Мапинфо карта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 12:50, дипломная работа

Описание

«Ашық таулы өңдеулердегі маркшейдерлiк iс» пәні «050707-Тау iсі» мамандықтары үшiн iргелi ғылымдардың бiрi болып табылады, мамандықтың кәсiби пән циклінің жоғары оқу орындарының компонентi болып табылады. Пән мамандарды әзiрлеуде маңызды рөлдi және мәнді алады.

Содержание

Дәрістердің қысқаша мазмұны.
5
1.1
Дәріс. Ашық тау-кен жұмыстарының дамуының тарихы. Ашық тау-кен жұмыстарының терминологиясы және маркшейдерлік қызмет шешетін мәселелер.
5
1.2
Дәріс. Ашық өңдеулердегі маркшейдерлік тірек торы.
8
1.3
Дәріс. Геодезиялық түсіріс торын құру әдістері, тор пункттерінің орын орналасуының дәлдігін анықтау.
12
1.4
Дәріс. Түсіріс торларының пункттерінің биіктігін анықтау және маркшейдерлік торларының пункттерін орнату тәсілдері.
22
1.5
Дәріс. Карьерлердің толық маркшейдерлік түсірісі.
27
1.6
Дәріс. Ашық таулы жұмыстардағы маркшейдерлік құжаттама.
31
1.7
Дәріс. Тау массасы мен пайдалы қазбалардың көлемін және ауданын анықтау тәсілдері.
36
1.8
Дәріс. Карьерлердің құрылысындағы және қайта құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
41
1.9
Дәріс. Шығатын және ойылған траншеяларды құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
46
1.10
Дәріс. Автокөлік және темір жолдарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
51
1.11
Дәріс. Бұрғылап жару жұмыстарын жүргізгендегі маркшейдерлік жұмыстар.
56
1.12
Дәріс. Кен үйінділерін құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
61
1.13
Дәріс. Пайдалы қазбалар мен аршу көлемін есепке алу түрлері.
64
1.14
Дәріс. Төгілген кен орындарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстарының ерекшеліктері.
67
1.15
Дәріс. Карьерлерді рекультивациялаудағы маркшейдерлік қамтамасыз ету, ашық өңдеулерде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі.
72

Әдебиет тізімі.
75

Работа состоит из  1 файл

Конспект лекций ОГР, 2010 на каз.doc

— 1.17 Мб (Скачать документ)

Негізгі пландарға: 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабындағы экономикалық мүдделі карьер территориясының жер беті планы. Жер бедері биіктігінің кескіні 0,5 немесе 1,0; 1,0 немесе 2,0; 2,0 немесе 5,0 м; 1:500, 1:1000 или 1 : 2000 масштабындағы тау кен жұмыстарының горизонттары бойынша тау өңдеулерінің пландары; жыныстардың ойық пландарының масштабтарымен бірдей эксплуатациялық немесе координаталық торға немесе барлау сызықтарына ұштастырылған көлдеңең немесе қиылыс созылу карьерлерінің тау өңдеулерінің кескіндері (профильдері) жатады.

Арнайы маркшейдерлік пландарға: 1:10 000 немесе 1:25 000 масштабтарындағы түсіріс планшетінің орналасу картограммасы; 1:2000- 1:10000 масштабтарындағы тірек торының пункттерінің схемасы (триангуляция, аналитикалық тор, полигонометриялық және нивелирлік жүрістер); 1:200-1:1000 масштабындағы карьердің өндіріс алаңының планы; 1 : 1000-1 :5000 масштабындағы карьердің бос-қиыстырған планы; 1 :200- 1 : 1000 масштабтарындағы жұмыстық ойық пландары және пайдалы қазбалар мен алынған қазба жыныстарының көлемін есептеу үшін тау кен жұмыстарының кескіндері; 1 : 100 - 1 : 500 масштабындағы іздестіру және құрғату жұмыстарының (шахталарының, кендердің, шурфтардың, ұңғымалардың және т.б) вертикаль (горизонталь және көлбеу) геологиялық кескін-қатарлар; 1 : 1000 немесе 1 :2000 масштабындағы сортталған ойық пландары; масштабтағы тау-геометриялық пландар мен графиктер, құрғату және су төкпе жұмыстарының пландары; 1:2000 немесе 1:5000 масштабында жыныс үйінділерінің, станцияларының және оларға транспорттық телекоммуникациялардың планы; горизонтальды 1 : 1000 немесе 1 :2000 және вертикальды 1 : 100 немесе 1:200 (яғни 1 : 10) масштабындағы автомобиль және темір жолдарының кескіндері жатады.

Құрылыс және эксплуатация алдында жасалған жер пайдаланушылықтар  шекаралары және де тау мен жер  кесіп берулерінің контурлары көрсетілген  карьердің жер бетінің шың  топографиялық планы тау кәсіпорынның жойылуының соңына дейін сақталады. Карьерді жобалау мен құру процесінде жеке жер беті телімдерінде: өндіріс алаңында, темір жол станцияларында, қорларда және т.б қосымша түсіріс жүргізіледі және айтарлықтай ірі масштабтағы пландар құрылады. Карьердің, жыныс үйінділерінің, транспорт коммуникацияларының, рекультивация жұмыстарының, және де құрылыстар мен ғимараттарды құруының тау кен жұмыстарын жүргізу барысында периодты толықтырылатын жер беті планы лезде ескереді, осыған байланысты барлық территория бетін, және де түсіріс негізінің және тордың тірек пункттерінің біруақыттық жаңғыртуын (қалпына келу мен тығыздалу) қоса карьердің тау кен жұмыстарын қайта толық түсіру мәселесі туады.

Геологиялық пландар мен кескіндер

Кен орынның геологиялық  құрылысын сипаттайтын келесі графикалық құжаттар болу керек:

- шолу сызықтары бойынша аймақтық геологиялық кескінді қоса аймақтың жалпы геологиялық картасы; кен контуры немесе насос астындағы жер қабатының шығуының кескіндеуімен барлау және ірі тау кен жұмыстарының планы;

- барлау мен эксплуатация деректері бойынша құрылған шолу сызықтары бойынша геологиялық кескіндер; пайдалы қазбалардың және қазба жынысының көлемінің қорын есепте үшін геологиялық пландар мен кескіндер;

- гидрогеологиялық және құрғату жұмыстарын (ұңғымаларын, шурфтарын және т.б) кескінделуімен гидрогеологиялық план мен кескіндер; суды сығу графиктері; сапалы немесе сортталған ойық пландар;

Өндірістік және эксплуатациялық  барлау нәтижесінде алынатын тау-геометриялық құрылыстық және сапалы пландар мен графиктерін, дайындаулар мен шоғырланған шарттарын мен формасын сипаттайтын сандық деректер мен сипаттамалар түріндегі кен орынның геологиялық-маркшейдерлік мәліметінің пайдаланылуын, және де пайдалы қазбалардың сапалық қасиеттерін деректерінің көптігінен оларды толық қамту мен пайдалану қиын.

Пайдалы қазбалардың және де жыныс қазбаларының шоғырлану шарттары мен формасын сиппатайтын тау-геометриялық графиктерді құрған кезде изосызық әдісін қолдана отырып сандық өсімшелері болатын проекцияларды қолданады.

Үш өлшемді кеңістікте кен сапасының қасиеттерін көрсету күрделі, сондықтан жер қыртысы, горизонт (қабат, ойық) бойынша компоненттің орташа мәнінің сапалы графиктерін қарастырылатын кескіндегі кен металының шұғыл өзгеретін бөлінуінен қалыпты топографиялық бетіне өту үшін хоу, хоz немесе уоz проекцияларында жасайды. Тау-геометриялық құрылыстық және сапалы графиктер көмегімен қазу және пайда табу жұмыстарын жоспарлау мен жобалаумен, жер қыртысында пайдалы қазбалардың өндірісті қорының жағдайын және қозғалуын есепке алынуымен, сапалық және сандық шығынмен байланысты ірі мәселелер кешені шешіледі. Негізінде, сапалық ойық пландары орталау режимінде, яғни қайта өңделуге келген қазылған кеннің орташа сапасы, пайда табу жұмыстарының оперативті жоспарлануына мүмкіндік береді.

 

Тау кен жұмыстарының маркшейдерлік жұмыстары. Тау кен жұмыстарының ойық пландары карьерлердің негізгі техникалық және заңнамалық графикалық құжаттары болып табылады. Олар маркшейдерлік түсірістің тікелей нәтижелері бойынша 1:500 — 1:2000 масштабында әрбір ойық (горизонт) үшін құрылады. Ойық планының саны карьердің ойықтарының (горизонтының) санына сәйкес келеді.

Кен карьерлерінде ойық пландарында көрсетілуі тиіс:

тау кен жұмыстарының элементтері (ойықтың төменгі және жоғарғы жиектері, үйінді шекаралары, ойық өсімшесінің асты мен үсті); бұрғылау жару жұмыстарының схемасы (жарылыс ұңғымаларының орналасуы, номірлері көрсетілуімен бірге миналық камералар, саға мен тереңдігінің өсімшелері; жеке көлемді жарылыстардың блоктары бойынша жарылыстың нөмірі мен күні көрсетіледі); кездестірген кен және жыныстар түрлерін шартты белгімен көрсететін ойықтың көрінетін еңіс бөлігінің геологиясы.

Көмір карьерлерінде  ойық пландарға жоғарғы және төменгі  ойық жиектерін, жоғарғы және төменгі  ойықтың биіктік өсімшесін, барлау жұмыстарын, қазба жынысы мен көмір  контактінің сызықтары мен контурларын, құрылыстар мен коммуникацияларын түсіреді. Пайдалы қазба мен қазбаның айлық аршуы рим цифрімен және сәйкес штриховкамен белгіленеді.

Ойық пландарының толықтырылуы ай сайын айдың бірінші күнінде  жүргізіледі, ал жарылыс блоктары бойынша – жарылыс уақытына және жарылған тау массасының тасылуының бітуіне байланысты түрлі уақытта. Карьердің негізгі графикалық маркшейдерлік құжаты ретінде ойық пландар-үлгілер күнделікті жұмыс үшін пайдалануға жатпайды, сондықтан оперативті жұмыстар үшін: соның ішінде көлемді, қазу мен пайда табу жұмыстарын анықтау мен есептеу үшін, жұмыс пландарын құрастырады.

Тау кен жұмыстарының кескіндері (профили). Тау кен жұмыстарының вертикаль кескіндері (профили) ойық планға, онымен біртұтастығын құрай отырып, қосымша болып табылады, сондықтан негізгі (ресми) маркшейдерлік құжаттамаларға жатқызылады.

Кескіндер бойынша жұмыс  алаңдарының және бермаларының, ойықтың көлбеу бұрышының және карьер жиектерінің нақтылы енін, тау кен жұмысы мен өңделетін кеннің геологиясының байланысын, қазба коэффициентін және т.б. анықтауға болады.

Сонымен бірге, кескіндер  бойынша қазба және пайда көлемін  есептеуге, ашылған және дайындалған  қорларын, пайдалы қазбалардың сапалық  және сандық шығынын есепке алуға  болады.

Тау кен жұмыстарының кескіндерінде көрсетіледі:

жеке айлар үшін пайдалы  қазбалар мен кен аршуларының ойық контурлары; берілген кескіннің бөлі жазықтығына кіретін барлық барлау және бұрғылау жұмыстары; жер қыртысының немесе кен дененің контурлары, жарылыс бұзылулары; пайдалы қазбалардың және жыныстардың стратиграфиялық қатары; тау кен жұмыстарының жобалық контуры немесе карьердің техникалық шекарасы.

Тау кен жұмыстарының кескіндерін (профильдері) стандартты өлшемді 60х60 см планшеттерде немесе жеке беттерде сызады.

Тау кен жұмыстарының жиынтық пландары. Осындай пландарды 1:1000; 1:2000 немесе 1:5000 масштабтарында ойық пландарының деректері негізінде әрбір айдың, кварталдың немесе жартыжылдықтың бірінші күнінің жағдайы негізінде құрастырады. Жиынтық пландарда көрсетіледі:

Эксплуатациялық немесе шартты координаталық тор мен негізгі тірек пункттері; барлық қазба және пайда табу ойықтарының төенгі және жоғарғы жиектерінің контурлары; негізгі гидротехникалық құрылыстар (жүк көтергіштер, бункерлер, электромеханикалық шеберханалар, подстанциялар, деполар және т.б, және су төкпе, құрғату жұмыстары мен құбырлар); темір және автомобиль жолдары, конвеерлік сызықтар; негізгі қазба және пайда табу механизмдері мен агрегаттары; геологиялық және гидрогеологиялық элементтер мен факторлар (барлау жұмыстарының сағалары, кеннің жер бетіне немесе насос астында шығуы, көшкіндер мен өрттердің зоналары); карьер алаңының техникалық шекаралары, тау кен жұмыстарының және құрылыстардың сақтауының қауіпсіздік зоналарының шекаралары.

Карьерлердің үлгілік  пландары. Карьерлердің үлгілік пландары болып ойықтың реті бойынша бір біріне жатқызылған ойық планының альбомы табылады. Сондықтан үлгілік планның беттер саны карьердің толық тау кен жұмыстарының жүргізілуі кезінде максималды ойық (горизонт) санына сәйкес болу керек.

Үлгілік пландарды картонға жапсырылған ватман беттерін немесе басқа органикалық шынының  (плексиглас) беттерін және т.б мөлдір материалдарын қолданып жасайды. Планның масштабын карьердің барлық алаңы немесе қажетті аудан қорымен барлық тау кен жұмыстары бір бетте сиятындай таңдайды, себебі бөліктерден құралған үлгілік план өзінің мақсатына – көрнектілікке жетпейді. Үлгілік пландардағы тау кен жұмыстарының қозғалысын ойықтың төменгі жиегінің шекарасы бойынша сәйкес беттер бөлігінің мұқият ойылуы немесе кесілуі арқылы көрсетеді.

Қажетті әдебиет

1.стр.397-399 [1]

2.стр.399-401[1]

3.стр.401-405[1]

4.стр.211-219 [6]

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (тақырып 6) [1, 2,5,5,9,10,11]

1. Тең нүктелік өлшеулер мысалын құру

2. Тең емес нүктелік өлшеулер мысалын құру

3. Өлшеудің қорытындыларын с.к.о. есептеу

 

Дәріс. 1.7 «Тау массасы мен пайдалы қазбалардың көлемін және ауданын анықтау тәсілдері».

 

Дәріс жоспары:

1. Горизонталь кескін тәсілі бойынша көлемді анықтау;

2. Вертикаль кескін тәсілі бойынша көлемді анықтау;

3. Дұрыс геометриялық фигуралардың көлемін П.К. Соболевский тәсілімен анықтау;

4. Маркшейдерлік түсіріс нәтижесіндегі карьердегі қазба мен кен көлемін анықтау дәлдігі.

Жалпы түрінде қарапайым  блоктың көлемі V= S hср  немесе   V=S lср,

мұндағы S — негізінің немесе кескін көлемі, м2; hср немесе lср – орташа биіктік немесе қуат, м.

Табиғи немесе қопарылған түріндегі осы көлемнің компонент  немесе жыныс массасы болады

, мұндағы γ - тығыздық, т/м3.

Р компонентінің саны, мысалы, кендегі металл

 немесе
,

 

 

 

Блоктың горизонталь  параллель кескіні

мұндағы с — компоненттің орташа құрамы, %; с' — скомпоненттің ортташа құрамы, в г/т.

Расында, анықталатын  блоктардың формасы айтардықтай  күрделі, бұл массивтен пайдалы қазба мен кен жыныстарының аршуының технологиясы мен тәсіліне, жыныс, көмір және кен үйінділерінің немесе дайын өнім қорларының пайда болуының тәсіліне байланысты.

Нақты көлеммен бірге  есептелген блоктың көлемінің жуық деңгейі (немесе қателік көлемі) маркшейдерлік түсірістің дәлдігі мен толықтығына, графикалық суреттің дәлдігі мен масштабына, және де көлемді анықтауда қолданылған тәсілінің геометриялық сәйкес келуіне байланысты.

Блоктар мен денелердің жеке материалдық көлемін горизонталь  жіне вертикаль есеп арқылы, көлем палетка арқылы есептейді. Жеке кеңістіктік фигуралардың формаларын стереометрия формулаларын қолдана отырып, дұрыс геометриялық денелермен сәйкестендіреді.

 

Горизонталь есеп тәсілін (немесе орташа арифметикалық) планда 1 немесе 2—3 және одан да көп блоктың горизонталь кескінінің контурлары болғанда қолданады.

Сонымен бірге, ойық биіктігі мен қабат қуаттылығы белгілі  нүктелер блоктың немесе қабаттың бүкіл  горизонталь проекциясының ауданында  мүмкіндігінше біртекті және орташа мәннен үлкен емес ауытқулармен орналастырылу керек.

Горизонталь кескінің жалғыз контурының (жоғарғы ойық жиегі) қолданылуы мүмкін:

Кеннің жалпы көлемінің  бақылаулық анықталуында немесе жартыжылдық, жыл және одан да көп жеке ойықпен басылған пайдалы қазбалардың қорларында;

Төменгі шайылумен гидравликалық  тәсілі арқылы (гидромониторлармен, жерснарядтарымен) жүргізілген кен көлемінің анықталуы кезінде;

Жарылысты қолданылмай  жұмсақ жыныстарда біртекті экскаваторлармен жүргізілген кеннің көлемін анықтауда.

Берілген жағдайда тау массасының көлемін формула бойынша есептейді, яғни

V= S hср, мұндағы ,

(мұндағы  ∑zв, nи және  ∑zн,  nн — биіктік белгілер сумасы және анықталатын блоктың төменгі және доғарғы контурлар шегіндегі олардың саны).

Егер планда жоғарғы және төменгі ойық жиектері көрсетілсе, онда блок көлемі болады

.     

Контурдың жоғарғы ойық жиегі және 2—3 шекаралас контур үйінділері мен ойық еңісінің бұрылысының болуы кезінде блоктың көлемінің анықталуы қабат бойынша анықтауға болады.

Жеке қабат көлемін  формула бойынша анықтауға болады        

Блоктың жалпы көлемі    V =V1+ V2 +. . . +Vn .

Егер блоктың жоғарғы және төменгі  алаңы және анықталатын блокта келісілген және келісілмеген еңістер болса, мүмкіндігінше вертикаль бойынша сәйкес келетін, сәйкес интервалдар арқылы биктік белгілерін алады.

Иззогипстердегі (горизонтальдардағы) пландарда көрстеліген үйінді көлемін және дайын өнім қорын анықтау кезінде екі изогипс арасындағы жеке қабат көлемін Бауман формуласы бойынша анықтауға болады

      

мұндағы sжәне  s2  — көршілес немесе тақ изогипстермен шектелген аудаңдар; s0  — контурдың орта немесе жұп изогипсамен шектелген ауданы.

Горизонталь кескін тәсілінің  артықшылығы оның қарапайымдылығында және блок контурларының шекаралас  ең күрделі конфигурацияларында  көлемді анықтауда аз жұмысында.

Вертикаль кескін тәсілі карьердегі тау массасының алынған көлемін есептеуде қолданылады. Тәсіл негізі болып анықталатын блоктың (экскаваторлық кіру, жыныс үйіндісі немесе кен, көмір және т.б қорлары) вертикаль кескіндерге бөлінуі табылады.

                                                                                                                      

Информация о работе Мапинфо карта