Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 12:50, дипломная работа
«Ашық таулы өңдеулердегі маркшейдерлiк iс» пәні «050707-Тау iсі» мамандықтары үшiн iргелi ғылымдардың бiрi болып табылады, мамандықтың кәсiби пән циклінің жоғары оқу орындарының компонентi болып табылады. Пән мамандарды әзiрлеуде маңызды рөлдi және мәнді алады.
Дәрістердің қысқаша мазмұны.
5
1.1
Дәріс. Ашық тау-кен жұмыстарының дамуының тарихы. Ашық тау-кен жұмыстарының терминологиясы және маркшейдерлік қызмет шешетін мәселелер.
5
1.2
Дәріс. Ашық өңдеулердегі маркшейдерлік тірек торы.
8
1.3
Дәріс. Геодезиялық түсіріс торын құру әдістері, тор пункттерінің орын орналасуының дәлдігін анықтау.
12
1.4
Дәріс. Түсіріс торларының пункттерінің биіктігін анықтау және маркшейдерлік торларының пункттерін орнату тәсілдері.
22
1.5
Дәріс. Карьерлердің толық маркшейдерлік түсірісі.
27
1.6
Дәріс. Ашық таулы жұмыстардағы маркшейдерлік құжаттама.
31
1.7
Дәріс. Тау массасы мен пайдалы қазбалардың көлемін және ауданын анықтау тәсілдері.
36
1.8
Дәріс. Карьерлердің құрылысындағы және қайта құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
41
1.9
Дәріс. Шығатын және ойылған траншеяларды құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
46
1.10
Дәріс. Автокөлік және темір жолдарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
51
1.11
Дәріс. Бұрғылап жару жұмыстарын жүргізгендегі маркшейдерлік жұмыстар.
56
1.12
Дәріс. Кен үйінділерін құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
61
1.13
Дәріс. Пайдалы қазбалар мен аршу көлемін есепке алу түрлері.
64
1.14
Дәріс. Төгілген кен орындарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстарының ерекшеліктері.
67
1.15
Дәріс. Карьерлерді рекультивациялаудағы маркшейдерлік қамтамасыз ету, ашық өңдеулерде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі.
72
Әдебиет тізімі.
75
Вертикаль кескін схемасы
Вертикаль параллель кескін тәсілімен көлемді анықтау: а – карьердегі созылған блокта; б – үйіндіде.
Блоктың, экскаваторлық кірудің немесе дайын өнім қорының жалпы көлемі болады
.
Параллель вертикаль кескіндерде және олардың арасындағы тең қашықтарда формула мына түрінде болады
Егер блоктардың вертикаль кескін аудандары ЭВМде Н, у немесе .г, у шартты координаталар бойынша аналитикалық тәсілмен анықталса, онда оның бағдарламасына бір уақытта блоктардың көлемін анықтау формулалары енгізіледі.
Көлем палетка тәсілін өндіріс алаңдарын жоспарлауда, массалық жарылыстарда, кендермен және жыныс үйінділермен және т.б басылған аудандарды рекультивациялау кезінде өсімдік жамылғысы мен топырақ асты қабатын алу мен бетін жабу кезінде, яғни жұмыс алдында және жұмыстан кейін жүргізілген тахеометрлік, мензулалық және стереофотограмметриялық түсіріс алынған және жабылған қабаттың изоқуаттылығының (изосеанстың) планын құруға мүмкіндік береді.
Жалпы көлем формула бойынша есептелінеді
Дұрыс геометриялық фигуралар тәсілін қозғалыс құрамының, бункерлерінің, дайын өнім қорларының немесе жыныс үйінділерінің сыйымдылығын анықтау кезінде, және де геометриялық дұрыс дене түрінде көрсететін жеке экскаваторлық кірулердің немесе қосулардың көлемінің жуық анықталуы кезінде қолданады. Осындай фигуралардың немесе денелердің сызықтық элементтерін өлшеу немесе түсіріс және графикалық құрулар нәтижесі бойынша, ал көлемді – стереометрия формулалары бойынша анықтайды.
Көлемді анықтау тәсілін таңдағанда анықталатын блоктардың және фигуралардың конфигурациясының таңдаған тәсіліне сәйкестігін, түсірістің толықтығын және дәлдігін, сурет масштабын, ауданды анықтау тәсілін және есептеу жұмыстарының техникасын ескерту қажет.
Карьердегі экскаваторлық кірулердің немесе жеке блоктардың көлемінің анықталу қателіктері, дөрекі қателіктерін қоспағанда, түсіріс кезінде, планға түсіріс нәтижелерін графикалық түсіргенде және жоспардағы белгілі бір тәсілмен аудандарды анықтағанда пайда болатын қателіктерден шығады.
Маркшейдерлік түсіріс нәтижесіндегі анықталған блок көлемінің орташа квадраттық қателігін жалпы түрде мына формула бойынша көрсетуге болады
мұндағы S – блоктың горизонталь кескінінің (төменгі немесе жоғарғы) орташа ауданы; т ауданының орташа квадраттық қателігі, планға түсірістің техникалық қателігінің нәтижелік түсірісті графикалық түсіргенде суммалық әсерінкөрсетеді және план немесе кескін бойынша ауданды планиметрмен анықтау
Егер блоктың көлемін анықтау кезінде орташа мән алынса, есептеу нәтижелеріне қателіктің әсері түсірісте жіберілген техникалық қателіктерден және де аналогиялық (өзгеріс) қателіктерінен тұрады.
Аналгиялық қателігін
формула бойынша анықтауға
мұндағы
стандарт —
орташа мәнінен кездейсоқ
орташа квадраттық ауытқуы;
Түсірістің мөлшерлік әсерінен және тек пикеттік нүктелерін планға түсіруінен контурдың ауданының қателігінің мөлшерін көрсетуге болады, егер тахеометрлік түсіріс тірек пункттен жүргізілсе, ал ординаталық түсіріс – эксплуатациялық тор пункттерінен.
(мұндағы — нүктесінің тең контурға әсерінің шекара ұзындығы (осы учаскелер суммасы анықталатын ауданның контур периметрін құрайды).
Жалпы жағдайда бүкіл фигураның ауданының қателігі
мұндағы — станцияларға сәйкес пикеттік нүктелерінің орналасуының орташа квадраттық қателіктері, және де түсіріс пункттері сәйкес станцияларға және тірек пункттеріне сәйкес станцияларға; — пункттер мен нүктелердің әсерінің шекара ұзындығы; — пикет нүктелерінің, станциялардың және түсіріс пункттерінің саны.
Вертикаль кескін тәсілімен есептелген
блок көлемінің қателігін анықтау
кезінде түсіріс қателігінің
және түсіріс нәтижелерін планға
графикалық түсірістің суммалық әсеріне
тәуелді болатын блоктың
мұндағы және — блоктың горизонталь кескінінің орташа суммалық аудан қателігі мен оның ауданы, м2; және — номерімен вертикаль кескін ауданын анықтаудың орташа қателігі мен оның ауданы, м2; және — түсіріс деректері бойынша анықталған номерімен блоктың вертикаль кескінінің ойық биіктігінің орташа қателігі және оның биіктігі, м; — блокктағы вертикаль кескіндерінің саны.
1. Қажетті әдебиет
1.стр.88-92[2]
2.стр.94-106[2]
3.стр.108-124[2]
4.стр.125-135[2]
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (тақырып 7 ) [1, 2, 7]
Дәріс 1.8. «Карьерлердің құрылысындағы және қайта құрудағы маркшейдерлік жұмыстар».
Дәріс жоспары:
1. Іздестірудегі маркшейдерлік жұмыстар;
2. Жобалаудағы маркшейдерлік жұмыстар;
3. Құрылыстағы маркшейдерлік жұмыстар;
4. Тау отводын құру
Построение горного отвода.
Тау өнеркәсібінің – карьердің құрылысы үш негізгі жұмыстарды қамтиды: іздестіру, жобалау және құрылыс. Карьерді жобалауу екі кезеңнен тұрады: техникалық жоба мен жұмыс сызбалары.
Әрбір жобалау кезеңдеріне белгілі бір жұмыс құрамымен, әрекетпен және оны орындау дәлдігімен ерекшеленетін іздестіру кезеңдері сәйкес болады.
Топографиялық-геодезиялық іздестірулер құрылыс алаңында пландық және биктіктік тордың құрылуын, территорияның ірімасштабты топографиялық түсірісін, сызықтық құрылыстарының трассалауын, геологиялық өңдеулерінің координаталарының анықталуын, гидрогеологиялық створларын және геофизикалық барлау нүктелерін қамтиды. Топографиялық-геодезиялық іздестірулер тау объектілерін жобалау үшін және басқа іздестіру түрлерін жүргізу үшін негіз ретінде қызмет етеді.
Таутехникалық құрылыстарды және карьерлерді инженерлік – геодезиялық жобалауға кіреді: ірімасштабтағы план түрінде құрылыс ауданның, бөлу мен кескіннің топографиялық негізін құру; кен орнының басты планы; геометриялық элементтерді жергілікті жерге көшіру; горизонталь және вертикаль жоспарлаудың, жоспарланатын тау кен жұмыстарының ауданының және көлемінің есебін анықтау.
Тау өнеркәсіптерін құру
кезіндегі негізгі
дайындалу процестері, жобаны оқу мен тірек және түсіріс торын құру;
разбивканы, түрлі түсірістерді және бағыттың есебін орындай отырып жоба элементтерін жергілікті жерге көшіру;
жобаға орындалған объектілердің геометриялық элементтерінің сәйкестігін бақылау үшін өлшеулерді жүргізу;
тау техникалық объектілерді және карьерлерді эксплуатацияға жібергенде қажетті графикалық құжаттаманы құру.
Карьерді құру үшін негізгі құжат болып бекітілген жоба табылады. Жоба маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды жүргізу үшін барлық қажетті деректерді қамтитын бас планнан, сызбалар кешенінен және есептеулік – түсіндірмелік хаттан тұрады. Жобаға қор есепттеумен геологиялық есеп беруді және құрылыс учаскесінде жүргізілген топогеодезиялық жұмыстардың есеп берулерін қосады. Құрылыс кезінде маркшейдер құрылыс жобаны, әсіресе оның графикалық бөлімін; топографиялық-геодезиялық материалдарын толық қарастырады; жергілікті жердегі геодезиялыө негізінің реперлерін және пункттерін орнластырады; тау отводының және кен алаңының шекараларын жергілікті жерде орналастырады; жер бетінде және карьерде өндіріс ғимараттар мен құрылыстардың геометриялық элементтерін бөледі; транспорт жолдарының трассалауын жүргізеді және бұрғылау жару жұмыстарын қарастырады; жер асты құрғату жұмыстары кезіндегі барлық маркшейдерлік жұмыстар кешенін жүргізеді; траншеяларға бағытты орнатады; эксплуатациялық және аршылған ойықтардың орналасуын анықтайды; жиектер жанында орналасқан ғимараттар астында целик құруын басқарады; пайдалы қазбалар мен алынған бос жыныстың оперативті есепке алуының жүйелік бақылауын жүргізеді; маркшейдерлік түсіріс негізінде пландар мен графиктер кешенін құрайды және жүйелі толықтырады.
Құрылыс жобаны көшіру алдында маркшейдер келесі дайындық жұмыстарды атқарады: жобаның маркшейдерллік-геодезиялық дайындалуын толық білу; ерте пландық және жергілікті жердегі биіктіктік геодезиялық негізін білу, қажет болғанда оларды тығыздау; разбивка тәсілдерін таңдау; ғимараттардың және құрылыстардың басты осінің геодезиялық тірек пункттерге қиыспаушылығының аналитикалық есептеррін шығару; жергілікті жерге құрылыстардың және трассалардың негізгі геометриялық элементтерін (бұрыш нүктелерін, осьтерін, өлшеуоерін, жобалық еңістерін) көшіру ддәлдігін есептеу, және де осы дәлдікті құрылыс нормаларының және жобалық құрылыстардың техникалық талаптарының шекті қателіктерімен салыстыру.
Разбивка жұмыстарын жүргізу үшін келесі деректер қажет: жеке нүктелердің координаталары, құрылыс пен ғимараттардың осьтік сызықтарының дирекциондық бұрыштары, нүктелердің биіктік белгілеррі; құрылыстардың басты нүктелерінің геодезиялық тірек пункттерге дейінгі қашықтықтар және бағыттар. Жобалық сызбаларда көптеген мәлімет сан түрінде көрсетілген, ал кейбіреулерде – графикалық түрінде.
Тау өнеркәсібінің құрылуын және кен орнының эксплуатациялауын тек ұйымдастырылған жер және тау отводы болғаннан кейін шешеді. Жер отводының ұйымдастырылуы алдында карьердің басты планын қамтитын кен орнын өңдеу жобасы құрылады.
Карьердің бас план деп жер бетінің, тау өңдеулерінің, өндіріс ғимарраттарының, құрылыстарының, өңдеу ауданындағы транспорттық және энергетикалық торлардың және тұрғылыұты массив объектілерінің масштабты графикалық кескінін айтады. Ол 1:5000-1:25000 масштабта сызылады. Бас план құрамына ауданның, құрылыс алаңның, құрылыстың кешені мен ретінің сипаттамасы болатын түсіндірмелік хаты кіреді; жер жұмыстарының көлемі орындалады; қазіргі, қайта қалпына келтірілген, құрылатын және бұзылатын объектілерінің құрамы мен орналасуы; құрылыстар мен ғимараттардың топографиялық негіздеріне геодезиялық қиыспаушылықтары. Басты сызбаларды құрғанда бас план толықтырылады. Бас планның негізгі объектілері карьерлер; шахталар стволдары, бос жыныстардың және аз кендердің үйінділері; кен фабрикалары, қорлар мен бункерлер; кен фабрикалар, темір жол станциялары, жөндеу цехтары мен қорлар, жарылыс материалдардың базистік және шығын қорлары, елді поселкелер немесе қалалар және т.б болып табылады.
Тау отводы болып құрамында пайдалы қазбаларды қамтитын өндіріс жұмыстары үшін ұйымдарға және өнеркәсіптерге ұсынылатын жер қоймаларының бөлігі табылады. Тау отводтарының ұсынылуын мен ұйымдастырылуын Госгортехнадзор жер қоймалары бойынша бақылау органдары, пайдалы қазбаның өңдеуін жүргізуге ұмтылған ұйым жобасы бойынша, жүзеге асырады.
Тау отводы жобасы келесі материалдарды қамту керек.
а) тау отводының сипаттамасы берілген түсіндірмелік хат, кен орынның геологиялық сипаттамасы және жер беті құрылысының деректері;
б) сұранған отвод пен көршілес тау отводтарының топографиялық планы;
в) тау отводтарының шекарасы бар кен және геологиялық карта;
г) ГКЗ протоколынан хаттама және тау отводын алу қажеттілігі туралы жоғары тұрған ұйымының справкасы.
Тау отводының ұйымдастырылуы құрылыс басталуының алдында және тау өнеркәсібінің қалпына келтіруінің техникалық жобалық құжаттаманы бекіткеннен кейінгі айлық уақытында орындалуы керек.
Тау өнеркәсіптерін құру
кезіндегі негізгі