Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 10:41, курсовая работа
Сапа - әртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш. Бұл ұғым қасиеттердің біртұтастығын бейнелейді және өнімнің сипаттамасын көрсетеді. Сапа сұраныстардың артуына және өндірістің ұлғаюына қанағаттанарлықтай мүмкіндіктері бар көп ғұмырлық кезеңдерден өтті. Сонымен қатар, біз өнімді квалимерияның обектісі ретінде қарастырамыз. Жалпы квалиметрияның обектілерне матриалды немесе идеалды, деректі немесе дерексіз, табиғи немесе жасанды сияқты зат(процесс немесе құбылыс) жатады. квалиметрияның нәтежелері өнімнін сапасын басқаруда қолданылатын жағдайларды негіздеу үшін пайдаланылады.
КІРІСПЕ
1 Квалиметрия сапа туралы ғылым……………………………………………4
1.1 Квалиметрия ұғымдары…………………………………………………….4
1.2 Сапаға философиялық тұрғыдан көзқарас ……………………………….5
1.3 Квалиметрияның қарастыратын мәселелері ……………………. .……...6
2 Сапа көрсеткіштерінің классификациясы мәні, қызметі және өзара байланысы. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі ………………………………......7
2.1. Өнімнің сапа көрсеткішін анықтау әдістері. Сапа талаптары …………8
2.2 Сападағы ақаулар. Өнім сапасына байланысты шығындар……………10
2.3 Өнімдегі бәсекелестік және оның пайда болу шарттары……………….16
2.4 Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыру…………26
3 Дайын өнімнің сапасын бағалаудың негізгі әдістері………………….......32
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………...35
Осы негізде шығарылған өнімдер сапасына қарай түрлі талаптар мен бақыланады, нормативтік құжаттармен бекітіледі, сенімделеді, қауіпсіздігі қарастырылады, бағаланады. Сондықтан, сапа басқаруда стандарттаудың маңызы өте зор. Кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауары мен қызмет көрсетулерінің орнықты жағдайда бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей байланысты болып келеді. Тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу, нарықтық жағдайда сатылу актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекеге жарамдылығы деп атайды. Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім нарықта жылдам және тез сатылуы мен анықталады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажына ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалар мен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды және осы негізінде қалыптасады. Сонымен, тауардың бәсекеге жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар — бәсекелестік болып ерекшеленеді. Осындай көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық. Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі - бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай өрнекпен анықталады:
Бт = Бс Шт,
Мұнда, Бт - тұтыну бағасы, Бс - сатылу бағасы, Шт - бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық нормативтік мерзім ішіндегі қызметі). Екінші тәсіл. Тауардың бәсекеге жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалылық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ, егер сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғары болатын болса, онда оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен тауар болып табылады. Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техниканың деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды қалыптастыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес ретінде салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:
Мұнда, КК - тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші; ККэ - эстетика-эргономикалық деңгейінің кешенді көрсеткіші; ККт - техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші; КҚс - көрсеткіш кешенінің сенімділігі. Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың техникалық деңгейі қаншалықты, соны экономикалық параметр мен салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызығушылық танытқандарды таңдайды.
Бәсеке адал ниетті және адал ниетті емес деген түсініктерге бөлінеді. Халықаралық құжаттарда адал ниетті емес бәсеке өнеркәсіп және сауда істерінде адал әдетте қайшылық білдіретін кез келген іс-әрекет деп түсіндіріледі. Соның ішінде, тиым салуға жататындар: Бәсекелестің өнеркәсіптік немесе сауда-саттық қызметінде, кәсіпорындарда, тауарлар өндіруде қым-қиғаш жағдай туғызатын іс-әрекет; Бәсекелестің өнеркәсіптік немесе сауда қызметі, кәсіпорын және оның тауары туралы теріс ой туғызатын, жалған тұжырымдар жасау; Сауда-саттық іс-әрекетпен айналысқанда тауардың сипаттамасы, дайындау тәсілі, пайдалану қасиеті немесе оның көлемі жайлы қоғамды шатастыратын пікірді пайымдау.
Қазіргі таңда, адал ниетті емес бәсекенің бөтен немесе соған ұқсас тауар белгісі мен таңбалау, тапсырысты мақалалар, жалған ой туғызатын ақпараттар және басқа да әдістер кең етек жайған. Адал ниетті бәсеке жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие тауарларға сұранысты қалыптастыру мен тауар өткізуді ынталандыру қарастырады. Бәсекелестіктің міндетті шарты ұсыныстың сұраныстан асып түсуі болып табылады, әйтпесе, тауарлардың жетпеушілік жағдайында сатып алушылар сапасыз тауарды да алуға мәжбүр болады. Қазіргі таңда, адал ниетті емес бәсекенің бөтен немесе соған ұқсас тауар белгісі мен таңбалау, тапсырысты мақалалар, жалған ой туғызатын ақпараттар және басқа да әдістер кең етек жайған. Адал ниетті бәсеке жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие тауарларға сұранысты қалыптастыру мен тауар өткізуді ынталандыру қарастырады. Бәсекелестіктің міндетті шарты ұсыныстың сұраныстан асып түсуі болып табылады, әйтпесе, тауарлардың жетпеушілік жағдайында сатып алушылар сапасыз тауарды да алуға мәжбүр болады. Тауардың бәсекелестік артықшылығы оның бәсеке қабілеттілігін құрайды. Ол дегеніміз басқа сондай тауарлармен салыстырғанда оның артықшылығын көрсететін тұтынушылық және құндық қасиеттердің жиынтығы.
Бәсекеге қабілеттілік - нарықтың талабын анықтайтын және тауардың басқа тауар мен салыстырғандағы оның сапалық және экономикалық қасиеттерін кешенді бағалайтын кез келген тауардың негізгі маңызды сипаттамаларының бірі. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі салыстырмалы сипатқа ие. Ол нақты нарық пен сатылым уақытының жағдайларына байланысты. Сатып алушылардың көпшілігі қоғамдық қажеттіліктерге сай тауарларды сатып алады, сонымен бірге, әр сатып алушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды алады. Сатып алушылардың мінездерін зерттеу көрсеткендей, екі ұқсас тауар болса, сатып алушы оның арзанын қалайтынын, егер сатылым бағалары бірдей болған жағдайда - сатып алушы тұтыну бағасының (қолдану шығындары) төменіне ұмтылатыны белгілі. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның жоғары тұтынушылық қасиеттері мен төмен бағасы мен анықталады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын тұтынушылық және құндық қасиеттер әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі болады. Мысалы, ұзақ қолданылатын және өндіріске қажетті күрделі тауарлар үшін бәсекеге қабілеттілікті көрсететін көрсеткіштерге келесілер жатады: тауардың пайдалану шеңберін анықтайтын атқарымдық міндетінің көрсеткіштері; тауардың қолданыстағы ыңғайлылығы мен оның қауіпсіздігін сипаттайтын пайдалану көрсеткіштері; тауарды сатып алу мен пайдалану шығындарын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштері; Жоғарыда көрсетілмеген (сертификат,сервистік қызмет көрсету), басқа бағалық емес көрсеткіштер. Бәсекеге қабілеттілік салыстырмалы көрсеткіш екенін ескере отырып, оған қатысты бағалау жүргізілетін басқа да оған ұқсастарды анықтау қажет. Ұқсастар көп болған сайын, бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың нәтижелері соғұрлым нақтырақ болады.
Өнімнің бәсекеге деген қабілеттілігін жоғарылатуда сертификаттау үлкен рөл атқарады. Сертификаттау дегеніміз өнімнің нақты сипаттамаларының қажетті стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарға сай екенін растауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Сертификаттау дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Бұл елдердің нарықтарында дамушы елдерден кең қолданылатын тауарлар көптен келе бастады. Соның салдарынан сатып алушыларда олардың сапасы туралы күмән туа бастады. Сертификаттау сатып алушыны, онымен қатар алынып жатқан тауардың қауіпсіз және жоғары сапаға ие екенін сендіру үшін қажет болды. Сөйтіп, сертификаттау жүргізу жүйесі біртіндеп дами бастады.
Сертификаттауды ұйымдастыру төмендегі кезекпен жүргізіледі:
Өндіруші бәсекелестік жағдайында сатып алушыға және оның тауары қазіргі талаптарға сай және бәсекеге қабілетті деп дәлеледеуге мүдделі; сатып алушы өзінің алған тауарының қауіпсіз және бәсекеге қабілетті екендігіне көз жеткізуі керек; қоғам өздерінің басқару органдары арқылы өндірушіден оның тауары қауіпсіз екендігіне дәлелді талап ете алады; өндіруші оның тауары жеке тұтынушыға ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамға пайдалы деген пікір қалыптастыруды қалайды; өндіруші өзінің өніміне сертификат алу үшін стандарттауды ұйымдастыратын бас ұйым мен хабарласады; стандарттау бойынша ұйым немесе өндірушінің өзі өнім сертификаттауы бойынша кешенді жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымды анықтайды; сертификаттау жасайтын ұйым сынау зертханаларының көмегі мен сертификацияланып жатқан өнімнің нақты сипаттамаларын анықтап,сертификат беру жөнінде қорытынды дайындайды; сертификаттау жасайтын ұйым сынақтан өткен өнім үшін өндірушіге сертификат береді.
Сертификаттауды жүргізу барысында оған қатысушылар арасында жауапкершілік былай бөлінеді: өнім өндіруші кез келген шығарылған өнімнің сапасы ұлттық стандарттар мен техникалық шарттарға сай екеніне жауапты болады; жабдықтаушы өзі жеткізіліп отырған өнімнің сертификаты бар екеніне жауапты болады; сертификаттау жасау ұйымы берген сертификаты заңды екеніне жауапты болады; сынау зертханасы өткізілген сынақтар нәтижесінің дұрыс екеніне жауап береді.
Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік өндірушілерді тек қажеттілігі бар тауарларды ғана өндіруге жетелейтін, негізгі реттеуші тетігі болып табылады. Латынның сопсиге (мақсатқа жүгіру) сөзінен шыққан термин өндірушілер мен сатушылар арасында сатып алушылар үшін талас-тартысты анық сипаттайды. Нарықта бәсекелестердің мақсаты тауарды сатып алушыға сату негізгі құрал ретінде кәсіпорындағы сапалы маркетинг саналады.
Тауардың бәсекелестік қабілеттілігі белгілі бір уақыт сәтінде оның сол нарқтағы сәтті сатылу мүмкіндігі. Қазіргі заманғы нарықта тауар бәсекелестік қабілеті бар болып саналады, егер ол нақты сатып алушыға есептеле отырып жасалатын болса. Өткізілмеген тауар, тіптен егер ол стандартқа сәйкес келсе де, егер оның технологиясы жасалса да, ал дайындаушы оны жоғары бағаласа да сапалы тауар болып саналмайды. Бәсекелестік қабілеттілік бірқатар факторларға байланысты болады: тауардың сапасына және оның жаңалығына; төлем жағдайына; тауарды жеткізу мерзіміне; оны жарнамалауды және оған шығарылған шығындар ұйымдастыру; салық мөлшерлері және соған ұқсас тауарларға нарықтық кедендік салық; халықтық төлем қабілеттілігіне; техникалық қызмет көрсету деңгейіне; қосалқы бөлщектердің нарықта болуына және тағы басқа. Алайда бәсекелестік қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері тауардың сапасы және оның жаңалығы болады.
3. Дайын өнімнің сапасын бағалаудың негізгі әдістері
Өнім сапасын оның пайдасын сипаттайтын бір ғана, бірақ негізгі көрсеткіші мен жиі бағалайды. Мысалы,автомобильдердін дөңгелектерінің сапасын олардың жүрсі бойынша бағалайды. бензін сапасын октандық сан бойынша, бетон сапасы - калорилығы бойынша бағалайды. Бірак бір ғана анықтайтын көрсеткіштің өзі сапасы неше түрлі қасиеттерге ие өнімнің, біржақты, шектелген сипаттамасын береді. Сондықтан да пракикалық түрде кез келген өнім үшін, әсресе, көпфункционалды өнім үшін сапа бағалауын оның бірнеше пайдалы қасиеттерін өңдеу керек. Бұл үшін кезкелген өнімнің, соның ішінде, өндірстік, техникалық өнімнің сапасын бағалаудың бірнеше әдістері бар.
Сапа деңгейін бағалауының қолданылуына байланысты көрсеткіштерді келесі әдістерге ажыратады:
Дифференциалды; Компелексті; Интегралды; Аралас.
Дифференциалды әдіс бағаланатын өнімнің бір сапа көрсеткіштерін бір аттас базалық көрсеткіштер мен (бірлік және комплексті) салыструда жатыр. Мысалға, бір белгілі қуатты өндірсте жасалған электр шамдарының орташа жану мерзімі 400c, ал эталондық жану уақыты 450c. мұнда өнімнің сапа деңгейі 0,89(400,450)тең, яғни электір шамының өмірдегі сапасы эталонға сайкес емес.
Машина жасайтын өнімдердің техникалық деңгейін бағалаудың Дифференциалды әдісінде бағаланатын өнімнің сапа деңгейінің жеке салыстырмалы көрсеткішін мына өрнек бойынша есептейді.
Укі=Pі/Рібаз немес Укі=Рібаз/Pі і=1,2,3………..,n
Pі - бағаланатын өнімнің сапа көрсеткішінің і - ші мәні; Рі баз - негізгі үлгінің сапа көрсеткішінің і- ші мәні; n - сапа көрсеткішінің техникалық деңгейін бағалау үшін қабылданған саны, бұл өрнекті сапа көрсеткішінің абсолюттік мәнінің ұлғаюы бұйым сапасының жақсаруына сайкес келгенде қолданады. Мысалға, өндірістің қуаттың пайдалы әсер көэффициентінің салыстырмалы көрсеткіштерін осы формуламен есептейді. Көрсеткіштің абсолюттік мәнін ұлғаюы өнім сапасының төмендеуін сипаттағанда, көрсеткіштің салыстырмалы мәнін есептеу үшін Укі=Рібаз/Pі формоласы қолданылады.
Бағалау нәтижесі әр бағаланатын көрсеткіш үшін жеке көрсетіледі. Өнім сапасын бағалаудың дифференциалды әдісі келесі нәтижелерді алуға мүмкіндік береді:
Егер, өнім негізгі үлгінің бірнеше көрсеткішінен төмен болса, онда бағаланатын өнімнің сапасы негізгі үлгінің сапасынан төмен;
Егер, өнім негізгі үлгінің бірнеше көрсеткішінен де жоғары болса, ондабағаланатын өнімнің сапасы негізгі үлгінің сапасынан жоғары;
Егер, бағаланатын өнім мен негізгі үлгінің сапа көрсеткішінің мәндері бірдей болса, онда бағаланатын өнімнің сапасы негізгі үлгінің сапасына сәйкес келеді.
Комплексті әдіс – мұнда өнімнің сапа деңгейін анықтау бағаланатын өнімнің кешенді көрсеткіштерінің базалық көрсеткіштер мен салыстыруда жатыр. Сапа деңгейі келесі өрнек бен анықталады:
Vk=K0/Kб немесе Ук=Кб/К0
K0 - бағаланатын өнімнің құрастырма көрсеткіші; Кб - базалық көрсеткіш. Мысалы, аяқкиімнің сапа деңгейі бояуы, сыртқы түрі, іштей өңделуі сияқты эстетикалық қасиеттер тобы бойынша. Осы көрсеткіштердің әрқайсысының жеткілкті ең жоғары бағасы 5 бал.
Көмплексті көрсеткіш бірлік және көмплексті көрсеткіштердің функциясын білдіреді және мыналар мен өрнектеледі:
өнімнің функционалдық жарамдылығын, қажеттіліктің қанағаттанарлығын көрсететін негізгі көрсеткішпен;
бірлік және комплексті көрсеткіштерді бар санға алып келетін орташа көрсеткішпен.
Бағалаудың комплексті әдісі мен бағаланатын өнімнің сапасы туралы жалпы қортынды алады және басқармалық шешімді бағалаудың алынған нәтижелер мен сәйкес қабылдайды.
Өнім сапасын комплексті бағалау келесі операциялардан тұрады:
1. өнімнің техникалық құжаттамалар бойынша сапасының бірлік көрсеткіштерін , тізімін таңдау;
2. өнімнің негізгі үлгісін таңдау негізінде сапасының бірлік көрсеткіштерін таңдау;
3. сапаның бірлік негізгі үлгі көрсеткіштерінің мәнін анықтау;
4. өлшеулер мен сынақтардың берілуінің негізінде бағаланатын өнімнің нормативтік құжаттамаларынан бағаланатын өнімнің сапа бірлік көрсеткіштерінің мәнін анықтау;
5. сапаның салыстырмалы бірлік көрсеткіштерінің мәнін анықтау;
ескерілетін көрсеткіштерідің өзара байланысының сипатталу мүмкіндігі болғанда, функционалды тәуелділікті анықтау керек: орташа геометриялық, орташа арифметикалық, орташа гармоникалық, экспоненциалды функция, дәрежелі функция және т.б.
Бұл әдіс арқылы өнімнің функционалдық жарамдылығын қажеттіліктің қанағаттанарлығын және бірлік және кешендік көрсеткіштерді бір санға алып келетін орташа көрсеткіш.
Интегралды әдіс - бағаланатын өнімді оны қолданудың пайдалы әсерінің сәйкесінше шығындарға қатынасын сипаттайтын бірлік көрсеткіші бойынша негізгі өнім мен салыстырудан тұрады.