Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:10, доклад

Описание

Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.

Работа состоит из  1 файл

айкоша.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

1. САҚТАРДЫҢ ҚАҺАРМАНДЫҚ  ДАСТАНДАРЫ

Сақтар - көшпенділер

Ежелгі түркілердің  арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі  Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан  жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта  мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.

Адамзат тарихында алғаш  жазылған қадым заман кітаптарының бірі «Авестада» сақтар мен олардың мекенін «Түр» деп атаған. Фирдоусидің әлемге әйгілі эпопеясы «Шахнамада» сақтар елін «Туран» деп көрсетеді. Ал қытайлар сақтардың отанын «Тукиу» дейтін болған.

Көшпелі сақтар Евксин (Қаратеңіз) мен Азов теңізі аралығында жатқан ұлан-ғайыр өлкені де бұдан үш мың жылдай бұрын мекен еткен екен. Бұл туралы көне грек тарихшысы Геродот жазып қалдырған мол деректер бар.

Біздің заманымыздан бұрынғы IX—III ғасырлар аралығында сақтардың  этникалық құрамын қалыптастырған көптеген тайпалар болғаны көне тарихтан жақсы мәлім. Олар: кемерлер, массагеттер, асылар, дахтар, т. б, тайпалар.

Сақтардың Еуропаға қоныс  аударған алғашқы легін тарихта  «кемерлер» немесе «кемерліктер» деп  атап кеткен. Өйткені олар біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырларда-ақ Қара теңіз жағалауын, яғни теңіз «кемерін» өздеріне мекен еткен. Еуропаға алғаш көшіп барған сақтардың осы тобы Қара теңіз бен Азов теңізі аралығында көшіп-қонып жүріп, мал бағумен айналысқан көшпенділер болған.

Геродоттың жазуы бойынша, Арал теңізі мен Каспий теңізі жағалауын мекендеген сақ тайпаларын «массагеттер» деп атаған. Массагеттер соғыс өнерін жетік меңгерген ежелгі тайпалардың бірі саналады. Олардың жеткілікті дәрежеде атты және жаяу әскері болған. Массагеттер қару-жарақтары мен әшекей бұйымдарын мыс пен алтыннан жасайтын болған.

Қазіргі Қазақстан жерін  сол көне дәуірлерде мекен еткен  сақтар тайпасын «асылар» деп атайды. Асылар негізінен Асы өзенінің аңғарынан  бастап, Талас, Шу, Іле өзендері аңғарларында мал бағып, егін еккен. Бұл тайпаның негізгі мекені Жетісу өлкесі болған. Асылардың өзіндік жоғары мәдениеті болғанын археологиялық қазба кезінде табылған түрлі бұйымдар дәлелдеп отыр. Олар кезінде металл өндеуді жақсы меңгерген. Қоладан, күмістен, алтыннан қару-жарақ, зергерлік бұйымдарын, түрлі еңбек құралдарын жасаған. Металдан түрлі тұрмыстық және әшекей бұйымдар жасау өнері бойынша массагеттер сол ежелгі дәуірдің өзінде-ақ мәшһүр болған.

Байырғы әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі жағынан қазақ  қауымына ең жақын тұрған сақ тайпаларының бірі - дахтар. Олар басқа тайпалар ішінде өздерінің жауынгерлік дәстүрімен, соғыс өнерін жетік білетіндігімен ерекшеленген. Дахтар бейбіт өмірде жылқы, түйе, қой бағып, егін салған, диханшылықтың түрлі салаларымен айналысқан. Басқа да сақ тайпалары сияқты дахтар да Күнге, Айға, Отқа тағзым еткен. Ата-баба рухына, яғни аруаққа сыйынған.                                                              

Дахтар Арал теңізі мен  Сырдария жағалауларында, Каспий теңізі мен Әмудария аралығындағы ұлан-байтақ өлкеде көшіп-қонып жүрген көшпенділер еді.

Бір қызығы – Қара теңіз  жағалауында, яғни теңіз кемерінде  тұрған сақтарды кезінде «кемерліктер» (орысша «Киммерийцы») дейтінін біз  жоғарыда айттық. Ежелгі Эллада елінің ұлы ақыны Гомер өзінің «Одиссея»  деп аталатын эпопеясында осы кемерліктер, яғни теңіз жағалауында тұратын сақтар туралы зор шабытпен жырлайды:

Біз ақыры терең мұхитқа  жеттік, Қалың тұмандар арасынан өттік. Жағалауда кемерліктер тұрады екен, Күн шұғылалы Гелиосқа қарай кеттік. (Гомер. Одиссея. Пжыр, 14-19)

Гомер өзінің «Илиада» атты кітабында да (XII жыр, 1-7) кемерліктер  туралы едәуір мәлімет береді. Кемерліктердің бекіністері, өткелдері, көшіп-қонып  жүрген жайлаулары туралы Геродот та жазғаны мәлім (115, 190-191).

Қадым заман ғұламалары, саяхатшылары, ақындары сақтар туралы өте қызықты деректер жазып қалдырған. Мәселен, ежелгі грек саяхатшысы Страбон өзінің Еуропа мен Азияда көргендерін «География» деп аталатын он жеті томдық кітабында хикая етеді. Сол еңбектің жетінші кітабында сақтар туралы айта келіп, «Олар мал шаруашылығымен айналысады, жейтін тағамдары: ет, сүт, ірімшік, көбінесе ірімшік жеп, қымыз ішеді. Сақтар қор (запас) жасауды білмейді, сауда-саттықты да білмейді. Тек тауарды тауарға айырбастап қана тіршілік етеді. Бұлар нағыз ержүрек, батыр әрі мейлінше әділжандар. Киіз-палаткаларда тұрады. Шөбі шүйгін жайлауларды алма-кезек ауыстырып, қыста таулы жерлерде, жазда жазықтағы жайлауларда көшіп-қонып жүреді», - деп жазды (129, 44-47).

Ежелгі дәуірде өмір сүрген атақты грек ақыны Эсхил өз поэмаларының бірінде «ірімшік жеп, қымыз ішетін, әділдікте алдына жан салмайтын ержүрек кемерліктерді» көкке көтере мадақтайды (129, 45).

Тағы бір көне заман  ғұламасы Эфор өзінің «Тарих» деп  аталатын көп томдық еңбегінде сақтар туралы айта келіп, олардың өте-мөте жаны таза, адал, ешкімге қиянаты жоқ, өздерінің байырғы әдет-ғұрпын қатал ұстап, ұдайы көшіп-қонып жүретін жауынгер халық екенін ескертеді. Сондай-ақ сақтардың байлыққа, дүние-мүлікке онша қызықпайтынын, қарапайым өмір сүретінін айтады. Ашкөз, сараң, дүние-мүлікке ешқашан көзі тоймайтындар сол қарапайым сақтардан үлгі-өнеге алуы керек деген тұжырым жасайды (129, 45-46).

Аңызға айналған тарихи тұлғалар. Геродоттың жазуы бойынша, тарихта     есімі сақталған тұңғыш түрік патшасы біздің заманымыздан 1500 жыл бұрын өмір сүрген Тарғытай екен. Тарғытайдың үш ұл баласы болыпты. Олар: Липоксаис, Арпоксаис, Колаксаис деген жігіттер екен. Осы үш адамнан сақтардың үш ұлыс халқы тарапты.

Иә, Геродот өзінің «Тарих»  атты еңбегінде сақтардың ата-тегі туралы бір қызықты аңыз-әңгімені жазып қалдырыпты. Бұл аңыз бойынша, бір күні Гераклдың жорыққа мінетін тұлпары жоғалып кетіпті. Геракл сәйгүлігін іздеп, талай елдерді аралапты. Ақыры ол Гилей деген ғажайып елге келіпті. Сонда бір үңгірдің ішінде денесінің жартысы жылан, жартысы адам болып жаралған бір қыз отыр екен. Сол қыз Гераклды көрген бойда-ақ тілге келіпті:

- Іздеп жүрген атың  менде. Бірақ менімен бір түн  төсекте жатпасаң тұлпарыңды  бермеймін, - депті. Геракл қыздың шартына көніпті. Таңертең қыз Гераклге қарап:

- Сенен үш ұл туамын. Оларды не істейін? Сенің еліңе жіберейін бе? Әлде осында, өз жұртымда қалдырайын ба?- деп сұрапты.

Сонда Геракл:

- Мен саған мына  бір садағымды, қайыс белдігімді  және алтын табағымды қалдырып  кетем. Туған балаларың ержеткенде, оларға осы заттарды көрсет. Сен туған үш баланың қайсысы мына садақты мен сияқты барынша иіп тарта білсе, әрі менің белдігімді беліне дұрыс буып, алтын табағымды беліне ыңғайлап асына білсе, сол баланы осында қалдыр. Ол осы елдің патшасы болады. Ал бұл шартты орындай алмаған екеуін шетелге жібер, -депті.

Шынында да, әлгі қыз уақыт-сағаты жеткенде Гераклден үш ұл бала туыпты. Аттарын: Агафирс, Гелон, Скиф деп қойыпты. Олар ер жеткенде тек Скиф қана Гераклдың  садағын тартып, белдігі мен алтын  табақты дұрыс асына біліпті. Анасы екі ұлын шетелге жіберіп, Скифті өзі тұратын ғажайып елде қалдырыпты. Барлық скифтер (сақтар) Гераклдың ұрпағы екен (115, 189).

Ежелгі түркілер (арийлер, сақтар, ғұндар, көктүріктер) исламға дейінгі  дәуірлерде қос күшке - Көкке, Күнге (оны Тәңір деп те атаған) және Жер-Суға сыйынатын болғаны көне тарихтан жақсы мәлім. Сонымен бірге түркілер табынатын үшінші күш болған. Ол - үйдегі отбасын, бала-шағаны жаман рухтардан қорғайтын әйел тәңірісі – Ұмай ана. Мәселен, «Тоныкөк» жырында:

Тәңірі Ұмай, қасиетті Жер-Су Бізді қорғайды, ойлану керек, - деген жолдар бар.

Үйдегі бала-шағаны, жалпы отбасын  жаман рухтардан сақтап, үйге құт-береке келтіріп отыратын Анаға тағзым ету  дәстүрі «Көк түріктер» дәуірінде  ғана емес, тіпті одан мыңдаған жылдар бұрын да болғанын дәлелдейтін аңыз-әфсаналар көп.                          

Қытай елінде қазіргі  Үрімжі қаласының іргесіндёгі Боғда  тауының биік шоқылары арасында мөлдіреп жатқан ғажайып Боғда көлі бар. Қадым  замандарда осы Боғда көлінің  жағалауында аты аңызға айналған қасиетті Сақ-ана өмір сүріпті. Қытайдың бес мың жылдық жазба тарихында Сақ-ана туралы да қызықты деректер бар. «Қытайлар осы Сақ-ана туралы небір тартымды хикаялар, аңыздар таратып, Сақ-ананың суға жуынатын, аяғын жуатын жерлерін қолдан жасап та үлгерді...»

Біздің жыл санауымыздан бұрын бұл өңірді сақтар, үйсіндер мекендеген. Қытайлар «Шиуаңшу», яғни«Батыс патшаларының анасы» деп, біз «Сақ-ана» деп атап жүрген киелі ана осы  Боғда көлі бойында болған.

Ежелгі қытай жиһангезі  Мотиязы осы Сақ-анамен жүздесіп, «Сақ-ана» деген жыр қалдырған. Кей деректерде Сакиямони аталып жүрген киелі ана осы адам деген де сөз бар. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы оныншы ғасырдың естелігі ретінде жазбаға түскен бұл жырға берілген түсінікте Мотианды деген адам қазіргі Боғда көлі бойында жасайтын Сақ-анаға амандаса келген екен. Сақ-ана оны ыстық ықыласымен қарсы алып, үлкен құрмет көрсетіпті. Сонымен ол Сақ-анаға арнап екі жыр жазыпты. Біріншісі - «Ақша бұлт» деп аталған. Онда мынадай жыр жолдары бар:

Жер бетінен көрінер  тау сілемі, Ақша бұлттар кек жүзінде қалықтап. Аралықты талай таулар бөліп тұр, Білсек егер алыс-ақ жол нарықтап.

Сізге мәңгі ұзақ ғұмыр  тілеймін,

Қайта айналсам абзал  еді-ау шарықтап...

Бұл, бәлкім, Мотиандының  Сақ-анаға көрсеткен ақ тілегі, арнауы болса керек:

Батыстамын мен, Орнықтым осы араға. Бықыған аң мен құс Тұр әне босағада. Тәңірдің қаншайымымын, Жаратқан жар болар. Жылжыман бұл топырақтан, Емес мен қар болар. Тартылды сырнай, Көңілге шаттық құйып. Үмітім көкке өрледі, Патшам перзент сүйіп». (87, 155)

Міне, кезінде аты аңызға айналған Сақ-ананың мекені - Боғда көлі мен Боғда тауы тұрған жер бертін келе Батыс Түрік қағанаты мен Шығыс Түрік қағанатының аралық шекарасы болған екен. Сол үшін бұл жерді сол ежелгі дәуірлерден бері «Ара Түрік» деп атаған. Қазір де осы жер «Ара Түрік» деп аталады.

Иә, сан ғасырлық сақтар тарихында ақиқат пен аңыз осылайша ұштасып, үйлесіп, бірін-бірі толықтырып жатады.

Исламға дейінгі зороастризм  діні бойынша, бүкіл жанды және жансыз табиғаттың иесі - Күн болып табылады. Жер бетіндегі тіршілік атаулы аспандағы мәңгілік Күнге тәуелді. Сол себепті ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар таңертең Күн көкжиектен көтеріліп, шығып келе жатқанда және кешкісін батып бара жатқанда оған сыйынып, құлшылық ететін болған. Күн-Тәңірінің құрметіне жылқы малынан құрбандық шалып отырған. Мұндай әдет-ғүрыптар-дың бәрі зороастризм дінінің негізгі кітабы - «Авестада» айтылған.

Күнді мақтап-мадақтауға арналған мұндай өлеңде Күн шыққан сәтте әлемдегінің бәрі - жер де, су да, тау мен тас та киелі  болып кететіні, шынайы шындық пен асыл ақиқат салтанат құратыны айтылады. Ал егер Күн көрінбей қалса-ақ, жер бетін жын-шайтандар қаптап кететіні, жақсылық атаулының жарығы өшетіні баяндалады. 

 

Күнге мадақ

Біз тұлпарлары қанатты, Мәңгілік жарыққа - Күнге сыйынамыз. Күн жарық шашқанда, Күн жылу шашқанда, Жүз мындағандар Құдіретті сезінеді.

Содан соң Мазданың

Сыйлаған жерінде

Жарық нұр салтанаты  үшін,

Ақиқат салтанаты үшін,

Бақытын табады әркім,

Бақытын сыйлайды әркім.

Күн шықк.анда,

Мазда сыйлаған

Жер де киелі күйде,

Су да киелі күйде,

Барлық ағын сулар  да,

Барлық бастаулар да,

Тұйық тоспа сулар  да,

Теңіздердің суы да,

Әулиенің рухының

Барлық жаратқандары киелі.

Егер күн шықпаса,

Жер бетіндегінің бәрін

Жын атаулылар жояр еді.

Онда мынау дүниеде

Құдірет иелері, сірә,                    т

Болмай-ақта қояр еді. (35, 14) (

Сақтардың ерлік тарихын, салт-санасын, дүниетанымын, т. б. өмір көріністерін бейнелейтін дастандардың көп болғаны ежелгі ғұламалардың жазбаларынан жақсы мәлім. Алайда олардың  көбі сақталмаған. Ал кейбір дастандардың қысқаша мазмұны ғана жеткен. Мұндай дастандар көбінесе дерлік елді сыртқы жаулардан, басқыншылардан қорғау идеясына құрылатын болған.

Түмао - Сақтардың киелі жерін парсы әскерінің шапқыншылық әрекетінен сақтап қалу тақырыбын жыр еткен шығармалардың бірі - «Томирис» дастаны. Бұл дастанның сюжеті бізге Геродоттың «Тарих» атты көп томдық кітабы арқылы жеткен. Көне грек тілінің нормасы бойынша, Геродот сақтардың «Тұмар» деген сөзін «Томирис» деп жазған. Оның үстіне, Геродот дастанды эпос деп алған. «Томирис» - тарихи-қаһармандық дастан. Дастанның сюжеті тарихта болған шынайы оқиғаларға негізделген. Геродоттың жазуы бойынша, парсы елінің патшасы Кир б. з. б. 539 жылы Вавилонды жаулап алған соң, бірден сақтар еліне жорыққа аттанады.

Дастанның басты қаһарманы - Тұмар (Томирис). Ол сақтар елінің мәликасы, патшасы. Тұмар өз елін ішкі және сыртқы жаулардан қорғау үшін жан аямай күресетін ержүрек әмірші. Соғыс өнерін жетік меңгерген қолбасшы. Өз халқының қамқоршы көсемі. Сондай-ақ мейірбанды ана.

Сақтар еліне шабуыл жасау үшін Кир патша Аракс (Әмудария) өзеніне көпір салдыра бастайды. Мұны естіген Томирис соғысты болдырмау үшін Кирге хат жолдайды: «Кир! Сен соғыс ашпай тынбайтын сияқтысың. Мақсатың сақтар елін тонау екен. Онда былай келісейік. Сен көпір салып әуреленбей-ақ қой. Адам қанын төкпейік. Сол үшін біз өз мекен-жайымызды тастап, үш күндік жүретін жолы бар жерге көшіп кетейік. Дариядан жайбарақат өтіп, алғың келген дүние-мүліктің бәрін ал. Бірақ үш күннен кейін өз еліңе қайтып кет».

Информация о работе Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы