Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 12:50, дипломная работа
«Ашық таулы өңдеулердегі маркшейдерлiк iс» пәні «050707-Тау iсі» мамандықтары үшiн iргелi ғылымдардың бiрi болып табылады, мамандықтың кәсiби пән циклінің жоғары оқу орындарының компонентi болып табылады. Пән мамандарды әзiрлеуде маңызды рөлдi және мәнді алады.
Дәрістердің қысқаша мазмұны.
5
1.1
Дәріс. Ашық тау-кен жұмыстарының дамуының тарихы. Ашық тау-кен жұмыстарының терминологиясы және маркшейдерлік қызмет шешетін мәселелер.
5
1.2
Дәріс. Ашық өңдеулердегі маркшейдерлік тірек торы.
8
1.3
Дәріс. Геодезиялық түсіріс торын құру әдістері, тор пункттерінің орын орналасуының дәлдігін анықтау.
12
1.4
Дәріс. Түсіріс торларының пункттерінің биіктігін анықтау және маркшейдерлік торларының пункттерін орнату тәсілдері.
22
1.5
Дәріс. Карьерлердің толық маркшейдерлік түсірісі.
27
1.6
Дәріс. Ашық таулы жұмыстардағы маркшейдерлік құжаттама.
31
1.7
Дәріс. Тау массасы мен пайдалы қазбалардың көлемін және ауданын анықтау тәсілдері.
36
1.8
Дәріс. Карьерлердің құрылысындағы және қайта құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
41
1.9
Дәріс. Шығатын және ойылған траншеяларды құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
46
1.10
Дәріс. Автокөлік және темір жолдарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
51
1.11
Дәріс. Бұрғылап жару жұмыстарын жүргізгендегі маркшейдерлік жұмыстар.
56
1.12
Дәріс. Кен үйінділерін құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
61
1.13
Дәріс. Пайдалы қазбалар мен аршу көлемін есепке алу түрлері.
64
1.14
Дәріс. Төгілген кен орындарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстарының ерекшеліктері.
67
1.15
Дәріс. Карьерлерді рекультивациялаудағы маркшейдерлік қамтамасыз ету, ашық өңдеулерде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі.
72
Әдебиет тізімі.
75
, мұндағы туст – ноль-пунктке көпіршік деңгейін орналастыру қателігі, ( - деңгей бөлігінің бағасы, сек);
d – нивелирден рейкаға дейінгі қашықтық.
,мм –Чеботарева А.С формуласы
мұндағы Г көздеу дүрбісінің үлкеюі; t – рейка бөлігінің бағасы, мм.
;
, мұндағы Δдел – дойбы рейканың дециметрлік бөліндісіндегі кездейсоқ қателігі, Δдел=1мм болса.
Геометриялық нивелирлеудегі биіктік бойынша пунктегі жалпы қателік
, мұндағы п – станциялар саны.
Тригонометриялық
Тригонометриялық
, мұндағы md, mv, mk – d арақашықтығының, v көлбеу бұрышының және k рефракция коэффициентінің орташа квадраттық қателіктері; =206265 – радиандағы секундтар саны.
v көлбеу бұрышын анықтаудағы тәсілдері
, мұнағы п – станциялар саны.
; - визирлеу қателігі (Г – көздеу дүрбісінің үлкеюі); - аспап қателігі ( -секундтағы деңгей бөлігінің бағасы) - есеп қателігі (t – есеп жабдығының дәлдігі).
Тура бағыттағы көлбеу бұрышты өлшеген кезде немесе тірек торының 2х-3х пункттерінен көлбеу бұрышты өлшеген кезде көлбеу бұрышының қателігі не аз болады.
Қалыпты метеорологиялық шарттарда, рефракцияның коэффициентінің орташа мәнін – 0,16 пайдалана отырып, оның ең үлкен айырмашылығы , онда
.
Тригонометриялық нивелирлеу жүрісінің орташа квадраттық қателігі қабырғалары шамалы тең болған шартында
болады, мұндағы п – жүрістегі өсімшелер саны.
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (тақырып 4) [1, 2,5,5,9,10,11]
1. Пландық мемлекеттік геодезиялық тор орталығын жүргізуі туралы нұсқау бөлімін оқу
2. Тығыздалу торын жүргізуінің дәлдігі туралы нұсқау бөлімін оқу
3. Реперлер мен таңбалардың орналастыруының әдістемесін оқу
4. МГТ, ГСС торларын инженерлі–геодезиялық торларына қиыспаушылықта дирекциондық бұрышты, координаталарды, абсолюттік өсімшені жіберу тәсілдерін игеру.
Дәріс 1.5 Карьерлердің толық маркшейдерлік түсірісі.
Дәріс жоспары:
1. Маркшейдерлік түсірістің объектілері мен элементтері;
2. Түсіріс нақтылығына нұсқау талаптары;
3. Түсірістің нақтылығының тәсілдері
Түсіріс нақтылығының мақсаты болып айтарлықтай толық графикалық бейнеленуі және карьердегі барлық тау кен жұмыстарының толық есепке алынуы: тау кен, геологиялық іздестірулер, құрғату, құрылыстық және т.б. Түсіріс нақтылығы түсіріс негізінің нүктелерінен жасалады.
Жер бетінде: жер бетінің жер бедері мен ситуациясы; іздестіру өңдеулерінің трассалары мен сағасы, құрғату өңдеулері және су төкпе арықтар, пайдалы қазбалар мен байырғы кен орынның табиғи ашылуы, транспорттық жолдар, станциялар, эстакадалар, көпірлер, жол өтпелері мен т.б; тау-техникалық және азаматтық құрылыстар, ғимараттар мен коммуникациялар; пайдалы қазбалардың жыныс үйінділері мен қорлары.
Карьердің тау өңдеулерінде: горизонт беттері; жоғарғы және төменгі ойық жиектері, шығатын және ойылған траншеялар мен құламалар, олардың еңістеріндегі қисықтықтар; іздестіру, жару, құрғату ұңғымалары мен өңдеулерінің сағалары мен трассалары; геологиялық және геологиялық іздестіру элементтерң мен факторлары (пайдалы қазбалар мен аршулар жыныстарының контакттары, сынақ алу орындары, пайдалы қазбалардың түрлі сапасының зоналарының шекаралары, геологиялық бұзылыстар элементтері, өрт ошақтары, көшкіндер және т.б); карьер ішілік ситуация (транспорттық жолдар, ЭЖБ, құбырлар, конвейерлер және т.б); алаңдар мен ойық еңістеріндегі үйінділер.
Түсіріс нақтылығына нұсқау талаптары
Жер бетіндегі маркшейдерлік түсірістің дәлдігі түсіріс масштабына мен жер беті күрделілігіне тәуелді болады және бақылау өлшеулерінің берілгендері бойынша бағаланады.
Түсіріс торының жақын пункттерінің
айқын кескіні болатын
Түсіріс негізінің биіктік нүктелеріне байланысты биіктік нүктелерінің шекті айырмашылығы жергілікті жердің көлбеу бұрышы 20 болатын жер бедерінінің биіктігінен аспау керек. 1:5000, 1:2000 масштабтағы пландар үшін және 100 көлбеу бұрыштары үшін айырмашылық биіктігінен аспау керек.
Шекті мәндерге жуық айырмашылықтар саны бақылау өлшеулерінің жалпы санының 10% аспау керек.
Саға және іздестіру мен құрғату өңдеулерінің, су төкпе арықтарының, геологиялық элементтердің орналасуын анықтауының шекті қателігі түсіріс масштабына тәуелсіз планда 1 м және маркшейдерлік түсіріс негізінің жақын пункттеріне байланысты биіктігі бойынша 0,3 м аспау керек.
Маркшейдерлік түсірістің дәлдігі масштабқа, конурлар күрделілігіне және тау өңдеулерінің жер бетіне байланысты және түсірісте жиналатын пикет нүктелерінің санымен реттеледі.
Ойық жиектеріндегі пикеттер арасындағы арақашықтық 1:1000 масштабтағы түсірісте 20 м аспау керек, ойық жиектері күрделі болса және егер жиектер созылған болса –30 м. 1:2000 масштабтағы түсірісте осы қашықтықтар сәйкесінше 30 және 40 м тең болады, ал егер жиектер үлкен ұзындықтарда турасызықты болса – 50 м.
Аршылған жыныстар үйінділерінің 1:5000 масштабтағы түсірістерде пикеттер арасындағы арақашықтық 100 м аспау керек; 1:1000 масштабтағы жер бетінің жарылған жыныстарының түсірісінде – 10 м, 1:2000 масштабта – 20 м.
Түсіріс негізінің түрлі
пункттерінен түсіріс телімінің
шекараларындағы контурлар
Пикет биіктіктерінің айырмашылығы жер үсті түсірістерде 0,4 м және аэрофотограмметриялық түсірістерде 0,8 м аспау керек.
Түсірістің периодтылығы
осы түсіріс көздейтін
Перпендикулярлар (ординаталар) әдісі
Перпендикулярлар (ординаталар) әдісі маркшейдерлік түсірістің қарапайым әдісі болып табылады.
Тәсілдің негізі келесіден тұрады. Түсіріс торының екі пунктін байланыстыратын АВ сызығының шетінде қадаларды орнатады. Қадалар жармаларында болат өлшеу лентасын орнатады және оны шпилькалармен бекітеді. Лента бойымен экермен бірге жүре отырып, перпендикулярларды 1, 2, 3, … ситуация нүктелерінен АВ қабырғасына түсіреді. Перпендикуляр негізіне дейінгі d0 арақашықтығын және перпендикуляр ұзындығын li өлшейді. Ұзындықты өлшеу дәлдігі 0,1 м дейін жетеді. Объекттің алынып тасталуы кезінде 40-50 м қашықтықта полигон сызығын АВ параллель көшіреді және келесі түсірісті жүргізеді.
Журналға нүкте нөмірлерін, абсцисса мен ордината ұзындықтарын, және де объект суретін (абрис) жазады.
Пикет нүктелерінің биіктік өсімшелері геометриялық нивелирлеумен анықталады.
Камералдық жұмыстар пикеттің биіктік өсімшелерін анықтау, пикеттерді графикалық көрсету және планда контурларды құру жұмыстарын қамтиды. Жұмыс үшін масштабты сызғыш пен бұрыштық сызғыш қолданылады.
Тегіс горизонтальды
алаңдары болатын карьерлерде
Тахеометрлік түсіріс
; , мұндағы k=100; n – жоғары және төменгі жіп бойынша есеп айырмашылығы.
; ; ; ;
; Нi=Hст+hi.
Түсіріс негізінің нүктелерінен түсіріс жүргізіледі, ал осы нүктелердің жетіспеушілігінде жұмыс алаңдарының 150-200 м қашықтығында бір немесе екі жаққа өтпелі нүктелерді көшіреді. Станцияда жүмысты міндетті НО анықтаудан бастайды.
Пикет нүктелерін планға түсіру үшін мөлдір пластмассадан жасалған тахеометрлік транспортирді, нониусы бар металдық транспортирді және полярлы координатографты қолданады. Пикет нүктелерінің түсіруі бақылау үшін полярлы торды қолданады. Планға пикетті түсіру қателігі 0,5 мм аспау керек.
Тахеометрлік түсірісті Т30, Т15 сияқты
теодолиттермен, авторедукциялық
Айқын емес заттарды түсіргенде аспаптан рейка нүктесіне дейінгі шекті арақашықтық 1:5000, 1:2000 және 1:1000 масштабтары үшін 300, 200 және 150 м аспау керек. Көздеу дүрбісінің үлкеюі 25* және одан да көп теодолиттермен түсірістерде арақашықтық 50 м дейін артуы мүмкін. Айқын контурларды (құрылыстарды, ғимараттарды) түсіргенде осы арақашықтық – 150, 100 және 80 м.
Мензулалық түсіріс карьерлерде тек қысқа мерзім ішінде үлкен территорияны түсіру керек болғанда және ірі масштабта толық кешенді планды алу керек болғанда ғана қоладанылады. Оны бақылау түсірісі ретінде қоладанады және жылына бір рет жүргізеді. Ағымды маркшейдерлік түсірістер үшін осы әдісті қолдану лайықты емес.
Пикет нүктелеріне дейінгі шекті арақашықтық нормаларына және дәлдікке талаптары тахеометрлік түсірісте сияқты.
Стереофотограмметриялық түсіріс
Қазіргі кезде жер үсті стереофотограмметриялық және аэрофтограмметриялық түсіріс кең таралған. Осы түсіріс әдісі ойықтардың күрделі конфигурациясы және ішкі мен сыртқы үйінділері болатын ірі карьерлерді түсіру кезінде ең тиімді.
Стереофотограмметриялық түсіріс деп екі сурет бойынша түсірілген объектілердің кеңістіктегі өлшемдері мен орналасуын анықтауға, және де осы суреттер бойынша планды құруға мүмкіндік беретін өлшеу фотографиясы аталады.
Әдістің артықшылықтары: еңбек өнімділігінің артуы, материал нақтылығы мен өткен жылдардан кейін оны қайта қалпына келтіру мүмкіндігіғ түсіріс жұмыстарының қауіпсіздігі, қол жетпес жерлерін түсіру мүмкіндігі, геологиялық бақылау үшін түсірістің деректерін кең пайдалану.
Негізгі кемшілік – камералдық жұмыстардың үлкен көлемі.
Қажетті әдебиет
1.стр.397-399 [1]
2.стр.399-401[1]
3.стр.401-405[1]
4.стр.211-219 [6]
СӨЖ үшін баөылау тапсырмалары (тақырып 5) [1, 2, 3,4,5,11]
1. ГГС жобалау үшін тапсырмалар
2. Пландық негізін құрған кездегі есептеу жұмыстарының реті
3. Құрылыс территориясында триангуляция торын құру анализі
Дәріс 1.6. Ашық таулы жұмыстардағы маркшейдерлік құжаттама.
Дәріс жоспары:
1. Далалық және есептеу құжаттары;
2. Жер бетінің топографиялық пландары мен өндіріс алаңдарының пландары;
3. Графика мен кендердің геологиялық және тау-геометриялық пландары;
4. Тау кен жұмыстарының маркшейдерлік пландары.
Карьер немесе карьер тобының өндірістік-экономикалық мүдделі территория шегінде жүргізілетін барлық топографо-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар арнайы журналдарда және кітаптарда (далалық, есептеу және есепке алу) жазылады.
Далалық немесе алғашқы құжаттамаларға келесі журналдар кіреді:
горизонталь бұрыштарды немесе триангуляциялық, аналитикалық торларды құру кезіндегі және де торларға жеке пункттерін енгізу кезіндегі бағыттарын өлшеу; зенит арақашықтықтарын немесе вертикаль бұрыштарын өлшеу; элемент келтіруінің графикалық анықталуының беті (белгілерді центрлеу мен редукциялау); базистерді (жеке торларда) және қабырға ұзындығын (трилатирацияда) өлшеу; геометриялық нивелирлеу (әрбір нивелирлеу класы бойынша); полигонометрияда, теодолиттік жүрістерде, базисті түсіру және корректуралық нүктелер мен белгілер қиыспаушылықтарында бұрыштық және сызықтық өлшеулер; техникалық нивелирлеу; мензулалық, тахеометрлік, ординаталық, стереофотограмметриялық түсіріс, құрылыс жобаларын және өңдеулерін жергілікті жерге көшіру мен бөлу; пайдалы қазбалар қорын түсіру (дайын өнім).
Далалық журналдардың (жұмыс кітаптарының) ең ыңғайлы форматы 148X210 мм.
Міндетті есептеу құжаттарына есептеу журналдары, ведомстволары және каталогтары, базис ұзындығын өлшеу журналдары; центрлеу мен редукцияға түзетулерді есептеу ведомосі; триангуляция және аналитикалық торлардың пункттері үшін келтірілген бағыттарының ведомосі; үшбұрыштарды есептеу журналдары; триангуляция теңдеуінің және соңғы координаталарын есептеу журналдары; полигонометриялық жүріс қабырғаларының ұзындығын есептеу журналдары; полигонометриялық жүрісті теңдеу мен пункттердің координаталарын есептеу журналдары; нивелирлік жүрісті теңдеу мен маркшейдерлік тірек торының пункттері және реперлерінің биіктіктерін есептеу журналдары; түсіріс торының (теодолиттік жүріс, геодезиялық есептер және т.б) пункттерінің биіктіктерін және координаталарын есептеу журналдары; қорлардағы пайдалы қазбалар үйінділерінің көлемін есептеу журналдары және өңделген кеңістіктің көлемін есептеу журналдары; маркшейдерлік торының пункттерінің координаталары мен биіктіктерінің, түрлі нивелирлеу кластарының таңбалары мне репер биіктіктерінің каталогтары; түсіріс торының пункттерінің, осьтік пункттерінің және саға центрінің шахталық ұңғыларының, шурфтарының және ұңғымаларының координаталрры мен биіктіктерінің каталогтары жатады.
Сонымен бірге, ресми кітаптарға келесілер жатады:
өндіріс қорларының (аршуға ашылған, дайындалған және дайын) қозғалысы мен жағдайының есепке алынуы; пайданың, шығынның және разубоживания есепке алынуы; бұрғылау жару жұмыстарының есепке алынуы; Госгортехнадзор бұйрықтарының маркшейдерлік бақылауы.
Есептеу жұмыстары ЭВМ бойынша жүргізілген кезде, есептеу журналдары папка-скоросшивательдермен алмастырылады, онда плоттерде басып шығарылған таблица түрінде шығарылған есептеулер қорытындыларының деректерімен бірге түсіріс әдісі бойынша толықтырылған бланктері тігіледі.
Есептеу қорытындылары анализ дәлдігімен және «Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша техникалық нұсқау» бекіткен салыстырулар мен жіберулермен тексеріледі.
«Тау кәсіпорындарының маркшейдерлік қызметі туралы жағдайы» және «маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша техникалық нұсқау» бойынша әрбір тау өндіріс кәсіпорны тау кен жұмыстарының жағдайын, пайдалы қаазбалардың кен орнының шоғырлану шарттарын және оның сапалық сипаттамасын, кен орнының жер үсті мен оған жататын территорияның жер бедері мен ситуациясын толық көрсететін графикалық құжаттар мен қажетті маркшейдерлік пландар кешенін қамту және оны жүйелі толықтыру керек.
Өндірістік-заңнамалық сипатына байланысты маркшейдерлік пландар мен графиктер негізгі және арнайы деп бөлінеді.