Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:01, курсовая работа

Описание

Жалпы халықаралық экономика курсын оқытудың үлкен теориялық және практикалық мағынасы бар. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің барлық жағын қарастыруды қамтамасыз етеді. Халықаралық экономика пәні өз алдына объектілерді, міндеттерді, әдістерді реттеудің тиімді жүйесін құру үшін бірнеше шараларды қарастырады.
СӨЖ және СОӨЖ тапсырмалары білімді нығайтуға, практикалық жағынан тиімді қолдануға, қалыптасқан жағдайларды талдауға, салыстыруға бағытталған.

Работа состоит из  1 файл

7.doc

— 446.00 Кб (Скачать документ)

 

Бақылау түрі

Апталар

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Ағымдағы рейтинг, оның ішінде

                       

24

Форумға қатысу

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

12

Форумдағы белсенділік

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

12

Бағаланатын шара

     

12

         

12

 

12

36

Аралық бақылау

                       

60

Қорытынды емтихан

                       

40

Қорытынды баға

                       

100


Студенттердің оқу жетістіктері он балдық әріптік жүйемен бағаланады:

 

Әріптік баға

Балдары

%-дық мазмұны

Дәстүрлі баға

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0,67

0-49

Қанағаттанарлықсыз


 

 

Қашықтықта оқыту консультацияларды  жүргізу кестесі 

 

Консультант аты-жөні

Алибекова Камшат Жолдасбековна, Шуакбаева  Гульнур Сериковна

Байланыс  телефондар

 

Электронды адрес

 

Электронды байланыста тьютор –консультанттың  болу уақыты (апта күндері, сағат).   

 

Форумға (чат) (апта күндері, сағат)

 

 

 

ТЕОРИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ

 

Лекция 1. Кіріспе.

 

«Қазақстан-2030 « Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»» стратегиялық бағдарламасында «...ғылымды қажет ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саясатын белгілі бір дәйектіліктің қажеттілігін көрсетін отыр»- деп атап өтілген. Нарық талабына сай бәсекеге қабілетті - өндірістік кәсіорынды қалыптастыру ондағы өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару жұмыстарын ұтымды жүргізу үшін тұтынушылардың талабына сай өнім сапасын көтеру, ассортимент түрлерін кеңейту, пайдаланылатын ресурстың барлық түрлерін үнемдеу әдістерін жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Бұл Бұл әдістер кәсіпорын басшылары мен оның ұжымдарының алдына қойған мақсаттарына жету жолында өндірісті ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру, жоспарлаудың прогрессивті жолдарын және басқарудың озық үлгілерін қолдануға көмектеседі.

«Өндірісті  ұйымдастыру» - өндірістік жүйелерді  ұйымдастыру, жоспарлау теориясы бойынша  базалық пән болып табылады. Бұл  пән «Экономика» мамандықтары бойынша  дәріс алатын студенттерге арналған. Осы аталған пәннің тақырыптары «Кәсіпорын экономикасы», «Кәсіпкерлік» «Өндірістік салалардың экономика» және мамандықтың басқа да пәндерімен өзара тығыз байланыста құрылған.

Пәннің мақсаты  – материалдық өндірістің негізгі  буыны болып табылатын өнеркәсіптік кәсіпорынның тиімді қызметін қамтамасыз етудегі өндірісті ұйымдастыру жөніндегі өзара байланысты маңызды мәселелер мен факторларды жан-жақты қарастыру және оқып-үйрену табылады.  

Өндірісті ұйымдастырудың міндеттеріне өндірісті ұйымдастыру негіздерін меңгеру, өндірістік үдерістерді ұйымдастыруды жан-жақты өқып-үйрену, кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтарды ұйымдастыруды қарастыру, жаңа техниканы дайындау және игеру үрдістерін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару механизмдерін үйрену мәселелері жатады. 

Өндірісті ұйымдастыру  пәнін оқытудың алдында «Экономикалық  теория», «Микроэкономика», «Менеджмент», «Бухгалтерлік есеп»  пәндерін студент  жан-жақты меңгеруі шарт.

Осы пәнді оқыған соң студенттер кәсіпорынды ұйымдастыру, жоспарлау принциптері мен әдістерін білуі, негізгі өндірістік жүйелерде ұйымдастыру шешімдерін қабылдаудың дағдыларын игеруі, ұтымды өндірістік менеджменттің кәсіпорынның тиімді қызметіне әсерін түсуіне мүмкіндік туындайды.

Нарықтық қатынастардың  тереңдеуі мен дамуының қазіргі жағдайы өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың теориялық білім алу мен тәжірибелік дағдыларын игеру қажеттілігін туындатады. Экономиканың барлық салаларының кәсіорындарында істейтін менеджерлер негізгі өндірісті және өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру, жоспарлау қағидалары бойынша басқарады.

Менеджменттің функциясы мен қағидаларын оқудың негізінде терең теориялық білімі болуы қажет. Кәсіпорындағы менеджмент деңгейі нарық жағдайында оның бәсекеге қабілетін анықтайды.

Пән бағдарламасы логикалық құрылымы жағынан отандық әдебиеттердегі кәсіпорындарды ұйымдастыру мен басқару және шетелдік менеджменнт теориясы мен тәжірибесін ескере отырып құрылған.

Берілген пәнді  оқудың нысанына өндірістік жүйе және өндірістік кәсіпорын түрлері жатады. Пәнді оқудың әдістері  болып статистикалық талдау, экономика-математикалық, мондай-ақ орташа шамалар әдісі, эмпирикалық дисперсиялық және басқалары табылады.

 

Лекция 2. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері

Жоспар:

1. Кәсіпорынның  өндірістік және нарықтық байланыстары

2. Кәсіпорын  және бәсекелестік орта

3. Кәсіпорынның  маркетингтік қызметін ұйымдастыру

 

  1. Экономиканың дамуының барлық кезеңдерінде кәсіпорын негізгі буын болып саналады. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады.

Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады.

Кәсіпорынның  ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншікк түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, саяси-экономикалық байланыс қызметін қамтиды.

Кәсіпорынның  шаруашылық жұмыстары алдын ала анықталған өндірістік бағдарламаны орындау барысында Қазақстан Республикасындағы бекітілген заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасында  кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар олардан құралған заңды тұлғалар тобы жатады.

Нарықтық қатынастар жағдайында шешуші тұлға болып кәсіпкер саналады. Кәсіпкер статусы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қалыптасады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бболып жеке азамат та, олардан құралған топ та саналады.

Өндірістік кәсіпорын – деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.

Кәсіпорынның  басты мақсатына халықтың тұтынушылығын  қанағаттандыру және табыс табу жатады.

Кәсіпорынның қызметінің бағыты алдына қойған түпкі мақсатымен анықталады. Әдетте кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнеше таңдаулары болуы мүмкін:

-өз өнімдері  үшін нарықтың көп үлесін жаулап  алу;

-жоғары сапалы  өнім өндіру;

-технология  бойынша нарықта жетекші орынды иелену;

-қолда бар  шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын  ұтымды пайдалану;

-жұмысбастылықты  барынша жоғары деңгейге жеткізу.

Басты мақсатқа жету кәсіпорын бірқатар міндеттерді  шешуге тырысады:

-қандай тауар  немесе тауарлар номенклатурасын  өндіру және сату керек;

-бұл тауармен  қандай нарықтарға шығу керек  және нарықта өз позицияларын  қалай нығайту керек;

-өндірістің  қолайлы технологиясын қалай  таңдау керек;

-қандай материалдарды  алу және оларды қалай қолдану  керек;

-қолда бар  қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады;

-өндірілетін  өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің  техникалық сипаттамалары бойынша  кәсіпорын қандай көрсеткіштерге  жету керек.

Осы мәселелерді  шешуге бағытталған кәсіпорынның қызметі  оның жалпы іскерлік саясатын анықтайды. Жұмыс барысында іскерлік саясат іс-әрекеттердің нақты жоспарына айналады, ол әдетте үш кезеңнен тұрады:

А) кәсіпорын  қол жеткісі келетін сандық көрсеткіштерді анықтау;

Б) алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды бағыттар мен іс-әрекеттерді анықтау. Бұл  жағдайда екі негізгі факторға назар аударылады:

-кәсіпорын қызметіне  әсер етуші сыртқы факторлардың  дәрежесін анықтау;

-кәсіпорынның  әлсіз жақтары мен оның ішкі  мүмкіндіктерін талдау;

В) кәсіпорын  қызметінің құрылымына сәйкес икемді ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін  жасау және стратегиясын анықтау.

 

  1. Нарықтық экономиканың басты факторы болып бәсеке саналады және оның айқын көрінісіне бәсекелестік жатады. Ол-бұл нарықтағы бірдей тауар өндірушілерді жоғары табыс табу үшін тұтынушылардың неғұрлым көп санын тартудағы экономикалық бақталас сайысы.

Бәсекелестік-нарықтық  жүйедегі бақылаудың басты әдісі. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық механизм ретінде тұтынушылар қалауын өндіруші-кәсіпорындарға, ал ол арқылы ресурстармен жабдықтаушыларға жеткізеді.

Бәсекелестік  өндірістің кеңеюіне және бағаның өндіріс  шығындарына сәйкес деңгейге дейін төмендеуіне себеп болады. Бәсекелестіктің экономика мен оның тиімділігіне әсері мұнымен шектеле қоймайды. Бәсекелестік кәсіпорындарды ғылыми-техникалық жетістіктермен толығуына, инновациялық техника және технология, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін қолдануға итермелейді.

Бәсекелестікке  кері ұғым – монополия. Монополия  жағдайында нарықта тек бір сатушы және көптеген тұтынушылар қалыптасып, берілген тауардың тек жалғыз өндірушісі болуынан тауарға монополды жоғары баға тағайындау мүмкіндігіне ие болады. Соның нәтижесінде тауарларды сатып алатындар саны салыстьырмалы түрде азаяды да, мұндай тауар үшін көбірек төлеу қажеттілігі туады.

Классикалық экономикада (Адам Смит теориясында) «көрінбейтін қол» термині бар. Оның мазмұнына бұл өз табысын көбейтуді көздейтін және шиеленіскен бәсекелестік ортада қызмет ететін өндіруші кәсіпорындар және ресурстармен жабдықтаушыларды «көрінбейтін қолмен» бағыттап, сонымен қатар мемлекет және қоғамның мүдделерін де қатар қорғап отырады. Бәселекелтік ортада кәсіпорындар берілген өнім көлемін өндіру үшін ресурстардың ең тиімдісін пайдалануға тырысады. Нәтижесінде «көрінбейтін қол» тұжырымдамасы кәсіпорындардың табысын арттыруға, өнім көлемін көбейтуге ықпалын тигізеді.

 

3. Маркетинг теориясы нарықтың тауарлармен толысуынан және өнім өткізуде болған әр түрлі қарама-қайшылықтарға байланысты пайда болды және дами бастайды. Сондықтан да бұл пәнді АҚШ-тың көптеген университеттерінде оқыта бастайды. Ал 50-ші жылдың басында маркетинг жұмыстарының тәжірибелік нәтижелерінің негізінде алғашқы маркетингтің қағидалары анықталды да осы уақыттан бастап, «маркетинг дәуірі» басталды. Дүниежүзілік әдебиеттерде 200-ден астам маркетингтің анықтамалары берілген.

Информация о работе Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы