Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:01, курсовая работа

Описание

Жалпы халықаралық экономика курсын оқытудың үлкен теориялық және практикалық мағынасы бар. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің барлық жағын қарастыруды қамтамасыз етеді. Халықаралық экономика пәні өз алдына объектілерді, міндеттерді, әдістерді реттеудің тиімді жүйесін құру үшін бірнеше шараларды қарастырады.
СӨЖ және СОӨЖ тапсырмалары білімді нығайтуға, практикалық жағынан тиімді қолдануға, қалыптасқан жағдайларды талдауға, салыстыруға бағытталған.

Работа состоит из  1 файл

7.doc

— 446.00 Кб (Скачать документ)

- қабылдауды  бақылау- іске жарайтын еңбек заттарын қабылдау және олардың ақауларын анықтау үшінжүргізілетін бақылауды айтады;

-инспекциялық  бақылау- өнім сапасын бақылаушылардың жұмыс сапасын бағалаумен айналысатын қызметкерлердің жұмысын айтады.

В) объектіні  қамту дәрежесіне байланысты бақылау:

-жалпы- дайындалатын өнім немесе объектілердің бәрін тексеруді айтады;

-таңдамалы- дайындалатын өнімнің немесе объектінің бір бөлігін тексеруді айтады.

 

 

 

Лекция 7. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру

Жоспары:

  1. Жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы 

Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсаттарына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады.

Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:

-негізгі өндірістік  қорларды жөндеу және оларға  техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;

-кәсіпорынның  өзі дайындаған немес жаңадан  сатып алынған құрал-жабдықтарын  орнату;

-қолданылатын  құрал-жабдықтарды модернизациялау;

-қосымша бөліктерді  және түйіндерді дайындау, оларды  сақтау жұмыстарын ұйымдастыру,  жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;

-жөндеу жұмыстардың  тиімділігін арттыру жөнінде  шаралар ын  дайындау жатады.

Кәсіпорынның  жөндеу шаруашылығының құрамына:

-бас механик  бөлімі;

-жөндеу-механикалық  цехы;

-майлау және  эмульсиялық шаруашылық;

-құрал-жабдықтар  мен бөлшек бөліктер қоймасы  кіреді.

Цехтаржа цех  механиктері басқаратын цехтың жөндеу қызмет орындары ұйымдастырылады.

Бас механик  бөліміне:

-конструкторлық-технологиялық бөлім- құрал-жабдықтарды күтумен және модернизациялаумен, жөндеуге байланысты қажетті техниканың құжаттарын дайындаумен айналысатын;

-жоспарлау-өндірістік  бөлім- жөндеу жұмыстарын материалдармен қамтамасыз ететін және жөндеу жұмыстарын диспетчерлеу және жоспарлаумен айналысатын;

-жоспарлы-ескерту  жөндеу бөлім- кәсіпорында жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарының жүйесін сақтауды бақылаумен және жалпы басшылыққа алумен айналысатын.

Құрал-жабдықтарды  жоспалы түрде алдын ала жөндеу жүйесі құрал-жабдықтарды жөндеу, бақылау, күтуге байланысты шаралар жиынтығын  қамтиды.Осы жүйенің құрамына құрал-жабдықтарды күту, жөндеуаралық қызмет көрсету, мерзімді жөндеу операциялары кіреді. Құрал-жабдықтарды күту техникалық қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін қолдау үшін сүрту, майлау, жұмыстарын жүргізу кіреді. Бұл жұмыстардың барлығы дерлік өндірістің дұрыс ұйымдастырылуыы арқылы жүзеге асырылады.

Жөндеуаралық  қызмет көрсету жұмыстары құрал-жабдықтардың күйін бақылау үшін жұмысшылар оларды пайдалану тәртібін қадағалау арқылы механизмдерді  өз уақытында реттеу, бұзылған ұсақ бөліктері мен бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Мұндай жұмыстарды жөндеу қызметінің кезектегі жұмысшылары орындайды. Олар құралдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін түскі үзілісте немесе жұмыстан тыс уақытта тазалап, күтіп, сүртіп және жөндеудің ұсақ түрлерін орындап отырады.

Агрегаттардың жұмыс істеуін қалпына келтіру  үшін орындалатын ағымдық жөндеу жөндеудің көлемі жағынан ең қарапайым түрі болып саналады. Оған машинаның жеке бөлшектері мен бөліктерін, түйіндерін қалпына келтіруге бағытталған жөндеу, алмастыру және жинау жұмыстарын жатқызуға болады.

Орташа  жөндеудің ағымдық жөндеуден айырмашылығы ауыстыруға арналған бөлшектердің саны мен көлемінің көбірек болуымен ерекшелінеді.

Күрделі жөндеуге агрегаттың кез келген бөліктерін ауыстыра отырып толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жатады.

Күрделі жөндеудің  негізгі міндетіне құрал-жабдықты бастапқы қалпына келтіру мақсатында оның техникалық талаптарға сәйкес қамтамасыз ету және еңбек өнімділігін арттыру, құралдардың жұмыс істеу дәлдігінің стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету саналады.

Алдын-ала жүргізілетін жөндеу жұмыстары жөндеу циклының ішінде тек екі түрін, яғни ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуден тұрады. Мұндай кезде күрделі жөндеу құрал-жабдықтарды модернизациялаумен қатар жүреді. Күрделі жөндеуді ұйымдастыруды орталықтан жүргізу дәрежесіне қарай үш түрге бөлуге болады:

А) орталықта  жүргізілетін жөндеу жұмыстары бойынша  жөндеудің барлық түрлерін жөндеу-механикалық  цехтар өз күшімен жүргізеді;

Б) жан-жақта  жүргізілетін жөндеу жұмыстары цех механигінің басшылығымен цехтың жөндеу қызметкерлерінің көмегімен атқарылады;

В) аралас түрі орталықтандырылған және орталықсыздандырылған  жөндеу жұмыстарының әр түрлі комбинацияларына негізделеді.

Токарлық станоктың  жөндеу күрделілік категориясы келесі формула арқылы анықталады:

 

R=a(Kh+Kl+Kn)+C1+C2,

 

мұнда, a- станоктың конструктивті ерекшелігін сипаттайтын коэффициент;

Kh- центр биіктігін ескеретін коэффициент;

Kl- екі центрдің ара қашықтығын көрсететін коэффциент;

Kn- штиндельдің жылдамдығының сатылар сайын ескеретін коэффициент;

C1- жеке механизмдердің жөндеу күделілігі мен ерекшелігін құраушы;

C2- гидро жүйесінің жөндеу күрделілігін ескеретін құраушы.

Күрделілік  категориясы құрал-жабдықтарды жөндеу ерекшелігінің сапалы критерийі болып саналады.

Агрегаттардың жөндеу жұмыстарының сыйымдылығы жөндеу бірліктерімен анықталады. Жөндеу бірлігін «ч» әріпімен белгілеу қалыптастқан.

Күрделілік  категориясы мен жөндеу бірлігі  кез келген агрегат бойынша сәйкес келеді.

Жөндеу  циклы дегеніміз барлық алдын ала бекітілген жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын анықталғантәртіп бойынша құрал-жабдықтардың ең төмен қайталанып пайдалану мерзімін айтады.

Жөндеу  аралық мерзім дегеніміз екі кезекті жоспарлы жөндеу арасындағы құрал-жабдықтардың ең төмен қайталанатын пайдалану мерзімін айтады.

Байқау  аралық мерзім дегеніміз жоспар бойынша екі қатар келетін кезекті жөндеу және байқау арасындағы құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін айтады.

Жөндеу  мерзімі дегеніміз құрал-жабдықтың жөндеуде тұрған уақытын айтады.

Кәсіпорынның  жөндеу қызметінің нәтижесін сипаттайтын  техника-экономикалық көрсеткіштерге:

-құрал-жабдықтың  әрбір түрін жөндеу және техникалық  қызмет көрсетудің толық өзіндік  құны мен еңбек сыйымдылығы;

-жалпы жұмыскер  санындағы жөндеуші персоналдың үлес салмағы;

-режимдік уақыт  қорындағы жөндеуде тұрған құрал-жабдықтың  бос тұру уақытының пайызы;

-құрал-жабдықтың  біреуіне келетін қосымша материалдардың  шығыны және т.б.

Қрал-жабдықтарды  жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары келесі:

А) құрал-жабдықтарды  жөндеуді орталықтандыру және мамандандыру- станоктар, машиналар және механизмдерді  күрделі жөндеуден өткізу үшін мамандандырылған зауыттардың өндірістік қуатын арттыру, машина және механизмдерді дайындаушы кәсіпорындардың құрал-жабдықтарды фирмалық жөндеуін әрі қарай дамыту;

Б) кәсіпорындарды орталықтандырылған түрде бөліктермен, бөлшектермен жабдықтай отырып, олардың  жөндеу және қайта жөндеу-жинау жұмыстарымен айналысуына жағдай жасау;

В) кәсіпорындарда құрал-жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді орталықтандыру;

Г) жөндеу жұмыстарын жүргізуде озық үлгідегі әдістерді  пайдалану және механикаландыру  жұмыстарын жүргізу;

Д) машиналардың беріктілігін және ұзақ мерзім жұмыс  істеуін арттыру үшін жөндеу жұмыстарына қажеттілік және техникалық қызмет көрсету көлемін қысқарту арқылы құрал-жабдықтың, машиналардың барлық өмірлік циклында бір күрделі жөндеумен шектелуге мүмкіндік беру;

Е) жөндеуші мамандар жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру және олардың біліктілігін көтеру және тағы басқа іс-шаралар кешені кіреді.

 

Лекция 8. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру

 

Жоспары:

1. Энергетика  шаруашылығының мақсаты, міндеттері  мен құрамы

 

1. Өнеркәсіп кәсіпорындары инновациялық техникамен, технологиямен толық жарақтанып жатқан жағдайда және барлық өндірістік үрдістер механикаландырылып, автоматтандырылып жатқан жағдайда түрлі энергия көздеріне, еңбектің қуатпен қамтылуына және еңбек жағдайын жақсартуға байланысты шараларды жүзеге асыруда электр қуатына деген қажеттілік үздіксіз артып отырады.

Энергетика  шаруашылығының негізгі мақсатына  осы қызметті атқарушы жұмыскерге аз шығын жұмсай отырып, кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қажетті энергетикалық  ресурстардың түрлерімен қамтамасыз ету  қажеттігі туындайды. Оған қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:

-жалпы өндіріске қажетті энергияны сырттан қабылдау және кәсіпорынның өз күшімен өндірілетін энергияның жеке түрлерін іздестіру;

-кәсіпорынның  барлық бөлімшелерінде энергияны  ұтымды пайдалануды ұйымдастыру және жоспарлау;

-энергетикалық  құралдарды ұтымды пайдалануды  бақылау, оларға техникалық қызмет  көрсету және жөндеуді бақылау;

-энергоресурстарды  үнемдеу шараларын дайындау және  жүргізу.

Қазіргі жағдайда энергоресурстардың негізгі көзі болып  кәсіпорындарды өз энергия көздерімен қамтамасыз ету саналады. Кәсіпорынның өз энергоресурстармен жабдықталуы оған жоғары сапа, төмен баға және сенімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Энергияны кәсіпорын  өз күшімен өндіруі орталықтан жабдықтаудың кәсіпорын үшін тиімсіз, техникалық жағынан мүмкіндігі төмен болған жағдайда ғана қажет болады.

Сонымен қатар, кәсіпорындарда қайталама энергоресурстарды  ұтымды пайдалану үлкен рөл атқарады. Кәсіпорынның энергетика шаруашылығының құрамына жылу күштік, газ, әлсіз токты, электр жөндеу бөлімшелері жатады.

Жылу  күштік бөлімшесі қазандық, компрессорлық қондырғы, жылу және канализациялық, су қондырғысын қамтиды.

Электр  күштік бөлімше төмендетуші подстанция, электр желілері мен трансформаторлық қондырғыларды, газ топтарын қамтиды. Ол өндірісті көміртекпен, ацетиленмен және тағы басқа газдармен қамтамасыз етеді.

Әлсіз токты бөлімшеге зауыттық телефон және радио тораптар байланысы жатады. Бұ берілген тәртіпте кәсіпорынның тоқтаусыз жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді.

Электрлік жөндеу бөлімшесі (цех) электрлік құралдарды және электр аппаратураларын жөндеуде техникалық құралдармен қамтамасыз етуден және онда жұмыс істейтін мамандардан тұрады. Ірі кәсіпорындарда энергетикалық шаруашылықты бас энергетик басқарады.

Энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану үшін оны жұмсауды және өндіруді қатаң мөлшерлеу талап етіледі. Электроэнергия, бу, қысымды ауа, газ, су, қосымша материалдардың жұмсау мөлшері бір өнімге есептеледі. Энергоресурстарды өндіруші бөлімшелер үшін мөлшерлер бір өнімге қатысты былай анықталады:

-электростанциялар  үшін-100 кВт сағ өндірілген электроэнергия;

-қазандықтар  үшін-1 тонна бу немесе 1 Мкал басылу;

-көміртекті  қондырғылар үшін-1 м3 газ түсті көміртек және т.б.

Негізгі цехтар үшін өнім бірлдігіне келесі мөлшерлер  дайындалады:

А) құю және ұста цехтары үшін-1 т кесілген құймалар;

Б) штамповкалар төсеу цехтарында- 1 м2 төсеніштермен жабу;

В) механикалық  цехтарда-бөліктердің машинобөліктері;

Г) жинақтау цехында-жинау  бірліг, агрегат немесе машина.

Энергетика  ресурстарын жұмсау мөлшерін есептеу әдістемесі салалық әдістемелік нұсқауларға сәйкес жасалады. Энергия шығындарын жоспарлау жұмсау мөлшері мен жоспар мерзімінің өндірістік бағдарламасы негізінде ресурстардың түрлері бойынша жеке жүргізіледі. Негізгі және қосымша өндіріске қажетті энергия көлемі жеке ескеріледі. Сонымен бірге, тораптардағы энергияны жоғарлатулар ескеріледі.

Механикалық цехтағы  жоспар жылындағы өнім өндіруге энергияны  жұмсау шығыны келесі формула арқылы анықталады:

 

Ржоғ=Hэл*N,

 

мұнда, Ржоғ-жоспар мерзіміндегі электроэнергияны жұмсау шығыны, кВтсағ;

Нэл-машинобөлікке цех бойынша электроэнергияны жұмсау мөлшері;

N-жоспарлы мерзімге есептелінген машинобөлікке бағдарлама.

Қосымша қажеттіліктерге  арналған электроэнергияға қажеттілік (көтеру, тасымалдау құралдары, жарықтандыру, желдеткіштерге қажетті электроэнергия) энергия жұмсау көздерінің санына, жұмыс тәртібіне және энергия жұмсау мөлшеріне байланысты анықталады.

Тораптардағы  энергияны жоғалтулар бекітілген мөлшерлер  бойынша есептеледі. Аталған үш құрамдас бөліктер бойынша қажеттіліктер жиынтығы жоспарлы мерзімдегі цех бойынша электроэнергияның жалпы шығынын анықтайды.

Жеке цехтар және жұмыс орындары бойынша жоспар жылына кәсіпорыннның электроэнергиясының  жалпы шығынын есептеумен бас  энергетика бөлімі айналысады.

Информация о работе Өндіріс саласын ұйымдастыру және экономикасы