Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:01, курсовая работа

Описание

Жалпы халықаралық экономика курсын оқытудың үлкен теориялық және практикалық мағынасы бар. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің барлық жағын қарастыруды қамтамасыз етеді. Халықаралық экономика пәні өз алдына объектілерді, міндеттерді, әдістерді реттеудің тиімді жүйесін құру үшін бірнеше шараларды қарастырады.
СӨЖ және СОӨЖ тапсырмалары білімді нығайтуға, практикалық жағынан тиімді қолдануға, қалыптасқан жағдайларды талдауға, салыстыруға бағытталған.

Работа состоит из  1 файл

7.doc

— 446.00 Кб (Скачать документ)

Жоспары:

1. Көлік шаруашылығынның мақсаты, міндеттері мен құрамы

 

1. Кәсіпорында өндірістік үрдісті жүргізу үшін шикізат, материалдар, құраушы өнімдер пайдаланылады. Жалпы өндіріс үрдісінде көп мөлшердегі еңбек құралдарын пайдалану үшін оларды тасымалдаумен қатар, өнім дайын болғаннан кейін оны кәсіпорыннан сыртқа тасып әкету қажет.  Міне, осы барлық тиеу-түсіру, тасымалдау жұмыстарын кәсіпорынның көлік шаруашылығы атқарады. Ал оны ұйымдастыру деңгейі өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді. Мұны тек көллік шығындарының өнімнің өзіндік құнындағы алатын үлкен үлесімен ғана емес, сонымен қатар осы аталған жұмыстардың материалдық құндылықтардың тасымалдау көрсеткіштері мен сақталуына қалай әсер ететіндігінен де көруге болады. Бұған қоса көлік шаруашылығының ұйымдастырылуы дәрежесі өндірістік циклдың ұзақтығына және соның нәтижесінде аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттарының мөлшеріне тигізетін әсері жоғары.

Кәсіпорынның  көлік шаруашылығының міндетіне  барлық тиеу-түсіру және тасымалдау жұмыстарын уақтылы, сапалы және үнемді жүргізу керек.

Кәсіпорында пайдаланылатын көлік қызмет көрсету аумағына қарай:

-сыртқы, кәсіпорынның сыртқы жабдықтаушыларымен және өнімді тұтынушылармен байланысын қамтамасыз ететін көлік түрлері жатады. Мұндай тасымалдаулар әдетте орталықтандырылған тасымал қызметтерінің күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады;

-цехаралық, жүктерді цехтар арасында тасу және жүктерді бір қоймадан екінші қоймаға және кәсіпорын цехтарына тасуға арналған көлік болып бөлінеді;

-цехішілік, бір цех ішінде ғана тасымалдау жұмыстарын орындайтын көліктерді айтады.

Көліктің бұл  түрі технологиялық үрдістің ажырамас бөлігі болып табылады және еңбек  заттарының жұмыс орындары мен цех  учаскелері арасында тасымалдау жұмыстары  үшін қолданылады.

Кәсіпоырнның  көлік шаруашылығы барлық тиеу-түсіру және тасу жұмыстарының сипатын айқындайтын кешенді технология негізінде ұйымдастырылуы керек.

Кәсіпорында өндірілетін  өнім сипатына, оның дайындалу технологиясына қарай түрлі тасымалдау құралдары  қолданылады: рельсті және рельссіз жүретін көлік, автомобильдер, ковейерлер және транспортерлер, түрлі арбалар, лифттер, лебедкалар, аспалы жолдар, крандар, тасу құралдары және т.б.

Кәсіпорындағы тасымалдау жұмыстарының көлемі көлік  құралдарына деген қажеттілік және жүктерді масымалдауды ұйымдастыру  үк айналымы мен жүк ағынының есебі негізінде жүргізіледі.

Жүк айналымы деп белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір бөлімше шеңберінде тасымалданатын жүктің жалпы санын айтады.

Жүк ағыны деп белгілі бір уақыт аралығындағы тиеу-түсіру пункттерінің арасындағы бір бағыттағы тасымалданатын жүк саны. Жүк ағындарының жиынтығы кәсіпорынның жүк айналымын атайды.

Жүк ағынының кестесін тиімді құру деңгейі көлік қызметтерінің  үнемділігіне ықпал етеді. Жүк ағынының кестесін құруда негізінен жүкті  тасымалдаудың ең қысқа жолдары, қарама-қарсы тасымалды болдырмау, көлік құралдарының бос жүрмеуін болдырмау шаралары қарастырылады. Ірі кәсіпорындарда жүк ағынының кестелері экономико-математикалық әдіс бойынша және компьтерлік технолоигя көмегімен атқырады.

Жүк ағыны әр уақытта әртүрлі болуы керек. Осыған орай тәуліктік жүк ағынының максималды мөлшері келесі формуламен анықталады:

 

Qcmax=Qж*Rн/Dr

 

мұнда, Qж- жылдық жүк ағыны;

Rн- жүк ағынының біркелкісіздік коэффициенті;

Dr- бір жылдағы жұмыс күнінің саны.

Әрбір цех пен  қойманың жүк ағыны мәліметтері бойынша кәсіпорынның жалпы жүк айналымының шахматты кестесі жасалады, осының негізінде цехтардың, қоймалардың және жалпы кәсіпорынның жүк ағындарының кестесі жасалады. Шахматты кестеде тігінен жүкті тиеуші-цехтар мен қоймалар, ал көлденеңінен жүкті қабылдаушы-цехтар мен қоймалар көрсетіледі.

Жүк айналымы мен  жүк ағындары негізінде көлік  құралдарына деген қажеттілік және тиеу-түсіру жұмыстарының көлемі анықталады.

Цехаралық тасымалдар маятниктік және сақиналық жүйе бойынша ұйымдастырылады.

Маятник жүйе екі тұрақты пунк арасындағы жүк тасымалы үшін қолданылады. Сақиналық жүйе бойынша тасымалдауда жүкті бір пункттен екінші пунктке кезекпен тасып, ең срңында бастапқы пунктке қарай қайта оралу негізінде бірнеше пункт арасында тасымал жүргізіледі.

Көлік құралдарының қозғалыс маршрутттары құралдар уақыт  бойынша да, жүк көтергіштігі бойынша  неғұрлым толық қолданылуы қамтамасыз ететіндігідей деңгейде ұйымдастырылуы қажет.

Көлік шаруашылығын жетілдірудің басты бағыттар келесі;

-барлық тиеу-түсіру  жұмыстары;

-тасымалдау  жұмыстарын автоматтандыру және  механикаландыру;

-қол еңбегін  мейлінше азайту;

-жүктердің жеткізілу  пункттерін автоматты түрде белгілеу  жүйелерін қолдану;

-теледидар арқылы  басқарылатын көлік құралдарын  қолану.

Сыртқы және цехаралық көлік жұмысын кәсіпорынның көлік бөлімі басқарады. Бөлім көліктің барлық түрлері бойынша тиеу-түсіру, тасу жұмыстарын жоспарлайды, кәсіпорынға әкелетін жүктердің тасылуын қамтамасыз етеді, цехаралық тасымалды және дайын өнімнің кәсіпорыннан сыртқа әкетілуін ұйымдастырады.

Цехішілік көлік  цехтің жоспарлы-диспетчерлік бюросының  қарауында болады.

Көлік қызметін техника-экономикалық жоспарлау бес  жылдық жоспар құрудан және тоқсандараға бөлінген жылдық жоспар жасаудан тұрады. Жоспарды құру барысында жүк айналымы мен жүк ағындары есептелінеді, тиеу-тасу жұмыстарының көлемі, көлік құралдарына, материалдарға, жұмыс күшіне, еңбекақыға қорына және тағы басқа қажеттіліктерге есептелінеді. Осының негізінде көлік және тасымал жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау және шығындардың кестесі жасалынады.

Кәсіпорынның  көлік шаруашылығын ұйымдастыру  деңгейі мынадай жалпылама көрсеткіштермен  сипатталады:

А) көлік шаруашылығы  жұмысшыларының жалпы өндірістік және қосалқы жұмысшылар санындағы орташа үлес салмағы;

Б) көлік құралдарының кәсіпорынның жалпы құралдары құнындағы орташа үлес салмағы;

В) көлік құралдарының жүк көтергіштік уақыты және тағы басқалары анықталады.

 

 

 

Практикум

 

Білімгерлердің  өзіндік жұмыстарының тақырыптары 

 

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтарды жүргізу жоспары.

1 тақырып. Кәсіпорынның  негізгі қаржылары және оларды  қолдану.

1 тапсырма. Кәсіпорынның экономикалық  ресурстарының сипаттамасын беру.

2 тапсырма. Негізгі қаржы мен  амортизациялық алымдардың құрылымына  анықтау мәселесін шешу.

3 тапсырма. Негізгі қаржыны пайдалну көрсеткіштерін анықтау.

Бақылау сұрақтары:

    1. Экономикалық ресурстардың қүрамына не кіреді?
    2. Негізігі қаржының құрылымы дегеніміз не?
    3. Негізгі қаржынының құнын бағалаудың қандай әдістерін білесіз?
    4. Амортизациялық алымдарды қалай есептейді?
    5. Негізгі қаржыны қолдану көрсеткіштерін қалай есептейд?

2 тақырып. Кәсіпорынның  айналма қаржысы және олардың  айналымы.

1 тапсырма. Айналма қаржының құрылымы  мен құрамын анықтау. 

2 тапсырма. Айналма қаржының айналу  көрсеткіштерін есептеу.

3 тапсырма. Айналма қаржының айналуын жылдпмдату эффектін анықтаңыз.

Бақылау сұрақтары:

    1. Кәсіпорынның айналма қаржының құрылымы мен құрамы қандай ?
    2. Айналма қаржының айналу көрсеткіштеріне не жатады ?
    3. Айналма қаржының айналу жылдамдығына әсер ететін факторларды атаңыз ?
    4. Айналма қаржының айналу жылдамдығының эффектін қалай есептейді?
    5. Айналма қаржының нормативтері қалай анықталады.

3 тақырып. Өндіріс  шығындары және өнімнің өзқұны.

1 тапсырма. Өнімді өндіруге кететін  шығындардың құрамын анықтау. 

2 тапсырма. Өндіріске кететін шығындар  сметасын жасау.

3 тапсырма. Өнімнің өз құнының  калькуляциясын жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Өндіріске кететін шығындардың  құрамы қандай ?

2. Тікелей және жанама шығындарға  не жатады ?

3. Шығындар сметасына қандай  статъялар кіреді ?

4. Өнімнің өз құнының қандай  түрлерін білесіз ?

5.Өнім бірлігінің  өзіндік   құнына жанама жұмсалатын қаржы  қалай бөлінеді?

4.Тақырып. Өнеркәсіп   жұмысының  қаржылық  тиімділігі  және нәтижесі .

1. тапсырма.  Өнімді әр түрлі  жолмен реализациялағанда   жұмсалатын  қаржының  барлық  түрін есептеу.

2. тапсырма. Өнеркәсіптің жылдық  түсімін  есептеу және оны  жұмсау сызбасын құрастыру.

3.тапсырма.  Өнеркәсіп  рентабельділігінің  көрсеткіштерін анықтау.

  Бақылау  сұрақтары :

1. Өнеркәсіп қаржысына анықтама  беріңіз.

2. Өндірістік әрекеттің қаржылық нәтежесін алып шығыңыз .

3. Өнімді  реализацияллау кезінде   бағаның қандай  түрлері белгіленеді  ?

4. Өнеркәсіп  табысы қандай  бағыттарға жұмсалады ?

5 . Өндіріс пен  өнімнің рентабельділігінің  көрсеткіштері қалай  анықталады ?

5.Тақырып .Өнеркәсіптегі  өндірістік үрдістерді ұйымдастыру негіздері .

1 тапсырма . Өндіру үрдісінің еңбек  құралдарының әртүрлі қозғалыстарының  графигін құрастырамыз .

Бақылау сұрақтары :

1.Өндірістік ұйымға экономикалық  категория ретінде анықтама беріңіз. 

2. Өндірістік үрдістің негізгі кезеңдерін атап беріңіз.

3.Өндіріс түріне техника экономикалық  сипаттама беріңіз.

4.Еңбек құралдарының қандай  қозғалыстарын өндірістік үрдісте  қолданады?

5.Қандай факторлар өндірістік  үрдіс циклінің ұзақтығына әсер  етеді?

6.Тақырып. Өндірістік ағымды және оның көрсеткіштерін ұйымдастыру.

1 тапсырма. Өндірістік ағымға анықтама  беру және оны есептеу.

2 тапсырма.Ағымдық желінің негізгі  көрсеткіштерін есептеу.

3 тапсырма. Ағымдық өндірістің  экономикалық тиімділігін бағалау.

Әдістемелік ұсыныстар: Сабаққа дайындалу барысында №5,6 дәрістердің материалдарын, ұсынылған әдебиетті пайдалану қажет.

Студент ағымдық өндіріс ұйымының  ерекшеліктерін біліуі, оның көрсеткіштерін есептей біліуі , ағымдық желінің  классификациясы мен оны әртүрлі  өндірісте қолдану ерекшеліктерін біліуі  керек.

Негізгі  әдебиеттер :  3(39-175), 7(92-95)

Қосымша  әдебиет  :  3(26-73), 6(150-184).

Бақылау сұрақтары:

1. Ағымдық  өндіріс ұйымының  принциптерін атап беріңіз.

2. Ағымдық  жүйенің классификациясын  атап беріңіз.

Ағымдық  сызықты  ұйымдастыру  кезінде қандай көрсеткіштерді еске  алу керек ?

4.Ағымдық  өндірістің экономикалық  тиімділігін бағалағыз.

7. Тақырып. Өнеркәсіп  персоналы және  еңбек  ресурстарын  қолдану қолдану көрсеткіштері.

1 Тапсырма. Өнеркәсіптің әртүрлі  категориядағы қызметкерлеріне мінездеме беру.

2 Тапсырма. Еңбек ақы  көлемін   мерзімді  және кесімді жүйе  жағыдайында есептеу .

Бақылау сұрақтары:

  1. Өнеркәсіптегі  мамандардың классификациясы қандай  болады ?
  2. Өнеркәсіптегі қызмет етушілер санын  қалай  анықтайды ?
  3. Сіз  еңбек  ақысын төлеудің  қандай  жүйесімен түрін білесіз ?
  4. Еңбек  ақысын мерзімді  және  кесімді еңбек  ақы  жүйесімен төлеу кезінде қызметкерлердің айлық еңбек ақысын қалай есептеу керек ?
  5. Еңбек ұйымының  әртүрлі  формасында  қызметкерлердің  айлық  жалақысын қалай есептейді ?

 

 

Қолданылатын  әдебиеттердің тізімі

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1. Назарбаев Н.А. Стратегия становления  и развития Казахстана как  суверенного государства. Алматы: РГЖИ «Дәуір», 1992.

2. Баймуратов У. Национальная  экономическая система. Алматы: Ғалым, 2000.

3. Экономика предприятия (Под.ред.проф. Волков О.И.-М.:Инфра-М.1997

4. Экономика предприятия (Под.ред.проф. САфронов И.А.-М.:Юрис:.-1998

          5.Рузавин  Г.И.. Мартынов В.Т. Курс рыночной  экономики.-М.: ЮНИТИ:.-1994

6.Бердалиев К.Б. Основы управления экономикой Казахстана Алматы: Экономика.1998.

7. Туркебаев Э.А. Основы рыночной  экономики.- Алматы: Республиканский  издательский кабинет, 1993.

8. Самуэлльсон П. Экономика.- М.: Машиностроение, 1994

9. Основы экономической теории: Учебник. Под.ред. В.Д. Камаева.-М.:ВЛАДОС, 1996.

10. Бусыгин А.В. Предпринимательство.-М.:Дело, 2001

Информация о работе Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы