Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:10, доклад

Описание

Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.

Работа состоит из  1 файл

айкоша.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен, жаңа мемлекеттің  іргесін қалаған Бумын қаған, ең алдымен, тоз-тоз болып кеткен қандастарының басын қосады. Түрік  қағанаты тағы да нығая түседі. Бумын  қаған жужандарды (аварларды) тас-талқан етіп жеңіп шығады. Енді шығысында - Хинган тауларына дейін, Батысында - Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр өлке Түрік қағанатының құрамына енеді. Бумын қаған 553 жылы қайтыс болған соң, орнына інісі Мұқан қаған отырады. Істемі қаған тақмұрагері деп жарияланады. Ағасы Мұқан қаған қайтыс болған соң, Істемі қаған аварларды Алтайдан сонау Еділге дейін ығыстырып жібереді. Сөйтіп, қазіргі Орталық Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан түгелдей Түрік қағанатына енеді. Бұл туралы «Күлтегін» жырында:

Төрт бұрыштағы халықты

Көп алған, бәрін бейбіт еткен.

Бастыны еңкейткен,

Тізеліні бүктірген

Білге қағандар екен,

Алып қағандар екен (46, 44), - дейді.

Тасқа қашалып жазылған дастандардың бірі - «Күлтегін» жыры Түрік  қағанатының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы, абыройлы дәуірін  суреттеуден басталады. Мұнда исі  түріктің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған барынша мадақталады:

Биікте - Кек тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.

Адам баласы үстіне ата-тегім

Бумын қаған, Істемі қаған  отырған.

Отырып, түркі халқының

Ел-жұртын қалыптастырған,

Төрт Бұрыштың бәрі дұшпан екен,

Сарбаздарымен аттанып,

Төрт бұрыштағы халықты

Көп алған, бәрін бейбіт еткен, иелік  еткен.

Бастыны еңкейткен,

Тізеліні бүктірткен. (46, 44)

Бұл жыр жолдары Түрік қағанатының  әскери қолбасшысы Күлтегін батырға арналған дастаннан алынып отыр.

Қытай елінің ханзадалары  мен саудагерлері «сыйға» әкелген  тарту-таралғыларға, алтын мен жібекке, табғаштың ару қыздарына өзара  таласқан түрік бектері арасында астыртын айқас басталды. Кейбіреулері түрік елі алдындағы парызын, ата-бабалар дәстүрін ұмытты. Елді біліксіз қағандар басқарды. «Билік пен байлыққа таласқан мұндай күрес жиырма жылға созылды. Ақыры ел ішіндегі алауыздық 603 жылы ұлы мемлекеттің екіге бөлініп кетуімен тынды. Бірі - Батыс Түрік қағанаты. Бұған Орта Азия, Жоңғария және Шығыс Түркістанның бір бөлігі енді. Екіншісі - Шығыс Түрік қағанаты. Бұл негізінен Монғолия жеріне орналасқан еді» (132, 94).

Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң, түрік елінің тағына дарынсыз қағандар отырғаны, халықты  опасыз бектер мен әміршілер билегені тарихтан жақсы мәлім. Бұл жайында Түрік қағанаты түсында, яғни VIII ғасырда жазылған «Күлтегін» дастанында төмендегідей жыр жолдары бар:

Соңындағы інісі ағасындай  болмады, ұлдары әкесіндей болмады, Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен. (46, 45)

Құрылтай шақырылды.            Міне, бүкіл түркі елінің осылай берекесі қашып, құты кеткен күндердің бірінде Қара қаған құрылтай шақырды. Бұл мәжілісте не айтылып, не қойғанын Түркия елінің атақты жазушысы Ниһал Атсыз өзінің «Көк бөрілердің өлімі» атты тарихи романында жақсы суреттеп көрсеткен. Енді содан үзінді оқып көрелік: «Құрылтай басталды. Қаған Батыс қағаннан келген хатты дауыстап оқып шығуы үшін Күр Шадқа берді. Күр Шад хатты оқып бітірген соң, қаған сөз бастады:

-Түрік бектері! Ақылдан  артық ақыл бар. Не ойлайсыз, ойыңызда не бар? Ойыңызға не келсе де, сыртқа шығарыңыз. Кеңесейік. Ойласып, тура жолды табармыз, соған қарап іс қылармыз.

Бектердің бірі сұрады:

- Қара қаған! Рүқсат  ет, сөз айтайын. Айтатыным бар, - деді. Бұл сөйлеген егде жастағы  бір бек еді. Шашына, сақалына ақ түсіпті. Маңдайында, бетінде қылыштың тіліп кеткен іздері бар. Көп ойланбай сөйлейтін адам сияқты көрінгенімен, сөзі пысық, жұртты ұйыта алатындай:

- Мен Батыс Түрік  елін жақсы білемін. Үйдегі  әйелім де сол жақтан. Батыстағылар  бізден күштірек. Аттың да жақсысы соларда. Батыс елінде аштық жоқ. Түрлі жеміс-жидек көп. Олардың егіні шы-ғымды, орманы мол. Түң Ягбу қағанның сөздерін сол қалпында қабылдағаны дұрыс. Ескіде Түрік елінде жалғыз қаған болғанда елдің қарны тоқ, арқасы кең, жауы азды. Екі елге бөлінгенде, бірінші жасаған істері - бірте-бірте теріс қарай бастады. Қытайға ауған түріктер түрік екендіктерін үмытып, бізге қылышын жалаңдата бастағаны сияқты, Шығыс Түрік елі мен Батыс Түрік елі де осылай кете берсе, бір-біріне қытайды көргендей қыдындай бастамаса не қылсын. Маған салсаңыз, тез арада Түн, Ягбу қағанға елші жіберейік. Бір келісім жүргізейік, шарттасайық. Екі қаған бір-біріне жау болмасқа ант ішсін. Олар бізге жақсы ат пен қару-жарақ берсін, біз оларға Қытайдан алған жібектен берейік. Егер бәрі дұрыс болса, соғыс кезінде екі қаған бір-біріне әскер қосып, бірлеспекке ант түйсін.

Қара қаған басқа  бектеріне көз салды. Тұңға Тегін  сез алды. Ол былай деді:

- Түң Ягбу қаған  бізден күшті емес. Күштілер күштілермен  дос болғысы келеді. Біз де оған күшті екенімізді көрсетейік. Елшілерін не болса да биыл қыс осы жерде ұстайық. Жаз шыққан соң, Қытайға жорық жасайық. Елшілер әскерімізді, күшімізді көрсін. Содан соң біз де Батыс қағанына өз елшімізді жіберейік. Түң Ягбу қаған біздің де күшті екенімізді көрген соң, анттасуға өзі де құштар болар. Бізге сенімі көбейер. Бізге құрмет көрсетер.

Бұдан кейін қүрылтайдағы бектердің ең жасы Күр Шад сөз  алды: - Жақсы сөз айттыңыз, Елшілерге  күшімізді көрсетейік. Кейін анттасайық. Екі қаған бір-біріне жәрдем берсін. Бірақ сіз бір нәрсені ұмытып тұрсыз! Жиналған жұрт бір-біріне қарады. Сөздің ыңғайын түсінбеді. Күр Шад сөзін жалғастырды:

- Олар Өтүкенде*түріктердің  жартысына жуығындай қытайлардың  да тұрып жатқанын көрмейді  дейсің бе? Күр Шадтың бұл сұрағынан соң жұрт жым-жырт бола қалды. Бұның не айтпақ болып тұрғанын олар тағы да түсінбеді. Қаған айтты:

- Көрсе қайтеді? Тұтқынға  алынған адамдарымыздын, көп екенін  білер.

- Оны қайдан біледі? Біздегі қытайлар тұтқынға еш  ұқсамайды ғой. Бір бек киіп  кетті:

- Не айтқың келеді, Күр Шад? Бұл қытайлар біздің тұтқындарымыз, құлдарымыз емес пе?

- Тұтқын екені рас,  бірақ Өтүкенде олар түріктерге  тең сияқты жүр. Олардың, тұрмыстары  тұтқынның тұрмысына ұқсамайды.

Қаған қайта сұрады:

- Күр Шад! Не айтқың  келетінін ашық айтшы. Дұрыстап түсіне алмай отырмыз.

- Айтайын дегенім мынау:  бізде қытайдың даусы түріктікінен  кем емес. Қара қаған таққа  отыратын күні ордасының астында  төбелес болды. Қытай атқосшылары  бір түрік сарбазымен жұдырықтасып  жатты. Бұрынғы кезде қытайлықтар  бүйте алар ма еді? Олар бұл күшті неден, кімнен алып жатыр? Мына қытай мырзасы Шен-Киң деген кім? Біресе қатынның, біресе қағанның отауына емін-еркін кіреді, түрік бектері мен тең адамдай сөйлеседі.

- Шен-Киң тұтқын емес, қонағымызғой.

- Қонақ екені белгілі,  бірақ қытайлық екені де анық қой. Қытай болғаннан кейін оның тұтқын екені де, қонақ екені де бәрібір емес пе? Қонақ болатындай біз оны шақырдық па? Өзінің-халқына сыймаған бізді ұшпаққа шығарар ма? Анау жолдасы Ван-Зин-Шан Өтүкеннің әр жеріне мүрнын сұғып жүр. Бармайтын жері жоқ. Соңынан Шен-Киң екеуі оңаша күбірлесіп жатады.

- Ол да қонақ емес  пе? Елді араласа, не зиян?

- Қонақ болса, неге  ол тұтқын қытайлармен сыбайласады?  Олардың не сөйлесіп жүргенін  білеміз.

- Оны білу маған  неге керек? Қытай не деуші  еді? Я сырнай, я қатын, яақша...

- Жалғыз олар емес. Жасырын ойын бәрі... Бүл қытайлықтар  тыңшылық істеп жүр-ау деп ойланып  көрдіңіз бе?

Бектер де, қаған да ойланып қалды. Бәрінің қастары  түйілді. Қаған:

- Қытай бегі тыңшы  ма? Ол қалай? Қытайда қаған  оның әулетінен емес қой... - деп сұрады.

- Болмаса қайтейін. Өтүкенде  Көкжалдар биліктен түсіп, оның  орнына Тоғыз өгіз, қарлұқтар  қаған болса да, мен бәрібір  қытайға жау боп қала берер  едім. Мен бұлай істегенде, қытай  бегі оны неге істемесін?

Жұрт төбеге ұрғандай жым-жырт бола қалды. Қаған Күр Шадқа, бектеріне кезекпе-кезек қарайды, мырза-бектер көзін Күр Шадтан айыра алмай тұр. Күр Шадтың басы салбырап кеткен. Үнсіздікті Тұңға Тегін бұзды.

- Қытай бегі тыңшылық  еткенде не шығар дейсің? Қылышымыздың  өткірлігі жоғалар ма? Садағымыздың адырнасы босар ма?

-Жоқ, бұның бәрі  де болмас. Бірақ бұлар біздің  қанша екенімізді, санымызды білер.  Жорықты қашан бастайтынымызды  біліп отырар.

Біліп алып қимылдар, бекініп  дайындалар. Ішімізде қытай үшін кім  қауіпті болса, соны есебін тауып өлтірер.

- Күр Шад! Сен бізді  бала көріп тұрсың ба? Ол тұтқындар  бізді қалай өлтіреді? Қытай тұтқынының  қолындағы қылыш түрік бегін  өлтіреалар ма? Өтүкенде бүкіл  қытай атқа қонса да, біртүрік  бегін өлтіре алушы ма еді?

- Мен сіздерге қытайлықтар  бізді батырлықпен өлтіреді деп отырғаным жоқ. Соғыс майданында бір түрік бегін өлтіру бар қытайлықтар үшін күшке түсер. Бірақ өз ордасында отырған Түрік қағанының қалай өлтірілгенін бәріңіз көрдіңіз. Мен сізге қылыш туралы айтып тұрғаным жоқ. У туралы айтып тұрмын.

Күр Шад жылдам сөйледі. Қаған бұл сөздерге ренжігендей. Ол суық қандылықпен:

- Жақсы, Күр Шад!  Түң Ягбу қағанға елші жіберместен  бұрын не істеуіміз керек?

- Не істейміз? Біздегі  қытайлықтар тұтқын екенін көрсетуіміз  керек. Қытайлықтардың жеке егін  жайы болмасын. Олардың қойларының жартысын алып, түріктерге берейік. Біз жорыққа шығып, қан төгіп жатырмыз, өліп жатырмыз. Ал тұтқындарымыз Өтүкенде отырып егінін өсіреді, қойын бағады. Артынан түріктермен сауда жасап, бір қойына он түлкінің терісін айырбастап алады. Кейіннен ол терілерді қытайға сатып байып жатыр. Бұның алдын алған жөн.

-Оныңыз дүрыс, бірақ  іс онымен бітпейді. Бұл қытайлар  түріктердің мінез-қүлқында бұзып  болды. Тұтқындағы қытай қатындары  мың түрлі айламен түрік жігіттерінің  басын айналдыруда. Біздің қыздарымыз ондай айлакер емес. Қытайдың еркегі жаман нәрсені жақсы нәрсе деп өткізсе, қытай қатындары бет-аузын бояп, өздерін-өздері түрік бектеріне сатуда. Еркектер тез иланады. Қытайдың қыздарына құмар. Екі беті алмадай бал-бұл жанған, жібектей қоңыр шашы бар, жалт еткен жасыл көзді, талдырмаш түрік қыздары тұрғанда түрі сап-сары, көзі толған үрей, шілмиген қытайдың қатынына көңілдері кетеді. Байы бар қатынға көз салуға бола ма? Түрік заңы бойынша байы бар қатынға көз тіккен адам өлтіріледі. Өлтірілуге тиіс, бірақ қазір бұл әдет те сұйылып барады. Оның үстіне қытай қатындарының өздері де біздің жігіттерді арандатып жатыр.

Құрылтай сең соққандай  болды. Қаған мен бектер орындарынан  атып тұрды. Қаған дауыстап:

- Не деп тұрсың? Байы  бар қатындарға қол салған адам бар деп естіп тұрмыз ба? - деді.

- Естіп тұрсыз. Естіртіп  тұр. Бұлшындық, түсімізге кірсе  де ақылымыздан алжасар едік  қой. Солай... Қытай тұтқындарының  әйелдері түріктің еркектеріне  тұзақ құруда. Олар өз әйелдерінің  бұлқылығын білмейді деп ойлайсыз ба? Біледі... Білсе де үн шығармайды. Керісінше, оған дем беріп отыр. Өйткені бұған дейінг іжорықтарда алып келген алтын-күміс, мал-мүліктің бәрі түрік шатырларынан қытай тұтқындарының үйлеріне көшуде. Бұл қытай кім?.. Жат-жұрттық. Солай ғой. Оларға не істейміз. Біздің әдет-заңымыз бойынша, бір кісі байы бар қатынмен ілініссе, қатын оны жария етіп, оған қол салған адам жоқ етілер еді. Ал қатын оны жасырып қалса... Түрік әдет-заңы бұл жөнінде ештеңе айтпаған,

Құрылтай мазасызданды" Бір бек айқайлады:

- Қатын оны айтпай  отыра алар ма? Ондай қатын  бар ма? Ондай қатыннын, күйеуі  аман қалар ма?

Күр Шад еш қысылмастан  онан әрі нажағайдай гүрілдеп сөйлей берді:

- Түрік қатынынан ондай  шықпайды. Бірақ қытай қатынында  ондай бар ма? Өйткені қытай  еркектеріне ақша, мал-мүлік керек.  Оның ындыны ақша арқылы ғана  бітеледі. Ақшаны алмақ үшін ол  малын да, жанын да береді, қойнындағы қатынын да береді. Қытай қатындары түріктің еркектерін осылай тонап, байларын байытып жатыр. Қытайлардың қалай байып жатқанын енді байқаған боларсыз. Қараңыз, Өтүкенде туған қытай балалары қытайға онша ұқсай бермейді. Бұл не, Өтүкеннің ауасынан, не суынан солай болды деп ойлайсыз ба? Қытайдағы ит Өтүкенге келген бойда қасқырға айналмайтыны сияқты, қытай Өтүкенге келген соң түрікке ұқсап кетпейді ғой. Сондықтан оларға түрік қаны араласып жатыр. Қытайға жалғыз түрік қаны араласып қойса - жақсы. Күндердің күнінде қытайдан жақсы сарбаз шығып, онымен соғысып жүрмелік. Сонымен бірге қазір түріктер қытайдан қатын ала бастады. Біздің білуімізше, бұрын қытайдан қатынды қағандар ғана алушы еді. Оның да өз себептері бар. Енді мына түріктердің бәрі қаған болып кетті. Қытайларға түрік қаны араласып, олар асылданып, батыр, ержүрек бола бастаса, бізге де қытай қаны араласып, қоян жүрек қорқаққа айналмақпыз! Бүгіннен бастап түрік еркектері қытай қатындарына жоламауы керек. Қатынның бұндай әрекетіне қытай еркектері тыйым салу керек. Қытайлар жеке егін салмаулары керек. Түрік еркектері қытай қыздарына үйленбеуі керек. Қытай атаулыны көз алдымызда ұстауымыз керек. Әйтпесе көктемде басталатын жорықты қытай сарайы қазірдің өзінде есітіп отыруы мүмкін.

Қаған бектерге қарады. Осы кезде сөзге араласқысы келген бір бек сөз алды:

- Күр Шад тура сөйлеп  түр. Түріктің әдет-заңы жат  жұрттыққа да ортақ. Біздің  адамдардың да заң бұзбайтыны  жоқ емес. Бір кісі заңсыздық  істесе, кінә онда ғана емес, сол  заңсыздық істеуге мәжбүр еткенде де. Егер түрік еркектері қытай қатындарының алдауына түсіп, олармен ашына болса, онда қытай қатындарын дүрелеп, қытай еркектерін өлтіргенмен іс бітпейді. Түріктің әдет-заңын толық орын-дау үшін қытай қатынымен ілініскен түрік еркегінің де басын ұшырған жөн. Біздің әдет-заңымыз байы бар қатынмен ілініскен еркектің басын кесу үшін ол қатынның түрік не қытай, болмаса тұтқын екендігіне қарамайды.

Информация о работе Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы