Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:01, курсовая работа

Описание

Жалпы халықаралық экономика курсын оқытудың үлкен теориялық және практикалық мағынасы бар. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің барлық жағын қарастыруды қамтамасыз етеді. Халықаралық экономика пәні өз алдына объектілерді, міндеттерді, әдістерді реттеудің тиімді жүйесін құру үшін бірнеше шараларды қарастырады.
СӨЖ және СОӨЖ тапсырмалары білімді нығайтуға, практикалық жағынан тиімді қолдануға, қалыптасқан жағдайларды талдауға, салыстыруға бағытталған.

Работа состоит из  1 файл

7.doc

— 446.00 Кб (Скачать документ)

Маркетинг («market» ағылшын сөзі – «нарық») – деп нарық пен экономикалық конъюнктураны, өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін тұтынушылардың талабын ескере отырып, кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу және ғылыми-техникалық жұмысын басқарудың нарықтық тұжырымдамасын айтады.

Ф.Котлердің  берген анықтамасы бойынша маркетинг дегеніміз қажеттілік пен тұтынушылықты айырбастау арқылы қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрін айтады.

Американдық маркетологтар  ассоциясы маркетингке тауарлар мен қызмет түрлерін дайындау, баға саясаты, тауарлардың нарықта қозғалуы және оларды сату жұмыстарын жоспарлау мен басқару үрдістерін жеке адамдар және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүргізуін айтады деп анықтама берген.

Өндірістік  кәсіпорынның маркетингтік қызметінің негізгі мақсаты болып өнімге сұранысты қалыптастыру және оның ынталандыру, кәсіпорынның жұмыс жоспары мен басқару жұмыстарында ұтымды шешімдер қабылдай білу және өнімнің нарықта алатын үлес салмағын арттыру, сату көлемін арттыру арқылы табысты молайту болып саналады.

Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі мақсатына өндірілген өнімді сату емес, сатылатын өнімді өндіру болып табылады.

Кәсіпорынның  маркетингтік жұмысының негізгі  қағидаларына сауда өндірістік жұмыстарды басқару жүйесінің негізгі ережелері  мен түрлерін анықтау жатады. Оларға кәсіпорынның өнім өндіру және өткізу мүмкіндіктерін, экономикалық конъюнктураны талдау және нарықты терең, жан-жақты ғылыми-тәжірибелік тұрғыда зерттеу, нарықты сегментке бөлу (сегменттеу), нарық сұраныстарына өндіріс пен өнім өткізудің икемді болуы, инновациялық жаңалық енгізу, жоспарлау және тағы басқалары жатады.

Кәсіпорыннның маркетингтік қызметінің негізгі функцияларына:                 -нарықты кешенді зерттеу (талдау, болжау, конъюнктура);

-кәсіпорынның  өндірістікк-өнім өткізу мүмкіндіктерін талдау;

-маркетинг стратегияы  мен бағдарламасын жасау;

-тауар саясатын  жүргізу;

-баға саясатын  қалыптастыру және жүргізу;

-коммуникациялық  саясатты жүргізу.

Нарықты кешенді  зерттеудің мазмұны мен бағыттылығы  келесіде:

А) тарауға нарықтың қоятын талабын зерттеу, яғни тұтынушылар талабына сәйкес өнімнің тұтынушылық қасиеттерін арттыру, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру шараларын жүргізу және оларды дайындау;

Б) нарықты кешенді  зерттеу – экономикалық конъюнктураны  тыңғылықты зерттеу.  

 

 

Лекция 3 Кәсіпорынның өндірістікк құрылымы және оны жетілдіру жолдары

 

Жоспары:

  1. Өндірістік үрдіс – кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі
  2. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
  3. Өндірістік құрылымның түрлері
  4. Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары
  5. Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары

 

  1. Өндірістік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді. Өндірістік үрдіс кез келген кәсіпорын қызметінің негізін қалайды.

Өндіріс сипатын  анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі  факторларына еңбек құралдары (машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші, яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатажы. Осы негізгі үш фактордың тікелей өзара әрекеті үрдістің мазмұнын құрайды.

Кәсіпорынның  өндіретін өнімдері қолданылу бағытына байланысты негізгі және көмеккші өндірістің өнімдері болып табылады. Негізгі өндірістің өнімдері, әдетте, сатуға арналады, ал көмекші өндірістің өнімдері негізгі өндіріс өнімдерін дайындаудағы кәсіпорынның өз мұқтаждықтарына қолданылады.

Кәсіпорынның  өндіретін өнімнің күрделілігіне  байланысты жай (қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралелді жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.

Өнім өндірудің  технологиялық операцияларға бөлінетін  бірқатар бөлшектік үрдістерден  құралады.

Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.

Жұмыс орны – жұмысшы нақты өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және техникамен жабдықталады. Кәсіпорынның соңғы нәтижелері жұмыс орындарын ұйымдастыру деңгейімен, олардың саны және мамандану дәрежесімен, уақыт бойынша операциялардың сәйкестелуімен және кеңістікте ұтымды орналасуымен тікелей байланысты болады.

Өндірістік  үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.

Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады.

Негізгі үрдістер жиынтығы негізгі өндірісті құрайды. Күрделі өндірісте негізгі үрдістер әдетте үш кезеңнен тұрады: дайындау кезеңінде дайындық жұмыстары жүргізіледі; өңдеу нәтижесінде оның өнімдері дайын бөліктерге айналады; жинақтау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындалған бөліктерден және сатып алынған дайын өнімдерден өнім құрастырылады.

Өнім жасаудың технолоигялық үрдісі бұдан басқа да өзінің құрамына табиғи үрдістерді қамтиды. Табиғи үрдістерге еңбек затына табиғаттың физикалық және химиялық әсерін тигізетін үрдістер жатады. Бұл үрдістер жанды еңбектің және еңбек құралдарының қолдауынсыз өтеді, бірақ көп уақыт алады, сондықтан оларды жасанды үрдістермен ауыстырып отырады.

Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.

Қызмет көрсету  үрдістеріне – техникалық бақылау жұмыстары, көлік, қойма операциялары және тағы басқалары кіреді.

Өндіріс тиімділігі және өнім сапасы көп жағдайда өндірістік қызметтерді ұтымды ұйымдастыру  деңгейімен анықталады.

 Өндірістік  үүрдістерді ұтымды ұйымдастыру  қағидаларын екі категорияға бөлуге болады;

-жалпы, яғни  оның нақты мазмұнына байланысты  болмайды;

-арнаулы, нақты  өндірістік үрдістерге арналады.

Жалпы қағидаларға  уақыт бойынша және кеңістікте кез  келген өндірістік үрдісті ұйымдастыруға  бағынышты болатын мынадай қағидаларды жатқызуға болады:

-мамандану қағидасы, өндіріс үрдісінде жұмыс орындары және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен оның шоғырлануын көрсетеді;

-паралельдік қағидасы, кәсіпорынның белгілі бір өнімді дайындауға байланысты өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді;

-пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек өнімділігімен сипатталады;

-тура-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жолдарымен жүруін айтады;

-үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді;

-ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады.

Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады:

А) ағындық (тасқындық);

Б) пратиялық (топтық);

В) бірлік.

Олардың ішіндегі ең тиімдісі – қазіргі талаптарға сай келетін ағындық әдіс. Бұл әдістің мәні технологиялық үрдістің барлық элементтерінің уақыт бойынша қатаң сәйкестігімен және еңбек заттарының жұмыс орындары бойынша өнім өндірудің белгіленген тактісі бойынша анықталады.

 

2. Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады. Өндірістің мазмұны еңбек қатынастарымен анықталатын негізгі үш элементтен тұрады:

-ұтымды жұмыс  немес еңбектің орындалуы;

-адамның ұтымды  жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы;

-еңбек заттарын  өзгертуге қажетті еңбек құралдарының  қатысуы.

Материалдық өндірістің өнімі еңбек пен табиғат заттарының құралуынан тұратын материалдық  игіліктерді дайындауға көмектеседі.

Жаңаша өндіріс  ғылыми-техникалық революцияның негізінде дамиды және оның негізгі мазмұнына өндірісті автоматтандыру жатады.

Өндірістік  бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету  орындары, кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру  кешені, олардың саны, бір-бірімен  байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның  өндірістік бөлімшелері, цехтар, бөлімшелер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар  мен жұмыс орындары (өндірістік үрдіске  тікелей немесе жанама қатысушы) арасындағы байланыстар жиынтығы өндірістік құрылымды құрайды.

Ол еңбек  өнімділігінің, өндіріс шығындарының деңгейін, материалдық өндірістің техника-экономикалық және географиялық жағдайы мәліметтері  бойынша табиғат байлықтарын  және техникалық тиімділігін анықтайды.

Кәсіпорынның  ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіледі:

А) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау;

Б) әрбір цехтың және қоймалардың орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу;

В) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдармен  өзара байланысын жоспарлау;

Г) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек затттарының  цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын  белгілеу және т.б.

Өндірістік бөлімшелерге – цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау, бақылау, тексеру жүргізетін зертханалар, комплекстік бұйымдарды, материалдар мен жартылай фабрикаттарды, пайдалану кезінде жөндеуге және бұйымдаррға қызмет көрсету үшін қажетті запас бөлікктері, технологиялық мақсаттар үшін керекті өндірілетін энергияның түрлері және тағы басқалары жатады.

Жұмыскерлерге қызмет көрсететін бөлімшелерге тұрмыстық-коммуналдық  бөлімдер, олардың қызмет түрлері, асханалар, буфеттер, бала-бақшалар мен демалыс  үйлері, профилакторийлер, дәрігерлік пункттер, спорт қоғамдары, өндірістік біліктілікті көтерумен айналысатын техникалық оқыту бөлімі мен оқу орындары жатады.

Өндірістік  үрдістің жіктелуі де кәсіпорынның өндірістік құрылымын көрсетеді. Өндірісті  ұтымды ұйымдастыру және ыңғайлы басқару қағидасы бойынша кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің жекелену жүйесі де оның құрылымын анықтайды. Осыған орай өндірістегі мынадай бөлімшелерді атап өтуге болады:

-кәсіпорын;

-өндірістік  бірліктер;

-цехтар;

-ағындық жүйелер;

-секциялар (бөлімшелер);

-жұмыс орындары.

Кәсіпорынның негізгі  құрылымдық бөлімшесіне цех жатады. Цехта маманданудың заттың белгісіне  қарай толық өндірістік үрдіс  орындалады да, өнім өндірудің көп  белгісі немесе толық өндіру жұмыстары  жүзеге асырылады. Цехтардың өндірістік-шаруашылық дербестік белгілері болуы керек.

Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі объектісі. Ағындық жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді. Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады. Ал әрбір секция бірқатар жұмыс орындарынан құралады. Жұмыс орындарында арнайы жұмыс орындалып, өнімнің жаңа құны пайда болады.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында ороындалатын жеке өндірістікк үрдістердің өзара  байланысты бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарай бөліну жүйесін анықтайды.

 

3. Кәсіпорындардың өндірістік құрылымының үш түрі бар. Олар заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық) болып келеді.

Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, не болмаса оның бөлігін (түйінін, агрегатын) немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Мысалы: автомобиль зауыттары, аяқ-киім өндірісі.

Заттық құрылымның артықшылықтары өте көп. Ол цехтар арасындағы өндірістік өзара байланыстарды жеңілдетеді  және шектейді, бөліктердің қозғалу  жолын қысқартады, цехаралық және цехтық тасымалдау шығындарын азайтады және жұмыстың сапасын арттыруда жұмыскерлердің жауапкершілігін арттырады.

Заттық құрылым құрал-жабдықтарды  технологиялық үрдістің орындалуына  қарай орналастыруды, өнімділігі жоғары станоктар, құрал-саймандарды мен  техникаларды қолдануды қамтамасыз етеді. Мұның бәрі өнімінң көлемін арттыруға, еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға көмектеседі.

Информация о работе Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы