Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 12:50, дипломная работа
«Ашық таулы өңдеулердегі маркшейдерлiк iс» пәні «050707-Тау iсі» мамандықтары үшiн iргелi ғылымдардың бiрi болып табылады, мамандықтың кәсiби пән циклінің жоғары оқу орындарының компонентi болып табылады. Пән мамандарды әзiрлеуде маңызды рөлдi және мәнді алады.
Дәрістердің қысқаша мазмұны.
5
1.1
Дәріс. Ашық тау-кен жұмыстарының дамуының тарихы. Ашық тау-кен жұмыстарының терминологиясы және маркшейдерлік қызмет шешетін мәселелер.
5
1.2
Дәріс. Ашық өңдеулердегі маркшейдерлік тірек торы.
8
1.3
Дәріс. Геодезиялық түсіріс торын құру әдістері, тор пункттерінің орын орналасуының дәлдігін анықтау.
12
1.4
Дәріс. Түсіріс торларының пункттерінің биіктігін анықтау және маркшейдерлік торларының пункттерін орнату тәсілдері.
22
1.5
Дәріс. Карьерлердің толық маркшейдерлік түсірісі.
27
1.6
Дәріс. Ашық таулы жұмыстардағы маркшейдерлік құжаттама.
31
1.7
Дәріс. Тау массасы мен пайдалы қазбалардың көлемін және ауданын анықтау тәсілдері.
36
1.8
Дәріс. Карьерлердің құрылысындағы және қайта құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
41
1.9
Дәріс. Шығатын және ойылған траншеяларды құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
46
1.10
Дәріс. Автокөлік және темір жолдарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
51
1.11
Дәріс. Бұрғылап жару жұмыстарын жүргізгендегі маркшейдерлік жұмыстар.
56
1.12
Дәріс. Кен үйінділерін құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
61
1.13
Дәріс. Пайдалы қазбалар мен аршу көлемін есепке алу түрлері.
64
1.14
Дәріс. Төгілген кен орындарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстарының ерекшеліктері.
67
1.15
Дәріс. Карьерлерді рекультивациялаудағы маркшейдерлік қамтамасыз ету, ашық өңдеулерде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі.
72
Әдебиет тізімі.
75
3.Тiрек торының конструкциясы;
4.Торды құрудың тығыздығын таңдау және жоспарлы негізінің пункттерін бекіту.
ТМД елдерінің геодезиялық торлары мемлекеттiк геодезиялық торларға және тығыздалу торларына бөлінеді. Мемлекеттiк геодезиялық торлар болып басты геодезиялық негiзi табылады және триангуляция, трилатирация, полигонометрия әдісімен құрылған 1,2,3,4 класты жоспарлы торларға және I, II,III және IV класты биіктік (нивелирлі) торларға бөлінеді. Геодезиялық тығыздалу торлары мемлекеттік геодезиялық тор негізінде дамиды. Олар 1 және 2 дәрежелі триангуляция мен трилатирация торларына бөлінеді және ірі масштабты топографиялық түсірісті қамтамасыз ету үшін және инженерлік техникалық есептерді шешу үшін арналған. Осы торлардың биіктік өсімшелерінің пункттері IV класты нивелирлеу мен техникалық нивелирлеумен анықталады. Тау кәсіпорынның территориясындағы тірек торы 4 класты 1 және 2 дәрежелі полигонометрия мен триангуляция пункттерімен көрсетіледі.
4 класты 1 және 2 дәрежелі триангуляция торының сипаттамасы
№ |
Көрсеткіштер |
4 класс |
1 дәреже |
2 дәреже |
1 |
үшбұрыш қабырғасының ұзындығы, км, көп емес |
5 |
5 |
5 |
2 |
Минималды бұрыштың мүмкiн шамасы: біртұтас тіркесінде үшбұрыштар тiркесiнде орнатуда |
20о |
20о 30о 30о |
20о 30о 20о |
3 |
Бастапқы қабырғалардың арасындағы үшбұрыштардың саны, немесе бастапқы қабырға мен пункт арасындағы |
- |
10 |
10 |
4 |
Үшбұрыштардың қиыспаушылығы арқылы шығарылған бұрыштарды өлшеудің орташа квадраттық қателігі |
2// |
5// |
10// |
5 |
Үшбұрыштағы қиыспаушылық |
8// |
20// |
40// |
6 |
Бастапқы қабырғаның минималды ұзындығы, км |
- |
1 |
1 |
7 |
Базистiк қабырғаның салыстырмалы қателiгі |
1:200000 |
1:50000 |
1:20000 |
8 |
Ең әлсіз қабырғаның салыстырмалы қателiгi |
- |
1:20000 |
1:10000 |
4 класты 1 және 2 дәрежелі полигонометрияның сипаттамасы
Көрсеткіштер |
4 класс |
1 дәреже |
2 дәреже | |
1 |
Жүрiстiң шектi ұзындығы, км: жеке бастапқы және түйін нүктелерiнiң арасындағы түйін нүктелерiнiң арасындағы |
10 7 5 |
5 3 2 |
3 2 1,5 |
2 |
Полигонның шектi периметрi, км |
30 |
15 |
9 |
3 |
Жүрiс бағыттарының ұзындығы, км ең үлкенi ең кiшiсi есептелген орташасы |
2 0,25 0,5 |
0,8 0,12 0,3 |
0,35 0,08 0,2 |
4 |
Жүрістегі бағыт саны, аспайтын |
15 |
15 |
15 |
5 |
Жүрiстiң шектi салыстырмалы қиыспаушылығы |
1:25000 |
1:10000 |
1:5000 |
6 |
Орташа квадраттық өлшеу қателiгi (полигонда мен жүрістегі қиыспаушылық бойынша) |
2// |
5// |
10// |
7 |
Жүрістің немесе полигонның бұрыштық қиыспаушылығы, аспайтын |
5//√n |
10//√n |
20//√n |
Барлық класты мен дәрежелі жоспарлы тірек торының тығыздығы 1 км2 үшін төрт пукттен аз болмау керек, ал биіктік тірек торы 5 км үшін 1 реперден аз болмау керек.
Карьерлердегі маркшейдерлік тірек торын 1 және 2 дәрежелі триангуляция мен III және IV класты нивелирлеу әдістері арқылы жасайды. Кен формасына, жердің бедеріне, тау жұмыстарының сипатына байланысты тірек торларының конструкциясы үшбұрыштар тіркесі, орталық жүйесі, төртбұрыштар, бұрышқа орнатулар және т.б түрінде болуы мүмкін.
Ашық (базистік) бағыттар БП-3 базистік аспаптармен, ТД-1, ДТ-62 жарық өлшеуіштермен және т.б тең дәлдікті аспаптармен өлшене алады.
Керілген кен орындарына – Үлкен өлшемді
үшбұрыштар тіркесі
Кен орындарының топтары үшiн - орталық жүйе және толық емес орталық жүйе.
Бұрыштарды Т2 және Т5 теодолиттері немесе басқа осындай дәлдікті теодолиттерң арқылы өлшейді: 1 дәрежелі торларда үш немесе төрт шеңберлі тәсілімен, ал 2 дәрежелі торларда – екі.
Тірек торларын құру кезінде келесі шарттар орындалуы керек: карьерлердің үйінділері мен борттарындағы пункттерінің қалыпты орналастырылуы, тау кен жұмыстарының кең территориясындағы әрбір пункттерінің көрнектілігін қамтамасыз ету, пункттердің сақталуының ұзақ мерзімін қамтамасыз ету, тұрақты борттарына жақын пункттердің орналасуы, тау кен жұмыстарының дамуының болашағы мен жерді қалпына келтіру.
Маркшейдерлік жұмыстың керекті дәлдігін қамтамасыз ету үшін жоспарлы тірек торының пункттерінің орналасуы осы пункттің триангуляция немесе полигонометрияның қай класына жататына байланысты масштабта 0,1 мм аспайтын қателікпен анықталуы керек.
Үйінділердің кен
III және IV класты нивелирлеу торларын жоғарғы класты полигондар ішінде жеке қабырғалармен немесе түйін пункттері болатын қабырғалар жүйесі түрінде құрастырады.
III класты полигон периметрі - 150 км артық емес. Нивелирлеу тура және кері бағытта орындалады; полигондарда және қабырғалар бойынша қиыспаушылық 20мм√L артық емес. Полигон қабырғаларының ұзындығы 50 км.
Маркшейдерлік тірек торларының пункттерін жергілікті шарттар үшін ГУГК нұсқауларының, ведомстволық нұсқауларының және әдістемелік нұсқауларының ұсынысы бойынша орталықтармен бекітеді. 1 дәрежелі триангуляция пункттерінде қарапайым пирамидалар мен сигналдарды орнатады, 2 дәрежеде – веханың орнатуға болады.
Басқа ұйымдармен тірек торларын құру кезінде пункттердің орнатуының орны тау кен кәсіпорынның бас маркшейдерімен келісіледі. Маркшейдерлік тірек торларының пункттерін тау кен кәсіпорынға бақылау үшін береді; геодезиялық пункттерді қабылдау туралы акттарына тау кен кәсіпорынның маркшейдерлік қызметтің бастығы қол қояды.
Дәріс жоспары
1.1,2 класты мемлекеттік геодезиялық торлар
2. 3,4 класты мемлекеттік геодезиялық торлар
3.Торлардың негізгі көрсеткіштері
4. I ,II класты мемлекеттік биіктік торлары
Қажетті әдебиет
1.стр.397-399 [1]
2.стр.399-401[1]
3.стр.401-405[1]
4.стр.211-219 [6]
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (тақырып 2) [1, 2, 3,4,5,11]
1. МГТ жобалау үшін есептер
2. Жоспарлы негізді құру кезіндегі есептеу жұмыстарының реті
3. Құрылыс территориясындағы триангуляция торларын құру анализі
Дәріс 1.3. Геодезиялық түсіріс торын құру әдістері, тор пункттерінің орын орналасуының дәлдігін анықтау.
Дәріс жоспары:
1. Түсіріс торын құруының әдісін таңдау;
2. Түсіріс негізін құруының негізгі әдістері;
3. Аналитикалық торлардың классификациясы;
4. Түсіріс торының пункттерінің қателігін анықтау.
Тау кен жұмыстарын өткізу
барысында біртіндеп
Маркшейдерлік түсіріс торының құруының әдісін таңдағанда ескерту керек:
тірек торының пункттеріне байланысты түсіріс торының пункттерінің орнын анықтау дәлдігі; маркшейдерлік түсірісті жүргізгенде тірек және түсіріс торларының пункттерін пайдалану ыңғайлылығы; дала және есептеу жұмыстарының қарапайымдылығы; пункттің сақталуының ұзақтығы.
Қоршаған жер бедеріне, таулы-геологиялық шарттарына, карьердің өлшемі мен конфигурациясына, маркшейдерлік түсіріс жұмыстарын жүргізу әдістеріне байланысты жоспарлы түсіріс торларын келесі әдістермен құрастырады:
эксплуатациялау торының бөлунімен; профиль әдісімен; теодолиттік жүрісті жүргізумен; полярлы әдіспен; геодезиялық және фотограмметриялық есептеулермен; аналитикалық торларды құрумен; қосылған әдістермен (жоғарыда тап өткендердің қосылуы).
Маркшейдерлік түсіріс торларының биіктік пункттерін геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістері арқылы анықтайды.
Түсіріс торларында пункттерді анықтау қателігі тірек торына байланысты планда 0,4 мм аспау керек және биіктігі бойынша 0,2 м.
Пункттердің тығыздығы мен орналастыруы түсірістің әдісін, масштабын және түсіріс жұмысын орындау ыңғайлығын есепке ала отырып анықталады.
Тахеометриялық түсіріс әдісінде түсіріс торының пункттерін аспаптан пикеттерге дейінгі ара қашықтықтың тәртібін есепке ала отырып орналастырады; 1:1000, 1:2000 и 1:5000 масштабтарына сәйкес еңіс жиегінің және басқа да айқын емес контурларының түсірістерінде 150, 200 және 300 м аспау керек. Айқын контурлар түсірістерінде (ғимараттар, құрылыстар) осы қашықтық 80, 100 және 150 болу керек.
Фотограмметриялық түсіріс әдісінде тірек ретінде қолданылатын түсіріс торының пункттерінің саны және орналастырылуы жоба бойынша анықталады.
Түсіріс торларында горизонталь бұрыштар Т30 теодолиттері арқылы екі тәсілмен немесе қайталанумен өлшенеді. Тәсілдер арасындағы бұрыштардың айырмашылығы 45// аспау керек. Т15 сияқты теодолиттер мен одан да жоғары дәлдікті теодолиттері арқылы бұрыштар бір тәсілмен өлшенеді.
Арақашықтықты болат өлшеу лентасы, рулетка, светодальномерлер мен светодальномер қондырмалары арқылы өлшейді.
Тригонометриялық нивелирлеу арқылы биіктік пункттерін анықтау кезінде көлбеу бұрышты Т30 сияқты теодолиттері арқылы екі тәсілмен, Т15 сияқты теодолиттері арқылы бір тәсілмен өлшейді. Аспап биіктігін және визир мақсатын сантиметрлерге дейін алады.
Техникалық нивелирлеу үшін Н-10 сияқты және жоғарғы дәлдікті нивелирлерді, РН-4, РН-5 сияқты нивелирлік рейкалар мен т.б қолданады.
Эксплуатациялық тор
Жоғарғы ойықтар түсірісі үшін жазықтық жер шарттарында қолданылады. Әдіс бульдозерлермен, скреперлермен, гидромеханизациямен өңделетін ұсақ карьерлерде, кен орындарының үйінділерінде кең таралған. Эксплуатациялық тор болып квадраттар немесе тіктөртбұрыш жүйесі табылады. Тордың бір осі тау кен жұмыстарының фронтына параллель орналастырылады. Квадраттардың немесе тіктөртбұрыштардың қабырғалары карьер фронтының жайылуының қиысуы – 20, 40, 50 м. Тордың (I, II, III, IV) басты фигураларының төбесін пункттердің маркшейдерлік геодезиялық тірек торының есептеулерімен, полярлы әдіспен немесе теодолиттік жүрістермен анықтайды. Толтыру квадраттарының және тіктөртбұрыштарының төбесін екі теодолиттің жарма (створ) әдісімен анықтайды. Тор төбесін анықтау кезінде визир сәулесінің ұзындығы 800 м аспау керек. Тордың қиыспаушылығының дұрыстығын тор диагоналінің бағытымен тексереді. Тордың барлық пункттері номірленуі керек.
Тордың қиыспаушылығынан
кейін х және у пландық координаталарын
есептейді. Тор төбелерінің биіктік өсімше
Карьер алаңының жер
бетінде орналастырылған
Түсіріс торының пункттерін төмен орналасқан горизонттарға көшіру екі теодолиттің жарма (створ) әдісі немесе екі теодолиттің екі белгілі бұрышын қалдыру тәсілі арқылы жүргізіледі.
Пункттердің айтарлықтай тығыз және геометриялық дұрыс торы жүйелі қателіктерінің жиналуын ескерте отырып, қарапайым және дәл түсірістің әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Профиль (жарма - створные) сызықтар әдісі
Профиль (жарма - створные) сызықтар әдісін бір борттың тұрақты орналасуымен және өңдеудің кішкене тереңдігімен бір бағыттағы тау кен жұмыстарының дамуында қолданады.
Тұрақты бортта екі параллель сызықтарды бөледі және 1-1/, 2-2/, 3-3/ нүктелерін және т.б бекітеді. 1-4 және 1/-4/ сызықтары бортқа параллель орналасу керек. Арақашықтық δ=20-50 м. 1-2, 2-3, …арақашықтығы 100-200 м тең деп алынады.
Жарма (створ) сызығының ойығында, мысалы 3-3/ А нүктесі қойылады. Онда β1 және β2 бұрыштарын өлшейді. Тік бұрышты үшбұрыштардын екі рет dA арақашықтығын есептейді.
;
Ең үлкен мәні d=10S. Биіктік өсімшелер геометриялық немесе тригонометриялық нивелирлеу арқылы анықталады.
Теодолиттік жүрістер
Карьерлер мен кен көздерінің шарттарында түсірістің негізі ретінде теодолиттік жүрістер кең таралған.
Теодолиттік жүрістер маркшейдерлік геодезиялық тірек торларының пункттерінің арасында жүргізіледі немесе тұйықталған полигон түрінде құрылады.
Алғашқы пункттерде теодолиттік жүріс жағының және тірек торының пункттеріне екі бағытының арасындағы бұрыштарды өлшейді. Теодолиттік жүріс жақтарының ұзындығы 100-400 м арасында болу керек. Түсіріс масштабы 1:1000, 1:2000 и 1:5000 болатын жүріс ұзындығы 1,8, 2,5 және 6 км аспау керек.
Қажет болғанда жеке нүктені полярлы әдіспен анықтауға болады, оған дейінгі қашықтық 400 м аспау керек.
Теодолиттік жүрістер жақтарын болат ленталар, рулеткалар, дальномерлер, светодальномер қондырғылары арқылы өлшейді. Тура және кері бағыттағы өлшеулер арасындағы айырмашылық 1:1500 аспау керек. Теодолиттік жүрістегі бұрыштық қиыспаушылық , сызықтық қиыспаушылық – жүріс ұзындығының 1:300.
Екі алғашқы пункттер мен екі алғашқы бағыт арасында жүргізілен теңделген созылған теодолиттік жүріс үшін жүрістің орташа пункттерінің орналасуының көлдеңең қателігі:
немесе шамалы ,
мұндағы n-полигондағы пункттер саны; L-жүріс ұзындығы, м.
Сызықтар ұзындығын жанама тәсіл арқылы анықтаумен азимуттық жүрісті жүргізу (Дурнев А.И. тәсілі). Карьерлер ойықтары немесе жыныстар үйінділерінің жұмыс алаңдары өлшеуді жүргізу үшін қолайсыз болғанда немесе өлшеу аспаптары болмағанда қолданылады. Ойықта А және В нүктелері арасында теодолиттік жүрістің 1, 2, 3, …, п нүктелерін орнатады. Нүктелер арасындағы қашықтық 200-300 м. Қарсы бортта көмекші С, Д, Е нүктелерін таңдайды. А, 1, 2, 3, …п, В нүктелерінде βА, α1 β1 α2 β2, … αп, βп және βВ горизонталь бұрыштарын өлшейді, ал өлшеу аспаппен алғашқы және бақылау базисінің ролін ойнайтын алғашқы және соңғы қабырғаның ұзындығын (А-1 және п-В) өлшейді.