Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:01, курсовая работа

Описание

Жалпы халықаралық экономика курсын оқытудың үлкен теориялық және практикалық мағынасы бар. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің барлық жағын қарастыруды қамтамасыз етеді. Халықаралық экономика пәні өз алдына объектілерді, міндеттерді, әдістерді реттеудің тиімді жүйесін құру үшін бірнеше шараларды қарастырады.
СӨЖ және СОӨЖ тапсырмалары білімді нығайтуға, практикалық жағынан тиімді қолдануға, қалыптасқан жағдайларды талдауға, салыстыруға бағытталған.

Работа состоит из  1 файл

7.doc

— 446.00 Кб (Скачать документ)

Тораптардағы  энергияны жоғалтулар бекітілген мөлшерлер  бойынша есептеледі.

Энергетика  шаруашылығын ұйымдастыру және жоспарлауда  энергияның түрлері бойынша кәсіпорынның энергетикалық балансының жиынтығын  есептеу ең басты мәселе. Соның  негізінде энергияны өндіру және қолдану, жоспар жылындағы материалдық ресурстарға және мамандарға қажеттілік, ресурстарды пайдалану тиімділігі әзірленеді. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру тиімділігін сипаттаушы негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерге келесілер кіреді:

-энергия түрлері  бойынша тораптардағы шығындар  коэффициенттері;

-отынды және  басқа бастапқы материалдарды  абсолютті тұтыну және олардың  энергияның белгілі бір түрінің  бірлігіне үлестік шамасы;

-энергия жабдықтарын  пайдалану тиімділігі;

-энергияның  әрбір түрінің толық өзіндік құны;

-еңбекті энергиямен  жабдықтау және жұмысшыларды  энергиямен қаруландыру коэффициенттері.

Энергияны ұтымды пайдалану- өнеркәсіптік өндіріс энергия ресурстарын көп пайдаланатын тұтынушыларбар және олардың энергия ресурстарнын үнемді пайдалану шараларын дәйекті жүргізу экономика үшін маңызы зор мәселе.

Пайдалану бағытына қарай энергиялар:

А) технологиялық  және энергетикалық- құрал-жабдықтардағы, құбырлардағы, тораптардағы энергия  мен отыннныңтікелей шығындарын азайту шараларына пайдалану кезінде  болатын өзгерістерге сәйкес профилактикалық  шараларды жүргізуді жүйелі түрде  бақылауды талап етеді;

Б) двигательник;

В) жарықтандыру;

Г) жылыту.

Энергия тарату жүйелерін дұрыс таңдау- бір өндірістік үрдісті орындау үшін әр түрлі энергия таратушы жүйелерді пайдалануды қажет етеді. Оларды пайдалану барысында салыстырмалы сипаттамаларын жасау қажетті. Осыған байланысты ғылыми негізделген түрде оларды таңдай білу қажет. Ал таңдау бірқатар параметрлерге байланысты болады:

-технологиялық  үрдістің ерекшелігіне;

-энергиямен  қамтамасыз ету көздері және  т.б.

Қайталама энергияресурстарды пайдалануға пештен шыққан газдарды, генератор газының физикалық жылуын, бу конденсаторын, суытылған суды, кокс және домна газдарын толық пайдалануды жатқызуға болады.

Негізгі өндірісті ұйымдастыру және технологияны жетілдіру- энергияны үнемді пайдаланудың негізгі технологиялық шараларына өндірістік үрдістерді интенсивті жүргізу, жаңа жетілдірілген технология мен техниканы енгізу. Двигательдік энергияны үнемдеуде құрал-жабдықтар қуатын толық пайдаланудың маңызы зор. Бұл бағытта ток қабылдағыштардың қуатын пайдалану коэффициентін орындалатын жұмыстың сипаты мен тұтыну қуатына сәйкес электродвигательдерді қайта бөлуіне байланысты есептеу, ауысымдағы құрал-жабдықтарды толық жүктеушаралары жүргізілуі тиіс.

Ұйымдастыру шараларының  ішінде отын мен энергияны үнемді пайдалану үшін технологиялық үрдістерді басқаруды автоматтандыру, энергияны көп қажет ететін үрдістердің жүру тәртібін электронды-есептеуіш машиналардың көмегімен реттеу шаралары негізгі орын алады.

Отын  мен энергияны үнемдеудің жалпы  шаруашылық шараларын жүргізу- үшін желдеткіш жүйесінің, су құбырларының жетілдірілген түрлерін, отын мен энергияны үнемдеуді ынталандыру жүйемін қолдануды, отын мен энергияның барлық түрлеріне техникалық негізделген мөлшерлерді енгізу және т.б. пайдалануды қажет етеді.

 

Лекция 9. Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру

 

Жоспары:

1. Құрал-сайман  шаруашылығынның мақсаты, міндеттері  мен құрамы

 

1. Өнеркәсіп өнімін өндіру кезінде құрал-саймандар, жабдықтар және тағы басқа көптеген технолоигялық құралдар кеңінен пайдаланылады. Кәсіпорында көп бөлшекті, конструкциясы күрделі бұйымдарды өндіру үшін мыңдаған типтік размерлі құарл-саймандарды қолданады. Технологиялық жабдықтардың сапасына, оларға қойылатын талаптарға байланысты өндірілетін өнімнің техникалық деңгейі, өндірістің тиімділігі анықталады.

Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығы өндірісті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, оны сақтау, қолдану және жөндеу жұмыстарын жүргізуді басқару үшін бір жерге орталықтандырады. Құрал-сайман шаруашылығының негізгі міндеттеріне кәсіпорынның жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құралдарды пайдалануды және оларды қолдану кезіндегі техникалық бақылауды ұйымдастыру, құарл-сайман шаруашылығын жетілдіру шараларын дайындау кіреді.

Кәсіпорынның құралсайман  шаруашылығының құрамына құрал-сайман бөлімі, технолоигялық жабдықтарды дайындау цехтары, орталық құарл-сайман қоймасы, цехтың құарл-сайман тарату қоймалары, құрал-саймандарды қайрау, жөндеу шеберханалары жатады. Өндірістік цехтарда құрал-саймандар мен қызмет көрсетуді ұйымдастырумен құрал-сайман шаруашылығы айналысады.

Қолданылатын құралдардың әр түрлілігін есере отырып, өндірісте оларды дайындауды және қолдануды болжау үшін оның нақты жіктемесі жасалып, индекстелуі керек. Жабдықтауды іктеу негізінде өндірістік-техникалық және конструкциялық белгілері бойынша оның топтамасы жасалады. Кәсіпорында толығымен қолданылатын құрал-саймандарды пайдалану сипаттамасы бойынша арнайы және стандартты болып екіге бөлінеді. Арнайы құрал ретінде нақты операцияда белгілі бұйымды өндіруге ғана қолданылатын құрал-сайманды айтады. Оны тұтынатын кәсіпорындардың өздері дайындайды. Стандартты деп әр түрлі бөлшектерді өңдеу үшін қолданылатын құрал-саймандарды атайды. Олар құрал-сайман шығаратын зауыттарды өндіріледі. Құрал-саймандар атқаратын қызметіне қарай бақылау-өлшеуші, технологиялық жабдықтар болып бөлінеді.

Мысалы, темір өңдеуші  құралдар бойынша келесі топтарға бөлінеді: кесуші, өлшеуші, монтаждау, қосалқы  құралдар және т.б.

Құрал-жабдықтарға деген  кәсіпорынның қажеттілігін анықтау  үшін бағдарламаға сәйкес құрал-жабдықтардың шығындарын анықтау, кәсіпорынның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін құрал-жабдықтардың қорын есептеу, өндірісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарын құру қажет. Кәсіпорыннның құралдараға қажеттілігін жұмсау және айналым қорларынан құралады. Жұмсау қорлары деп өндірістік бағдарламада қарастырылғандай, өнімдерді дайындау үрдісінде толық пайдаланылатын құралдарды атайды. Олар құрал-саймандардың жұмсау мөлшері бойынша анықталады. Соңғылары өндіріс түріне, құралды қолдану ерекшелігіне, оны пайдалану шарттарына байланысты әр түрлі әдістерін анықталады.

Жаппай және сериялық өндіріс шартында өндірістік жылдық бағдарламаны орындау үшін кесуші құралдардың  жұмсау мөлшерін есептеу құралдың түрі, әрбір өңделетін бөлшектер мына формула бойынша анықталады:

 

n=N*tМАШ/Tтозу(-Ka)*60

 

мұнда, n- таңдалған бірлікке жұмсау нормасы (100, 1000 және т.б. өңделетін бөлшектер), дана;

N- жұмсау мөлшеріне қатысты өңделетін бөлшектер саны;

tМАШ- берілген құралмен бір бөлікті өңдеудегі машиналық уақыт, мин;

Ka- құралдардың кездейсоқ азаю коэффициенті (0,05-0,1 шегінде қолданылады);

Tтозу- құралдардың толық тозғанға дейін қызмет ету мерзімі, сағ.

Тозғанға дейінгі құралдың қызмет ету мерзімі келесі формуламен анықталады:

 

Tтозу=(aқайт+1)*tст

 

мұнда, tст- екі қайта қайрау арасындағы құралдың жұмыс істеу уақыты;

aқайт- құралдың толық тозуына дейінгі қайта қайрау саны.

Өз кезегінде қайта  қайрау саны құралдың кесетін бөлігін  қайрау мүмкін мөшерінің шамасын  бір қайта қайрау кезінде алынатын бір қабатының шамасына бөлудің  жеке бөлігі болып саналады.

Біртекті және аз сериялы өндіріс шартында кесуші құралдардың жұмсау қорларына қажеттілігін анықтау үшін келесі формуланы апйдаланады:

 

n=tч*Kм.ш.-Kд/Tбұйым

 

мұнда, n- жұмсау мөлшері есептелінетін құрал-жабдық жұмысына (tч) қажет кесуші құралдың жұмсау мөлшері, сағат;

Kм.ш.- берілген құрал тобы үшін бір даналық уақыттың машиналық уақытқа қатынасын сипаттайтын коэффициент;

Kд- жалпы машиналық жұмыстағы құралдың түрінің үлестік қатысу коэффициенті;

Kм.ш.- өндіріс түрі мен құрал-жабдықтардың түріне байланысты болады, бұл коэффициент жеке өндірісте ол 0,4-0,6 ал аз немесе ұсақ сериялы өндірісте 0,7-0,8-ге тең болады.

Бағдарлама бойынша  өлшеуіш құралдарға қажеттілікті анықтау  үшін келесі формула қолданылады:

n=N*Zқ *α/Zқ.тозу(1-Ka)

 

мұнда, α- бөлікті қамту деңгейін бақылауды сипаттайтын коэффициент;

Zқ- бір бөлікке өлшеу мөлшері (саны);

n- бағдарламаға сәйкес өлшеу құралдарының шығыны, дана;

Zқ.тозу- толық тозуға дейін өлшеу санымен көрсетілетін құралдардың тозу тұрақтылығы;

Ka- өлшеу құралының кездейсоқ азаю коэффициенті.

Жұмсау қорларымен қатар жабдықтардың айналым қорлары да есептелінеді, яғни өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оның минималды қажетті көлемі анықталады.

Айналым қоры цехтардағы пайдалану қорлары және орталық  құрал-сайман қоймаларындағы запастар жиынтығын құрайды.

Орталық құрал-сайман қорларында (ОҚҚ) технологиялық құрал-саймандардың қорларын реттеу және қалыптастыру негізінен  «максимум-минимум» жүйесін құрайды. Ол ОҚҚ-дағы құрал-саймандардың әр түріне максимум-минимум қорларының мөлшерлері бекітіліп, сәйкес боуы тиіс. «Максимум-минимум» жүйесі құрал-сайман запастары-ағымдық және сақтандыру деп екіге бөлінеді. Ағымдағы запас- өндірісті құрал-саймандармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қолданылады. Көрсетілген кезең аралығында ағымдағы қор мөлшері қатысты өзгеріп отырады, яғни тапсырыс берілген құрал-сайман партиясының түсу кезіндегі максимумнан келесі партияның түсу кезеңіне дейін (нөлге дейін) өзгереді.

Сақтандыру  қоры – құралдардың тұрақты түсуінде тоқтап қалу немесе үзіліс пайда болған жағдайда өндіріс жұмысының ырғақтылығын қамтамасыз етуге арналған. Ол әрқашан қоймада болуы керек және ол өндірісті құрал-сайманмен қамтамасыз ету үшін қажетті минималды қордв білдіреді.

Минималды сақтандару қоры келесі формуламен анықталады:

 

Зmin=Hк*Tорт

 

мұнда, Зmin- минималды сақтандыру қоры;

Hк- нақты құралдарға орташа күндік қажеттілік;

Tорт- кезекті партины тез дайындау күндері.

Максималды запасты  анықтау үшін келесі формуланы қолданамыз:

 

Зmax=Hкүн*Tн* Зmin

 

мұнда, Tн- құрал-саймандарды қалыпты жағдайда дайындау және сатып алудың қойманы олардың келесі партиясымен жабдықтау кезеңінің ұзақтығы, тәулік (күн).

Құрал-сайман запастары  қорларын нормативті деңгейде қамтамасыз ету немесе ұстау үшін минималдыдан әрқашан төмен болатындай тапсырыс берудің жаңа жүйесі керек.

Ол үшін «тапсырыс беру нүктесі» бекітіледі және келесі формуламен анықталады:

 

Зm.p.=Зmin+Hкүн*Tтол

 

Tтол- қорды толтыру кезеңі (тапсырыс беру кезінен қоймаға тапсырыс партиясының түсуіне дейін), күн.

Өндірісті құрал-саймандармен қамтамасыз ету жоспарын құру келесі бөлімдер бойынша жүргізіледі:

А) өндірістің құрал-сайманға қажеттілігін анықтау;

Б) жаңа өндірісті қамтамасыз ету;

В) цехтың айналым қорларының өзгеруі;

Г) ОҚҚ қорларының өзгеруі;

Д) шетке құрал-саймандарды  дайындау.

Бөлімдер бойынша есеп нәтижесінің қосындысы жалпы кәсіпорын бойынша соңғы қажеттілікті анықтайды. Бұл қажеттілікті жабу көздеріне өз өндірісі және шеттен құралдарды қамту жатады. Кәсіпорынның құрал өндірісі бөлімшелерінде дайындауға жататын, технологиялық құрал-саймандар номенклатурасын және көлемін анықтау кезінде кәсіпорынның технолоигялық құралдарға қажеттілігі, қорлардан алынған құрал-саймандардың номенклатурасы мен көлемін анықтау ескеріледі.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда құрал-саймандарды ұйымдастыруды  жетілдіру кәсіпорынның тиімділігн арттырудың негізгі көзі келесі болып келеді:

- стандарттық құрал-сайман  өндірісінің орталықтандыруы және  мамандануы;

- арнайы жабдықтардың  унификациясы және стандартизациясы;

- кәсіпорында технолоигялық  жабдықтарды қайта құру немесе  қалпына келтіру бойынша жұмыстарды кеңейту;

- жұмыс орындарын жабдықтармен  қамтамасыз ету әдістерін және  прогрессивті жүйелерді қолдануды  кеңейту;

- технологиялық жабдықтарды  және құралдардың арнайы қоймаларын  құру, қоймалық операцияларды автоматтандыру  негізінде құрал-сайман қоймаларының жұмыстық жүйесін құру;

- оперативті-өндірістік  жоспарлаудың алдыңғы қатарлы  жүйелерінің және құрал-сайманмен  қызмет көрсетуді ұйымдастыруына  есептің кең енгізілуі;

-технологиялық жабдықтардың  жағдайына және оның эксплуатациясының  ережедерінің сақталуын қадағалау және бақылауды жүзеге асыру;

- «құрал-саймандармен  қызмет көрсету» жүйесін енгізу  арқылы оларды бақылауды іске  асыру және тағы басқа шаралар  жатады.

 

Лекция 10. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру

Информация о работе Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы