсіз және экологиялық таза өнім ұғымында қарастырлады.
Тауардың бәсекеде жеңіске жетуі оның техникалық-экономикалық көрсеткіштер мен тауар өндірудегі технологиясының сапасына және қолдану қасиеттерне (сенімділік, төзімділгіне) байланысты болады. Ал соңғы кездері, әсіресе, тауардың қоршаған ортаға зиянсыздығына, кейбір эргономикалық, жалпы гигиеналық, антропометрикалық, психологиялық және басқа да талаптарға сайкестігіне баса назар аударылуда. Бұған қоса шетке шығарылатын тауарлар міндетті стандарттық сапаға сәйкес келуі тиіс.
Бәсекеге қабілетті өнім жалпы кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ретінде емес, ол халықтың өмірінің жалпы ұлттық сапа мәселесіне айналу керек. Басекеге қабілеттілік міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдірмейді.
Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне сай әртүрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты республикалық сапа бағдарламалары да бар және осындай бағдарлама жыл сайын маңыздылығын жоғарлатуда. Сапа бағдарламасы отандық тауар мен көрсетілген қызметтердің сапасы, бәсекеге қабілеттілігін арттыру аумағында мемлекеттік және жергілкті органдар мен кәсіпорындар қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді. Сапа бағдарламалары негізгі мынадай міндеттерді қарастырады: тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру, ішкі және сыртқы нарықта сапалы және бәсекеге қабілетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жобалау мен өндіру үшін жағдайлар жасау; шетелдермен сауда жасағанда кездесетін техникалық, технологиялық кедергілерді болдырмау арқылы отандық тауар шығарушылардың экспорттық әл-ауқатын арттыруға ықпал ету және осы негізде Қазақстанның экономикасына барынша үлес қосу; сапа мен тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін құқықтық және әлеуметтік жағдайлар жасау; сапа ауқымындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.