Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:10, доклад

Описание

Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.

Работа состоит из  1 файл

айкоша.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

Тұңға Тегін сөзге  араласып «тура» деді. Күр Шад қарсы  шықты:

- Бұлай болмайды. Олай  болатын болса, түрік пен қытай тең түседі. Түріктің әдет-заңы түрік үшін жасалған. Бұл заң бойынша қатынға зорлық істегеннің басы кесіледі... Ал түрік еркектері қытай қатындарын зорламайды...

Кеңес созыла берді. Күн  бата бастады. Қаған бектерінің пікірін  түгел білгісі келді. Он екі бектің тең жарымы Күр Шадты жақтады. Қаған қай жақты қолдаса, сол жақтың пікірі үстем шығуға тиіс болды. Қаған соңғы сөзін былай деді:

- Көктем шыққан соң  Қытайға жорық жасап, елшілерге  күшімізді көрсетейік. Қытайдың  өз басына егін жайы болмасын, олардың мал-мүлкінің жартысы түріктерге таратылсын, түріктер қытай қатынына үйленбесін. Түрік еркегінің басын айналдырған қытай қатынға дүре соғылсын. Егер олардың байлары бұл істен хабардар болса, бастары алынсын... Түріктің әдет-заңы бойынша байы бар қатынның ұлтын көрсетпегендігі себепті, ол қатынмен ілініскен түрік еркегі де өлтірілсін! ..»*

Сөйтіп, осы құрылтайда төніп келе жатқан қытай қатері жөнінде  айтылған ой-пікірлер түгелдей дұрыс  болып шықты. Әйтсе де түріктер кешігіп  қалған еді.

Араға көп уақыт салмай-ақ, өзара іштей айтысып-тартысып, қырық пышақ болып жаткан түрік еліне күтпеген жерден сан мыңдаған қытай әскері басып кірді. Дайындықсыз жатқан түрік елі қапылыста қалды.

Міне, бұдан кейін не болғанын біз «Күлтегін» жырынан  оқып білеміз.

Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағанатының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағанатының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Осы қатерлі сәтті ақын Йоллығ тегін өзінің Күлтегін батырға арнаған жыр жолдарында мейлінше айқын көрсеткен:

Түркі халқы елдігін  жойды, Қағандығынан айрылды; Табғаш халқына  бек ұлдары құл болды, Пәк қыздары  күң болды. (46, 45)

Алайда тәкаппар әрі  ержүрек түрік жұрты құлдықтың  қорлығына көп шыдай алмады. Құлдықтан гөрі өлімнің өзі артық деп білді: Түркі халқы:

«Қырылайық, жойылайық», - десті,

Ажалға жылжи бастады,

Көкте түркі тәңірісі,

Түріктің қасиетті жері, суы былай депті:

«Түркі халқы жойылмасын», - дейді, -

Ел болсын», - дейді. (46, 45)

' Аударған - Б. Дәрімбет

Бұдан кейін арада  елу жыл өтті. Түріктер өз азаттығы үшін тынымсыз елу жыл бойы күресті. Ақыры жеңіске жетіп, өз алдына дербес, егеменді ел болды. Бірақ егемендікті  сақтап қалу үшін түріктер тағы да жүздеген жылдар бойы азаттық күресін жүргізе  берді.

Біз жоғарыда түрік елінің сан ғасырлық тарихын жыр еткен шежіре-дастандар туралы айттық. Бұл дастандар ғылым тілінде «Орхон жазба жәдігерліктері» деп аталады. Ал біз жоғарыда жыр жолдарынан мысал келтірген дастан түрік елінің даңқты әскери қолбасшысы, Елтеріс қағанның кенже баласы Күлтегін батырдың (684-731) ерлік істеріне арнап жазылған. Бұл дастан жазылған үлкен құлпытас Күлтегін батыр зиратының басына қойылған. Сондай-ақ біз Күлтегін батырдың ағасы, түрік елінің көсемі Білге қаған және қағанның ақылгөй-кеңесшісі, данышпан Тоныкөк қарт туралы жазылған тарихи дастандар хақында айтып отырмыз.

«Күлтегін»  жазуы және тарихи шындық.            Сонымен, түріктер елу жылға созылған                бодандык,тан құтылып, егемендігін алды. Енді түрік мемлекетінің тағына кім отыруы тиіс деген мәселе тұрды, түріктер де таққа мұрагерлік жөніндегі заң болды, ол бойынша тақты ағасы-інісіне, ал жиені нағашысына (сатылап жоғарылау) мұра етіп қапдырып отырған. Қытайлықтар бұл тәртіпті көңілге қонбайды деп санап, түрік істеріне араласып, оны тіпті елемеген. Түріктер ескі заңдарын да қалпына келтірді, сол бойынша Қапаған қаған болды. Алайда ол қытай мәдениетінің ықпалын өз басынан өткерген-ді, сондықтан тақты жиені Могиляньға емес, өз ұлы Фугюге бергені өзі үшін жақсы болар деп есептеді. Занды ашық түрде бұзуға болмайтынын білген ол «кіші хан» (шадтан жоғары) деген шен тағайындап, оны өзінің ұлына бұйыртты, ал жиенін Батыс қағанатының шады етіп қойды, әрі оған неғұрлым қатерлі соғыс міндеттерін өз бетінше шешуді тапсырды. Бұған қарағанда, ол өз жиенінің қаза табуына қарсы болмаған тәрізді.

Қапаған 716 ж. көктемінде өз жиенінің даңққа бөленгенін қызғанып, тоғуз-оғуздарға қарсы әскерін  өзі бастап шықты. Күлтегін қосыны, хан ордасы, яғни Қапаған ханның әйелдері мен балаларын қорғауға қалдырылды (23, 284-313).

Осы қолайлы сәтті  күтіп тұрған қарлұқтар түріктер ордасына оқыстан шабуыл жасап, оларды құртып жібермек болды. Әйтседе Күлтегін батыр қарлұқтарды тас-талқан етіп жеңіп, өзін даңққа бөледі.

Ал Қапаған қаған  басқарған түрік әскері 716 жылы Тол өзені бойында Байырқу тайпасын күйретті. Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармады. «Бірақ осы арада тарихқа мынандай бір оқиға кірігіп кетті: жеңістен кейін үйіне қайтып келе жатқан қаған өзінің күзетінен ұзап, жалғыз өзі ойға бата орманнан өтіп бара жатты. Тек не дерсің, дәл осы орманда талқандалған байырқулықтар жасырынып жүрсе керек. Жалғыз салт аттыны көрген олар сол арада бас салып, оны атынан аударып түсірген де, өлтіре салған. Қағанның басы қытай елшісіне жеткізілген, ал елші оны Чаньаньге жөнелткен. Қағанаттағы көтеріліс пен Тан империясы арасындағы байланыс, міне, осылай ашылады.

Қаған өлген соң мұрагерлік туралы мәселе туды. Қапаған тақты  иеленушіге Күшікхан, яғни «кіші хан» деген құрметті атақ беріліп, үлкен  ұлын өзі тағайындаған еді. Түріктердің ескі заңы бойынша мүрагерлік Могиляньға тиісті еді, ал елдің іс жүзіндегі көсемі Күлтегін батыр болды.

Күлтегін әскери төңкеріс жасады: ол өзі қорғаған қонысқа  өзі шабуылдады. Қолбасшылық қызмет орнындағы оның мирасқоры Алп  Эльэтмиш көтерілісшілер жағына шығып кетіп, мұның өзі олардың жеңіске жетуін қамтамасыз етті. Күшікхан мен Қапағанның кеңесшілері түгел өлтірілді... Қапаған ұрпағының өрбу сызығы осылайша кесіліп қалды.

Күлтегін ескі заңды  бұзбады, қаған атағын қабылдамады, сөйтіп, таққа «Білге қаған» деген қүрметті атақпен өз ағасы Могиляньды отырғызды. Білге таққа өзінің сіңірген еңбегімен көтерілмегенін және өзі інісінің қолындағы қуыршақ екенін білді. Сондықтан Білге Күлтегінді әскерлердің әміршісі, яғни қағанаттың нақты қожасы етіп тағайындады. Барлық ақсүйектілердің арасынан тек жалғыз данаТоныкөк қана, яғни жаңа қағанның қайын атасы ғана аман қалды» (23, 313-314).

Міне, біз айтып отырған  оқиғалар - тарихи оқиғалар, яғни Қапаған  қағанға қатысты деректер патша  сарайындағы Күлтегін жасаған төңкеріс билік үшін болған қанды шайқастар Йоллығ тегінніңт асқа қашап жазылған дастандарында мүлдем айтылмайды. Өйткені «Күлтегін» жыры, «Тоныкөк» жыры өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған ресми тарих емес. Бұлар тарихи деректерге негізделген көркем туынды болып табылады.

Соның өзінде Л. Н. Гумилев  Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі (23, 328).

Сөйтіп, «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырларында әдейі айтылмай қалған тарихи оқиғаларды танып-білу арқылы ғана осы аталған дастандардың шын мәнін, құпия сырын пайымдай аламыз. «Күлтегін» жырының басты идеясы - Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдыретті тұлғасы етіп көрсету. Ал Қапаған к,аған жөніндегі шындықты айтудың өзі Күлтегіннің беделіне нұқсан келтірер еді. «Күлтегін» жырының авторын қатты қызықтыратын нәрсе - Түрік қағанатында болып жатқан сан алуан тарихи оқиғалар емес, «іші ассыз, сырты тонсыз, бейшара, мүсәпір халықты» Күлтегін батыр қалайша дәулетті, бақытты еткенін көркем сөз арқылы жеткізу болып табылады. Күлтегін батыр өзі туралы:

Өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, Кедей  халықты бай қылдым. Аз халықты  көп қылдым, - дейді (46, 50).

Көркемдік дәстүр жалғастығы.  Сонымен, көне түркілердің шынайы көне тарихы мен тасқа қашап жазылған дастандарды       өзара салыстыра отырып, Күлтегін жәнеТоныкөк жәдігерліктері жылнама шежіре емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.         Әрине, көркемдік дәрежесі мейлінше жоғары, шешендік сөздері мол, көріктеу құралдары айшықты болып келетін «Күлтегін» және «Тоныкөк» сияқты ғажайып дастандардың ғайыптан, өзінен-өзі өмірге келуі мүмкін емес. Демек, бұл дастандарды жазған Йоллығ тегін өзінен бұрынғы түркі поэзиясының көркем сөз дәстүрін жақсы меңгерген ақын. Басқаша айтсақ, Йоллығтегін сақтар мен ғұндар дәуірінің «Алып ЕрТоңға», «Оғызқаған», «Аттила» «Шу», «Көкбөрі», «Ергенекон» сияқты дастандарды үлгі тұтқан. Бұл жәйтті әсіресе осы екі дәуір дастандары арасындағы бірқатар көркемдік үқсастықтардан аңғаруға болады. Ғүндар дәуірінің ауыз әдебиетінде қолданылған көріктеу құралдары, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер кейде Орхон жазба жәдігерліктерінде де қайталанып отырады.

Ежелгі түркі жұртында қалың қол бастап, халқын сыртқы жаудан қорғаған дарабоз батырлары  қайтыс болғанда бүкіл ел болып күңіреніп, аза тұтып, жүрек тебірен терліктей қасіретті жоқтау жырларын айтатын дәстүр болған. Бір адамның қайғысы бүкіл елдің қайғысына айналған. Сол арқылы ел қорғаудың киелі, қасиетті іс екені күллі қауымға жария етілген. Бұл жәйтті сақтардың ауыз әдебиеті үлгісі болып табылатын «Алып Ер Тоңғаны жоқтау» өлеңінен көруге болады:

Бөрідей ерлер ұлысты, Бақырып жаға жұлысты, Дауыс салып  жырлады, Су алды көзі - жылады. (73, 226)

Бүл жырда Алып Ер Тоңға  қазасына байланысты ер азаматтардың өз жағаларын жыртып, бөрідей ұлып жылағаны айтылады. Тіпті жылап-сықтаудан, ауыр қайғы-қасіреттен адамдардың көздері көрмей қалады.

Мұнда ақын ажал қасіретінің  ауырлығын нақты түрде жеткізу  үшін «бөрідей ұлысты», «жаға жұлысты», «көзі суалды» деген сияқты тұрақты сөз тіркестерін ұтымды пайдалана білген. Алып Ер Тоңғаны жоқтауды ежелгі дәуір ақыны білгір сөз зергері ретінде мейлінше тереңдете түскен. Бұл жоқтауда ел қорғаған батырдың өлімі «ішті өртеді», «жараны тырнады», «өткенді іздеді» деген сияқты тұрақты сөз тіркестерін ұтымды қолдану арқылы шебер жеткізген:

Көңілім ішті өртеді, Тырнады  біткен жараны,

Өткен күнді (уақытты) іздеді, Күн-түн кешіп сұрады. (73, 290)

Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батыр қайтыс болғанда да күллі көк түріктер жұрты шексіз қайғыға батады. Ауыр қасіреттен аспан айналып жерге түскендей болады. Бүкіл ел болып аза түтқан сәттегі жоқтау сөздерін ақын Йоллығтегін төмендегідей жыр жолдары арқылы жеткізген:

Інім Күлтегін қаза болды.

Өзім қайғырдым.

Көрер көзім көрместей,

Білгір ақылым білместей болды. (46, 55)

«Алпамыс батыр» жырында  Алпамысты «өлді» деп естіген  кезде анасының жоқтау айтып, зарлайтын  сәті бар:

- Байладың, құдай, бағымды,  Сындырдың, құдай, сағымды. Ертелі-кеш  зарлайсың, Жәдігер саған не  қылды. (14, 172)

Қалай болған күнде де, тарихта ерлік дәуірі деп аталған ғұндар заманының ауыз әдебиеті Күлтегін, Білге қаған сияқты батырлар бейнесін жасауға өзіндік ықпал-әсерін тигізді. Әсіресе батырдың мінген тұлпарын, асынған қару-жарағын, сүйген жарын, сағынған елін, туған жердің табиғатын суреттеу тұрғысынан ғұндар заманының эпосы бертін келе қалыптасқан Түрік қағанаты дәуірінің жазба әдебиеті үшін үлгі-өнеге болды.

Көркемдік ерекшеліктері. Енді «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының көркемдік және жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Сол арқылы ғана көк түріктер дәуірінің ғажайып туындылары - «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының өзінен кейінгі кезендерде қазақ ауыз әдебиетінде туындаған батырлық жырлардың қалыптасуына қаншалықты терең әсер еткенін пайымдауға болады.

Орхон жәдігерліктерінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі-Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға, ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі - руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды. Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар, т. б. арасында алуан түрлі пікірталастарын тудырып келді. Ал қазір Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон жәдігерліктерін поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі академик-жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағы жәдігерліктердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп, былай деп жазды: «Олардың мазмұнында эпостық баяңдау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әр алуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар. Тіпті сол жазулардың бір талайында Күлтегіннің ежелгі жырлардағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіп те бар. Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырдың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық бар»(9,136).

Бұл жазба жәдігерліктер  өзінің мазмұны мен пішіні жағынан  ғана емес, ырғаққаякиритмге-үнніңжүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайта-лануына негізделуі түрғысынан да поэзиялық сипатқа  ие екенін И. В. Стеблева дәлелдеп шықты. ОлОрхонжәдігерліктерініңөлшемі -әрі буын, әрі екпін, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ сол буын мен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдің теориялық және практикалық мәні зор еді.

Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, көне түрк іжырының дыбыстық құрылысы ерекше назар аударады. Дәлірек айтсақ, көнетүркі жырының дыбыстық құрылысы қалай болғанын айқынырақ танып-білу үшін, осы Орхон жәдігерліктерінің біріне, айталық, Күлтегіннің үлкен және кіші жазуларына әдеби талдау жасап көрейік. Өлеңде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы, яғни аллитерацияның жырдағы үндестікті, мәнерлілікті күшейтетүсетінін ежелгі түрік сөз зергерлері жақсы түсініп, бұл әдісті шебер меңгергені анық. Мәселен, «Күлтегін» жырының авторы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы әжептеуір ажар беруге болатынын сезген секілді:

Информация о работе Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы