Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:10, доклад

Описание

Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.

Работа состоит из  1 файл

айкоша.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

Алайда Кир соғысты болдырмау жөніндегі Томиристің ұсынысын қабылдамайды. Аракс өзеніне көпір салу жұмысын қызу түрде жүргізе береді.

Алғашында Кир сақтар елін айлакерлікпен, қулық-сүмдықпен  өзіне бағындырып алғысы келеді. Зұлым  патша Томириске құда түспек болып, елшілерін жібереді. АлайдаТомирис айлакер Кирдің арам ойын бірден түсінеді. Өйткені Кирдің мақсаты үйлену емес, Томириске үйленуді сылтауратып ұлан-ғайыр сақтар елін өзіне бағындырып алу еді.

Томирис мұндай ұсыныстан  үзілді-кесілді бас тартады. Кир  дереу әскери кеңес шақырады. Кеңеске сақтардан жеңіліп қалған патша Лидии және шексіз байлығымен аты аңызға айналған Крез де келеді. Сонда Крез қасында отырған Кирге мынадай кеңес береді:

- Сақтарды ашық соғыста  жеңіп шығу қиын, оларды айлакерлікпен  алу керек. Ол үшін сақтарға қарсы шағын ғана әскер шығару қажет. Сол шағын әскери топтың өзін сырқат, соғыста жараланған, әбден әлсіреп-қалжыраған нөкерлерден қүру керек. Бір биік төбенің бойына көл-көсір дастарқан жасап, түрлі тағамдарды үйіп тастайық. Әсіресе шарап көп болсын. Сақтар әлгі әлсіз әскери тобымызды жеңгеңдеріне мәз-мейрам болып жатқанда, біз шабуылға шығуымыз керек. Сонда жеңіс біздікі болады.

Кир патша Крездің  айтқанын істейді. Шынындада, парсылардың  ауру-сырқат нөкерлерден жасақталған  шағын әскери тобын сақтар тас-талқан етіп, жеңіл жеңіске масайраған сақ сарбаздары олжа болған шараптарды ішіп, бәрі мас болады. Сол сәтті андып отырған парсы әскері жалма-жан шабуылға шығып, жеңісті алаңсыз тойлап жатқан сақтардың бір топ әскерін қырып салады. Сақтар әскерінің қолбасшысы, Томиристің жалғыз ұлы Спаргаписті парсылар тұтқындап алады. Мастығы тарап, есін жиған Спаргапис өзіне-өзі қанжар салып өледі.

Бұл қайғылы хабарды  естіген Томирис дереу Кирге  мынадай қаһарлы хат жазып  жібереді: «Ей, қанқұмар Кир! Сен еркекке  лайық-ты емес, жиіркенішті ісіңмен мақтанбай-ақ қой! Сен менің ұлымды бетпе-бет шайқаста жеңген жоқсың. Оны айлакерлікпен, шарап ішкізіп қолға түсірдің. Енді менің айтқанымды істе. Ұлымды өзіме тапсыр да, аман-есеніңде келген жағыңа қайтып кет. Есің барда еліңді тап. Егер сен менің осы айтқанымды істемесең, онда мен сақтар құдайы - Күн атымен ант етемін: Мен сен секілді аш көзді қанға бөктіріп, өзінді қанмен суарамын».

Бірақ Кир патша Томиристің бұл ұсынысын да қабылдамайды. Сак,тар  мен парсылар арасындағы соғыс басталып кетеді. Дастанда осы аласапыран соғыстың жанды картинасы берілген. «Бұл шайқас - мен білетін шайқастардың ішіндегі ең қатыгезі, ең аяусызы, ең адам көп құрбан болғаны еді», - деп жазады Геродот.

Бұл екі жақ үшін де өліспей беріспейтін соғыс еді. Қанды шайқас ұзаққа созылды. Екі жақтағы өліктер де тау-тау боп үйіліп жатты. Ақыры сақтар жеңіске жетті. Парсылардың барлық әскері соғыс құрбаны болды. Тіпті Кирдің өзі де оққа ұшты. Сақтар бірде-бір нөкерді тұтқынға алған жоқ. Бәрін тегіс қырып салды.

Сақтар әскері жеңіске  жеткен бойда-ақ Томирис Кирдің басын  кесіп алып, іші адам қанына толтырылған  меске салып жатып:

- «Ей, қанқұмар! Өмір  бойы қанға тоймай, адам қанын  суша шашып келіп едің. Бұл  жарық дүниеде сен ашкөз қанға  тоймадың ғой. Ал енді о дүниеде қанға тоятын боласың. Сені қанға тойдырам деп уәде берген едім. Міне, сол уәдемді орындадым», - деді (129, 79).

Шетел басқыншыларына қарсы  күреске шақыратын «Томирис»  дастаны осылайша аяқталады.

Иә, Кир әскері сақтар елінде тұңғыш рет жеңіліп, түгелдей дерлік қырылып қалды. Әйтседе бұл жеңіліс парсы жұртының Кирден кейінгі патшаларына сабақ болмады. Жығылған күреске тоймайды ғой. Сақтардың елін бағындыру жорығына енді Дарий I (б. з. б. 521-485) аттанды.

Шырақ            Парсы елінің патшасы Дарий I 700 мың нөкері бар батыо       калың қолмен сақтар еліне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ол кезде мұншалықты көп әскерді көз көріп, құлақ естімеген екен.

Міне, «Шырақ» дастанында сақтардың Дарий әскеріне қарсы  қаһармандық күресі аңызға айналған тарихи деректер негізінде жырланған. Алайда дастанның өзі сақталмаған. Тек дастанның негізгі сюжеті ғана проза күйінде бізге жеткен. «Шырақ» дастанының сюжетін қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген грек тарихшысы Полиэн (б. з. б. И ғасыр) еді. Ол өзінің «Соғыс тактикасы» деп аталатын кітабында Шырақ батырдың ерлігін осы дастан бойынша жазып отырғанын айтады.

«Шырақ» дастанының сюжеті төмендегідей оқиғалардан басталады. Парсы елінің патшасы жер қайысқан қалың қолмен сақтар еліне жақындап келеді. Елдің қауіпсіздігіне қатер  төнеді. Сақ әміршілері Омарг, Саксфар, Оамирис жауға қарсы қалай күрес жүргізуді өзара талқылып жатыр ед і.

Дәл осы сәтте патша  сарайына көздері бейне бір шырақтай нұр шашып тұрған, қапсағай денелі жігіт ентігін баса алмай, жүгіріп  кіріп келді де:

- Ұлы мәртебелі тәңір құтым! Мені тыңдаңыз! Жау жақындап келеді. Мен жылқышымын. Бұл өңірдің ой-шұқырын өзімнің бессаусағымдай білем. Біз қазір шексіз құм даланың, үлкен сахараның бір шетінде тұрмыз. Рұқсат етсеңіз, жаудың қисапсыз қалың қолын мен алдап, сол шексіз сахараның ішіне қайтып шыға алмайтын құм даланың ортасына алып кетем, - деді.

- Алданғанын сезген  сәтте-ақ парсылар сені өлтіреді  ғой, - деді патша.

- Тірі жанға ертелі-кеш  бір өлімнің бары хақ, - деп  жылқышы жігіт өршелене түсті.  Бір адамның өмірі бүкіл сақтар елін аман алып қалса, ондай адамда арман бар ма, әміршім! Сіздерден жалғыз ғана өтінішім бар. Балаларым жетімдік көрмесін. Жоқшылықты білмесін. Басқа өтінішім жоқ еді, - деді жылқышы жігіт.

- Келістік, - деп патша  кесіп айтты. Балаларыңызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсіруге ант ішеміз. Ең жүйрік сәйгүлік аттар соларда болады. Ол жағынан қам жеме. Тек атыңды айт, батырым.

- Атым - Шырақ! - деп жауап  берді жылқышы жігіт. Ал енді  менің бүкіл денемді, бетімді  адам танымастай етіп, қанжармен тілгілеп тастандар. Құлағымды кесіңдер. Аямаңдар, әйтпесе парсылар менің айтқан сөзіме сенбейді, - деді.

Алайда батыр Шырақтың денесін тілгілеп тастауға ешкімнің қолы бармайды. Сол сәтте Шырақ  беліндегі қанжарын қынынан суырып алады да, өз денесін өзі қан-жоса етіп, аяусыз тілгілеп тастайды. Батырдың тұла бойынан, басынан қып-қызыл қан сорғалап ағып тұрады.

Енді бір сәт Шырақ  патшаға тағзым етеді де, көз ілеспейтін жылдамдықпен есік алдында байлаулы түрған сәйгүлікке қарғып мініп, жау  келе жатқан жаққа қарай құйындата жөнеледі. Жауға жақындай бергенде ол қара жолдың қақ ортасына шалқасынан жатып алып, құлындағы дауысымен жан ұшыра айғай салады:

-Ойбай-ай, мені құтқарындар!  Қараңдаршы, сақтар мені қалай  қорлағанын! Қарандар, өлтіре жаздады  ғой. Сақтарға кеткен қанды кегім бар! Қалайда кек қайтаруым керек! Мен бәрін білем. Парсы бауырларым! Менсіздерді сақтар әскерінің дәл үстінен түсірем. Сонда ғана менің кегім қайтады. Жаным жай табады, - деді Шырақ.

Парсылар Шырақтың сөзіне сенді. Тіпті жол көрсететін адам табылғанына қуанып, шуласып, дүрлігіп қалды. Сол сәтте Шырақ жауға айтар сөзін ұштай түсті.

- Құдықтардан су ішпеңдер! Сақтар улап кеткен. Олар жол  бойындағы шөптерді де, егістіктерді  де өртеп жіберген. Мен сендерді  ешкім білмейтін құпия соқпақпен  алып барам. Сақтар әскерінің дәл үстінен түсірем. Маған еріндер! - деді.

Жүз мыңдаған парсы нөкерлері  Шырақтың соңынан ерді. Құйындата  соққан қиыршық қызыл құмнан айнала-төңіректе  түк көрінбейді. Шілденің шыжып тұрған ыстығы. Су сұрап аңқасы кепкен нөкерлер. Шөлдеп, күнөтіп, ауырып өліп жатқан, көмусіз қалып жатқан парсы нөкерлерінің қисабы жоқ.

Міне, осылайша Шырақ  парсы әскерлерін жеті күн, жеті түн  бойы адастырып, шексіз құм басып  жатқан даланың түпсіз тұңғиығына енгізіп  жіберген еді. Қарша борап тұрған құм ішінде жеті күн, жеті түн бойы адасып, әскерінің тең жартысынан айрылған Дарий патша енді құйын-құмның мәңгілік тұтқыны болғанын сезді. Сезді де, қасында келе жатқан сақ жігітіне отты көзімен ызғарлана қарады. Парсының әскербасы Ранасбат қылышын жоғары көтерген күйінде Шыраққа төне түсті. Ал Шырақ аса қуанышты дауыспен барлық парсы әскеріне естірте айғай салды:

-Мен жеңдім! Біз жеңдікІ  Сақтар жеңді! Енді сендер мынау  шексіз жатқан құм ішінен ешқашан  шығып кете алмайсыңдар. Бәрің  жат жерде қырыласыңдар. Көмусіз қаласыңдар. Ал мен өз елімде, өз жерімде өлем! Отан үшін жан пида! Мақсатыма жеттім. Енді мені өлтіре беріңдер. Мен өлімнен қорықпаймын. Мен сендерден қорықпаймын!

Шырақтың жалынды сөздеріне  бұдан әрі шыдап тұра алмаған  Ранасбат қылышын сермеп қалды. Шырақ туған жердің топырағын кұшақтай құлады.

«Бұл - аңыз емес, тарихи шындық», - деп жазады Полиэн.

Иә, сақтардың ерлікке  толы шежіресін жыр еткен қаһармандық  дастандардың өмірге келуіне осындай  тарихи-әлеуметтік негіздер бар еді. Солардың ішінде үш мың жыл бойы ұмытылмай, бүгінгі күнге қысқа-қысқа үзінді күйінде жеткендері «Алып Ер Тоңға» және «Шу» батыр дастандары деуге болады.

«Алып Ер Тоңға» дастаны «Алып Ер Тоңға» - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін, көне түркі ауыз әдебиетінің дәстүрлі талаптарына сәйкес өмірге келген қаһармандық жыр.

Бүгінгі күнге дейін «Алып Ер Тоңға» дастанының жалпы сюжеті мен  жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып келген жыр жолдарының өзінен-ақ бүл  дастанның сюжеттік желісін, басты идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес. Дастанның басты қаһарманы - Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға, Тұран елінің билеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Дастанда оны елдің көреген көсемі ретінде де бейнелейді.

Тұран әскері қолбасшысының атына  қосылып айтылатын «алып» сөзі сол заманда «күшті», «батыр», «қаһарман», «ержүрек» деген мағынаны білдірген. «Алып» - сақтар мен ғүндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың, қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім. Түрік қағанаты түсында бұл сөз әскери титул мағынасында да қолданылған. Ежелгі түркі халықтары өз батырларының атына «алып» сөзін қосып айтатын болған.

«Оғыз-қаған» дастаны «Оғыз-қаған» дастаны - түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. Бұл дастан ауыз әдебиеті үлгісімен әуелде ауызша жасалып, бертін келе қағазғатүсірілген сияқты. Бір қызығы - дастанда алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, ғұндар дәуірінде, тіпті орта ғасырда орын алған сан қилы тарихи оқиғалар өзара үйлесіп, жалғасып жатады.

Алдымен «оғыз» сөзінің мән-мағынасын айқындап алайық. Бұл сөзді Еуропа және орыс ғалымдары «огуз» десе, араб-парсы тілдерінде - «ғузз», әзірбайжан тілінде - «оғуз», ал қазақша - «оғыз» деп жазып жүр. Көне түркі тілінде «оғуз»сөзі - уыз, уыздас, сүттес, емшектес, яғни бір анадан сүт ішкен деген мағынаны берген. Ежелгі ғұндардың кейінгі ұрпақтары, «оғуз» сөзін тайпалардың бірлестігі, одағы деген мағынада қолданған.

Оғыз қаған - ғүндардың көсемі Мөденің  әдеби бейнесі деуге болады. Сол  себепті Мөденің тарихи тұлғасы  туралы бірер сөз айта кетейік. Мөде – ғұндардың атақты билеушісі, патшасы, тәңір құты. Әкесі Тұман б. з. б. 206 жылы қайтыс болғаннан кейін патша тағына отырады. Мөденің билік жүргізген кезеңі ғұндар мемлекетінің алтын дәуірі саналады. Бұл кезде ғұндар Хань (Қытай) әскерін күйрете жеңіп, оларды «тыныштық және туыстық туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр етеді. Бұл шарт бойынша олар енді ғұндарға көп салық төлеуге мәжбүр болды. Мөде билік жүргізген кезде ғүндар қазіргі Кореядан сонау Тибетке дейін, одан әрі Шығыс Түркістаннан бастап, Алтай өңіріне дейінгі ұлан-ғайыр өлкені түгелдей өздеріне қаратып алған еді. Қытай өзінің «үлы қорғанын» осы Мөде әскерінен қорғану үшін салған болатын. Алайда «ұлы қорған» ғұндардың тегеурініне төтеп бере алмады.

Сонымен, Мөденің әдеби бейнесіне - Оғыз қағанға оралайық. Ол үшін «Оғыз-қаған» дастанына назар аударайық. Бұл  дастан Мөденің көптеген өлкелерге  жасаған жауынгерлік жорықтарынан елес береді.

Әрине, Оғыз қағанды белгілі бір  тарихи адам бейнесіне телу, яғни оның тарихтағы нақты прототипін іздеп  табу мүмкін емес. Оғыздың әдеби  бейнесі арқылы белгілі бір тарихи адамдардың реалдық іс-әрекеті көрінген болуы ықтимал. Өйткені «Оғыз-қаған» дастаны белгілі бір тарихи оқиғалардың желісі, сүрлеуі, ізі бойынша жазылғаны анық. Оғыз қағанның анасы - Ай-қаған бейнесін ғалымдар көбінесе дерлік от басының қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланысты түрде алып қарастырады.

Ал «Оғыз-қаған» дастанындағы Қыпшақ бек, Қағарлық бек, Қаңлы - түркілердің белгілі ру-тайпаларының жинақталған бейнелері болуы да мүмкін. Орыс бек - Киев князьдарының бірі болса керек деген болжам бар. Ежелгі орыс жылнамаларының бірінде Киев Русінің печенектерге қарсы күресі туралы айта келіп, шежіреші Орыс бектің есімін ауызға алады. «Оғыз-қаған» дастанында кездесетін нақтылы жағрафиялық атаулар да аз емес. Мәселен, Шағам-Шам(Дамаск), Сінду-Индия, Итилмуран-Еділ өзені, Тераң муран - Терең өзен, Терең өзен - Днепр өзені деген болжам айтылып жүр.

«Оғыз-қаған» дастанына негіз болған түрлі аңыз-әңгімелер мен нақты  тарихи деректер арасында тығыз байланыс бар екенін аңғару қиын емес. Оғыз батыр  жайлы шежіре-аңыздарда айтылатын  тайпалар көне дәуір тарихынан жақсы  мәлім. Сондай-ақ Оғыз батыр жайлы ауызша аңыз-әңгімелердің сюжеттік желісі мен «Оғыз-қаған» дастанының сюжеттік желісі арасындағы ортақ сарындар да зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл туралы әсіресе зерттеуші Құлмат Өмірәлиев ұтымды пікірлер айтқан (84, 41-52).

«Оғыз-қаған» дастанын зерттеу ісіне  әсіресе Түркия елінің ғалымдары  көп еңбек сіңірді деуге болады. Әйтсе де түрік ғалымдарының зерттеулері  соңғы кезге дейін бізге беймәлім еді. Ал қазір Н. Атсыз, Н. Банарлы, Ф. Көпрүлузаде, Б. Аталай, Б. Рифат сияқты түрік ғалымдарының «Оғыз-қаған» дастаны туралы терең ойлы зерттеулері қолымызға тиіп отыр. «Оғыз-қаған» дастаны мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы әр түрлі байланыс белгілерін зерттеуге қазақтың Ә.Дербісәлі, М.Жармұхамедүлы, Ө.Күмісбаев сияқты ғалымдары да өзіндік үлес қосқан (82, 3-32). Сонымен бірге ағылшын, неміс, француз және орыс ғалымдары да бұл салада едәуір еңбек еткені мәлім. Дегенмен, «Оғыз-қаған» дастанының түркі халықтары фольклорынан алатын орны, батырлық жырының түркі тілдес халықтар әдебиетіне тигізген әсері, әсіресе оның дәстүр жалғастығы негізінде қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы күні бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болған емес.

Информация о работе Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы